І. Гендік инженерия ғылымының даму тарихы - 1945-1950 ж.ж. Бірінші рет жануарлар жасушаларының культуралары өсірілді.
- XX ғ. 50 – ші жылдары адам жасушасының бірінші культуралары өсірілді.
- 1970 ж. Г. Смит және В. Арбер рестриктаза бөліп алды.
- 1972 ж. П. Берг С. Коэн, Х. Бойер рекомбинанты in vitro ДНК алды, ол SV-40 маймыл ДНК-ның бөліктерінен және E. coli мен λ фаг бактерияларының ДНК сынан құрастырылған еді.
- 1975. ж. Ф. Сэнгер ДНК анықтаудың тікелей әдісін үсынды.
- 1978 ж. Генді-инженериялық инсулин жасалды, ол кәдімгі ақуызға өте ұқсас болды.
- 1978 ж. Англияда бірінші пробиркадағы адам Луиза Браун дүниеге келді.
- 1985 ж. 4 қаңтарында Лондон қаласының бір клиникасында бірінші суррогатты ана атанған миссис Коттон қызды өмірге әкелді.
- 1986 ж. В гепатиты мен көптеген вирустық аруларға қарсы генді-инженериялық вакцина және генді-инженериялық интерферон жасалды.
-
І. Гендік инженерия ғылымының даму тарихы - 1990 ж. Адамның генетикалық картасын құрастыру үшін халықаралық проект бастау алды. (Human Genome Project)
- 1993 ж. Генетикалық өзгертілген өнімдерді дүкен сөрелерінде сатуға рұқсат берілді.
- 1993 ж. К. Мюллис ПЦР әдісін ойлап тапқан үшін Нобел силығының лауреаты атанды.
- 1995 ж. Бактерия гені Haemophilus influenzae толық сиквенделді.
- 1996 ж. Ашытқы санырауқұлағы сиквенделді. (Saccharomyces cerevisiae)
- 1997 ж. Я. Уилмут және К. Кэмпбел Рослин Эдинбург институтында жануар эмбрионынан саулық Доллиды клондады.
- 2001 ж. Ауыл шаруашылық өсімдігінің (күріш) бірінші толық генетикалық картасы құралды.
- 2008 ж. 1000 адам геномын сиквендеу бойынша жоба басталды. (1 геномы сиквенделген адам Ф. Крик)
- 2010 ж. Крейг Вентр алғашқы “микоплазма микоидес” jcva sym 1.0 ағзасының геномын құрастырды.
ІІ. Ген инженериясы шешетін мәселелер: - 1) генді химиялық немесе ферментті қолдану жолымен синтездеу;
- 2) әр түрлі организмнен алынған ДНҚ фрагменттерін бір-бірімен жалғастыру (ДНҚ рекомбинантгарын алу);
- 3) бөтен генді жаңа жасушаға векторлық ДНҚ аркылы жеткізу және олардың қызмет жасауын қамтамасыз ету;
- 4) жасушаларға гендерді немесе генетикалық жүйелерді енгізу және бөтен белокты синтездеу;
- 5) бөтен генге ие болған жасушаларды таңдап бөліп алу жолдарын ашу.
Достарыңызбен бөлісу: |