Генетика негіздері


Генетиканың зерттеу әдістері



бет7/11
Дата13.11.2023
өлшемі3,77 Mb.
#191186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
лекция 1 генетика

Генетиканың зерттеу әдістері

  • Ағзаның тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері тірі материя құрылымының әр түрлі деңгейінде зерттеледі: молекулалық, хромосомалық, жасушалық, ағзалық, популяциялық. Бұл үшін әртүрлі әдістер қолданылады.
  • Жынысты көбеюде ағзалардың жеке қасиеттері мен белгілерінің тұқым қуалауын және тұқым қуалау заңдылықтарын талдауға мүмкіндік беретін будандастыру жүйесін сол сияқты гендердің өзгергіштігі мен олардың комбинаторикасын зерттейтін әдісті гибридологиялық талдау деп атайды. Бұл генетикалық талдаудың ішіндегі ең негізгісі. Бұл әдістің бір немесе бірнеше белгілері арқылы бір-бірінен ажыратылатын ағзаларды будандастыру болып табылады. Осындай будандастырулардан алынған ұрпақтар будандар (гибридтер) болып табылатындықтан, бұл әдісті гибридологиялық әдіс деп атайды. Гибридологиялық талдау генетиканың ең негізгі және ең арнайы әдісі болып табылады. Оған сонымен қатар математикалық статистиканың элементтері де енеді.
  • Математикалық әдіс, әдетте, будандастыру бойынша жүргізілген тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу, белгілердің өзгергіштігін зерттеу және зерттелген белгілер арасындағы байланыстарды табу үшін қолданылады.
  • Хромосомалар құрылысының ерекшелігі цитологиялық әдістің көмегімен зерттеледі. Хромосомалар функцияларына және олардың жаңадан өзін өзі өндіру механизмдеріне талдау жасау үшін тұқым қуалаудың цитохимиялық, биохимиялық және цитогенетикалық әдістері де қолданылады. Геннің әсері және ағзаның жеке дамуы үрдісіндегі оның көрінісі онтогенетикалық әдіспен зерттеледі.
  • Молекулалық биология молекулалық генетиканың дамуы биополимерлерді зерттеудегі физикалық-химиялық әдістердің кең қолданылуына байланысты болды.
  • Клинико-генеологиялық әдіс -19 ғасырдың соңында Гальтон ұсынған адам генетикасын зерттеудің ескі әдістерінің бірі. Белгінің тұқым қуалау сипаты мен тұқым қуалау типін, пенетранттылығын анықтауға, жанұяда ауру баланың туылу мүмкіндігін есептеуге мүмкіндік береді. Бұл әдістің мәні-шежірелік байланысты анықтап, ұрпақ қатарында туыстар арасында белгінің таралуын анықтау. Ол үшін зерттелетін мәселе бойынша әкесі және шешесі жағынан бірнеше буын бойы мәліметтер жинақталып, соның негізінде шежірелік сызбанұсқа жасалады. Кейбір белгілер мен қасиеттер кез келген ұрпаққа беріле алады, яғни доминанттылық жолмен тұқым қуалап, Мендель заңдарына бағынады. Мұндай жолмен тұқым қуалайтын белгілерге полидактилия (саусақтардың артық болуы), беттің секпілі, катаракта, шаштың қаралығы және т.б. жатады. Шежіре графикалық сызба түрінде арнайы символдар пайдалана отырып құрастырылады. Шежіредегі ұрпақтар жоғарыдан төмен қарай рим цифрлерімен, ұрпақ мүшелері сол жақтан оңға қарай араб цифрлерімен белгіленеді. Аға-інілері мен әпке-сіңілілері (сибстар) туылу ретіне қарай орналасады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет