Гендерлік рөл”
Секция: Әлеуметтік-саяси білім модулі
Мамандық: 5B011900-Шетел тілі:Екі шет тілі
Курс:1
Қабылдаған: Габдсаттарова Мукарама Габдель-Нагимовна
Орындаған:Асқар Алтынгүл Саламатқызы
Гендерлік рөл
Гендерлік рөл- қоршаған адамдардың. Ұғымдарын шығатын әлеуметтік үміттер. Кейбір адамдардың ойынша, ерлер мен әйелдердің идеялары қарама-қайшы болып табылады және кейбір қоғамдарда рөлдік мінез-құлықтар полюстерге бөлінген болуы мүмкін: енжарлық - әйелдердің рөлі, ал белсенділік - еркектің рөлі. Гендерлік рөлдерге байланысты әлеуметтік рөлдердің алғышарттары енбектің жыныстық ерлер және әйелдер еңбегі болып белінуінде ерекше көрініс табады.
Гендер (ағылш. Gender) - қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс. Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады. Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет. Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді, себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі нәзік әйелдердің мойнында. Сонымен қатар олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды. Күнделікті және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандық - бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет.
Біздің елімізде гендерлік саясаттың міндеттеріне мыналар жатады: билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуіелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштеу бостандығы, біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер.
Қазіргі таңда гендерлік саясатқа біздің мемлекетімізде аса көңіл аударылуда. Осыған орай отбасылық саясат саласында қандай жетістіктер болды және көкейкесті мәселелер барма, соған тоқталып өтейік.
Гендерлік стратегияны іске асырылған жылдары отбасылық-неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді.
Отбасы міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілген. Сонымен қатар, әйелдердің, жүкті әйелдердің және баласы (балалары) бар әйелдердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар да пайда болды.
Осыған орай, балалы отбасыларды қолдау бойынша шаралар кешенінде мемлекет әлеуметтік жәрдемақылар мен көрсетілетін қызметтер арқылы қолдау көрсетеді. Әлеуметтік төлемдер ұсыну жүйесінде бала тууына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне, мүгедек баланы тәрбиелеушілерге жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, көпбалалы аналар мен отбасылар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қамтылған.
Отбасындағы әке мен ананың рөлі Барлық уақытта да ана мен әкенің рөлі ұлы және ештеңемен
теңеспейді. Табиғатынан және қоғамда әйел адам – ана мен жар болуға дайындалған сияқты, әрбір ер адам да ері, әкесі болуға дайындалады. Некеге отырған соң ер адам өзіне үлкен жауапкершілік алады – әке болып,
отбасында тірек болады. Бірақ, шындығында қаланың өмір салтының таралуына орай, көбіне отбасылық өмірді әйелзайыбы, ана басқарады. Заманауи пәтерлерде барлығы бар, сол себепті, балалар әкесінің еңбектену үлгілерін жиі көре алмайды. Оның еңбегі толығымен отбасынан тыс қалып қояды. Ана – бұл басқа іс. Ол өндірісте жұмыс істесе де, Әйелдің әлеуметтік дәстүрлі рөлі – бұл ана мен жардың рөлі. Осы тұрғыдан оның гендерлік мәртебесі – үй бикесінің, ошақ қорғаушысының, балалардың қамқор және эмоциялы тәрбиешісінің және т.б. Мәртебесі. Еркектің мәртебесі керісінше, балалармен айналыстпайтын, тек отбасын материалдық
тұрғыдан қамтамасыз ететін үй қызметтерін тұтынушы, табыскердің,іскердің рөлін көрсетеді.. Қоғам мен мемлекет отбасы саулығына
мүдделі, олар бірігіп қызмет атқарады, өзара байланыста және бір-біріне өзара әсер етеді.
Елдегі әлеуметтік ахуалдың қиындығына орай, әсіресе, жас балалы
отбасыларда әйелдердің қолында үй шаруаларын басқару (отбасының басқа мүшелері арасында міндеттерді бөліп беру, қаржыны басқару)
және қоғамдағы әйелдің рөлін күшейтудің арқасында отбасын басқару рөлі феминизацияланады (әйелдер рөлінің артуы).
Сонымен қатар, бұл отбасылық рөлдерді дәстүрлі түрде бөлу көптеген отбасыларда үйлеседі: ері (әкесі) – табыс табушы және асыраушы, әйелі (анасы) – үй бикесі және балалардың тәрбиешісі. Әкенің рөлін көтеру отбасында ер адамның билігін мықтап құрады, ол болашақта отбасы
рөлдерінде ұл балалардың бағдарларын күшейтуде байқалады.