- Гендік инженерия молекулалық генетикадан бастау алады, бірақ өзінің пайда болуымен генетикалық энзимология мен нуклейн қышқылдарының химиясының жетістіктеріне міндетті, себебі молекулалық манипуляциялардың негізгі құралы ол ферменттер.
- Гендік инженерияда келесі ферменттер қолданылады:
- Рестриктазалар
- ДНК-лигаза
- ДНК-полимераза
- Кері транскриптаза
Рестриктазалар - Рестрикция эндонулеазалары, рестриктазалар (лат. restrictio — шектеу) — Гидролаза классына жататы ферметтер тобы, нуклеин қышқылдарының гидролиз реакциясын катализдейді. Экзонуклеазалардан айырмашылығы, нуклейин қышқылын сонынан емес ортасынан ыдыратады.
- 1953 ж бірнеше зертханада белгілі бір E. Coli штамының ДНҚ-сын басқа штманың жасушасына енгізгенде ол ешқандай генетикалық белсенділік білдірмеді, себебі тез арада кішкентай бөлшектерге ыдыратылып отырған. Ең бірінші 1968 ж рестриктаза ферменттерін тапқан Мезельсон мен Юань, олар оны ішек таяқшасының EcoK-12 штамынан бөліп алды. Дәл сондай ферменттерді Е. Сoli-дің EcoВ штамдарынан табылды. Кейінірек 1970 ж Смит және Вилькос Haemophilus influenzae-дан ДНҚ-ның қатал белгілі бір тізбектегі ретін кесетің бірінші рестриктаза ферментін алды.
Рестриктазалар - Рестрикция – белгілі бір тізбекте нуклеотиддтер қатарын танып 2 тізбекті ДНҚ-ны бөлшектерге кесу. Осы рестрикцияға қарама қарсы процесс ол модификация. Осы модификация кезінде метилтрансфераза ферменті ДНҚ-ның аденин мен цитозин қалдықтарына метильді топтар қосады дәл рестриктаза ферменті бекейтін жерге. Нәтижесінде метилденген тізбек рестриктаза ферментіне тұрақты болады.
Рестриктазалар - Рестриктазалар ДНҚ әртүрлі ыдыратады (1 сурет).
- Біреулері симетрия осі бойынша тура үзілістер жасаса (Hpa I, Ssp I), басқалары жылжытып саты тәрізді кеседі (Pst I).
- Бірінші жағдайда жабысқақ емес ("тупые") ұштар қалыптастырса екінші жағдайда жабысқақ ("липкие") ұштар қалыптастырады және олар бір-біріне комплементарлы үзындығы 4 нуклеотид аймақтарынан тұрады. Осындай бөлшектер рекомбинанты ДНҚ құрастыру үшін қолайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |