География сабағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ОҚушылардың ПӘнге деген қызығушылығын арттыру смайлова Гулнур Турегелдиевна



бет2/2
Дата28.01.2022
өлшемі82 Kb.
#115329
түріДоклад
1   2
Байланысты:
Смайлова Г.Т Мақала Ордабасы

«Суреттер сөйлейді» әдісінде берілген саяхатшылар немесе зерттеушілердің суретін танып, оның еңбектері туралы айту керек болады. Әр елдің туларын да танып білу керек. Туларда әрбір түс және белгілерді жатқа білгені дұрыс. Себебі, елдердің тулары бір-біріне ұқсас келеді, тек түстердің орналасуында айырмашылықтар кездеседі.

«Тұлғаны таны» әдісіде осыған ұқсас, тұлғаны танып біледі. Сәйкестендіру тапсырмаларын орындаудада өте тиімді. Оқушы бұл жерде танып қана қоймай, ізденушілік қабілеті артады. Берілген тұлғаны тану үшінде интернеттің көмегіне жүгінеді. Қазіргі кезде олимпиаданың көпшілігі онлайн түрінде болып жатыр, яғни ақпарттық технологияны қолданудамыз. Қашықтықтан білім беру дегеніміз- белгілі бір қашықтықта отырып, компьютірлік телекоммуникация және де басқа байланысу орталықтар көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпараттар мен өзара алмасу тәсіліне негізделген.

Қазіргі таңда оқушылар, студенттер қашықтықтан білім алуда. Зумм, білім ленд, онлайн мектеп, ватсап арқылы білім алып отыр. Білім лендте енгізілген тақырыпты оқып, тапсырмаларын орындайды. Зумм арқылы мұғаліммен бетпе-бет отырып та білім алып, бөлісіп отыр. Қосымша пәндерде қызықты тақырыптар, яғни ізденушілікті қажет ететін тапсырмалар берілсе, оқушылар іздену арқылы көптеген мәліметтер жинайды. Сол жинаған мәліметтерінен слайд жасап, тиісті праграмаларға салып дайындағанда да, интерттеттің көп көмегі тиеді. Интернет арқылы оқушы көп мәлімет алады. Тест шешуде, маңызды ақпарат табуда, интернетке жүгінеді. Олимпиадалық тапсырмаларда кейбір сұрақтар немесе тақырыптар өтіліп жүрген оқулықта кездеспеуі де мүмкін. Міне осы жағдайда өте тиімді деп айтуға болады. Әрі оқушының да қызығушылығын тудырады.

Жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияда оқыту құралы ретінде электрондық оқулық және интернет жүйесі маңызды орын алады. Осыған сәйкес «оқушы- электронды оқулық» және «мектеп- интернет» жүйесін құруға болады. «Мектеп- интернет» жүйесі бойынша оқушы ағымдағы сабақ бойынша жаңа ақпаратты мектепте отырып, интернет жүйесіне ену арқылы іздеп табады. Ал, электрондық оқулықтың тиімділігіне тоқталатын болсақ, оны төмендегідей атап өтуге болады: анықтамалық оқыту элементі арқылы ағымдағы сабақ бойынша анықтамалыққа мүмкіндік алу. Мультимедиялық ақпараттық технологияны пайдалану. Мемлекеттік білім беру стандартының курстарында жаңа ақпараттық технологияны негізгі сабақтарда пайдаланудың әр жақты екендігіне көз жеткізуге болады. Сонымен, компьютерлік технологияны география сабағында пайдаланудың үш негізгі түрі бар: Ақпараттық технологияны кез-келген сабақтарда үздіксіз пайдалану, әсіресе, сарамандық сабақтарда, ақпараттық технологияны оқушылардың сабақтан тыс уақыттарды кез- келген пәндерде өзіндік жұмыстарды орындау барысында пайдалану. Оқыту барысында ақпараттық технологияның бір ғана бағытымен жұмыс істеу барлық бағыттарды кешенді түрде пайдалану мен салыстырғанда төменгі нәтиже береді. Компьютерді пайдалану оқушының пәндер бойынша терең танып білуіне ғана емес, сондай-ақ есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру- уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Кез- келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.

Ақпаратық оқыту барысында білім алу үрдісі мейлінше жекелеген сипат алады. Оқушылар өз бетімен анықтамалық материалды пайдалана алады және өзінің алған білімі мен біліктілігін тексеруге мүмкіндігі бар. Білім алуды ұйымдастыру жағдайыда әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар қарастырылған, оларды орындаудың техникалық жолдары әртүрлі. Бақылау бөлімінде тест тапсырмалары беріледі. Электрондық орта оқушылардың экспериментке бейімділігін, оқиғаларды байланысты қабілетін қалыптастыруға, білім алудың шығармашылық сипатын жасауға жағдай жасайды. Тақырыпқа қатысты көптеген ақпараттық- анықтамалық басылымдар шығады. Ақпаратты жүйелердің басты ерекшелігі географиялық ақпараттардың негізінде әртүрлі мәліметтерді біріктіруге мүмкіндік береді. Оқушылар компьютермен INTERNET торабы арқылы тақырыпқа қатысты көптеген мағлұматтарды ала алады. Қазіргі ақпарат дәуіріндегі интернет жүйесі оқушылардың таным көкжиегін тіпті де кеңейіп, ізденгіштігін арттыра түседі. Оқушыларға қажетті карталар, сызбалар, кестелер, суреттер, диаграмма жасау және т.б. материалдарды алдын-ала таңдап алып, сол арқылы өз бетінше тапсырма жасауына болады. Мұнда оқушы географияны теория жүзінде меңгеріп қана қоймай, сонымен бірге жан-жақты іздену арқылы қызығушылығы артады. Компьютердің және кеңінен қолданатын бағдарламалардың көмегімен кейбір тапсырмаларды орындауда уақытты ұтуға мүмкіндік береді. Оқытуда компьютерлік техниканы қолдану өз бетімен теориялық жолмен іздену негізінде шығармашылық типтегі іскерлікті қалыптастырады. Шығармашылық қабілеттің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер қағидасы ойлау теориясын ашады. Компьютерлік нұсқа әзірлеу оқушыларға мәнді жайтқа байланысты жан- жақты, өзінше тұжырым жасауға, оқиғаның құбылыстың өту жағдайына әсері сонымен қатар қол жеткен табыстарды ойластыруға мүмкіндік береді. Мұның бәрі оқу барысын зерттеуге және ғылыми тәжірибеге жақындастырады. Компьютерлік техниканы оқу барысында қолдану оқытудың әдістері мен түрлерін мазмұнын жасауға, оқу барысын басқаруды оңтайлы тұрғыда игеруге, т.б. мектепте білім берудің педагогикалық жүйесін заман талабына сай етуге мүмкіндік береді. География пәні басқа пәндермен салыстырғанда, картамен жұп-жазбас бірлестікте екенін ескеріп, оқушылардың география сабағында материк пен дүние бөлігіндегі және аралдардағы елдер мен халықтар жайында қызықты деректерді тек оқулық мәтініндегі берілген карта, сызба, сурет немесе диаграммаларды пайдаланумен ғана шектелмей, электрондық оқулықта көрсетілетін бейне арқылы пайдаланған тиімдірек. Оқушылар оқулықпен жұмыс істеу барысында географиялық әдебиеттер мен карталар, сызбалар, суреттер және қосымша кестелерді пайдалану арқылы біліктіліктерін арттыратын болса, көзбен көріп, электрондық оқулықтың көмегімен есте сақтау қабілетін және пәнге қызығушылығын арттырады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі- пәндік білім, екіншісі- компьютерлік білім.

Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электрондық материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулыққа оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек- сигналдары арқылы оқыту т.с.с. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.

Географияны оқыту барысында ақпараттық технолгияларды қолдану мен құру саласында кеңістік ақпараттарды кезең бойынша тез жұмыс істеуге, өзімізге қажетті ақпаратты пландар мен карталардан іздемей- ақ, үлкен жылдамдықпен жету мүмкіндігіне сонымен қатар, мәліметтер базасындағы ақпаратты енгізу мен жаңарту үшін геодезияның қазіргі заманауи электрондық құралдарының анықтау жүйесін қолданып, ең жаңа дәл ақпаратқа қол жеткізе аламыз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы

  2. «Ақпараттық технология – нәтижелі білім» «Қазақстан мектебі» №6, 2012 жыл

  3. 3.Оқу пәндеріне мазмұндық сапасын жақсартудың өзекті мәселелері «География, биология, экология орта мектепте» №2, 2012 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет