Топография мен геодезияның келесі даму кезеңі Еуропада XVI – XVIII ғасырларда ірі мемлекеттер пайда болумен және шаруашылық пен сауданың дамуына байланысты. Осыңан орай территориялардың толықтырылған карталары жасалынды. Бұл түсірістер қарапайым аспаптармен жасалынған – компас, жіп немесе өлшеуіш-дөңгелек. Ара қашықтар мен бұрылыстардың бұрыштары тек ғана жолдармен жүргізілген, ал жергілікті жерді қоршаған объектілер көз мөлшерімен түсірілген.
Қазақстанда топаграфия мен геодезия ның дамуы
Қазақстандағы топография мен геодезияның, сонымен қатар картографияның дамуы 1945 жылы Қазақ аэрогеодезиялық мекемесі және Семей қаласындағы топографиялық техникумның пайда болуынан басталады. Қазақ аэрогеодезиясы 50-шы жалдарға дейін Қазақстан территориясына масштабы 1:100000 топографиялық карталарын жасап шықты. Кейін 1:25000 және 1:10000 масштабтағы топографиялық карталарын жасау жұмыстарын жалғастырды.
Жаңа технологиялар, ғарыштық түсірістің дамуы топография мен геодезия ғылымдарын жоғарғы деңгейге көтерді. Бүгінгі таңда ғарыштан түсіру, GPS арқылы кез келген нүктенің географиялық координаттарын, биіктіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Электрондық геодезиялық инструменттер пайда болған соң топографиялық және геодезиялық түсірістердің дәльдігі аса маңызды өсті.
Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстандағы мекемелер негізінде Қазақстанның геодезия және картографияның бас басқармасы ұйымдастырылды, кейін бұл басқарма Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігіне өтті. Жаңа карталарды шығару міндеті «Картография» деген мемлекеттік мекемеге, ал 2002 жылы маусым айының 6 жұлдызынан «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына» өтті. 2002 жылы 3 шілдеде «Геодезия және картография туралы» деген заң қабылданды. Осы жылдан бастап Қазақ ұлттық университетінің география факультетінде инженер-картограф мамандарын дайындап бастады.
Қорытынды
Тақырыпты қорытындылай келе топография мен геодезияның ерте заманнан бері пайдаланып келе жатқанын айта аламыз. Топография мен геодезия ауыл шаруашылығы үшін маңызды ғылым болып қалыптасады, оның ішінде егіншілік үшін ең маңызды. Топография ғылымы арқылы біз үлкен картаның масштабын кішірейтіп көре алатынымызды түсінеміз, ал геодезия жердің бөлімін құрылысын жертеп топографияның жұмысының негізін құрайды.