География ғылымының дамуы



бет2/4
Дата02.03.2023
өлшемі3,83 Mb.
#170864
1   2   3   4
Байланысты:
МАТЕРИКТЕРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
5-сынып заттардын касиеты

Джеймс Кук зерттеулері

  • 1772-1775 жылдар аралығында ағылшын теңізшісі Джеймс Кук оңтүстік материкті іздеп, саяхатқа шыққан. Оңтүстік поляр шеңберін үш рет кесіп өткен Джеймс Кук Антрактида жағалауына біршама жақындап барған, бірақ қалың мұздан әрі өте алмай кері қайтқан. Нәтижесінде ғалым егер материк табыла қалса, тек полюстің маңында ғана болуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Куктың тұжырымдамаларынан кейін ұзақ уақыт оңтүстік материкті іздеуге ешкім әрекет жасаған жоқ.

Беллинсгаузен мен Лазарев зерттеулері

  • Антарктиданың ашылуы мен зерттелуінде Ресей ғалымдарының үлесі зор.
  • 1819-1821 жылдары Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.П.Лазерев басқарған “Восток” және “Мирный” желкендң кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы Антарктида материгі жағалауына бес рет жақындап барып, көптеген аралдарды ашты. Экспедиция материк жағалауына тұңғыш рет тоқтаған 1820 жылдың 28 қаңтары Антарктиданың ашылған күні болып табылады.

Руаль Амундсен зерттеуші


.Норвегиядан (1910) “Фрам” кемесіменАнтарктикаға аттанады. 1911 жылы 14 желтоқсанда ағылшын саяхатшысы Р. Скоттан бір ай бұрын Оңтүстік полюске жетеді. 1926 жылы Шпицберген – Солтүстік полюс – Аляска бағыты бойынша “Норвегия” дирижаблімен 1-трансарктикалық ұшуды басқарды.Солтүстік мұзды мұхитта апатқа ұшырағанУ. Нобиле экспедициясына көмек көрсетпекші болып “Латам” гидроұшағының экипажымен бірге қаза тапты. Солтүстік Мұзды мұхитта Амундсен есімімен аталатын қазан-шұңқырлар, бұғаздар бар

Роберт Скотт зерттеуші


(6.6. 1868, Девонпорт — 30.3.1912 ж. ш.) —Антарктиданы зерттеуші ағылшын саяхатшысы. Корольдік әскери-теңіз флотында қызмет етті. 1900 ж. тұңғыш ағылшын ұлттық антарктикалық экспедициясын басқарып, “Дискавери” әскери кемесімен Антарктидаға аттанды. 1901 — 04 ж. аралығында Виктория жерін, Росс түбегінің жағалауын, Росс қайраңдық мұздығын зерттеп,Эдуард VІІ түбегін ашты. Скот қасына Э.Уилсон мен Э.Шеклтонды алып, құрлықтың түпкіріне қарай жүріп, 82Ә17о. е-ке дейін жетті. 1910 ж. 15 маусымда “Терра Нова” кемесімен Антарктидаға екінші экспедицияға шықты. 1911 ж. қараша айында Росс аралынан оңтүстікке қарай аттанды. 1912 ж. 18 қаңтарда норвег поляр зерттеушісі Р.Амундсеннен 33 күннен кейін төрт серігімен бірге Оңтүстік полюске жетті. Қайтар жолда серіктерімен бірге мерт болды. Скот есімімен Эндерби Жеріндегі таулар, екі мұздықТынық мұхиттыңоңтүстігіндегі арал, Виктория Жеріндегі жаға, т.б. аталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет