Топография – ірі масштабты карта жасау мақсатында жергілікті жерді географиялық және геометриялық зерттеу әдістерін дамытатын ғылым.
Топографияның негізіг ғылыми және қолданбалы мәселелері – топографиялық карта жасау әдістерін, картада жер бетін бейнелеу тәсілдерін, топографиялық карталарды пайдалану тәсілдері мен қағидаларын жетілдіру
Геодезия мен топографияның даму тарихы
Топография мен геодезия ғылымдары шаруашылықтағы маңыздылығы өте жоғары болғандықтан ерте заманнан пайда болған. Жер бетін бейнелеу алғашқы адамдар бастады, мұндай мақұлдауды жазуды білмейтін халықтардың картографиялық сүреттері куә болып келеді. Мысалы, Солтүстік Американың эскимостардың кептірілген балықтағы, Мұхит аралдарының микронезийліктердің ағаш қабығындағы суреттері. Сонымен қатар үңгірлердің қабырғаларында кездесетін алғашқы қауым кезеңінде өмір сүрген адамдардың жер туралы суреттері. Мұндай суреттер Солтүстік Италияда орналасқан үңгірдің қабырғасында, Солтүстік Кавказда Майкоп қаласы жанында жүргізілген археологиялық қазу жұмыстары барысында табылған күміс құмыраның бетінде жергілікті жердің суреті салынған. Бұл суреттерде адамдар қолданбалы қажеттілікті сурет түрінде берген, яғни көрсетілген жергілікті жер кімнің жері, бұл жерде қандай шаруашылық дамыған т.с.с., кейбір суреттер хабарлаушы болып келеді, яғни аң, балық аулау жерлерді, жайлаудың орналасқан жерін көрсетеді т.с.с. Егіншілік, әсіресе суармалы егіншілік жерді тегістеу, яғни жобаластыру жұмыстарын талап етті. Осыған байланысты жергілікті жердің жоспарлы және оның биіктікті көрсеткіштерін анқытауын қажет болды, яғни топографиялық түсіру жұмыстарына даму мұмкіндік болды.
Ежелгі Мысыр, Вавилон, Қытай, Үндістан елдерінде суармалы егін шаруашылығында «жерге өлшеулер жүргізу барысында тәжірибе жинақтауға алып келді, сөйтіп «жерді өлшеу» - геометрия және «жерді бөлу» - геодезия саласындағы теориялық білімінің тез дамуына септігін тигізді. Біздің заманымызға дейінгі XIV – XII ғасырларда Қытайда «бүкіл жерді» зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді: бұл жұмыстар жер танаптарын өлшеуіш тізбектер мен өлшеу шеберліктерін болғандығын көрсетті»