ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАБЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Сұрақтар:
1.
Географиялық қабық қандай компоненттерден тұрады?
2.
Географиялық қабықта жүретін
заңдылықтарды атап, олардың
ерекшеліктерін
3.
түсіндіріңіз?
4.
Географиялық қабық компоненттерінің алмасу түрлеріне мысалдар келтіріңіз.
5.
39, 40-суреттерді
пайдаланып, географиялық қабықтағы су және зат алмасуының жүру ретін,
оған қатысатын компоненттерді анықтаңдар. Осы заңдылықтарды сипаттап, түсіндіріңіздер.
6.
Гидросферадағы су айналымы заңдылығына 3 сұрақ құрастырыңыз.
7.
Географиялық қабықтағы ыргақ заңдылығын сипаттап, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
8.
Мұхиттық табиғат кешендері немен ерекшелінеді?
9.
Антропогендік табиғат кешендері
не мысалдар келтіріңіз.
Географиялық қабық
дегеніміз - литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі
және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы
мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық
дәрежедегі
табиғат
кешені
Географиялық
қабықтың
құрылымы мен дамуында өзіндік
заңдылықтары
бар. Бұлар
бүкіл
географиялық
қабыққа да, оның
жекелеген
компоненттері мен шағын көлемді табиғат кешендеріне де
ортақ болып келеді. Осы заңдылықтарды білу айнала
қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей, табиғат байлықтарын
тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Географиялық
қабықтың аса маңызды жалпы заңдылықтарына оның
,
зат
және
қуат
алмасуы,
тұтастыгы,
ыргақтылығы,
зоналылығы
жатады.
Географиялық тұтастыгы
оның құрамдас бөліктерінің
өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелді болуынан
көрінеді. Географиялық қабықты құрайтын компоненттер
өзара тығыз байланысты заңдылықпен дамиды. Егер осы компоненттердің біреуі өзгеріске түссе
табиғат тепе-теңдігінің заңдылығы бұзылады, яғни қазіргі дүние жүзінде болып жатқан табиғи
экологиялық өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан географиялық қабықтың тұтастық заңын білудің
шаруашылыққа маңызы зор. Батпақтарды құрғатқанда топырақтың сортаңдануы, ауыл
шаруашылығын дұрыс жүргізбеуі салдарынан құнарлы жерлер шөлге айналып кетуі мүмкін.
Адамның табиғатқа зиянды әсері бірден байқала қоймайды, керісінше көп жыл өткен соң
байқалады.
Оған Арал теңізіне құятын өзендердің суын тиімсіз пайдалану нетижесінде теңіз
деңгейінің төмендеп тартылуы, шөлді аудандар аумағының қарқынды артуы, топырақтың
тұздануы мен сортаңдануы дәлел болады. Табиғат кешенінде басталған осындай зиянды
өзгерістерді тоқтату көп қиындық туғызады. Сондықтан географиялық қабықтың тұтастық
заңдылығын сақтау үшін шаруашылық шараларды
жүзеге
асырмас
бұрын
игеруге
жобаланған
аймақтарды осы саланың ғалымдары мұқият
зерттеуі қажет.
Географиялық қабықтағы компоненттердің өзара
байланысы
тоқтаусыз
жүретін
зат
алмасуы
нәтижесінде жүзеге асады. Географиялық қабық
компоненттері алмасуының бірнеше түрі бар:
атмосферадагы ауа айналымы, гидросферадағы су
айналымы, литосферадағы зат және қуат алмасуы
және т.б.
Географиялық қабық үшін су айналымының
маңызы зор (39-суретті қараңдар). Бұл судың үнемі қозғалыста болатындығы мен еріткіштігіне,
температура өзгерістеріне байланысты қатты, сұйық, газ күйіне ауысу қабілетіне, судың әртүрлі
табиғи процестерді тездетуіне байланысты.
Су тау жыныстарының бұзылуы мен үгілуін тездетіп, оларды тасымалдап, ойпаң жерлерге
жинайды. Су айналымы ауа массаларының қатысуымен жүретіндіктен, мұхит пен материк
арасындағы ылғал мен жылу алмасуы да жүзеге асады. Айналым нәтижесінде мұхит сулары 3 мың
жыл ішінде жаңарып, ал атмосферадағы су буы 10 күнде толық ауысады. Айналымға түсу арқылы
су басқа компонеттерді бір-бірімен байланыстырып, олармен өзара тығыз әрекеттеседі. Сондықтан
су географиялық қабықты қалыптастыруға тікелей қатысады.
Географиялық қабықтың дамуында
зат алмасу
да айрықша рөл атқарады. Сендерге өсімдіктану
сабақтарынан жасыл өсімдіктердің органикалық зат пен оттегін түзетіні белгілі. Жарық көмегімен
көмір- қышқыл газы мен судан түзілген органикалық заттар жануарлардың қорегі болып табылады.
Жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын көзге
көрінбейтін бактериялар мен үсақ жәндіктер
ыдыратып, шіріту арқылы минералды заттарға
айналдырады. Бүл әрекеттерді жылу тездетеді. Ал
түзілген минералды заттарды топырақтағы су
арқылы өсімдіктердің тамыр жүйесі сіңіреді. Сол
себепті
биологиялық айналым
жылу және
ылғалдың қатысуымен үздіксіз жүріп отырады.
Жер қыртысында да күрделі
зат алмасу
жүзеге
асады. Бұл алмасудың негізгі қозғаушы күштері -
Күн қуаты мен Жердің ішкі қуаты. Зат
алмасуының қарқынды жүруін су, ауа және
тіршілік дүниесінің әрекеті де тездетеді (заттар
алмасуының ретін 40-суреттен қараңдар).
Өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, әрбір
алмасу
тұйық
шеңбер
жасамай,
бір-бірімен
өзара
байланыста болады. Осының
нәтижесінде
географиялық
қабықтағы
біртұтас зат
пен
қуаттың алмасуы жүзеге
асады. Алмасулардың тұйық болмауының арқасында табиғаттың барлық компоненттерінің,
тұтастай алғанда географиялық қабықтың дамуы жүреді.
Географиялық
қабықтағы
ыргақты
(ритмді
)
құбылыстардың
жүруі
түрлі
себептерге байланысты. Жердің
өз
білігінен айналуы