Нейро-вегетативті түрінде толықтай біріншілік гипертониялық кризге сәйкес келеді.
Ісінулік түрі криздердің жеке түрі болып, ағзада натрий және сұйықтықтың жиналуымен көрінетін, екіншілік гипертониялық кризге сай келеді.
Энцефалопатиялық формасы аты айтып тұрғандай, жедел гипертониялық энцефалопатиямен көрініп, екінші типке жатады.
Шет елдің әдебиеттерінде гипертониялық криздерді асқынған (осложненные) және асқынбаған (неосложненные) жіктеуі қолданылады. Асқынған гипертониялық криз кезінде маңызды ағзалардың жедел түрде зақымдалу көріністері (нысан ағзалар)байқалады. Оларға: жүрек, ми, бүйрек, тамырлар, көз түбі жатады. Асқынған гипертониялық криздерде кезесетін асқыну көріністері: Гипертониялық энцефалопатия; Аорта ажырауы (расслоение); Жедел коронарлы синдром; Өкпе ісінуі; Ми қан айналымының жедел бұзылысы Феохромоитома; Эклампсия; Асқынбаған гипертониялық криздер деп ағза үшін маңызды ағзалардың зақымдалуы жоқ немесе өте минималды болып келетін жағдайда айтады. Бұған кез келген ауыр жағдайдағы артериялық гипертония, қатерлі гипертония, басқа аурулар кезінде байқалатын айқын гипертония (күйіктер, жедел гломерулонефрит, склеродермия кезіндегі криз) жатқызамыз.