№1 Билет 1.Ашық жүйе (Открытая система; open system) — 1) қоршаған ортамен (адаммен, ақпарат көздерімен, басқа жүйелермен) өзара әрекеттесетін жүйе; 2) өзі қызмет жасайтын ортаның құралдарының есебінен кеңею қабілетіне ие болатын жүйе; 3) құрамды бөліктері тұлғалық немесе өндірістік стандарттарды қанағаттандыратын компьютерлік немесе желілік жүйе.
2. Ағынның өзара әрекеттестігін типтеу (Типизация взаимодействия потоков) — ағынның және арнадағы кіші пішіннің параллель динамикалық әрекеттесуін геометриялық параллель нұсқаға сәйкестендіру. Бұл ағынның өзара әрекеттестігін типтеудің бірінші типі деп аталады. Бұлардың қарамакарсы әрекеттесуі арнадағы пішіннің вертикаль оське карай бағытталуынан пайда болады. Мұндай толқындар арнадағы пішіннің ағысы мен қосымша энергияның жоғарылауынан, ағын жылдамдығының артуынан және ағын бағытының теңесуінен қалыптасады.
3.
№2Билет
Стандарттау, үлгіқалыптау (ағылш.standardization) — есептеуіш техниканың аппараттық және программалық құралдарын ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану тұрғысында қабылданған келісім; стандарттарды, нормалар мен ережелерді және т.б. тағайындау және қолдану; қазіргі уақытта қолданылатын немесе потенциалды мақсаттарға байланысты жаппай және дүркін-дүркін қолдануға арналған ережелерді іске асыру арқылы белгілі бір салада тәртіпке салудың оптималды дәрежесіне жету үшін бағытталған іс-әрекет.[1]
2. Ашық жүйелерді құрастырудың негізгі принңиптері:
әр түрлі платформалардың арасында ақпарат пен программалық жасақтамаларды оңай тасуға мүмкіндік беретін тасымалданушылық (portability);
әр түрлі өндірушілердің құрылғыларының бірге жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әрекеттестік (interoperbility);
аса қуатты ақпараттық платформаға өту кезінде ақпарат мен программалық жасақтамаларға инвесищияларды сақтауға кепілдеме беретін кең ауқымдылық (scalability).
3.
№3Билет
Өмірлік цикл моделі деп бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклі барысында процестердің, әрекеттер мен міндеттердің орындалу реттілігі мен өзара байланысын анықтайтын құрылым түсініледі. Өмірлік цикл моделі жобаның ерекшелігіне, масштабы мен күрделілігіне және жүйенің жасалуы мен жұмыс істеу жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты.
Автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ) – жобалау функцияларын орындайтын ақпараттық технологияны іске асыратын автоматтандырылған жүйе. Персоналдан және автоматтандырудың техникалық, бағдарламалық және басқа құралдарынан тұратын жобалау үрдісін автоматтандыруға қажет ұйымдастырушы-техникалық жүйе болып саналады
Ашық жүйелер басқа жүйелермен және сыртқы ортамен ұдайы өзара әрекеттестікте болуымен ерекшеленеді. Олардың арасында зат, энергия және ақпарат алмасу процесі жүреді. Барлық ашық жүйелер қозғалмалы жүйелер болып табылады
№4 Билет
1.Концептуалды модель (ағылш. ... Концептуалды (мағыналы) модель – модельденетін жүйенің құрылымын, оның элементтерінің қасиеттерін және жүйеге тән және модельдеу мақсатына жету үшін маңызды себеп-салдарлық байланыстарды анықтайтын абстрактілі модель.
2.
3.
№5 БИЛЕТ
1. Жобалау әдістері мен инструменталды құралдары (CASE-құралдары) ақпараттық жүйенің жобасын орындаудың формальданған пәнінің орталық бөлігін құрайды.
Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклін қолдайтын бағдарламалық құрал – CASE-құрал деп аталады. CASE (Computer Aided Software Engineering) – бағдарламалық қамтамасыздандыруды автоматты әзірлеу.
Ақпараттық жүйелерді жобалаудың әдісі дегеніміз нақты анықталған нотацияларды қолданып әзірленетін жүйенің әртүрлі аспектілерін сипаттайтын модельдерді жасаудың үрдістерінің жиынтығы.
Модельде қолданылатын графиктік объектілердің жиынтығы нотация деп аталады.
Әдіс мынандай құраушылардың жиынтығы ретінде анықталады.