Гендік инженерия



бет6/6
Дата22.12.2023
өлшемі370 Kb.
#198516
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
12 лекция

Кері транскриптаза

  • Кері транскриптаза үш ферментативті белсенділікке ие.
  • 1. ДНК-полимеразалық, ол матрица ретінде ДНҚ-ны да РНҚ-ны да қолданады.
  • 2. РНҚаза Н белсенділігі, РНҚ-ДНҚ гибрид құрамында РНҚ-ны гидролиздейді, бірақ бір немесе екітізбекті РНҚ-ны емес.
  • 3. ДНҚ-эндонуклеазалық белсенділік.
  • Бірінші екі белсенділік вирустық ДНҚ-ны синтездеу үшін қажет, ал эндонуклеаза вирустық ДНҚ-ны қожайын жасушасына енгізіп синтезді бастау үшін қажет деп есептеледі, себебі ревертазаға басқа ферментер секілді қысқа екі тізбекті аймақ қажет. (Праймер ретінде)

Векторлар және оларға қойылатын талаптар

  • Вектор деп бөтен генетикалық материалды (ДНҚ фрагментін) клеткаға (реципиенттің) тасымалдауға қабілетті ДНҚ молекуласын айтады. Векторлар — ген тасығыштар, ал вектор деген сөздің өзі бағыттағыш деген мағынаны білдіреді.
  • ДНҚ молекуласын векторсыз, мысалы, бактериялық клеткаға енгізсе, онда оларды бактериялық ферменттер ыдыратып жібереді. Кейбір жағдайда ДНҚ сақталуы мүмкін, бірақ клетканың бөлінуінде олар тұқым қуаламайды. Осындай жағдай болмас үшін векторлық молекулалар қолданылады. 

Векторлар және оларға қойылатын талаптар

  • Векторларды эксперименттік жолмен құрастырады және оларға келесі талаптар қойылады:
  • 1) Репликация сайты (Ori);
  • 2) құрамында рестриктазалар танып, үзе алатын нуклеотидтер тізбегі болуы керек, әйтпесе векторға ДНҚ фрагментін енгізу мүмкін емес;
  • 3) оның, бір немесе бірнеше таңбаланған гендері (маркерлері) болуы керек, сол таңбалар бойынша қажет геннің клетканың (реципиенттік) ішіне енгенін анықтайды;
  • 4) вектордың, клетка ішіндегі көшірмелері жеткілікті мөлшерде болуы керек.
  • 5) Мөлшері үлкен болмауы тиісті.
  • 6) Вектордың көбиюіне жасуша ішінде ештене бөгет жасамауы тиісті.

Векторлар және оларға қойылатын талаптар

  • Векторлық молекуланың шығу көзі болып бактериялық плазмидалар мен вирустар (әсіресе фагтар) саналады.
  • Векторлардың негізгі 6 түрі бар.
  • 1. Плазмида
  • 2. Космида
  • 3. Фазмида
  • 4. Шаттл вектор
  • 5. Жасанды бактериалды хромосомалар
  • 6. Жасанды ашытқы хромосомалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет