Генетика, селекция және тұҚым шаруашылығЫ (оқулық) алматы 2007


Мөлтектерді қайталау бойынша орналастыру тәртібі



бет21/22
Дата10.06.2017
өлшемі11,93 Mb.
#18540
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Мөлтектерді қайталау бойынша орналастыру тәртібі

Мүлдектерді сорт сынау қайталауларында орналастыру үшін, үш тәсілді қолданады: жүйелі, кездейсоқ, жұп немесе стаңдартты.



Сорттарды орналастырудың жүйелі тәсілі. Бұл тәсілде сорттарды әрбір қайталауда зерттеу тәсілін алдын-ала жасалған схема бойынша белгілейді (27-28-29-суреттер).

Сорттарды орналастырудың кездейсок (рендомизацияланған) тәсілі.

Блоктардағы сорттарды орналастыру үшін кездейсоқ саққардың дайын кестелері пайдаланылады. Мұндай кестелер болмаған кезде, молдектердегі сорттарды блокка жеребе сала отырып, жүйелі түрде орналастырады (30-сурет).



Орналастырудың станцартты (проценттік, жүп) тәсілі.

Бұл тәсіл бақылаушы сорт тәжірибе дәлдігін арттыру үшін пайдаланылады.

ВАСХНИЛ-дің академигі П.Н. Константинов екі мүлдектен кейін орналастырылған стандарт-бақылаулармен қатар егілетін қашалушы сорттардың өнімділігін салыстыруға сорт сылау тәсілін жасады (31-сурет).

Селекциялық жұмысты жүргізудің реті мен қарқыны біріншіден өсімдіктің биологиялық ерекшелігімен оның көбею көрсеткішіне байланысты болады. Осыған байланысты селекциялық мекемелерде әрбір өсімдіктің дер мезгілде сортын немесе буданын шығаруы туралы нақты селекциялық жұмыстық жобайы болады.

Селекциялық жұмыс негізгі үш кезеңнен құралады: 1. Сұрыптауға немесе таңдап алуға популяция құру.


  1. Алғашқы тұқымдық өсімдікті сұрыптап алу

  2. Оның ұрпақтарын сынау.

Сондықтан, өсімдіктердің тозаңдану өзгешеліктеріне байланысты селекциялық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу тәсілдерінің де ерекшеліктері бар.

Үздігінен тозанданатын өсімдіктер селекциясының негізгі мақсаты - жоғары өнімді гомозиготты өсімдіктер алып, оның ұрпақтарын бағалап, соның негізінде жаңа сорт шығару.



Сондықтан Алғашқы материал питомнигі, келешекте кажетті өсімдікті сұрыптап алатын генетикалық әр тірліліктің негізгі козі болып саналады. Бұл питомникте жинақты материалдар тобы, (коллекция) мутанттар, полиплоидтар және де будандастырылатъшын басқа да түрлер зерттеледі. Төменде селекцияльж, жұмыстық схемасы келтірілген.







Коллекциялар – отандық және шетел селекцияларының ең жақсы сорттары. Селекцияның көбінесі кезеңіңде салыстырып, болашақта құнды белгілері бар материалды бөліп алып, зерттеу үшін басқа да селекциялық материалдар егіледі. Сонымен қатар осы питомникте тұқымның материалдың шығымдылығын төмендету үшін коллекция қайталанып, себіліп отырады.

Коллекция питомнигтің негізгі мақсаты - селекция питомнигіне биологиялық және шаруашылыққа құнды түрлерді бөлу, сонымен қатар будандастыруға және мутагенмен өңдеуге өсімдіктерді сұрыптау болып табылады. Бұл питомникте 200 ден 2000-ға дейін үлгі бөлшектер егіледі. Дәнді дақылдылар бір мүлдекке 100-200 дәннен, ұзыңдығы 1-2 м қатарға егіледі. Қоректік жер көлемі 5 х 20-дан 10 х 30 см дейін өзгеріп отырады, ал стандарт 20-30 номерден кейін себіледі. Кейде 10-20 номерден кейін кайталану болмайды. Жақсы ерекше бөлшектерді тікелей бау байлағыш машинамен, 50-100 масактан әрбір мүлдектен болекжинайды сонымен элита өсімдіктері де бөлек жинайды.

Будақтар питомнигінде F, нан дейінгі будандар 5 х 20 кейде 10 х 20 немесе кейде 10 х 30 қоректікжер көлемімен себіліп, стандартты 20-30 номерден кейін себеді. Мүлдектің көлемі көбіне 10 шаршы метрден аспайды.

Будандар гштомнигінде белгілі касиетгері бойьшша ерекше элита өсімдіктері бөлек жиналады. Сұрыптап алынған 2-3 өсімдіктердің масақтары да белек жиналады.

Алдыңғы (F5-F6) ұрпақтардың таңдаулы туыстары бөлек жиналады.

Арнайы питомниктерде мутанттар, полиллоидтар, гаплоидтар немесе анеуплоидтар егіледі. Яғни айтқаңда селекцияда мутагенездің, полиплоидияның, ткандер мен клеткалар селекциясының дамуына байланысты арнайы питомниктер салынады.

Селекциялық питомникке - алғашқы материалдар питомнигінде сұрыптап аланған элита өсімдіктерінің және олардың линиялары мен семьялары, масақтары мен қатталап сұрыптаудан алынған алдыңғы жылдардағы ажыраған семьялардың ұрпақтары зерттеліп, баға беру үшін егіледі. Жалпы саны 5-10 мындай болуы керек. өсірілетін аймақтық жағдайына байланысты қатарларының алшақтығы 15-тен 30 см-ге дейін болады. Мүлдектің ұзындығы 1 м жерге қол сепкішпен себеді егер 1 м жерге 10-20-30 немесе 40 дән отырғызылатын болса, онда мүлдектің ұзыңдығы 3-5, немесе 6-8 м болады да, селекциялық питомникте қайталану болмайды.

Морфологиялық белгілері біркелкі емес құнды туыстарға жеке сұрыптау жүргізіледі, одан алынған тұқым, селекция питомнигіне қайта себіледі. Оларды үгіткеннен кейін лабораторияда олардың өнімділігін, дәндерінің біркелілігін, 1000 дәннің салмағын, белоктың құрамын және дәннің басқа технологиялық көрсеткіштерін зерттейді. Ең жақсы нөмірлер келесі питомникке беріледі.

Бақылау питомнигіне - селекциялық питомниктен сұрыптап алынған ең жақсы нөмірлер 2 м-ден 10 ш.м. мүлдектерге кайталанып себіледі. Салыстыруға П.Н.Константинов ұсынған жұптау немесе стандартты тәсілі қолданылып, стандарт әрбір 2 нөмірден кейін себіледі. ССФК-7 (СН-16П) Себулік өлшемі 1 га - 3, 5-4 млн дән. Мүлдектің есептік алаңы 10 м2. 100-ден 500 нөмірге дейін. Осы питомникпен катар, ауруларға төзімділігін зерттеу үшін тұқымның бір бөлігі өшіктіргіш мүлдекке себіледі.

Аддьш ала сортсынаудан өткізу питомнигіне (кіші сортсынаң). Бақылау питомнигінен сұрыптап аланған ең жақсы линиялар әрі қарай зерттеледі.

Есептік алаңы 10-25 ш.м., 4 есе қайталанады, сорттардың орналасуы - систематикалы, стандартты сорт 5-10 номерден кейін. Сынақ қалатын сорттардың саны негізі 25-30, ал егер жұмыс көп болтан жағдайда 100 дейін жетеді.

Конкурстық сортсынау питомнигінде алдыңғы сортсынау питомнигінен келген ең жақсы сортка негізгі баға беріледі де аудандастырылған сорттан асып төсетін ең жоғары өнімді сортгы бөліп шығарады. қатысатын сорттың саны 10-20, бірақ кейде 40-50 дейін барады.

Есептік алаң көлемі 25-50 ш.м (бірақ 10 ш.м дәні дақыл жеткілікті) 2-4 жыл бойы зерттеледі.

Экологаялық сортсынау питомнигі - конкурстық сортсынауды толықтырушы, жаңа сортты бағалауды қорытындылайтын өте маңызды буын. Оның мақсаты - жаңа сорттың төрлі климаттың жағдайдаң бейімделушілігі, өнімділігі туралы хабарды бір уақытта алып тәжірибелік мәліметті тексеру.

Арнайы сортсынау питомнигі. Селекция тәжірибесінде жаңа сортқа кәдімі қарапайым сынауда тексеруге немесе баға беруге болмайтын жағдайда осындай сортсынау ұйымдастырылады. Оған қатысты - динамикалық сортсынау, әр түрлі құнарлылықты және өндірістік сортсынаулар.

Алдын-ала көбейту питомнигі. Жаңа сортты мемлекеттік сынауға берер алдында оригинатор сорт учаскелеріне жіберетін тұқымның мөлшерін көбейту үшін осы питомникті пайдаланады.





Айқас тозанданатын өсімдіктер селекциясының схемасы

Айкас тозанданатын өсімдіктер селекциясындағы жүргізілетін жұмыстардың ретімен питомниктердің аттары үздігінен тозаңданатың өсімдіктер селекциясындағыдай, бірақ ерекшелігі тек ғана тозаңдану тәсіліне байланысты болғандықтан селекциялық жұмыстарды жүргізу әдістеріне әсер етеді.

Айқас тозаңданатын өсімдіктер селекциясында істейтін жұмыстық басты ерекшелігі кез-келген питомникте немесе сортсынауда селекциялық нөмірлер немесе сорттар бір-бірімен қатар өсірілетін болғандықтан өзара тозаңданады да олардың алғашқы генетикалық жаратылысы өзгереді.

Сондықтан алынған тұқымды бірден келесі питомникке беруге болмайды, осыған байланысты бағалау және сынау мен қатарлас шектелген жағдайда селекциялық сорттар мен нөмірлерді көбейту, олардың генетикалык негізін сақтауға мүмкіншілік береді.

Сондықтан, жартылай немесе қор сақтау жұмысы айқас тозанданатын өсімдіктер селекциясыньщ міндетті құрамы болады.

Осыған байланысты коллекцияық питомникте сұрыптау жүргізілмей, селекциялық питомникте жыл сайын 1-3 жыл бойы жүргізіледі.

Жеке-туыстық және туыс-топтық сұрыптаудың нәтижесінде жеке туыстар көзбен бағаланады, себебі стандарт болмайды. Жақсы номерлер шектелген көбейту учаскелеріне, содан кейін бақылау питомнигіне жіберіледі.

Сонымен, әр-түрлі кезендерде оқшаулағын қолданылатын болғандықтан селекциялық жұмыс қиындайды. Көптеген питомниктердің бір-бірінен арақашықтыңтары өте үлкен болады да жаз бойы жүргізілетін жұмыстарды қиындатады. Сондықтан айқас тозанданатын өсімдіктерімен жүргізілетін селекциялық жұмысты өте-мөте ойланып, тиянақ жоспарлауды талап етеді.



Егісгіктегі жұмыстардың техникасы

Сыналатын сорттар мен селекциялық материалдардың салыстыратындығы - селекциялық процесті ұйымдастырудың ең маңызды талаптарының бірі. Селекциялық питомниктер мен сорт сынау учаскелерінде барлық жұмыстарды бір мезгілде және жоғары сапалы етіп өткізу қажет. Көң мен минералдық тыңайтқыштардың құрамы бойынша бір келкі енгізу, оларды учаскеге біркелкі етіп бөлу және бірдей терендікке енгізу керек. Учаскені бөлшектей отырып, мүлдектерде атыздардың құламауын, бөлінбеуін бақылау қажет (29-сурет).



Себу - сорт зерттеу процесіндегі ең жауапты жұмыстардың бірі. Селекциялық питомниктер мен сорт сынау учаскелерінде тұқым себу үшін трактор аспалары, қолмен тұқым себетін және егетін машиналар қолданылады. Кез келген сорт сынау питомнигі мен учаскесінде тұқым себу бір күн ішінде бітуі тиіс.

Селекциялық егісті күту.

Селекциялық егісті үлгілі етіп ұстау керек.

Селекциялық орталықтарда селекциялық питомниктердің қатараралықтарын өндеу үшін, MP-300 ротациялы жабдықтаушы жасалған. Топырақтығы қатараралығын өндеу және қатарлары кен селекциялық питомникгерде арам шөптерді жою үшін, торт қатарлы РФ-4 фрезер қопсытқышы қолданылады.


Фенологиялық байкаулар.

Селекциялық материалдарды зерттеген кезде фенологиялық байқаулар жүргізу өте маңызды. Сорттарды бағалау үшін әр кезеңдерінің басталу уақытын, ұзақтығын және күндер ішіндегі толық көктеуден толық піскенге дейінгі уақыт деп түсінілетін өсіп-өну дәуірінің жалпы ұзақтығын білу қажет. әрбір фенологиялық кезеңнің басталуы мен аяқталуын белгілейді. 10% болған кезде басталуын, ал мүлдектердегі өсімдіктердің жалпы санының 75%-і осы кезеңге түскенде аяқталуын белгілейді. Сорт сынау егістігінде немесе қандай болмасын питомникте бір адам фенологиялық бақылауды тәуліктің бір уақытында өткізуге тиісті.

Сыналатын алаңдарда толық көктеу кезіндегі (көктеу толықтығыш анықтау үшін) және жинау алдында өсімдіктер санын есептейді (тәсіл-өну кезеңіндегі сорттардың сирексу дәрежесін анықтау үшін).

Өнімді жинау және есептеу.

Сорт сынайтын мүлдектердегі, питомниктердегі өнімді жинау және дәнді дақылдарды көбейту үшін егін оратын, бау байлайтын шағын аспалы машиналар мен шағын габаритті аспалы комбайндарды қолданады.

Өнім ысырабы мен сорттар араласуының барлық түрлерін жою үшін қажетті шаралар кабылдайды. Өнімді бірдей ылғалдылыққа келтіреді (дәнді дақылдар үшін 14%). Картоп сортын сынаған кезде түйнектердің жалпы және тауарлы өнімін жеке-жеке есепке алады, ондағы крахмалдың мөлшерін және оның 1 га (крахмалдың артығын) жиналған мөлшерін анықтайды және тығыздығын, тамыр сабақтардың ұзындығын, түйнектердің ірілігіне қарап енім туралығын белгілейді.

Қорғаныш алқабы.

Есептік мүлдектерге бөгде әсерлерден және олармен шектесіп жаткан танаптар тарапынан зиян келуден сақтандыру үшін, қорғаныш танаптарын құрады. Олар көмкеруші, шеткі және ақырғы болып бөлінеді.

Көмкеруші қорғаныш алқабының жалпақтығы 2-3 м болады, олар сортсынау немесе кандай да болмасын питомник аяып жаткан учаскелерді баска тәжірибелік eric алқаптарынан бөліп тұрады. Шеткі қорғаныш алқаптары жолдарға жанасатын қайталану шетіне қарай бөлінеді. Шеткі қорғаныш алқабы - бұл мүлдектердің ұзын жақтары бойынша бөлінетін шағын аландар.

Селекциялық ауыспалы егістер

Селекциялықтанаптарда ауыспалы егістер белгіленген дақылдар алмасуын сақтайды. Селекциялық ауыспалы егісте барлық сорттар үшін өздерінің тұқым қуалаушылык мүмкіндіктерін толық көрсете алатындай қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Осы уақытта негізгі буындардағы селекциялық ауыспалы eric аталған аймақта қабылданған дакылдар алмасуына едәуір ұқсас болуы тиіс.



Селекциялық егістер және оларды белгілеу

Селекция материалдарын сынауды жұмыстың әр түрлі кезеңінде жүргізу қажет. Алайда селекционердің қарамағындағы тұқымдар мөлшері селекциялық процестің әр түрлі кезеңінде бірдей емес. Будандық және селекциялық питомниктерде ол грамдап өлшенеді және бірте-бірте все отырьш, сорт сынауда ол бірнеше килограмға жетеді.

Питомниктер 4 негізгі түрге болінеді: 1) бастапқы материал; а) коллекциялық; б) будаңдық; 2) селекциялық; 3) тексеру; 4) арнаулы.

Коллекциялық питомниктер.

Мұнда жаңа материалды алғашқы сынау және селекциялық питомниктерді салу үшін сұрыптау жүргізіледі. Коллекциялық питомникке әдетте бірдақылдың 200-300 үлгісін, кейде анағұрлым көбірегін егеді.



Будандық питомниктер.

Селекциялық питомниктер тобын салу үшін 2-ден бастай отырып, оларда будандық жеке түрлерді бағалайды және сұрьптгайды. Барлық будандық тәсілдердің бірінші және келесі ұрпақтар тобын себеді. Мелдек көлемі олардың әрбіреуіндегі тұқымдар санына байланысты болады. Әрбір тәсіл бойынша салыстыру үшін ата-аналарын себеді.



Селекциялық питомниктер.

Мұңда алғашқы салыстырмалы бағалауды (тұқымның өнімділігі, майдың, белоктық мөлшері, дәннің сапасы бойынша) және әрі қарай сынаулар мен көбейтулер үшін жеке элита өсімдіктерінің ең жақсы ұрпақтарын таңдау жұмыстарын жүргізеді. Бұл питомникте өте қатал түрде әр суға шығару жұмысы жүргізіледі, осындай не өзге кемшіліктері бар 75%-ке жуық топтарды алып тастайды.

Себілетін тұқымдар саны мен мүлдек көлемі әр түрлі және ол негізгі элита өсімдіктерінің өнімділігіне байланысты болады. Әрбір 9-10 нөмірден кейін бақылаушы сортты себеді.


Тексеру питомниктері

Егу жұмысы дәл себетін арнаулы селекциялық тұқым сепкіштер арқылы жүргізіледі. Мүлдек көлемі әдетте 10 м2, дәнді дақыддар нөмірлерінің саны көп болған кезде, мүлдектің көлемі 2-5 м2 болады. Кайталануы екі-төрт дүркін, 5-10 нөмірден кейін бакылаушы сортты егеді немесе сынауды процентгік жұп әдісімен жүргізеді.



Арнаулы питомниктер.

Питомниктің мұндай түрлеріне сұрыпталған селекциялық нөмірлердің жасанды закымдану кезіндегі ауруларға төзімділігін бағалауға арналған алдамшы питомниктер жатады. Оларды селекциялық және тексеру питомниктерімен қатарластыра салады.

Селекциялық питомниктер мен сорт сынаулардағы селекциялық процестер мен жұмыс көлемін ұйымдастыру жөніндегі түсініктер беріліп отыр.

Селекциялық процесті тездету тәсілдері

Селекциялық жұмыстар процесінде дәнді дақылдардың жаға сорты бастапқы өсімдіктерді іріктеуден аудандастыруға дейінгі ұзақжолдан өтеді. Бұдан коп уақыт кетеді, әдетте 10-12 жылдан кем емес. қазіргі кезде бұл мерзімді 5-6 жылға дейін қысқарту шаралары қаралуда. Селекциялық процесті тездету үшін, әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолданады. Бірінен бұрын будандастыру үшін ата-аналарын дұрыс іріктеп алу маңызды. Екі-үш будандақ ұрпақтарды бір жылда өсіру үшін жылыжайлар пайдаланады, күздік және кеш пісетін сорттармен түрлерді бапталған тұқымдармен бірге себеді.



Ерекше үздік көрінген нөмірлерді селекциялық процестік қабылданған схемасының жекелеген будандарына токтамай-ақ сынауқажетіне көбейтуге болады. Ерекше нөмірлердің тұқымдарын алдын ала көбейтуді мемлекеттік және экологиялық сорт сынау учасеклеріндегі конкурстық тұқымдармен қатарластыра жүргізуді іске асыру керек. Бір жылда екі рет өнім алу үшін және т.б. онтүстік аудаңдарда жаңа сорттармен будандық ұрпақтарды көбейту кең түрде қолданылады (4-кесте).






6-ші

Бірінші жылғы конкурстық сынау

10-20 ш.м.

СН-16 тұқым сепкішімен себу;

мүлтектердің есептеу алаңы 50 ш.м, кайталануы

төрт дүркін



150-200 болашакты сорттарды сұрыптау

7-ші

Екінші жылғы конкурстық сынау

- It-

Көбейту питомнигі, бастапкы тұқымшаруашылығы, ең жақсы сорттардың сорттық агротехникасы.

8-ші

үшінші жылғы конкурстық сынау

'll-

Көбейту питомнигі, өндірістік сьшаулар, бастапқы тұқым шаруашьшығы, ең жақсы сорттардың сорттық агротехникасы

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет