Геометриялық оптикада жарықтың біртекті ортада таралу заңдылықтары қарастырылады.
Егер ортаның сыну көрсеткіші оның барлық жерінде бірдей болса, онда орта оптикалық біртекті орта деп аталады.
Жарықтың вакуумдегі жылдамдығының оның берілген ортадағы жылдамдығына қатынасын осы ортадағы сынудың абсолют көрсеткіші деп аталады.
Екінші ортаның біріншіге қатысты салыстырмалы сыну көрсеткіші n21 деп жарықтың бірінші және екінші ортадағы сәйкес 1 және 2 жылдамдықтарының қатынасын айтады: . Егер n211 болса, онда екінші орта біріншіге қарағанда оптикалық тығызырақ орта деп аталады. Жарық екінші ортаға өтерде ол бөлу шекарасына перпендикуляр түспеген жағдайда оның таралу бағыты өзгереді.
Оптикалық біртекті ортада жарық түзу сызық бойымен таралады.
Егер жарық сәулелері оптикалық неғұрлым тығыз ортадан оптикалық тығыздығы аздау ортаның шекарасына, мысалы, шыныдан суға түссе, онда жарық екінші ортаға өтпейді. Бұл құбылыс толық шағылу деп аталады.
Линза- екі сфералық бетпен шектелген мөлдір дене. Линзалардыӊ екі түрі бар: жинағыш және шашыратқыш.
Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердіӊ центрлері арқылы өтетін түзу линзаныӊ бас оптикалық осі деп аталады.
Бас оптикалық осьтіӊ бойында және линзаныӊ центрінде жатқан нүкте линзаныӊ оптикалық центрі деп аталады. Жинағыш линзаныӊ бас оптикалық осіне параллель жарық шоқтарын бағыттаймыз. Шоқтар линзадан сына өтіп бас оптикалық осьтіӊ бір нүктесінде жиналады. Бұл нүкте линзаныӊ бас фокусы деп аталады.
Үй жұмысы
1-Геометриалық оптика-оптиканың жарықты геом.
сызық ретінде қарастыра отырып, жарықтың таралу заңдарын зерттейтін бөлімі. Геометриялық оптикада жарықтың біртекті ортада таралу заңдылықтары қарастырылады.
2- Жарықтың сынуы – екі ортаның шекаралық қабатына түскен сәуленің екінші ортаға өткен бөлігінің бастапқы бағыттан ауытқуы. Жарықтың сыну заңдары былай тұжырымдалады:Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін шекаралық бетке жүргізілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Түскен сәуле мен сынған сәуле өзара қайтымды болады;Түсу бұрышы синусының (α) сыну бұрышы синусына (β) қатынасы тұрақты шама болады: мұндағы n – ортаның сыну көрсеткіші. Берілген заттың вакууммен салыстырғандағы сыну көрсеткіші сол заттың абсолюттік сыну көрсеткіші деп аталады
Шағылу-жарықтың екі ортаның (1-орта мен 2-ортаның) бөліну шекарасына түскен кезде затпен әсерлесуі нәтижесінде бөліну шекарасынан кері қарай таралуы.