Географ ұстаздар-ұрпақ мақтанышы



Дата26.08.2017
өлшемі44,56 Kb.
#28291
Географ ұстаздар-ұрпақ мақтанышы

Өткен тарихи кезең ішінде Қазақстанда география ғылымының дамуына География кафедрасының және Қазақстанда география ғылымының дамуы мен география саласыныан белгілі мамандар дайындауға үлес қосқан ұстаздар Ө.Қ.Қазақбаев, С.Орынбаева, Р.Жантемірова, Ә.Топбаев, Б.Әйтішева, Г.Нұрымов, Т.Хасенова сияқты ұстаздарды айтуға болады.



Қазақбаев Өскенбай Қазақбайұлы. 1967-1984 жылдары география кафедрасында аға оқытушы, 1968-1972 деканның орынбасары қызметін атқарды. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы пәнінен сабақ беріп жүргенде, студенттерді алыс сапар практикасына апаратын еді. Әсіресе,бізді,яғни,қазақ қыздарын ел көрсін деп,Москва,Санкт-Петербург,Мурманск,Латвия,Литва,Эстония елдеріне апарып,ол елдің тарихи-мәдени өндіріс орындарын көрсетіп,жол бойы көргендерімізді күнделікке жазғызып отвратын еді. Студенттерге арнап “Еуропаның срциалистік елдері” атты 10 сыныпқа арналған мектеп баспасында оқу құралы шықты. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясын орысшадан қпзпқшпғп аударды. 12 томдық Қазақ Совет Энциклопедиясына көптеген мақалалар жазуға қатысты.

Головенка Александр Ивановна. 1965-1980 жылдары география кафедрасында аға оқытушы болған. Топография, картография пәндерінің маманы. Ауылдан келген орысша жақсы түсінбейтін студенттерге қайта-қайта түсіндіріп, әбден білгізіп шығатын. Дала практикасы кезінде жергілікті жердің планын түсіріп,картасын жасауды тез-ақ үйрететін өте мықты манан еді. Сол кезде алынған мензула,теодолит, нивилир, бусоль құралдарын 30 жыл пайдаландық. Көп жыл иституттың партбюро мүшесі болды.

Әйтішева Балдай Әйтішқызы.1954 жылы география мамандығына түсіп,оны 1959 жылы бітірген. Сол жылы үздік оқығанын ескеріп, оқытушылық қызметке иститутқа қалдырған. 1959-1963 жылдары оқытушы, 1963 жыл аға оқытушы, факультетте партбюро хатшысы,кәсіподақ ұйымының төрайымы, тәлімгерлер кеңесінің бастығы боды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысты. 1994 жылы Барнауыл қаласында ТМД елдері арасында болған конференцияда Жамбыл-Қаратау ТӨК тақырыбында баяндама жасап,жүлделі орын алған. 12томдық Қазақ Совет Энциклопедиясына көптеген мақалалар жазуға қатысты. Алматы энциклопедиясына мақалалар жазған. Студенттерді алыс сапар практикасына апарып, ТМД елдерінің тарихи-мәдени өндіріс орындарына ерекше көңіл бөлетін еді. Білім және Ғылым Министрлігінің институттың “Құрмет” грамоталарымен, еңбек ардагері, халыққа білім беру үздігі төс белгісімен марапатталған. «Қазақстанның жоғары мектеп беттері” деген кітабының 3-томында 90-бетінде Балдай Әйтішқызының еңбек жолдары жазылған. 50-ден астам ғылыми мақала,еңбектер жазды.

Жантемірова Роза Әділқызы. 1965-1985 жылдары география кафедрасында аға оқытушы болып істеді. Роза апай “Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы” пәнінің маманы еді. Қазақстанның ландшафтысын зерттеуде көптеген еңбектер жазды. Кескін картаға материктердің геологиялық тектоникалық құрылымын түсіру,климаттық белдеулермен жауын-шашынның түсуін, табиғат зоналарының ерекшеліне үлкен мән беретін. Республикалық конференциясында “Лагдшафталық карталардың жасалуы” тақарыбында баяндама жасап, алдыңғы орындарды иеленетін.

Машанова Раиса Мұхамеджанқызы.-Геология-минерология ғылымының кандидаты,доцент. Маманы қызметін атқарды. Иститутта геология кабинетін,музейін ашуға үлес қосты. Бір күні Свердловскіден 5жәшік зат әкелді. “Бұл не екен” деп таң қалып, ашып қарасақ , геология пәніне қажетті асыл, қымбат минералдар екен. Ол кезде сабаққа қажетті атлас карта, оқу құралдарын Мәскеуден алдыратын едік. Міне содан бері біздің кафедра геология музейін ашуға мүмкіндік туды. Сол минералдар осы уақытқа дейін сақтаулы. Оны күнделікті сабаққа қолданамыз.

Орынбаева Саржан Нұрмұхамбетқызы. 1949-1995 жылдары география кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. Осы институтты алғаш бітірген тулектердің бірі болды.Жертану, географияны оқыту әдістемесі пәндерінің маманы еді. Географияны оқытуда дәстүрлі емес әдістерді пайдаланып, студенттерді география пәніне деген ынтасын арттырып отыратын. КВН ,семинар, КСРО-ның 15 одақтас республикаларына саяхат сабағы студенттерді өз Отанына дегени патриоттық тәрбие беретін. Ғылыми мақалалары “ География в школе”,“Қазақстан мектебі” журналдарында жарияланып тұрды.

Нұрымов Ғани Нұрымұлы. 1965-1975 жылдары география кафедрасында аға оқытушы болды. Геоморфология пәнінің маманы. Әртүрлі географиялық рельеф тақтаға сурет салып көрсетіп, сабақты өте жақсы түсіндіретін. Студенттерді ауылшаруашылық жұмыстарына апаратын. Студенттеріміз еңбек семестрінде алдыңғы орындарды иеленіп келетін.

Топбаев Әбілмәжін Топбайұлы. 1960-1980 жылдары география кафедрасында аға оқытушылық қызметін атқарды. Жертану пәнінің маманы болды. Студенттерді дала практикасына,педагогикалық практикаға апаратын еді.

Факультет тулектері Қасқатаева Тұрар- Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде алғаш география-биология мұғалімі болып, 1980-1992 жылдар мектептің оқу ісінің меңгерушісі болды.



Бегдаирова Сағира Бекенқызы- Боралдай елді мекенінде $17 орыс мектебінде тұңғыш қазақ сыныптарын ашқан. 1993 жылы бұл мектеп $28 қазақ орта мектебі болып ашылды. Бегдаирова Сағира осы мектептің директоры болып қызмет атқарды.

Қанапина Гүлсара Қалиханқызы- Талғар ауданына қарасты Шеңгелді ауылындағы $6 орта мектепте география пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және директоры болып қызмет атқарды.

Ербекеева Светлана Бопанқызы. Ұстаздық жолын Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көктөбе совхозының О.Жандосов мектебінен бастаған. 1988 жылы Көктөбе совхозының кәсіподақ ұйымының төрайымы болып сайланды. 1995 жылдан бері Есік қаласының Абылай хан атындағы $4 орта мектебінде және Жетісу заң колледжінде география-биология пәнінің мұғалімі болып қызмет істеп келеді.

Жәнібекова Сайлаугүл Әшмұханқызы- Жезқазған қаласындағы О.А.Байқоңыров атындағы пединститутының география кафедрасында аға оқытушы және деканның орынбасары қызметін атқарған.

Бүгінгі таңда География кафедрасы 5В011600-география, 5В060900-геграфия мамандықтары бойынша жоғары дәрежелі география мұғалімдерін және географ мамандарын даярлап шығарумен қатар, 6В060900-география мамандығы бойынша магистрлерді де дайындайды. Бакалавриатта мамандары дайындау қазақ және орыс тілдерінде іске асырылса, магистратурада дәріс беру қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.



География кафедрасында студенттерге сапалы білім беру жолында география ғылымдарының докторв, профессорлар мен география ғылымдарының кандитаттары, доценттер, география магистрлері, аға оқытушылар және оқытушылар қызмет етуде.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет