Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар


Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата20.05.2024
өлшемі0,85 Mb.
#202592
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар

Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың ортасы
(20 мин)
Мағынаны тану кезеңі. І. Оқылымалды тапсырмасы. 1.Мәтінді мәнерлеп
оқиды Оқылым тапсырмасы. Оқушылар оқылым мәтінін оқиды. Оқылым
мәтіні. Не жеп жүрміз? Гендік модификация – биотехнологиялық жолмен
улы заттарға, суыққа, ыстыққа төзімді өсімдік түрін жасап шығару. 1950
жылдарда атом энергиясымен қосанжарласа дамыған биотехноло¬гия
ғылымы бүгінде осылай адам ба¬ласына өсімдіктің Құдай жаратпаған
жаңа түрлерін тұтынуға мүмкіндік тудырды. Мұның бір пайдасы – бүгінгі
күні талғажу қылуға тиімді ас өнімдерін дайындап шығаруға көмектеседі.
Мәселен, қазір әлeмдегі жеті миллиард халықтың бір милли¬ардыашығып,
халыққа тамақ тауып беру мәселесі туындап отырғандабиотехнологияның
жетістігімен қиындықтан өтуге болады. Аме¬рика,Англия елдері
ғалымдардың көмегімен осындай жаңа өнім түрлерінөндіріп, Кения, Индия,
Африка елдеріне апаруды қолға алған. Бірақ, бұнымемлекеттік деңгейде
жүргізбеген. Жекелеген кәсіпкерлердің қолыменжүзеге асырды. Бір
ескере кететін жайт, биотехнология арқылы өндірілгеназық-түлік пен
жеміс-жидектер өз елдерінде сатылуына жол берілмейді.Биотехнология
арқылы ас өндіруді Қытай мықтап қолға алған. 9,2 мил¬лион шаршы
шақырым жерде екі миллиардтай халқымен нығыздалып отырған
Қытайдың, әрине, кең алқапқа егіс салып, жағасын жайлауға жіберіп
жатуға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті де, химиялық тыңайтқыштар мен
пестицидтерді шектен тыс пай¬даланып, жылдам өсіп шығатын, тез
пісетін және ұзақ сақталатын өсімдіктер өсіру жолын пайдаланды.
Ғылымның осы түрінің арқасында бүгін адам баласы азық-түлік, жеміс-
жидек пен көкөністер тұтына отырып, түрлі жан-жануарлар мен
жәндіктердің генін сіңіруде. Мәселен, оңайлықпен езіле қоймайтын қып-
қызыл тастай қызанақ жеп отырып, ағзасына акуланың азу тісінің гені еніп
жатқанын байқай бермейді. Сол секілді, құрт тұмсығын батыра алмайтын,
қап-қатты, әдемі алмамен бірге шаянның, ал бір түйірі бір келіге дейін
баратын картоппен бірге доңыздың генін ағзаға сіңіреді. Бір түйірі
қызанақтай шиелер¬ге тағы да сол доңыздың гені, ал жүгеріге жәндіктер
залалын тигізбеуі үшін жыланның уынан алынған белсенді ген енгізілетін
көрінеді. Түсінікті тілмен айтқанда, мәселен, акуланың азу тісінің бір генін
алып, қызанақ жасушасының ішіндегі ДНК-ның бір бөлігімен алмастырып
жібереді. Осылайша қызанақ ДНК- сы өзгеріп, мүлдем басқа өсімдік өсіп
шыға келеді. ІІ. Тыңдалым тапсырмасы. Гендік тағамдар, шетелден келген
тағамдардың сақталуы, адам ағзасына әсері жайында мәлімет тыңдау.
Оқылым және тыңдалымнан кейінгі тапсырма. 1-тапсырма.
Қалыптастырушы бағалау. Оқылым мәтініндегі тірек сөздер мен сөз
тіркестерін пайдаланады. (Қарамен белгіленген) 1-топ.Оқушылар
синонимдік қатармен ауыстырып жинақы мәтін жазады. 2-топ. Гендік
тағамдар, иммунитетке байланысты жарнама жасайды. 3-топ. Гендік
тағамдар, иммунитетке байланысты класстер құрайды.
Бағалау критерийі 
Тапс
ырм
а
№ 
Дескриптор 
Оқылым және тыңдалым
материалдары бойынша
тірек сөздер мен сөз
тіркестерін синонимдік
қатармен ауыстыра
отырып, жинақы мәтін
жазу
1
2
Сауалнама сұрақтарымен танысып,
кемінде үш адамнан жауап алады;
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын
түсінеді; Синонимдік қатармен
ауыстырып жинақы мәтін жазады;
Жаранамалай алады; Топтастыра
біледі
Мәтін көлемін сақтайды;
Емле және тыныс белгілерінен қате
жібермейді;
Оқушылар топқа жүре отырып, берілген сауалнама сұрақтарына жауап
алады. Алған жауаптарын салыстырып, диаграмма жасайды, топтан біреуі
шығып қорғайды.
Қандай жеміс-жидек,
көкөністерді ұнатасың
және жиі сатып аласың?
1.
2.
3.
Еліміздегі көкөніс, жеміс-жидектердің басым
бөлігі шет елдерден әкелінетінін білесің бе,
бұл сені мазалайды ма? Неліктен?
1.
2.
3.
Слайд
https://twig-bilim.kz/ru


Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың соңы
(8 минут)
Гендік тағамдар тақырыбына сай «Иммунитетті көтерудің ең тиімді тәсілі»
тақырыбында «ПОПС» формуласын пайдаланып шағын эссе жазу.
Рефлексия
(7минут)
Рефлексия. Өрмекші әдісі бойынша кері байланыс алу. Өтілген тақырып
бойынша бір-біріне сұрақ қояды. Өрмекті шешу барысында бір-біріне бүгінгі
сабақта қалай жұмыс жасағаны туралы айтып баға береді, тілек тілейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет