Қалқанша маңы безінің қызметінің артуы.Гиперпаратиреоз,әдетте қалқанша маңы бездері ұлғайғанда (гиперплазия) немесе оларға ісік (аденома) немесе қатерлі ісігіне байланғанда дамиды,аутоиммундық болуы да мүмкін.
Бұл кезде бездің жалпы массасы 100 грамға дейін жетуі мүмкін.
Біріншілік
Көбіне аденомасы салдарынан паратиреоидтық остеодистрофия дамиды.
Салдарлық
Сүйектер зақымдалғанда (ісік метастаздары,плазмацитома,рахит) немесе бүйрек ауруларының зардабынан (бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі) организмде ізбес тым көбейгенде,соған қарсы компенсациялық үдеріс ретінде орын алады.
Гиперпаратиреозға кальций мөлшерінің қанда көбейіп,фосфордың азайып кетуі тән.Осыған байланысты сүйектер морт сынғыш болады.Бұл науқас паратиреоидты остеодистрофия немесе Реклингаузен сырқаты деп аталған.Даму барысында қалқанша маңы бездерінде аденома қалыптасып,паратгормон тым көбейеді де,кальций мен фосфор дұрыс алмаспайтын болады.
Әлсіздік; Жүректің қатты соғысы; Дірілдеу, әсіресе, саусақтар қатты дірілдейді;
Көздің күп болып ісіп кетуі, көзді бір орынға қадай алмау; Арықтау; Іш өту. Жоғарыдағы белгілер біліне бастаса, міндетті түрде эндокринолог-дәрігерге қаралу керек. Бұл ауру қатты асқынбаған болса, емделуге болады.
Паратгормон әсерінде сүйектер құрамындағы минералдық тұздардан айырылады,сүйек тіні қайта құрыла бастайды,ол жерде сүйектің түзілуінен оның сорылуы – резорбциясы – басым болады.Сүйектегі тұздар азайып,оның орнына сүйекке ұқсас тін – остеоид тіні,тіпті фиброзды тін түзіледі.Осы өзгерістер нәтижесінде сүйектер сынып,қаңқа пішіні бұзылады (деформация).Сүйек сынған жерлерде фиброзды,шеміршекті тін,ұйыған қан,оның айналасында алып жасушалар,фибробластар көрінеді.Сүйек қалыптықұрылысынан тайып,терең өзгеріске ұшырайды.
Түрлері:
бүйректік
сүйектік
аралас
Бүйректік түрінде бүйректе тас пайда болумен (нефрокальциноз) және бүйректің несеп бөліп шығару қызметінің бұзылуымен сипатталады.Өкпеде,асқазанда,теріде кальций метастаздары пайда болады.
Гипопаратиреоз
Көбіне аутоиммундану үдерісі себеп болып,оның әсерінен бездің тіні жойылады.Кейде ол жемсауға операция жасап,қалқанша маңы безін байқамай алып тастағанда дамып,тырыспалы синдромға (тетанияға) ұшыратады. Осы бездердің туғанда болмауында (аплазия) неесе толық жетілмегенде (гипоплазия).Кейде осы жердегі қабыну,жараат,амилоидоз да осы сырқатқа соқтырады.Бұл ауруда қандағы кальций мөлшері кеміп,фосфор мөлшері асып кетеді.
Қалқанша без эндокриндік жүйенің маңызды ағзасы. Ол мойынның алдыңғы бетінде, бұғаналардың қосылған жерінен сәл жоғарыда орналасқан. Без организмнің әр жасушасының энергиясын қолдану үрдісін реттейтін гормондарды өндіреді. Бұл үрдіс метаболизм аталады.
Гипотиреоз 50 жастан асқан адамдарда, көбінесе, әйелдерде жиі кездеседі.
Гипотиреоздың жиі себебі – тиреоидит (қалқанша бездің қабынуы). Тиреодитте ісіну мен қабыну қалқанша бездің жасушаларын зақымдайды.
Микседематоздық кома – гипотиреоздың аса ауыр түрі, ол сирек кездеседі, тиреоидты гормондардың деңгейі өте төмен мәнге төмендегенде дамиды. Емделмеген гипотиреозы бар адамдарда бұл инфекцияның, басқа да аурудың, суықтың немесе кейбір дәрілердің әсерінің салдарынан туындауы мүмкін.
Микседематоздық кома шұғыл медициналық жәрдемді және аурухана жағдайында емделуді қажет етеді. Кейбір науқастарға оттегі, тыныс алу қызметін қолдау (вентиляция), көктамыр арқылы сұйықтық енгізу, қарқынды күтім жасау қажет болады.