Гинекологиядағы консервативтік емдеу


РМИ клиникасындағы гинекологияда оталық емдеу



бет3/4
Дата21.01.2022
өлшемі230,63 Kb.
#113227
1   2   3   4
Байланысты:
e9e0fdc7-747f-40fa-adc4-e435b2e7bf93

РМИ клиникасындағы гинекологияда оталық емдеу

РМИ клиникасындағы гинекологияда оталық емдеуді біліктілігі жоғары мамандар, медицина ғылымдарының кандидаттары, жоғарғы және бірінші санаттағы дәрігерлер орындайды. Клиника ең заманауи диагностикалық және оталық жабдықпен жабдықталған, бұл бедеулікті және репродуктивті жүйе ауруларын емдеуде ең жоғарғы нәтижелер алуға мүмкіндік береді.

Бір күндік стационарда орындалатын оталардың түрлері:



  • Гистероскопия (диагностикалық және оталық). Эндоскопиялық құралдардың көмегімен жатыр мен цервикалды арнаны диагнозды анықтау үшін қарайды. Сол сияқты гистероскопия жатыр қуысындағы синехияларды, цервикалды арнадағы өсінділерді, бөгде денелерді алу үшін қолданылады. Оталық араласудың бұл түрі эндометрийге биопсия жасау үшін және дамымаған жүктілікті тоқтату үшін қолданылады;

  • Гистерорезектоскопия. Күрделілігі І санаттағы хирургиялық емдеу жасалатын аз инвазивті ота. Ота кесусіз немесе құрсақ қуысындағы (қынапқа жол) тесік жасаусыз орындалады. Гистерорезектоскоптың көмегімен орындалады. Тағайындауға көрсетімдер — жатыр дамуының патологиясы, түрлі генездегі миомалар, эндометрийдің өсуі немесе өскіндері, жатыр ішіндегі синехиялар мен қалқалар және тағы басқасы;

  • Жүктілік кезіндегі истмиялық-цервикалды жетіспеушілікті оталық жолмен емдеу;

  • Сыртқы жыныс органдарының пластикасы.

Тәуліктік стационарда келесі жағдайларға оталық ем жасалады:

  • Фаллопий түтіктерінің тарылуы (жабыспалар, түтіктердегі қан айналымының және лимфа ағынының бұзылуы, сұйықтықтың жиналуы, жатырдан тыс жүктілік);

  • Аналық жыныс безінде және жатырдағы өскіндер және қабыну процесстері;

  • Жатыр миомасы, фибромасы;

  • Стресстік зәр ұстамау;

  • Жатыр түсіп кеткенде немесе шығып кеткендегі қынап қабырғаларын протездеу және слингтік оталар;

  • Интимдік түзету және қынап пластикасы.

Сол сияқты стационарда 22 аптаға дейінгі жүктілікті сақтау терапиясы жасалады, ал истмиялық-цервикалды жетіспеушілік кезінде хирургиялық ем жасалуы мүмкін.

Гинекология бойынша лапароскопиялық оталардың хирургиялық емнің басқа да түрлері сияқты бір қатар шектеулері немесе қарсы көрсетімдері бар. Оларға жататындар:



  • тыныс алу, жүрек-қан тамыры жүйесінің ауыр дерттері, ішек-қарын жолындағы асқынған аурулар;

  • қан аурулары (геморрагиялық диатез, гемофилия);

  • диафрагма жарығы;

  • асқынған инфекциялық аурулар;

  • асқынған және созылмалы бүйрек немесе бауыр жетіспеушілігі;

  • 20 аптадан асқан жүктілік;

  • айқын семіздік.

Оталық гинекология бөліміндегі мамандардан кез келген жұмыс күндері сағат 13.00 бастап 16.00 дейін кеңес алуға болады.

РМИ клиникасында гинекология бойынша ақылы оталар жасалады, олардың құны әр жағдайда жеке есептеледі және отаның күрделілігіне байланысты.



РМИ клиникасында лапароскопиялық оталарды жүргізу үшін қажетті талдаулар тізімі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет