Ауыл шаруашылығы- Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2018 жылдың 9 айының қорытындысымен 25767,9 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 104,0 пайызды құрады. Әлеуметтік сала- Аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны 52,0 мың адамды құраса, Жұмыспен қамтылғандар 51,3 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады. Білім беру саласы- 60 мектеп, 18 мемлекеттік және жекеменшік әріптестік шеңберіндегі 26 балабақшада жалпы 6560 бала тәрбиеленуде. Балаларды қамту көрсеткіші 91,0% құрады.
Созақ ауданы — Түркістан облысының солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 41,0 мың км² (облыс жерінің 35,0%-ын қамтиды). Тұрғыны 52,1 мың адам. Халқының 99,9% қазақтар құрайды. Аудан аумағындағы 36 елді мекен 2 кенттік (Қыземшек, Таукент), 10 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Шолаққорған ауылы.
Климаты тым континенттік. Қысы солтүстігінде суық оңтүстігінде біршама жылы. Жазы ыстық, қуаң аңызақты. Қаратаудан Үшбас, Үштөбе, Торлан, Балдысу, Жылыбұлақ, т.б. өзендер бастау алады. Қызылкөл, Ақжайқын, Айдын т.б көлдер бар. Аудан жерінен уран, кентасы, таскөмір өндіріледі. Жерінің басым бөлігі сор, сортаң, құмды, сұр топырақ алып жатыр. Өсімдіктерден жусан, бұйырғын, көкпек, жыңғыл, сексеуіл; таулы өңірлерінде киік оты, тобылғы, қызылқайың өседі. Аң құстардан қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, жабайы шошқа, киік, күзен, борсық, бауырымен жорғалаушылар мекендейді. Ауданда қаракөл қойы, түйе, жылқы, биязы жүнді қойы, етті сүтті ірі қара өсіруге, астық өндіруге маманданған 10 кеңшар болды, кейін олар мемлекет меншігінен алынды.
Дромонимдер – хабарлау жолдарының аттары
Достарыңызбен бөлісу: |