Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет155/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

мақ
 
тұлғасын («Қартайдық», 
«Адасқанның алды жөн...» т.б.), өткен шақ есімшенің септеулі 
тұлғаларын («Қансонарда...»), 
-ып
 
жұрнақты көсемшені 
(«Өлең – сөздің...», «Байлар жүр...») жиірек пайдаланған. 
-
ып
 


375
жұрнақты көсемшенің 7-8 буынды жыр түріндегі өлеңдерде 
бір ұйқас ретінде қолданылуы қазақтың ауыз әдебиетінде 
де, өзге қаламгерлерде де аз кездеспейді. Ол Абайда да 
едәуір. Мысалы, 7-8 буынды «Жаздыкүн шілде болғанда», 
«Оспанға» деген өлеңдері бастан-аяқ 
-
ып (-май)
 
тұлғалы 
көсемше ұйқасымен жазылған. Ал 11 буынды өлеңді тұтас 
-ып
 
көсемшесіне ұйқастыру Абайдан өзгелерде кемде-кем, жоққа 
тән.
Сонымен қатар өзге ақындар қолданбаған шартты рай 
тұлғасының 
да 
шылауымен келген түрін («Жарқ етпес...», 
«Тұлпардан тұғыр озбас...») Абай аз болса да пайдаланған.
Тұтас өлеңді немесе оның қомақты бір бөлігін бір 
ұйқасқа топтастыру Абайдың негізінен төл шығармаларында 
қолданылған да аудармаларында бұл тәсілді «Жүректе көп 
қазына бар, бәрі жақсы» деген Полонскийден аударған бір 
өлеңнен басқаларында пайдаланбаған.


376
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Өлең синтаксисінде – әдеттегі (прозадағы) синтаксистен 
өзгеше түсетін сәттер болады. Ол өзгешелік өлеңнің ырғақ, 
ұйқас, тармақтардың топтасу түрлері тәрізді белгілеріне байла-
нысты. Өлеңдегі сөйлемдердің өз іштеріндегі құрылымы және 
өзара іліктесу түрлері өлеңнің ұйқас суретіне, композициялық 
құрылысына және стильдік мақсаттарға тікелей қатысты бо-
лады. Сондықтан белгілі бір ақын поэзиясының синтаксистік 
құрылысын талдау оның өзіне дейінгі әдеби дәстүрді қалай 
пайдаланғанын, поэзия тіліне (синтаксисіне) енгізген 
корректив-жаңалықтарын, оқушы назарын аудартпақ болған 
кейбір идеялары мен ойларын, қысқасы, суреткерлік қалам 
тартысын тануға жәрдемдеседі.
2. Абайдың бүкіл творчествосына тән принцип–түр мен 
мазмұн гармониясы өлеңдерінің синтаксистік құрылысында да 
көзге түседі. Ақын өлеңдерінің синтаксистік-композициялық 
құрылымы олардың мазмұнымен, жанрлық сипатымен – 
қысқасы, айтпақ идеясымен үндесіп келеді. Абай кейде жеке 
ситуацияға (мазмұнға) ырғағы, өлшемі өзіне тән тың өлең 
түрін іздеп, ұсынады. Жаңа ырғақ пен өлшем сол өлеңнің 
синтаксистік, тіпті морфологиялық тұлға-тәсілдерін басқа 
өлеңдердегіден (тіпті өзіне дейінгі қазақ өлеңдеріндегіден) 
өзгеше, соны етіп бергізеді. Мысалы, Абайдың аралас, аз буын-
ды, әр алуан тармақты «Қатыны мен Масақбай», «Тайға міндік», 
«Кешегі Оспан», «Ем таба алмай», «Сен мені не етесің?» тәрізді 
өлеңдерінің, сондай-ақ екі асықтың ең күрделі психологиялық 
күйін – «өзгеден ұрланып» ел аулақта жолығысқан, «үндемей 
сүйісіп», жүректеріне «жан рахат бір сәуле құйылған» сәтін-
дегі күйін суреттеген «Қызарып, сұрланып» сияқты өлеңінің 
синтаксистік құралымы да, тіпті кейбір морфологиялық 
тәсілдері де осыны дәлелдейді. Сөзі түзеліп, оқушысын (тың-
даушысын) «сен де түзел» деп шақырған ойшыл, зарлы, 
ақылды жаңа лирикалық геройдың өзінің моральдық-этикалық, 
азаматтық талап-талғамын, күйініш-мұңын білдіретін «Сегіз 
аяқ», «Бай сейілді» тәрізді өлеңдерінің өлшемі мен ырғағының 
сонылығына орай олардың синтаксистік құрылысы да жаңа, 
өзгеше.


377
3. Тармақтардың ұйқас фигурасы олардың синтаксистік 
құрылымына әсерін тигізеді: 
аб
ұйқасы көбінесе бір сөйлемді 
қамтуға бейім, сондықтан қазақ поэзиясына Абай енгізген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет