Бокал тәрізді экзокриноциттері, эпителиоциттердің арасында жекеленіп орналасады. Құрылысы жағынан шырышты эпителиоциттергеұқсас. Секреторлы цикліне байланысты пішіні бокал тәрізді, ядросы бір шетіне ығысып, іші секеторлы көпіршікке толы болып келген, цитоплазмасы ашық түсті, өте ірі жасушалар. Бұлардан бөлінген сөл (пырыш) үнемі ішек эпителиінің бетін суландырып, тағамның оңай жылжуына септестігін тигізеді. Бұл жасушада қабырғалық соруға қатысады.
Ішек эпителиінің астында базальді мембранасы мен меншікті пластинкасы орналасады.
Клиникасы: Созылмалы эктерит функцияларының бұзылуымен бірге жүретін аш ішектің қабынуы.
Қ ызметі: сору қызметі, секреторлық, экскреторлық, қорғаныс, барьерлік, эндокриндік.
Т оқ ішектің негізгі қызметі пайда болған химустан суды сорады. Дәрігерлік практикада осы қызметіне байланысты науқасқа қоректік затты (сұйықты) клизма арқылы тік ішектен жібереді. Тоқ ішектің маңызды қызметінің бірі, көптеген заттар кілегейлі қабығы арқылы бөлініп шығып отырады. Мұндай заттарға; кальций, магний, фосфаттар, ауыр металдардың тұздары жатады. Тоқ ішектің бактериялық флорасына байланысты мұнда К, "В" витаминдер түзіледі де, бактериялардың көмегімен тоқ ішекте клетчатка қорытылады.
Дамуы. Эмбриогенездің 4-айында тоқ ішектің бастамасымен коса бүрлері дамиды. Кейін эмбриогенездің аяғында бүрлері жойылып тегістеледі. Ет қабығы эмбриогенездің 3-ші айында пайда болады.
Құрылысы. Ток ішектің қабырғасы асқорыту жүйесінің түтікше мүшелеріне тән төрт қабықтан тұрады. Ерекшелігі кілегейлі қабығы мен кілегей асты негізін көптеген қатпарлар түзіледі. Бүрлері болмайды. Эпителиінде көптеген бокал тәрізді экзокриноциттер өте көп. Ішек бездері де баршылық. Кілегейлі қабықтың эпителиі бір қабатты призмалы. Тоқ ішек бездерінін құрамында: бағаналы, бокал тәрізді экзокриноциттер бар.
Тоқ ішектің қызметтеріне:
- Секреторлы кызмет ішек сөлін бөлуі (шырыш, ферменттер, дипептидаза).
- Сору кызметі қанға химустан суды, минералды заттарды сорады
- Экскреторлы кызметіне ағзадан ауыр металдың тұздары болунуі.
- "К", "В" витаминдері бактериялардың қатысуымен синтезделінеді.
- Қорғаныс барьерлік қызметі.
- Эндокринді қызметіне гормондардың синтезделініп қанға шығуы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |