Геологиялық Барлаудың мақсаты, міндеттері, қасиеттері



бет9/17
Дата14.02.2022
өлшемі6,07 Mb.
#131678
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Геологиялық Барлау СЛАЙД ОГ (копия)

Орташа мерізімге жоспарлау (мәселен, бес жылдық жоспарлау) ұзақ мерізімдік жоспардың құрам-бөлгі бола отырып, геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлаудың ең басты түрі болып табылады. Бүл жоспарлау құжаттарында геологиялық іздеу және барлау жұмыстарының басты-басты бағыттары геологиялық және экономикалық тұрғылардан негізделеді, осы негіздеуге сәйкес әр түрлі аумақтар мен су алаптары түптерінің геологиялық қүрылысын зерттеу және олардың мұнай мен газға деген мүмкіндіктерін бағалау шаралары жүзеге асырылады, кенорын қорларының В + С1 категориялары бойынша өсімділігін қамтамасыз ету үшін тапсырыстар жасақталады, барша жұмыстардың көлемі, түрлері және әдістері нақты тұрғыдан және олардың құндылығы тұрғысынан анықталады. Қысқа мерізімге жоспарлау (жылдық, жарты жылдықжоспарлау, т.с.с.) орташа мерізімдер ішіндегі жылдық межелерді нақтылай түседі. Олар жаңадан алынған геологиялық деректерге негізделген геологиялық тапсырыстарды әрбір кәсіпорын үшін, әрбір кенорын үшін, тіпті әрбір барлау алаңы үшін жасақтау шараларын көздейді. Геологиялық барлау жұмыстарының нақтылы көлемі және қаржыландыру көздері белгіленеді, өзге де есептеліп шығарылатын және жоғарғы органдар тарапынан бекітілетін көрсеткіштер анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет