Геодезия, ежелгі ғылымдардың бірі бола тұра, адамзат қоғамының, ғылым мен технтканың жедел дамуына байланысты өзінің мазмұнын өзгертіп отырды. Соның нәтижесінде геодезия бірнеше дербес ғылыми және ғылыми-технткалық салаларға бөлінеді:
1. Жоғарғы геодезия жердің және ғаламшарлардың пішіндері мен көлемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді.
2. Геодезия(топография) жер бетінің шағын аймақтарын жазықтық ретінде қарап, оны өлшеу және қағаз бетіне кескіндеумен айналысады.