464
Өзгеге ешбір дүниеден
Еркімен
тимес
бұл жүрек (II, 75).
Жаралы көңіл
жазылар,
Дүниеде рахат бар шығар.
Жақсы адам деген құр сөз
Емес шығар,
табылар
(II, 91).
-ар
жұрнақты тұлға Абай прозасында шақтан тыс мағынада
кемде-кем қолданылса, болжалды келер шақ мағынасында жиі
пайдаланылған: «Махшарға барғанда, Құдай тағала қажы, мол-
да, сопы, жомарт, шейіт – соларды қатар қойып
сұрар
дейді» (II,
191); «Дүние үшін барғандарға
айтар
дейді» (II, 191); «Өзіңнен
қалған дүние иесіз
қалар
дейсің бе?» (II, 167); «Оның мәнісі –
ісіңнің түзулігінен
жетпессің,
кісіңнің амалшы, айлалығынан
жетерсің
деген сөз» (II, 160).
Абайда, әдеттегідей,
-ар
жұрнақты есімше
еді
көмекші
етістігімен тіркесіп, шартты мағынада қолданылады: «Осы
күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай
сол аталарымыздың екі ғана мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел
қатарына
кірер едік
»
(II, 211); «Осы бір ұры, бұзақы жоғалса,
жұртқа ай да түсер
еді
»
(ІІ, 169).
Абай тілінде екінші бір көзге түсетін жай -
ар
жұрнақты
тұлғаның заттың қасиетін білдіріп, анықтауыш қызметінде
өте жиі қолданылғандығы: «...Қалған аз ғана өмірімді
қор қылар
жайым жоқ» (II, 157). «...Ғылым сөзін
сөйлесер
адам жоқ» (II, І57). «...Мына мен айтқан жол
мал аяр
жол
емес» (II, 180). «Және
ұялмас
нәрседен ұялады» (II, 181).
Қазіргі әдеби тілімізде бұл тұлғаның атрибуттық қызмет
атқаруы көбінесе тұрақты тіркестерде
(жатар орын, барар
жер, басар тау)
кездесетіндігі «Қазіргі қазақ тілі» курсын-
да баса айтылған. Ал Абай тілінде -
Достарыңызбен бөлісу: