Геоэкологияның табиғатты қорғау функциясы. Геоэкология табиғатты пайдалану және табиғатты қорғау барысындағы практикалық мәселелерді шешуге маңызды қызмет атқарады. Табиғатты пайдалану дегеніміз – адамзат қоғамының табиғат ресурстарын тиімді пайдалануының жалпы принциптерін зерттейтін кешенді ғылыми пән болып табылады. Адамды, қоршаған ортаны қорғау барысында геоэкология келесі ғылыми мәселелерді шешуге қатысады:
табиғатты қорғау және тиімді пайдалану. Табиғатты пайдаланудың аймақтық заңдылықтарының теориялық негіздерін зерттеу;
қоршаған ортаға антропогенездің әсерлері және «қоғам табиғат» жүйесіндегі өзара әсерлесудің географиялық нысандарын оқып-зерттеу;
техногенездің әсерлеріне геожүйелердің экологиялық орнықтылығын оқып-зерттеу;
геожүйелердің табиғи ресурстық потенциалын тиімді пайдалану әдістерін зерттеу;
табиғи антропогендік геожүйелер шекарасында антропогенездің әсерінен қоршаған ортаның өзгерістерінің экологиялық модельдеу және болжау әдістері мен принциптерін оқып-зерттеу;
табиғатты қорғау іс-шараларының сондай-ақ геожүйелер шекарасындағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартатын бағыттардың географиялық негіздерін зерттеу;
қоршаған ортаның экологиялық тұрақсыздығын әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан бақылау және зерттеу;
ерекше қорғалатын табиғи территориялар мен нысандарды ұйымдастырудың ландшафттық экологиялық негіздері;
табиғи антропогендік геожүйелер шектеуіндегі халықтың өмірін қамтамасыз ету үшін экологиялық қауіп-қатерді бағалау;
табиғи антропогенді геожүйелерді қоршаған ортаның экологиялық тұрақсыздану процестерін зерттеу әдістерін жетілдіру және жасау;
табиғатты қорғауды басқару және қоршаған ортаны сауықтыру барысында ғылыми негіздерге шешімдер қабылдау мақсатында геожүйелердің экологиялық және табиғи ресурстық потенциалын зерттеу;
геоэкологиялық карталарды құрастыру және геоэкологиялық аудандастыру сұлбаларын жасау.