Географиялыќ есептер



бет2/10
Дата07.02.2022
өлшемі245 Kb.
#85681
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЕСЕПТЕР

Азимутты анықтауға:
Бейтаныс жерде жолды дәл тауып жүру үшін компасты дұрыс пайдалана білу керек екенін бәріміз білеміз. Көкжиектің негізгі және аралық тұстары бағытты тек тұспалдап қана білдіре алады. Ал компастың көмегімен жүретін жолды дәлме-дәл анықтауға болады. Ол үшін компаспен азимутты өлшейді.
Азимут дегеніміз - белгілі-бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады. Азимут компастың магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0 0 – тан 360 0 – қа дейін өлшенеді. 0 0 - солтүстік
90 0 - шығыс
180 0 - оңтүстік
270 0 - батыс
1 е с е п
Сызба-нұсқаның азимуттарын анықтау керек:



2 е с е п
Біз мектептен үйге қайту үшін 90 0 азимут боынша 300м, 150 0 азимут бойынша 170м, 210 0 азимут бойынша 100м және 60 0 азимут бойынша 400м жүріп өту керекпіз. Үйге қайтар жолды сызба түрінде көрсет. Масштабы: 1см = 100м.

300 : 100 = 3 см 170 : 100 = 1,7 см


100 : 100 = 1 см 400 : 100 = 4 см



Жер бетінде өлшенген кез-келген қашықтық қағазға әлденеше есе кішірейтілген түрде түсірілетіні бәрімізге белгілі. Ол үшін біз масштабты пайдаланамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет