1.Әлеуметтік-лингвистикалық бағыт.Мұнда тілдің әлеуметтік жіктелуі мен қоғамның жыныстық жіктелуінің өзара байланысын,әйел мен ер адамның тілдік қарым-қатынасы үдерісіндегі тілдік және бейтілдік бірліктерді қолдану айырмасы,т.б зерттеледі.
2.психологиялық бағыт.Мұнда жыныс психикасына сәйкес әйел мен ер адамның тілдік қарым-қатынасы үдерісіндегі тілдік және бейтілдік ерекшеліктерді ажырату,бала тілінің гендерлік дамуын зерттеу, психолингвистика мен нейтролингвистиканың байланысы анықталады.
3.Идентификациялық бағыт.Мұнда авторы жасырын (аноним) мәтіндерді тексеру арқылы автордың тілдік тұлғасы,жынысы анықталады.
4.Лингвомәдениеттанымдық және мәдениетаралық зерттеулер.Бұл бағытта белгілі бір кезеңде түрлі тілдер мен мәдениеттердегі андроөзектілік деңгейі белгіленіп,гендердің алатын орны,тіл мен мәдениеттің қоғамдағы орнына сәйкес,гендердің жалпы және айырықша белгілері анықталады.