Генетикалық аппараттың молекулалық құрылымы. Геном жайлы жалпы мәліметтер. Хроматин құрылысы



Дата17.12.2021
өлшемі0,62 Mb.
#102162
түріҚұрамы
Байланысты:
4 лекция
[Vasilev V.I., Ilyasov B.G.] Intellektualnuee sist(z-lib.org), 4 лекция, ЖИЫНТЫҚ ЕСЕП 20-21

Генетикалық аппараттың молекулалық құрылымы.

1.Геном жайлы жалпы мәліметтер.

2. Хроматин құрылысы.

3.Хромосомалардың нуклеосомалық жинақталуы.

Клеткаға қажетті ерекше (арнайы) белоктың синтезделуін қамтамасыз ететін ДНК-ның молекуласының бөлігін геном деп атайды.



Хромосома (грекше"хромо-бояу,"сома"-дене) - клетка ядросының құрамында нәсілдік информациясы ДНК бар ген орналасқан өздігінен екі еселене алатын, арнайы бояулармен боялатын негізгі құрылым бөлігі.

Хромосома алғаш рет 19 ғасырдың 70-ші жылдары белгілі болды және1883жылы неміс ғалымы В.Вальдейер "хромосома" деген атауды ұсынды.

Хромосома өсімдік пен жануарлар клеткасының даму процесін қамтамасыз етеді , тұқым қуатын белгі, қасиеттерді ұрпақтан ұрпақа өткізеді. Олардың хромосомында морфологиялық өзіндік ерекшеліктері бар. Хромосомалар клетка бөлінуі кезінде анық көрінеді. Оның морфологиясы митоздың метафаза және алғашқы анафаза сатысында жақсы байқалады. Орташа алғанда хромосоманың ұзындығы 0,2- 50мкм, диаметрі 0,2-3мкм.

Хромосома турады:

  • хроматидтерден;
  • центромерадан;
  • кысқа иықтан;
  • ұзын иықтан.

  • ДНК хромосоманың химиялық құрамында хроматин жіпшелерінде орналасады. Белок хромосомда ДНК-ның молекуласының үстінде қаптама (футляр) түрінде орналасады. Хромосомның алғашқы тартылған жері болады (спиральданбаған бөлігі), онда центромер орналасады, кейде хромосомның екінші рет тартылған бөлігі де кездесіп отырады. Соңғысы кішкентай спутник деп аталынатын үзіңдіні (фрагмент) хромосомнан бөліп тұрады.



Интерфазалық хромосома.

Бұл ілмекті, күрделі құрылым. Соленоидты фибрилла әртүрлі ұзындықтағы ілмекті (20 мыңнан 80 мың жұп нуклеотидтерге дейін) құрастырады. Хроматинді фибрилла нәтижесінде 300 нм диаметрге дейінгі құрылым түзіледі, ол интерфазалы хромонема деп аталады. Хромонемалар қосымша жинақталады, диаметрі 600-700 нм хроматидтерді құрайды. Хроматидтер метафазалы хромосома құрамына кіреді, диаметрі 1400 нм немесе 1,4 мкм.

Канадалық ғалым Барр (1908 – 1995) және оның студенті Бертрам 1949 жылы Барр денешігі деп аталатын құрылымды ашқан, немесе Х-жыныс хроматині.

Барр — денешігі әйелдердің жұмыртқаклеткаларында кездеседі. Жыныс хроматині — ұрықтың жынысын ерте анықтауға мүмкіндік береді.



Кариотип (грекше karyon – жаңғақ, жаңғақ ядросы және typos – үлгі, пішін) – жануарлар мен өсімдіктердің жүйлік (систематикалық) тобының бір сипаттамасы, олардың дене клеткаларындағы хромосомалардың диплоидты жиынтығы. Кариотиптер хромосомалардың саны, центромераларының орналасуы, көлемі, пішіні, екінші реттік тартылулары және тағы басқа белгілерімен сипатталады.

 Митоз метафазасындағы хромосома құрылымының сызбасы

1 —хроматида; 2 — центромера; 3 — қысқа иық; 4 — ұзын иық.

Канадалық ғалым Барр (1908 – 1995) және оның студенті Бертрам 1949 жылы Барр денешігі деп аталатын құрылымды ашқан, немесе Х-жыныс хроматині.

Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы.

Гендер хромосомада бір сызықтың бойымен тізбектеле орналасқан. Әр геннің хромосомада нақтылы орны (локус) болады; бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу топтарын құрайды. Тіркесу топтарының саны сол организмге тән хромосомалардың гаплоидты санына сәйкес келеді; Ұқсас хромосомалардың арасында аллельді гендердің алмасуы жүреді; хромосомадағы гендердің ара қашықтығы айқасу жиілігіне тура пропорционал.



Томас Хант Морган (американдық биолог, генетиканың негізін салушылардың бірі) «Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының» негізін қалаған еңбегі үшін Нобель сыйлығының Лауреаты атағына ие болды.

Скрининг-тест (адам эпителий клеткаларындағы Барр денешіктері)

Хромосоманың қызметтері.

Ақпараттық және РНК белоктарының клеткадағы координациясы мен регуляциясын белоктардың біріншілік құрылымының синтезі арқылы жүзеге асырады.



Хромосома (грекше"хромо-бояу,"сома"-дене) - клетка ядросының құрамында нәсілдік информациясы ДНК бар ген орналасқан өздігінен екі еселене алатын, арнайы бояулармен боялатын негізгі құрылым бөлігі.

Хромосома алғаш рет 19 ғасырдың 70-ші жылдары белгілі болды және1883жылы неміс ғалымы В.Вальдейер "хромосома" деген атауды ұсынды.



Хромосома өсімдік пен жануарлар клеткасының даму процесін қамтамасыз етеді, тұқым қуатын белгі, қасиеттерді ұрпақтан ұрпақа өткізеді. Олардың хромосомында морфологиялық өзіндік ерекшеліктері бар. Хромосомалар клетка бөлінуі кезінде анық көрінеді. Оның морфологиясы митоздың метафаза және алғашқы анафаза сатысында жақсы байқалады. Орташа алғанда хромосоманың ұзындығы 0,2- 50 мкм, диаметрі 0,2-3 мкм.

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Геном дегеніміз не?

2. Кариотип дегеніміз не?

3. Хромосоманың қандай түрлері болады?

 



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет