Геологиялық бағанның ҚҰрылысы 1 Геологиялық картаның түрлерi


Геологиялық қималар мен стратиграфиялық бағана



бет3/4
Дата26.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#129933
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Геологилық бағанның құрылысы

1.3 Геологиялық қималар мен стратиграфиялық бағана

Зерттелетiн ауданның терең қабаттарының геологиялық құрылысын, қабаттардың жасын, қалыңдығын, бiр-бiрлерiмен арақатынастарын бiлу үшiн геологиялық қималар түсiрiледi. Қима аудандағы таужыныстары түзетiн геологиялық құрылымдарды толық қиып өтуi тиiс. Сонымен қатар ол тектоникалық күрделi, магмалық дене таралған аймақ арқылы өткенi жөн болады, сол себепте оның бағыты түзу ғана емес сынған сынықты болуы да мүмкiн. қиманың шартты белгiлерi тiк жəне көлденеңдi, масштабтары картанiкiне сəйкес болуы тиiс. Қима сызығының шеттерi əрiптермен белгiленiп, оның батыс, солтүстiк-батыс, оңтүстiк-батыс жəне оңтүстiк бөлiгi сол жағында орналасады. Геологиялық қима түсiрiлгеннен соң стратиграфиялық бағана жасалынады. Стратиграфиялық бағанада картадағы бөлiнген барлық тау жыныстары (төрттiк жəне интрузивтiктен өзгелерi) көрсетiледi. Олар бағана бойында жас ретiмен, геологиялық қимадан алынған қабат қалыңдықтарымен үйлестiрiле орналастырылады. Бағанада арнайы шартты белгiлер арқылы стратиграфиялық бөлiмдер арасындағы байланыс (үйлесiмдi, үйлесiмсiз, параллельдi, бұрыштық, құрылымдық) көрсетiледi. Бағанада тау жыныстары картадағыға сəйкес стратиграфиялық бөлiмдемелерге бөлшектенедi. Бағаналар масштабы аудандағы жыныстардың жалпы қалыңдығына байланысты əртүрлi болып келедi. Негiзiнде бағананың биiктiгi картаның меридиàналдық биiктiгiне сəйкес болғандығы жөн. Ал стратиграфиялық бөлiмдерiнiң қалыңдығы жайлы мəлiметтер қабаттар созылымын тiк қиып өтушi қимадан алынады. Сондықтан да, бағанадағы қабаттар қалыңдығы мiндеттi түрде олардың геологиялық қимадағысымен пара-пар болуы тиiс. Бұл қима бағананы өзара тексеру үшiн қажет. Геологиялық карта, шартты белгiлер, қима мен стратиграфиялық бағананың жалпы орналасу схемасы (3-суретте) көрсетiлген.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Жүнісов А. А. Құрылымдық геология:Оқулық. -Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011. – 224 б.

  2. Жүнісов А. А. Геологиялық карта түсіру мен қашықтықтан зерттеу əдістері. -Алматы: 2003 -200б.

  3. Жүнісов А. А. Құрылымдық геология пəнінен зертханалық сабақтарды орындауға арналған əдістемелік нұсқаулар. –Алматы: ҚазНТУ, 2009




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет