«геология» кафедрасы



бет2/3
Дата20.12.2021
өлшемі349,02 Kb.
#103946
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
карто метод-1

Тәжірибелік жҧмыс №1

Масштабтаржәнеолармен жұмыс

Жұмыстың мақсаты:Масштаб түрлерімен танысу,масштабпен жұмыс жасап
үйрену.

Теориялық бөлім:
Жер бетін планда немесе картада кескіндегенде жер конту-рынын. горизонталь проекцияларын табиғишамасыменбірме-бір көрсетумүмкінемес. Демек, план немесе карта жер контурының горизонталь проекцияларының кішірейген кескінін береді. Пландағы, яғни картадағы кесінді ұзындығының жердегі тиісті кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картанын масштабы деп аталады.Масштаб:


және т. с. с. алынады.
Осындай масштаб сандық масштабдепаталады, оның бөліміжердегісызықтардың план мен картағакескіндеукезіндеканшалықтыкішірейгенін көрсетеді. Мәселен, 1 : 1000 масштаб пландабарлықұзындықөлшемдер 1000 есекішірейгенін, яғнипландағы 1 см жердегі 10 м-гесәйкескелетінін көрсетеді. Масштаб әрбір план мен карта бетінің рамкасының оңтүстік қабырғасының астында сандық (сандық масштаб) және графикалық (сызықтық масштаб) түрде керсетіледі. Сандықмасштабтыбілеотырып, картадажердегіөлшенгенкесіндініңұзындығын, керісіншекартадағы ара қашықтықтыөлшеп, оныңжердегішамасынтабуғаболады. Мысалы, егер жердегі горизонталь ара қашықтығы 145,3 м-ге тең (яғни, 1 см 10 м-ге тең) кесіндінің масштабы 1:1000, пландағы үзындығы 145,3 : 10== 14,53 см. Егер картадағы кесіндінің үзындығы 9,13 см, ал картаның масштабы 1 : 10000 (яғни 1 см — 100 м) болса, онда жердегі сызықтың горизонталь ара қашықтығы 9,13-100 = 913 м болады.
Планды не картаны жасағанда жердің әрбір сызығының үзындықтарын әрдайым бір санға кішірейту қажет; оған сызықты масштабты пайдаланған кезде қол жеткізуге, болады. Сызыктық масштаб масштабтыңнегізідепаталып, мысалы, әрбір1—2 см сайынтеңкесінділерге бөлінгентіксызықболып табылады. Мұндағышеткісолжақтағыкесіндініәдетте 10 тең бөлікке бөледі. Сызықтық масштабтағы әрбір кесіндіге жердегі белгілі бір кесінді сәйкес келеді. Нөлдіксызықшаданоңғақарай салынған кесінділер 1 : 2000 масштабта жердегі 20, 40, 60, 80, 100, 120, 140, 160 м-ді, ал солға қарай 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20 м-ді керсетеді. Масштабтағы аb кесіндісіне жердегі 88 м ұзындығы сәйкес (1-сурет) келеді.
Сызықтықмасштабтың көмегімен 0,5 мм дәлдікпен ара қашықтықтыөлшеугежәнесалуғаболады. Ара қашықтықтыөте дәлдікпенанықтауүшін көлденеңмасштабты

қолданады. Қөлденен масштаб кесінділердіпропорционал бөлуге негізделген


4





  1. -сурет

график болып табылады. Көлденеңмасштабты салу үшін түзуге бірнеше рет 2 см-лік кесіндіні салады, ол масштабтың негізі деп аталады. Бөлінгеннүктелерденперпендикулярлартұрғызылады. Масштабтың негізіне параллель тен аралықта перпендикулярлар арқылы түзулер жүргізіледі. Масштаб негізініңшеткісолжақтарынжоғарыданжәне төменнен 10 бөлікке (2 мм-ден) бөледі. 2-суретте керсетілгендей, алынғаннүктелердікөлбеутүзулерменқосады.ВЕсызығына параллель көлбеусызықтардыңарасындағыкесінділерАВтабаныныңоннанбір бөлігінетеңболады, яғниЕО=АВ/10, ал ВD перпендикуляры мен ВЕкөлбеуінің арасында жатқан кесінділер масштаб табаныныңжүзденбір бөлігінетең. Сірә,


осы кесінділердің ең кішісі (t)ЕD кесіндісінен 10 есе кем, яғни t=ED/10=AB/100.Осындай масштаб нормальды жүздік көлденең масштаб деп аталалы.




  1. -сурет

Көлденеңмасштабтықолданыпөлшеу жүргізу алдында оның негізгі бөліктері жердегі қандай ара қашықтықтарға сәйкес келетінін анықтау, яғни 2 см, 2 мм, 0,2 мм план масштабының бөліміне көбейтілгенде неге теңболатынын білу қажет. Мысалы, 1 : 5000 масштабтағы план үшін — 100 м, 5 м, 0,5 м.


Өлшеу кезінде циркуль ашасының инесін диаметрі 0,1 мм шеңбер ретінде кабылдауға болады. Осы шамадан кем кесінділерді сызбаға түсіру іс жүзінде мүмкін емес. Планның 0,1 мм нақты масштабына сәйкес келетін жердегі ара қашықтық масштабтың дәлдігі деп аталады. Мысалы,1/500, 1/1000, 1/2000, 1/50000, 1/10000 масштабтары үшін олардың дәлдігі 0,05 м, 0,1 м, 0,2
м, 0,5 м, 1,0 м-ге тең. Демек, осы көрсетілгенкесінділерден кем кесінділер берілген масштабтағы планда кескінделмейді.

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет