Жүргізуші:
Командалар аты бар –
Батыс, Шығыс жарты шар.
Бір – бірімен теңдесе,
Ал жарыссын ендеше.
Алғашқы кезеңіміз «Бәйге» деп аталады. Әр топқа 10 сұрақтан оқылады. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
«Батыс жарты шар» тобына:
Африканың Үнді мұхитындағы аралы (Мадагаскар)
Әлемдегі ең ірі АЭС орны қай ел (Франция)
Ауа қысымын өлшейтін құрал (Барометр)
Пиреней түбегінде орналасқан елдер (Португалия, Испания)
Тәулік ішінде ең жоғарғы және ең төменгі температура арасындағы айырмашылығы (тәуліктік амплитуда)
АҚШ-тың басқару формасы (Республика)
Қандай геологиялық эралар бар? (Архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайназой)
Қалыпты жағдайдағы атмосфералық қысым (760 мм. сын бағанасы)
Солтүстік сөзінің қазақша баламасы (Теріскей)
Жер қыртысында болып тұратын әлсіз жер сілкінуді анықтайтын құрал (Сейсмограф)
Шығыс жарты шар тобына:
Белгілі бір жерге тән жыл сайын қайталанып отыратын ауа райының жиынтығы (Климат)
Ауаның құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ (азот)
Американы кім және қай жылы ашты (Х. Колумб 1492ж.)
Солтүстік Америкадағы түбек (Аляска)
Қай өсімдікті Орта Азияның «ақ алтыны» деп атайды? (мақта)
Әлемдегі діндерді ата (Мұсылман, христиан, буддизм)
Ең кіші материк (Аустралия)
Біз өмір сүріп жатқан дәуір қалай аталады? (кайназой)
Мақатта,Доссорда не өндіріледі (мұнай, газ)
Ыстық сумен оқтын – оқтын атқылап тұратын бұлақ (гейзер)
ІІ кезең «Полиглот» (әр топқа 5 жұмбақтан оқимын) жауабын тауып, үш тілде айтуларыңыз қажет бір тілде айтса – 1 ұпай, 2 тілде – 2ұпай, 3 тілде – 3 ұпайға ие болады.)
Батыс жарты шар тобына:
Бар ма, жоқ па,
Оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейсің (ауа,воздух,air)
Қос алып көз
Бірі жарықта көреді,
Бірі қараңғыда көреді (күн,ай – солнце,луна – sun,month)
Жартысы жадыратып нұр себеді,
Қалғаны қара мақпал бүркенеді (тәулік,сутки,day)
Алып кілем,
Гүлге толы
Үсті кілең, (жер,земля,land)
Аспаннан дoмалап,
Көп моншақ төгілді.
Буланып, жон алап
Терледі керілді. (жаңбыр, дождь,rain)
Шығыс жарты шар тобына:
Бейнесі суда дірілдейді,
Қармаққа бірақ ілінбейді (ай, луна,month)
Келістіріп өрнегін,
Құрып қойды өрмегін (кемпірқосақ, радуга,rainbow)
Ол келсе орман шулайды,
Толқын теңіз тулайды.
Қуса өзін қуады
Ешкім оны қумайды (жел, ветер,wind)
Қия шыңнан құлайды,
Тасты бұзып арыны.
Ақ жалданып тулайды,
Құлақ жарар сарыны (сарқырама, водопад,waterfall)
Айтқаныңды айнытпай,
Қайталайды өзіңе.
Тіл қатқанмен қаймықпай,
Көрінбейді көзіңе. (жаңғырық,эхо,echo)
ІІІ кезең – «География әлемі» деп аталады. Бұл кезеңде сіздер ұяшы таңдайсыздар, сол ұяшықтың ішінде сұрақ жасырылған. Егер де сол сұраққа жауап берсеңіздер сол ұяшықтың санындағы ұпайға ие боласыздар. Сәттілік тілей отырып бастайық!
101 - Төңірегін су қоршаған шағын құрлық (Арал)
102 -Жер астынан шығып ағатын таза мөлдір су (бұлақ)
201 - Климат түзуші факторлар (күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы, жер бедері, географиялық ендік)
202 - Демография қандай ғылым? (Демография – халықтың саны құрылысы, динамикасы туралы ғылым, халықтың дамуын, өсуін, ұлттық, жыныстық құрамын, зерттейді.)
301 – Қазақстандағы жеті ірі өзенді ата (Ертіс,Есіл, Тобыл, Іле,Шу,Сырдария,Жайық)
302 – Қазақстанның ең төменгі және ең биік нүктелері (төмен жері – Қарақия ойысы, 132м, ең биік жері – Хантәңірі,6995м.)
401 – ХІХ ғасырдың 50-60жылдарында Жоңғар Алатауы мен Іле өңірін зерттеп, Іле Алатауындағы жануарлардың биіктікте таралу сызбанұсқасын жасаған зерттеуші (Ш.Уәлиханов)
402 – Ауа райын зерттейтін ғылым (метеорология)
501 –Табиғатты зерттеуші жас ғалым (жас натуралист)
502 - Экибано орталығы (Жапония)
Жүргізуші:ІV кезең – «Ең, ең, ең ..» деп аталады. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.
Батыс жарты шар тобына:
Дүниежүзіндегі ең биік тау (Гималай)
Дүниежүзіндегі ең үлкен арал (Гренландия)
Дүниежүзіндегі ең кішкентай материк (Аустралия)
Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама (Анхель)
Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл (Сахара)
Дүниежүзіндегі ең терең шұңғыма (Мариан)
Дүниежүзіндегі ең суық материк (Антарктида)
Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек (Арабия)
Дүниежүзіндегі ең үлкен мұхит (Тынық)
Дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекет (Ресей)
Ең терең ойыс (Өлі теңіз)
Шығыс жарты шар тобына:
Дүниежүзіндегі ең үлкен материк (Еуразия)
Дүниежүзіндегі ең кіші мұхит (Солтүстік Мұзды мұхит)
Дүниежүзіндегі ең ыстық материк (Африка)
Дүниежүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)
Дүниежүзіндегі ең терең көл (Байкал)
Дүниежүзіндегі ең ұзын тау (Анд)
Дүниежүзіндегі ең биік шың (Джомалунгмо, 8848 м.)
Дүниежүзіндегі ең суы мол өзен (Амазонка)
Дүниежүзіндегі ең ылғалды материк (Оңтүстік Америка)
Ең үлкен көл (Каспий)
Ең енді климаттық белдеу (Қоңыржай)
Жүргізуші: Рахмет. Осымен Vкезеңіміз өз мәресіне жетті. Келесі кезең V кезең – «Географиялық жұмбақтар» деп аталады. (әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады)
Батыс жарты шар тобына:
Бұл фламенко мен фиестаның елі. Олардың көпшілігі католиктер. Сондықтар олар діни мейрамдарда ұлттық киімдер киіп,музыка және би шеруімен өткізеді. Коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді. Бұл қай ел? (Испания)
Бұл ел өздерінің ұлттық әдет – дәстүрлерін, қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған. Мысал сот кезінде сот өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса, ежелгі университеттерінің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төрт бұрышты бас киіммен көруге болады. Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше, аяғына темір таспалы башмақ киеді. Бұл қай ел? (Ұлыбритания)
Бұл ел дүниежүзілік өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Әсіресе музыка саласындағы жетістіктері таңғалдырады. ХІ ғасырда Г.Ареццо нотаны ойлап тауып, жеті нотаға ат берді. Жаңа жылға қарсы ескі заттардың барлығын терезеден лақтырады. Сүйікті тағамдары – макарон. (Италия)
Қалпағы бар ер адам бейнесіндегі қай мемлекет? (Нидерланды)
Мұсылман үшін қасиетті, діннің туған жері еді. Мұнайдан халқы байыған, бұл әлемнің қай елі? (Араб Әмірлігі)
Шығыс жарты шар тобына:
Бұл ел өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшелінеді. Айтулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңғалдырады, ірімшікті сүймейтін адам жоқ шығар. (Франция)
Гүл шоғын құрастыру, гүлдермен ағаштар бұтағын орналастыру өнері – икебана, қыл-қаламмен және тущпен көркем жазу өнері-каллиграфия, қағазбен жібекке сурет салу, өзіндік храмдар мен саябақ архитектурасы, көлеңке театры, шай дайындау рәсімі, әйел киімі, ауыр салмақтылар күресі, ас дайындау сияқты дәстүрлермен ерекшеленеді. Бұл қай ел?(Жапония)
Бөлінген екі елге, халқы бар азиялық шет елде (Солтүстік, оңтүстік Корея)
Көңіл күйі болмаған адам бейнесінде қандай материк бейнеленген? (Африка)
Оралмал таққан бейнесіндегі елдер (Португалия және Испания)
Жүргізуші: Осымен V кезеңіміз «Географиялық жұмбақтар» кезеңі өз мәресіне жетті. Келесі соңғы кезеңіміз VІ кезең «Егер де мен болсам…» деп аталады. Бұл сайыста сіздердің шешендік өнерлеріңіз бағаланады. Ең жоғарғы ұпай – 10 ұпай. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі.
Батыс жарты шар тобына:
Егер де мен Табиғатты қорғау министрі болсам .......
Егер мен мұнай мен табиғи газдың мол қорын тапсам .....
Шығыс жарты шар тобына:
Егер мен туристік ирманың президенті болсам .......
Егер мен алтын мен күмістің мол қорын тапсам .......
Жүргізуші: Рахмет. Осымен сайысымыз аяқталды. Әділқазылар алқасы қорытында ұпайды есептеп болғанша кезекті әсем әнге берсек.
Ән. Қанапия Дана, Айтбаева Мөлдір,Ерлан Айдананың орындауында «Туған жер» әні қабыл алыңыздар!!!
Жүргізуші: Қорытынды сөз кезегі әділқазылар алқасының төрағасы, мектеп директоры Жошыбаева Салтанат Сағатқызына беріледі.
Жүргізуші: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |