Игерімдік барлау. Кенорынды игеруден сәл-пәл ертерек басталып, ол игеріліп біткенше тұрақты түрде жүргізіліп отыратын барлау жұмыстарының үшінші сатысы. Бұл жұмыстардың басты мақсаты — кенорынды игеруді жоспарлап және реттеп отыруға қажетті геологиялық деректер мен материалдарды уақтылы алып отыру. Бұл жұмыстар нәтижесінде пайдалы қазба жатындарының пішіні мен ішкі құрылысы, құрамы және техникалық сипаттары нақтылана түседі, игеріліп жатқан өңірлердегі пайдалы қазбаға тиесілі өндірістік сорттардың орналасу ерекшеліктері аса дәлдікпен анықталады, кенді өндірудің тау-кендік және гидрогеологиялық жағдайлары нақтыланады, кен қорының игерілу барысы есептеліп отырады.
Игерімдік барлау.Кенорынды игеруден сәл-пәл ертерек басталып, ол игеріліп біткенше тұрақты түрде жүргізіліп отыратын барлау жұмыстарының үшінші сатысы. Бұл жұмыстардың басты мақсаты — кенорынды игеруді жоспарлап және реттеп отыруға қажетті геологиялық деректер мен материалдарды уақтылы алып отыру. Бұл жұмыстар нәтижесінде пайдалы қазба жатындарының пішіні мен ішкі құрылысы, құрамы және техникалық сипаттары нақтылана түседі, игеріліп жатқан өңірлердегі пайдалы қазбаға тиесілі өндірістік сорттардың орналасу ерекшеліктері аса дәлдікпен анықталады, кенді өндірудің тау-кендік және гидрогеологиялық жағдайлары нақтыланады, кен қорының игерілу барысы есептеліп отырады.