Гендер дегеніміз ерлер мен әйелдердiң мiнез- құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы



Дата20.04.2022
өлшемі21,09 Kb.
#140055
Байланысты:
Документ


Отбасындағы гендерлік
рөлдер
Гендер дегеніміз – ерлер мен әйелдердiң мiнез-
құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы
әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты
айқындайтын, олардың әлеуметтiк және
мәдени нормалары мен рөлдерiнiң жиынтығы.
"Gender" сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда
жыныс (еркек, әйел) дегендi бiлдiредi. Ал,
гендерлiк саясат – қоғамдық өмiрдiң барлық
салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне
қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және
қоғамдық қызмет.
Гендерлік рөл
Гендерлік рөл - қоршаған адамдардың
ұғымдарынан шығатын әлеуметтік үміттер.
Кейбір адамдардың ойынша, ерлер мен
әйелдердің идеялары қарама-қайшы болып
табылады және кейбір қоғамдарда рөлдік мінез-
құлықтар полюстерге бөлінген болуы мүмкін:
енжарлық - әйелдердің рөлі, ал белсенділік -
еркектің рөлі. Гендерлік рөлдерге байланысты
әлеуметтік рөлдердің алғышарттары еңбектің
жыныстық ерлер және әйелдер еңбегі болып
бөлінуінде ерекше көрініс табады
Гендерлiк
саясат
Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан
Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен
ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Қазақстандағы
гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк
құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу,
экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз
ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында
құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау,
жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады.
Гендерлік саясат - отбасы мүдделерін қорғау, әйелдердің елдің
саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне қатысуы үшін
қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Гендерлік
саясат - әйелдердің теңдігі және оларды кемсітуге жол бермеуді заң
жүзінде бекітудің тәжірибелік құндылығы өздерінің құқығын іс
жүзінде пайдалану мүмкіндігін білдіреді. Ал әйелдердің қоғамдық
жұмысты атқарып, отбасына да уақытын қажетті деңгейде бөліп,
балаларының тәрбиесімен де айналысып жүргендігі жасырын емес.
Гендерлiк саясат

.Ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің нақты теңдігін


қамтамасыз ету – уақыт талабы
Қоғамдық – саяси өмірде гендерлік теңдікке қол жеткізу көзделгені, оның
мақсаты атқарушы және өкілдік билік органдарында, шешімдер қабылдау
деңгейіндегі басқару процесстерінде ерлер мен әйелдердің тең (паритетті) өкілдік
етуіне қол жеткізу
Экономика саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу, әйелдер арасындағы
кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекеге
қабілеттілігін арттыру
Құқықтық және гендерлік оқу – ағарту. Мақсаты білім беру жүйесіне гендерлік
білім-білікті енгізу. Қоғамды ерлер мен әйелдер арасындағы құқықтық және
гендерлік теңдіктің, әділетті әлеуметтік қарым-қатынастың қажеттігін
түсінетіндей етіп оқыту бойынша ағарту
Ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу, денсаулығын бекемдеу
Қоғамдағы жынысқа байланысты зорлық – зомбылықтың алдын алу. Мақсаты
адамдардың зорлық-зомбылықсыз лайықты өмір сүруі үшін жағдайлар жасау.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас нысаны ретіндегі зорлық-зомбылыққа жол
бермеу. Зорлық-зомбылықтың барлық көріністерін барлық әлеуметтік салаларда,
соның ішінде отбасында түбірінен жою.
Гендерлiк саясат

Отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу. Отбасын нығайту және


отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту. Мақсаты отбасы және отбасы-неке
қарым-қатынастары институтын нығайту, отбасының беделін көтеру, неке мен
отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени
сабақтастығын қамтамасыз ететін және азаматтық қоғамның тұрақтылығы мен
орнықты дамуының факторы болып табылатын отбасы қарым-қатынастарында
гендерлік теңдікке қол жеткізу. Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік
стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын
жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін
болады.
Қоғамдық сананы түбірімен өзгерту, бір жыныстың екінші жыныстан
артықшылығы мен басымдығы туралы пікірмен байланысты гендерлік
таптаурындарды түбірімен жою. Ерлер мен әйелдердің өмір тәжірибелерінің
ерекшеліктерін ескере отырып, құқықтар мен мүмкіндіктердің гендерлік теңдігі
қағидатына негізделген гендерлік өзіндік сана мен мінез-құлық түрлерінің жаңа
үлгілерін қалыптастыру.
Гендерлік саясат ашық түрде насихатталып, тұрмыстық зорлық - зомбылық
орын алған отбасы мүшелерімен әңгімелесіп, сотқа дейін жеткізбей шешу,
гендерлік саясаттың жүзеге асуына баршамыздың ықпал етуіміз керек
Әке - отбасының асыраушысы,
отбасы мүшелерінің тірегі,
қамқоршысы. Әкенің мінез -
құлқы, өзгелермен қарым -
қатынасы, өнері мен білімі
баланың көз алдындағы үлгі,
өнеге алатын, оған қарап
өсетін нысанасы. Отбасының
пейіл - береке, ынтымағы үшін
отағасының әділ, ұстамды
болуы орасан маңызға ие.
Оның тәрбиелік рөлі де зор.
Ер бала әкесімен сырлас,
жолдас, дос. Ол әрқашан бір
әрекет жасау үшін әуелі
әкесімен сырласады. Ер
баланың өсіп, жетіліп, өз
алдына жеке тұлға болып
қалыптасуына, қоғамдағы өз
орнын дұрыс табуына әкенің
атқарар еңбегі ерекше.
Отбасының ұйытқысы,
берекесі, мейір - шапағат көзі
– әке. Әкенің бұл рөлі бала -

ӘКЕ
шағаның әкеге, анаға деген


сүйіспеншілігімен,
қамқорлығымен, ана жанын
қас - қабағынан жанарынан
танығыштықпен нығая
биіктей береді
Әке
Қазақ қоғамында әкенің алатын әлеуметтік орнына ерекше басымдылық
беріледі. Олай болатыны отбасын материалдық игілікпен қамтамасыз ету,
баланы сүндетке отырғызу, ұлды үйлендіріп отауын тігіп, еншісін беру, қызды
орнықты жерге ұзату, жиендеріне жиенққұрық беру, сондай-ақ, балаларын
сауаттандыру, оқытып, білім беруге мүмкіндік жасау т.б. мәдени-әлеуметтік
маңызды жайттар әкенің мойнындағы үлкен міндет. Осымен байланысты әкені
сыйлау, құрметтеу; оған қарсы келмеу отбасылық этиканың, қарым-қатынастың
императивті әлеуметтік нормалары қатарына жатады.Отбасы тәрбиесінде әке
ұл балаға, ана қыз балаға жауапты болады. Сондықтан қазақтар «Ұлдың ұяты
әкеде, қыздың ұяты шешеде» дейді. Алайда тұрмыстық жағдайдағы кейбір
ішінара кездесетін ситуацияда әке мен баланың арасында қырын қабақ,
келіспеушілік болғанда, тіпті әке жағынан әділетсіздік байқалса да, ол айыпты
саналмайды. Ауылдың, әулеттің ақсақалдарының шешімімен баласы ондай әкені
жеке үй етіп шығарады.Баланың туған әкесі емес, асырап алған немесе ерлі-
зайыптылардың ажырасып, екінші мәрте үйленуімен немесе тұрмыс құруымен
отбасыға ие болған адамды өгей әке деп атаған. Дүниеге келген баланың кіндік
шешесі болган әйелдің күйеуі кіндік әке немесе өкіл әке деп аталады. Сондай-
ақ, окіл әкені баланың өз әке-шешесі тағайындайтын жағдай да кездеседі,
алайда өкіл әке болған адам балаға өз әкесіндей ақылшы, қамқоршы болады
Ана
Ана-отбасының
ұйытқысы.Отбасы
мүшелерінің көңілін
табушы,қолдаушысы.Әрбір
ана отының өшпеуін,
бақытының көшпеуін,
шаңырағының құламауын,
сәбиінің жыламауын, сұм
соғыстың болмауын тілейді.
«Ана» деген сөз үш әріптен
құралса да, мағынасы
түпсіз тереңде жатыр.
Дүниеде «ана» деген сөзге
ештеңеде жетпейді ғой.
Әлемнің қаншама сөзі үш
әріпті «ана» деген сөздің
орнын басып, алмастыра
алмайды. «Ана» деген сөз
құлаққа да, жаныңа да
жағымды сөз-бір керемет
сиқырлы сөз
Ана
Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың
тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде
анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел
бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен.
Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын
қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың
ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз
жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді
деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр
басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі
құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында
бәріміз басымызды иеміз. Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны
туралы даналық сөздер көп. Мұхамбет пайғамбардың хадистерінде де ең
алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады: «Әуелі анаңа, тағы да
анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» делінген. «Кімде-кім ата-
анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады», «Жұмақтың
кілті - ананың табанында». Осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген
бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік.
Бауыр еті
Болашақ
Үміт
Ақылшы
Өмірдің
жалғасы
Ұрпақ
жалғастырушы
Көмекші
Асыраушы
Бала
Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға.

Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан


дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен
әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе
алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол
тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге
тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздармен үй шаруасында жүріп - ақ
әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген
сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс
әсер етеді. Бала алдында әке - шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы,
арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті - үстіне
темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең - ақ ұл өсіп ер жетеді,
қыз өсіп бой жетеді.
Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз. Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата -
анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала,
жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай - шу мен дау - жанжалға, ұрыс - керіске
шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер
осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз.
Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?! Бұзақылықтың
басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің
өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы
мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің»
демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет