«генетика және селекция негіздері»



бет1/4
Дата08.11.2022
өлшемі138 Kb.
#156978
түріЛекция
  1   2   3   4

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі

11 сыныпқа арналған
қолданбалы курс
«ГЕНЕТИКА ЖӘНЕ СЕЛЕКЦИЯ НЕГІЗДЕРІ»


Жоспарлаған биология пәнінің мұғалімі:


Апсаликова Асем Тлюгавловна

2017-2018 оқу жылы


Түсінік хат
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардң бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп айрықша атап көрсетілгені мәлім.
Бұл әрине еліміздің алдында тұрған үлкен экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелерді нақтылы шешу жолындағы стагиялық міндеттер болып табылады. Демек, бұл істерді атқарудағы жалпы орта білім беру мекемелерінің жүзеге асырар істері де ауқымды болмақ. Мақсат, міндет айқын, қоғамның алға жылжуы, болып жатқан өзгерістер білім сапасы мен мұғалім шеберлігін жетілдіруді талап етеді. Осыған орай өткен оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізгі ережелеріне сәйкес еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің жоғарғы сатысында бағдарлы оқыту енгізілді.
«Генетика және селекция негіздірі» курсы 10-11 сыныпта оқытылады. Бұл курс пәнді тереңдетіп оқытуға арнайы және бағдарлы т.б. сыныптарды ұйымдастыруға негізделген. Бағдарлы оқыту оқушылардың белгілі білім саласына тұрақты қызығушылығын қалыптастыру үшін ең алдымен, қоғамның әлеуметтік сұранысына, биология ғылымының методикалық ұстанымдары мен жүйесіне, оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылады. Генетика және селекция негіздері курсы 4 модульге бөлініп, әрбір модульде аталған тақырыптар бойынша сағаттарға бөлініп, шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.
Курс өте кең ауқымды пәнаралық байланыс негізінде ( информатика, тарих, медицина, география, валеология, математика, физика, химия т.б.) құралып оқытылады.
Осы орайда білім беру мекемелері қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктелері анық. «Егер ісім өнсін десең – ретін тап» деп Абай атамыз айтқандай, оқыту барысында тек жұмыс жүргізу ғана керек екен демей, біз оның тиімділігіне ерекше назар аударуға тиіспіз. Кез келген сабақ барысында оқытудың жаңа технологиясын ретті, реттсіз пайдаланыға жал берілмей, бұл тұрғыда тақырыптың теориялық жүгіне, сыныптағы жеке оқушының қабілетіне, олардың білім деңгейіне қарай қолданудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі, іздемпаздығы талап етіледі.
Курстың мақсаты
Генетика ғылымының негізгі заңдылықтарын оқыта отырып оқушылардың өздік білімдерін кеңейтіп, теориялық білімді практикада қолдануға, яғни генетикалық есептерді шешу жолдарын қарастыру.
Селекция ғылымы мен генетика ғылымының арасындағы байланысты оқып – үйрену .
Міндеттері

  • Генетика және селекция негіздері бойынша алған білімдерін тереңдету

- Оқушылардың өздігінен шығармашыл ізденуге, генетикалық есептерді сауатты шеше білуге тәрбиелеу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет