Гериатриялық Реабилитация маңызы, түрлері



Pdf көрінісі
Дата24.09.2022
өлшемі3,33 Mb.
#150600
Байланысты:
Е403 Есенғали Ақмарал геронтология
4 дәріс, Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шешу, 9 сынып әдебиет 2-тоқсан (2), 6 сынып қазақ тілі 1-тоқсан


ГЕРИАТРИЯЛЫҚ
РЕАБИЛИТАЦИЯ
МАҢЫЗЫ, ТҮРЛЕРІ 
Орындаған: Есенғали Ақмарал
Қабылдаған:Аймурзаева Айнұр
Тобы: Емдеу ісі 403
Қызылорда 2022ж


Жоспары:
1.Реабилитация туралы түсінік
2.Реабилитацияның түрлері
3.Гериатриялық оңалтудың міндеті
және оңалту бағыттары
4.Науқаспен жұмыс жасау ережелері.
5.Табиғи жолмен өмір сүру
ұзақтығын жоғарылату.


Реабилитация
немесе оңалту емі
Бұл денсаулық ақауларына байланысты туындаған
өмірлік шектеулерді жоюға немесе орнын толтыруға
бағытталған медициналық, психологиялық,
педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-
шаралар үдерісі мен жүйесі. Оңалту кезіндегі біздің
басты мақсатымыз - бұрынғы қалпына келе
алмайтынын біле тұра, науқасқа мүмкіндігінше
функционалдық тұрғыдан, өзгелердің жәрдеміне
мұқтаж болмайтындай жағдайға жетуіне
толыққанды көмектесу.


Реабилитация
түрлері
1. Медициналық – функциясы жойылған дене мүшелері мен
ағзаларын қалпына келтіру: 
а. физикалық реабилитацияның әдістері (электрлік ем,
электростимуляция, лазеротерапия, баротерапия, бальнеотерапия); 
б. механикалық реабилитация әдістері (механотерапия,
кинезотерапия); 
в. уқалау; 
г. дәстүрлі емдеу әдістері (акупунктура, фитотерапия, мануалды
терапия, еңбек терапиясы);
д. шипа жай мен курортта емдеу.
2. Психологиялық – науқастарды ішкі және сыртқы орта
өзгерістеріне адекватты реакциясын қалпына келтіру.
3. Әлеуметтік – науқастың қоғамда ешкімге тәуелді болмай өзін-
өзі асырауын қалпына келтіру.
4. Еңбектік – науқастың жалпы еңбектік және кәсіби-мамандық
қабілетін қалпына келтіру (емдік дене шынықтыру).
Қарт жастағы науқастарды оңалтудың минимальды міндеті
болып -олардың өздеріне-өзі қарай алатындай жағдайға
жетіп,максимальды кәсіби қабілетін қалпына келтіріп, тәуелсіз
бола алатынын сезіндіру. 


Гериатриялық
оңалтудың міндеті:
1. Қайта белсендендіру – науқастың қозғалысы
мен танымын арттыру.
2. Қайта әлеуметтендіру – қарт жастағы
кісілерді әлеуметтік мүмкіндіктермен
қамтамасыз ету.
3. Қайта интеграциялау – гериатриялық
науқастарды микро әлеуметтік ортаға
бейімдеу болып табылады.


SEE MORE
Оңалту
бағыттары
1. Медициналық – бұл медициналық көмек көрсету.
2. Геронтологиялық күтім – науқастың жалпы
физиологиялық және психикалық мәселелерін шешу.
3. Әлеуметтік – бұл әлеуметтік көмек көрсету
4. Ағартушылық – бұл қоғамда қартайып жатқан ағзаның
ерекшеліктері, қарт жастағы кісілердің мүмкіншіліктері мен
олардың қажеттіліктері туралы жалпы мағлұмат беру.
5. Экономикалық – бұл науқастарды материалды қамтамасыз
ету, олардың басқа да адамдармен бірдей материалдық
жағдайда болуын қадағалау.
6. Кәсіптік – қалған кәсіби мүмкіндігін жүзеге асыруын
қадағалау.


Науқаспен
жұмыс жасау
ережелері:
1. Қысқа әрі нұсқа сөйлемдерді қолдану.
2. Науқасқа нақты нұсқаулар беріп, оларды қаншалықты
түсінгенін білу үшін қайталауын сұрау.
3. Кейде өзі жасай алуы үшін науқасқа кейбір емшараларды
іс жүзінде көрсетіп беру. 
4. Науқастарға дағдыларды үйрету барысында сабырлы
болуын қадағалау.
5. Олардың дағдыларды меңгеруге деген ынтасын әрқашан
ескеріп отыру.
6. Науқасты өздігінше тапсырманы орындауға
ынталандыру.
7. Науқасқа тапсырманы орындау барысындағы қабілеті
мен жетістіктері туралы айта отырып, кемшіліктерге көп
көңіл бөлмеу.


Табиғи жолмен өмір
сүру ұзақтығын 
жоғарылату:
•геродиетиканың қағидаларын ұстау;
•қозғалыс белсенділігі;
•жасының өзгеруіне байланысты
әлеуметтік психикалық бейімделуі;
•күшейген еңбек;
•герогигиенаның ережесін сақтау
жатады.


Thank you for your
attention! 
Phone Number
8(705) 177 39 58
Аль Фараби 21 улица, Кзыл-Орда
akmaral.esengali@mail.ru
http://topuch.ru/azastan-respublikasini-
densauli-satau/index14.html
Address
Email Address
Website


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет