Жобаның өзектілігі:Иллюзияның әлемге керек артықшылықтарын көрсету, әрі дәлелдеу.Иллюзияның ерекше жақтарын Қазақстанды дамыту барысында қолдану. Жобаның мақсаты:Иллюзия арқылы жарнамалар жасап,клиенттердің саның көбейту.Адамның көзі алдамшы,жылтыр заттарға тартады.Яғни,осы арқылы жарнама жасап жақсы тауарларды өткізу түрлі салалар бойынша. Міндетім:1. Осы тақырып бойынша мәліметтерді қарастыру. 2. Геометриялық иллюзиялардың шынымен бар екеніне көз жеткізу. 3. Геометриялық иллюзия түрлерін қарастыру. 4. Геометриялық иллюзиялардың шынымен керектігін дәлелдеу. 5. Геометриялық иллюзиялар жасау. Болжам:Болашақта егер осы жобаны қолдасаңыз,осы арқылы Қазақстанда тоқтап қалған сауда орындарын қолға алу.Яғни,иллюзияның күшін көрсету.Иллюзия арқылы жарнамалар жасап,жақсы өнімдерді өткізу.Қаншама басталмай аяқталып қалған жақсы өнімдер бар,соларды иллюзиялық жарнамалар арқылы клиенттерін көбейту. Ғылыми жаңалығы:Тоқтап қалған жұмыстарды иллюзиялық жарнама арқылы жалғастыру. Зерттеу кезеңі: Тақырып таңдау, мәліметтер жинақтау, геомериялық иллюзия жасау, мәліметтерді сараптау, қорытындылау. Мақсатқа жетудің әдістері: Ақпарат жинау, болжау, тиімді, жағымды жақтарды анықтау.
Негізгі бөлім Алдамшы көріністер, иллюзия (лат. іllusіo — алдаймын, мазақтаймын, келекелеймін) —түрлі себептерге байланысты өмір шындығының теріс, жаңсақ қабылдануы. Алдамшы көріністер көбінесе танымға жат, түсініп болмайтын бейнелер түрінде көрінеді. Жалған, орындалмайтын үміт, арман. Алдамшы көріністер дені сау адамдарға да елестеуі мүмкін. Дегенмен бұл көбіне психика жүйесінде соқпалы не созылмалы дерті бар кісілерге тән нәрсе. Алдамшы көріністер, әсіресе шаршау, әлсіреу, қорқыныш, үрей секілді психикалық әсер салдарынан немесе айналадағыларға сенімсіздікпен қараудан көңіл күйінің бұзылуы кезінде жиірек бой көрсетеді. Мыс., орманда келе жатқан секемшіл жолаушыға бәзбір бұта тығылып тұрған жол торушы секілді болып көрінуі мүмкін; жұқпалы аурумен ауырып, қызуы көтеріліп жатқан адамға қабырғадағы дақтар ағаштардың, түрлі аңдардың суреті секілді болып елестейді; басы ауырып, мәңгіріп отырған маскүнемге көшедегі топ кісінің әңгімесі оның өз атына айтылып жатқан балағат сөздер секілді болып естіледі. Алдамшы көріністердің көзге елестеп, құлаққа естілумен бірге денені тітіркендіріп, дәм, иіс сезімі қызметіне әсер ететіні де болады. Алдамшы көріністер жалған елестен (галлюцинациядан) өзіндік шынайы қабылдау объектісі арқылы ерекшеленеді. Психопатология (психикалық ауытқу) құбылысы ретіндегі Алдамшы көріністермен қатар, жұрттың бәрі де бақылай алатын “физикалық Алдамшы көріністер” де болады. Бұл негізінен оптикалық құбылыстарға, яғни көрініс иллюзиясына байланысты. Иллюзия жалған қабылдаулар жайлы жекелеген мысалдарды антикалық дәуір авторларынан (Аристотель, Лукреций т.б.) да кездестіруге болады. 7