Нивелирлер және рейкалар
Нивелир - жер беті нүктелерінің биіктік айырмасын, өсімшесін өлшеуде қолданылатын аспап. Нивелир өлшеу дәлдігіне қарай МЕСТ 10528-76 сәйкес үш түрге бөлінеді:
1. Н-05- дәлдігі өте жоғары нивелир. 1-км-лік қос жүрістегі өсімшені анықтаудың орташа квадраттық дәлдігі 0,5 мм-ге тең.
2. Н-3- дәл нивелир. 1-км-лік қос жүрістегі өсімшені анықтаудың орташа квадраттық дәлдігі 3 мм-ге тең.
3. Н-10- техникалық нивелир. 1-км-лік қос жүрістегі өсімшені анықтаудың орташа квадраттық дәлдігі 10 мм тең.
Нысаналау осі горизонталь бағытқа цилиндрлік деңгей не компенсатор арқылы келтіріледі. Компенсаторы бар нивелирдің сандарына К әрпі қосылып жазылады. Мысалы, Н-3К. Ал нивелир лимбпен болса, онда Л деген әріп жазылады. Мысалы, Н-10КЛ компенсаторлы және лимбті техникалық нивелирі. Компенсаторлы нивелирлермен өлшеуді орындау жұмыс өнімін арттырады (10-15%), соған байланысты қазіргі кезде компенсаторлы нивелирлер аспап жасауда деңгейлеуішті нивелирлеудің орнын басып отыр.
Кесте – I, II, III және IV кластардағы мемлекеттік нивелирлеудің техникалық сипаттамасы
№
|
Сипаттаманың атауы
|
Нивелирлеу кластары
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
1
|
Көздеу сәулесінің шекті ұзындығы, м
|
50
|
65
|
75
|
100
|
2
|
Станциядағы көздеу сәулесінің теңсіздігі, м (көп емес)
|
0,5
|
1,0
|
2
|
5
|
3
|
Жүрістегі ұзындық теңсіздігінің жиналуы, м (көп емес)
|
1,0
|
2,0
|
5
|
10
|
4
|
Горизонт саны
|
1
|
1
|
1
|
1
|
5
|
Сызық саны
|
4
|
2
|
1
|
1
|
6
|
Жүріс саны
|
2
|
2
|
2
|
1
|
7
|
Жіберілетін үйлеспеушілк (1 км жүріске мм)
|
3
|
5
|
10
|
20
|
8
|
Станциядағы биіктік өсімшелерін анықтаудың (соңғы) орташа квадраттық қателігі, мм (көп емес)
|
0,16
|
0,30
|
0,65
|
3,0
|
Н-3 нивелирі ІІІ, ІV кластық және техникалық нивелирлеу үшін қолданылады (сурет 31). Оның негізгі бөлшектеріне: цилиндрлік деңгей қондырылған дүрбі, көтергіш винттері бар қондырғы, штативке бекіту үшін жасалған винт оймасы бар серіппелі пластинка жатады. Цилиндрлік деңгеймен бір коробкада орналасқан призмалы құрылғы деңгей үлбіреуігінің бейнесін дүрбінің көз алдына келтіреді.
Нивелирге қойылатын басты талап нысаналау сәулесінің горизонталь болып орналасуы. Оны горизонталь жағдайға дәл келтіру элевациондық бұранда-3 арқылы жүргізіледі, яғни деңгей үлбіреуігінің екі шетін ұштастыру арқылы. Цилиндрлік деңгейлердің сырты жабық төрт түзетпе бұрандалары бар. Нивелирдің вертикаль осін алдын-ала тік бағытқа келтіру үшін дөңгелек деңгей орнатылған және үш түзетпе винттері бар.
Сурет 14.3 - Нивелир және көру алаңы
Ең алдымен дүрбінің көздегіші және бекіткіш винттері арқылы бағыттап, одан кейін жетекші винттің көмегімен дәл көзделеді. Дүрбідегі жіптер торының анық көрінуін қамтамасыз ететін окулярдың сақинасы және рейканы жақсы көрсететін кремальерасы бар.
Элевациондық винтпен деңгей үлбіреуігінің екі шеті ұштастырылғаннан кейін, жіптер торының ортасы арқылы рейкадан есеп алынады. Есеп үнемі төрт таңбалы сан. Мысалы 1845 мм тең.
Рейкалар. Техникалық нивелирлеуде сантиметрлік бөліктері бар екі жақты рейкалар қолданылады. Олардың ұзындығы 3-4 м, ені 8 см, ал қалыңдығы 2 см ағаш тақтайлардан жасалады және бүтін немесе бүгілмелі болады.
Рейкалардың екі жағында да бір сантиметрлік бөліктер белгіленген. Бұл бөліктер рейканың бір жағында қара, ал екінші жағында қызыл сырмен белгіленген. Рейканың қара жағында есептер нольден басталады және ол негізгі жағы болып есептеледі. Рейканың қызыл жағы тексеру үшін қажет. Оның табаны нольден емес, басқа саннан, мысалы 4685, 4700, 4785 мм басталады. Егер нивелирлеу кезінде рейканың екі жағынан есептер алынса, онда қызыл жағынан алынған есептен қара жағынан алынған есепті шегергенде қызыл жағының табаны шығып отыру керек. Бұл сан есеп алудың дәлдігін және дұрыстығын көрсетеді.
Рейкадағы тіктеуіш жағдайында ұстау үшін рейкада дөңгелек деңгей мен тұтқалар бар. Рейкадағы есептер әр дециметр сайын санмен төңкеріліп өрнектелген, сантиметр бөлігі дойбы тәріздес бөлінген. Дүрбінің көру өрісінде рейканың бейнесі тура көрсетіледі. Мемлекеттік стандарт бойынша МЕСТ 11158-78 қазіргі кезде келесі рейкалардың түрлері шығарылады: РН-05 – инварлы рейка, ұзындығы 3 м, 0,5 см бөлінген. Рейкалар РН-3, РН-10 – ағаштан жасалған, 1 см бөлінген, ұзындығы 3 және 4 м.
Достарыңызбен бөлісу: |