Гистология 2-аралық бақылау ескерту аманатқА Қиянат жасамаңыз материалды таратуғА ӨҢдеуге қатаң тыйым салынады


Клиникасы: Колит - бұл тоқ ішектің ішкі қабатының қабынуы. Қызметі



бет17/18
Дата30.11.2023
өлшемі45,49 Mb.
#194348
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Гистология рк 2 аралық бақылау

Клиникасы: Колит - бұл тоқ ішектің ішкі қабатының қабынуы.
Қызметі: секреторлы сору, су мен миниралды заттар көп мөлшерде сорылады, экскреторлық, қорғаныс, барьерлік, эндокриндік.
11-апта.Бауыр, ұйқы безі. Жас ерекшеліктері. Аралық бақылау.


Сырты дәнекер тінді қабықпен қапталған, бөлшектенген мүше.


Бауыр бөлшектері бауырдың құрылыс-қызметін атқаратын бірлігі. - Бауырдың құрылысы жайында көптеген мәліметтер бар. Соның ішінде еңн негізгісі, ол классикалық маңызы бар бауыр бөлшектері-алты қырлы призма тәрізді - деп берілген. Призманың ені 1,5 мм, ал биіктігі енінен бірнеше есе биік. Адам бауырында 500 мындай бөліктер болады. Бөлік аралық перделер бауырдың стромасын құрайды, бірақ адам бауырында мұндай перделер нашар жетілген (жоқтың қасы). Егер бауыр перделері дамып кетсе онда, бұл бауырдың ауруы "бауыр циррозы" болып табылады.
Бауырдағы кан тамырлар жүйесі. Бауыр бөліктеріндегі қан тамырлар жүйесін үш топқа бөлуге болады.
- Бауыр бөліктеріне қанды әкелуші.
- Бөлік ішіндегі қан тамырлар жүйесі.
-Бөліктен қанды әкетуші жүйелері болып бөлінеді.
Біріншісіне бауыр бөлігіне қанды әкелуші қақпа венасы мен бауыр артериясы жатады. Қақпа венасы бүкіл құрсақ қуысындағы тақ мүшелерден шыққан венозды қанды бауырға жеткізеді. Ал, бауыр артериясы оттегімен (О2) қаныққан қанды тасымалдайды. Бұл қан тамырлары бауырдың ішінде бірнеше майда тамырларға жіктеледі. Оларға бөлікшедегі, сегментарлы, бөлік аралық вена мен артериялар жатады. Бұлардың бойы мен өт өзектері қатарлас жүріп отырады. Вена, артерия мен өт өзектері қосылып, бөлік арасында бауырдың "триада" немесе "үштігін" құрайды.
Бөлік аралық және бөліктің сыртындағы вена қабырғасында етті қабат нашар дамыған. Ал, осындай аттас артериялардың қабырғасындағы етті қабаты жақсы дамыған, бұлар ет типті артерияларға жатады. Бауыр бөліктерінің ішінде вена мен артерия қаны қосылып, бөлік ішіндегі синусоидты қан капиллярларын түзеді. Бұл капиллярлардың ішімен аралас кан (венозды-артерия қаны) жылжиды. Бұлардын диаметрі 30 мкм-ге жетеді. Қабырғасындағы базальді мембранасы синусоидты капиллярларда түтас емес, саңылаулары бар. Бұлар радиальді бағытта жинала келіп, орталық венамен ұласады. Бауыр бөліктері бауыр бауларынан тұрады. Ал орталық вена бауыр бөліктерінен қанды алып шығады да, жинағыш венаға немесе бөлік асты венасына ұласады. Орталық және бөлік асты венасы етсіз типті тамырларға жатады. Бұлар бірімен-бірі байланысып жалпы бауырдан канды алып шығатын (3-4 тармақты) бауыр венасына айналады. Ал, бауыр венасы келіп төменгі қуысты венамен жалғасады. Сонымен бауыр паренхимасы қан капилляр- ларына өте бай келеді де, бөліктерде кан баяу жылжиды, ал бұл болса қан мен бауыр жасушаларының арасындағы зат алмасуын реттеп, қорғаныс, зиянсыздауқызметтерін аткарады.
Бауыр бөліктері. Классикалық ұғым бойынша бауыр бөліктеріне бауыр баулары мен бөлік ішіндегі синусоидты капиллярлары жатады. Бауыр баулары гепатоциттер деп аталатын, радиальді бағытта шашырап орналасқан эпителиоциттер. Бұлардың арасында бөліктің сыртынан ішіне қарай бағытталған қан капиллярлары орналасады. Бөлік ішіндегі бұл кан капиллярларының қабырғасын жалпақ эндотелиоциттер қоршайды. Эндотелиоциттердің бір-бірімен түйіскен жерлерінде саңылаулар болады да, бұлардың арасында шашырап орналасқан жұлдыз тәрізді микрофагтар (Купфер жасушалары) да кездеседі. Мұндағы макрофагтар қорғаныс қызметін атқарады да капиллярлар қабырғасынан алыстап барып, бос макрофагтарға айналады.
Бөлік ішіндегі синусоидты капиллярлардың қабырғасында базальді мембранасы болмайды. Осыған байланысты, бұл капиллярлар диаметрі 0,2-1 мкм болатын қуыс кеңістікпен қоршалады. Кейбір жағдайларда (патологиялық) бұл кеңістік қуысқа қанның формальді элементтері шығып кетуі де мүмкін. Қуыста перисинусондты липоциттер де кездеседі. Бұл липоциттердің мөлшері 5-10 мкм шамасында, кейде бұлар гепатоциттердің арасында да орналасады. Липоциттердің цитоплазмасында май тамшылары мен көптеген рибосомалар болады. Липоциттер талшықтар құрауға да қатысады, бауыр аурулары кезінде мұндай жасушалардың саны көбейіп те кетеді.
Бауыр баулары бір-бірімен десмосомалармен байланысқан гепатоциттер тізбегін құрайды. Тізбек екі қатар болып, радиальді бағытта орналасқан гепатоциттер тізбегі қанға глюкоза мен қан белоктарын және тағы да баска заттарды синтездеп шығарады. Бауларды құрайтын гепатоциттердің арасында диаметрі 0,5 тен 1 мкм шамасында болып келген өт капиллярлары да орналасады. От капиллярының қабырғасын осы гепатоциттер тыстайды. Гепатоциттердің өтпен шектесетін беткейінде көптеген бүрлері болады. Өт капиллярлары бауыр бөліктерінің ортасында тұйық басталып, бөлік шетінде қысқа түтікшелер түріндегі холангиолаларға айналады.
Ал, холангиолалар біртіндеп бөлік аралық өт өзегіне байланысады. Сонымен от капиллярлары бауыр бауларының арасында, ал кан капиллярлары баулардың сыртын ала орналасады.
Осыған байланысты гепатоциттердің екі жақ беткейі немесе аймағы бар. Гепатоциттердің билиарлы деп аталатын өт өзегі жағы, өтті синтездесе, ал екіншісі васкулярлы қан капиллярларына бағытталған аймағы қанға глюкозаны, мочевинаны (несеп қышқылын), белоктар мен тағы басқа заттарды бөліп шығарады. Егер өт қанға өтіп кетсе адамда паренхимотозды "сары ауру" пайда болады. Қан мен өт араласып бүкіл мүшелердің тіндерін сары түске бояйды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет