Геологиялық Карта — жер қыртысының геологиялық құрылысын белгілі бір масштабта графикалық бейнелеу. Геологиялық Карта геол. түсіру, геол. зерттеулер нәтижесінде жиылған материалдарды қорыту арқылы жасалады. Жер қыртысының құрылысы мен дамуы, ондағы кен байлықтарының таралу заңдылықтары туралы тұжырым жасауға, іздеу мен барлау, құрылыс, сумен қамтамасыз ету, мелиорация жұмыстарын жобалауға мүмкіндік береді. Геологиялық Картада тау жыныстарының құрамы мен жаралу тегі, олардың орналасу жағдайы, бір-бірімен жапсарласу сипаты, белгілі түстер, арнаулы ұсақ сызықшалар, әріптер, цифрлар арқылы көрсетіледі.
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА - топографиялық негізде белгілі бір масштабта бедер құрылысын бейнелейтін карта: бедердің пішінінен - морфографиясынан, генезисінен және жасынан тұрады. Кейбір жағдайларда Геоморфологиялық картада таужыныстарды, сондай-ақ террасаларды, жолақтарды, жазықтарды және т.б. құрайтын төрттік түзілімдерді де көрсетеді. Геоморфологиялық картада бедер пішіндері, олардың әр түрлі ерекшеліктері шартты белгілер кешені арқылы көрсетіледі. Қойылған мәселелерге байланысты әр түрлі болады: жалпы геоморфологиялық карталар (шолулық — масштабы <1:1 ООО ООО түсірулік - > 1:1 00 ООО) - негізгі элементтері: бедердің генезисі, морфографиясы және жасы; арнайы геоморфологиялық карталар — негізгі элементтері: морфологиялық, болжаулық, дефляцияның қарқындылығы, жылжымалардың дамуы, жыралар, топырақ эрозиясы, карст, морфоқұрылымдық, палеогеографиялық, қазіргі геоморфологиялық процестер, бедер энергиясы және т.б. Бұл аталғандардың барлығы типологиялық карталарға жатады. Сонымен қатар геоморфологиялық аудандау карталары жасалады.
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.
Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі. Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады. 1919—1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Энергетика және минералдык ресурстар министрлігі мамандарының мәліметі бойынша (2007) республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын корынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.
Пайдалы қазба орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді.
Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір, уран және т.б. кен орындары жатады.