- Медициналық жəрдем көрсету тактикасы
- Мақсаты: Тіршілік үшін маңызды ағзаның функцияларын тұрақтандыру.
- Асқынбаған гипертензиялық криз:
- 1. Науқастың қалпы – басын жоғарылау етіп жатқызу.
- 2. Əр 15 минут сайын ЖЖЖ,АҚҚ бақылау.
- 3. Соңынан біртіндеп АҚҚ 15-25% немесе 12-24 сағат ішінде ≤160\110 мм с.б.б. төмендеуі.
- 4. Ішкізу арқылы берілетін гипотензивті дəрілерді заттар қолданады (бір препараттан бастайды): нифедипин, каптоприл, пропранолол, бисопролол, метопролол).
- 5. Мидың шеткі қантамырлар өрімінің кедергісін азайту жəне тұрақтандыру үшін-винкамин 30 мг.
Жоғары систолалық артериялық қысым мен тахикардия қосарланған кезде: - Жоғары систолалық артериялық қысым мен тахикардия қосарланған кезде:
- - Пропранолол (селективті емес ß адреноблокатор ) - ішкізуге10-40 мг;
- - Клонидин (препарат орталыққа əсер етеді) – тіл астына 0,075-0,150 мг.
Диастолалық артериялық қысым басым жоғарылағанда немесе систолалық артериялық қысым мен диастолалық артериялық қысым бірдей жоғарылаған кезде: - Диастолалық артериялық қысым басым жоғарылағанда немесе систолалық артериялық қысым мен диастолалық артериялық қысым бірдей жоғарылаған кезде:
- - Каптоприл ( АПФ ингибиторы) – тіл астына 25 мг;
- - Нифедипин (кальций каналының II типінің блокаторы, дигидропиридиндер) – тіл астына 10-20 мг.
Асқынған гипертензиялық криз: - Асқынған гипертензиялық криз:
- 1. Тыныс жолдарын санациялау.
- 2. Оксигенотерапия.
- 3. Венаға ену.
- 4. Дамыған асқынуды емдеу жəне гипотензивті препараттарға салыстырмалы таңдау жасау.
- 5. Антигипертензиялық терапияны парентеральдық препараттармен жүргізеді.
- 6. Тездетіп АҚҚ төмендету (соңынан 1 сағат ішінде 15-20%, содан соң 2-6 сағатта 160 жəне 100 мм с.б.б. (дəрілерді ішкізу арқылы беруге, ауыстыруға болады).
- Миокардтың жіті инфаркты немесе коронарлық синдроммен асқынған гипертензиялық криз
- Мақсаты: ауру ұстамасын тию, миокардтың қоректенуін жақсарту, АҚҚ төмендету.
- 1. Нитроглицерин 0,5мг тіл астына, аэрозолде немесе спрейде (0,4 мг, немесе 1 доза), қажет жағдайда əр 5-10 минут сайын қайталайды, немесе көктамырға 10 мл 0,1% ерітіндіні 100 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен бірге тамшылатып құяды (2-4 тамшы минутына) АҚҚ мен ЖЖЖ бақылай отырып;
- 2. Пропранолол (селективті емес β-адреноблокатор ) – көктамырға баяу шүмектете құяды 1 мл 0,1% ерітінді (1мг), осы дозаны ЖЖЖ минутына 60 жеткенде АҚҚ мен ЭКГ бақылай отырып əр 3-5 минут сайын қайталауға болады; жалпы ең жоғарғы доза 10 мг;
- 3. АҚҚ жоғары деңгейден түспеген жағдайда: эналаприлат (АПФ ингибиторы) 5 минут ішінде 0,625-1,250 мг баяу көктамырға жібереді, шамамен 20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісіне ерітеді;
- 4. Морфин (есіріткі анальгетик) 1 мл 1% ерітіндіні 20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісіне араластырып жəне 4-10 мл бөліп (немесе 2-5мг) əр 5-15 минут сайын, ауырсыну сезімі мен ентігу басылғанша, немесе жанама əсерлері пайда бүлінгенге дейін (гипотензия, тыныстың тежелуі, құсу) көктамырға құяды;
- 5. Варфарин 2,5 мг, немесе ацетилсалицил қышқылы –160-325 мг шайнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |