2. Сапа туралы ойлау эволюциясы.
Сапа жүйесі – бұл сапаның жалпы жетекшілігінің іске асырылуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымның, жауапкершіліктің, процедуралардың, процестердің және ресурстардың жиынтығы.
Сапа жүйесінің ауқымдары сапаны қамтамасыз ету міндеттеріне сәйкес келуі керек.
Кәсіпорында сапа жүйесі белгілі бір саясатты жүргізуді және сапа саласында қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін құрал ретінде құрылады және енгізіледі.
Ең бірінші сапа саласындағы саясат жасалады және кәсіпорын жетекшілігімен құжатты түрде ресімделеді.
Сапа саласындағы саясат сапа бөлігіндегі кәсіпорын қызметінің қағидасы түрінде немесе ұзақ мерзімді мақсат ретінде құрылуы мүмкін.
Сапа саласындағы саясатты құрудың негізгі бағыттары:
- сапаны жоғарлатудың арқасында экономикалық жағдайды жақсарту;
- сапаны арттыру көмегімен іске асырудың жаңа нарықтарын кеңейту немесе басып алу;
- жетекші кәсіпорындар мен фирмалардың деңгейінен асып түсетін өнімнің техникалық деңгейіне жету;
- белгілі бір салалардың немесе белгілі бір аудандардың тұтынушыларының талаптарын қанағаттандыруға бейімделу;
- өнім сапасының басты көрсеткіштерін жақсарту;
- дайындалатын өнімнің ақаулық деңгейін төмендету;
- сервисті дамыту.
Сапа жүйесі өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерін қамту керек.
ИСО 9004 сәйкес өнімнің өмірлік циклі (ИСО 9004-те «сапа ілмектері» деп аталады) келесі типтік кезеңдерге бөлінеді:
1. маркетинг, іздеу және нарықты игеру.
2. техникалық талаптарды жобалау және өңдеу, өнімді жасау.
3. материалды-техникалық жабдықталу.
4. өндірістік процестерді дайындау және жасау.
5. өндіріс.
6. бақылау, сынақтарды жүргізу және зерттеу.
7. орау және сақтау.
8. сату және өнімді сақтау.
9. монтаж және пайдалану.
10. техникалық көмек және қызмет көрсету.
11. пайдаланып болғаннан кейін утилиттеу.
Сапаны қамтамасыз етудің жоспарланатын іс-шараларын анықтау үшін өнімнің сапасын арттырудың мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларын құру дұрыс.
Бағдарлама нақты өнімге жасалады және онда техникалық деңгей мен дайындалатын өнімнің сапасы бойынша тапсырмалар, сапа ілмектерінің барлық кезеңдерін ресурсты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар (құрал-жабдыққа, шикізатқа, материалдарға, комплектейтін бұйымдарға қойылатын талаптар), сонымен қатар осы талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін сапа ілмегінің барлық даму кезеңдерінде болатын іс-шаралар болу керек.
Бағдарламаның іс-шараларын орындау тәртібі, ережелері және әдістері сапаны қамтамасыз ету жүйесінің құжаттарымен анықталуы мүмкін.
Сапаны басқару оперативті (жедел) сипаттағы әдістер мен қызметті білдіреді. Оларға өнімде, өндірісте немесе сапа жүйесінде әр текті сәйкессіздіктерді анықтау процесін басқару және бұл сәйкессіздіктерді жою, сонымен қатар сәйкессіздіктерді тудыратын себептерді жою жатады. Процесті басқару мысалы ретінде бақылау карталары көмегімен технологиялық процесті реттеу жүйесі бола алады.
Сапа жүйесін жобалау кезінде сапаны басқару сапа ілмегінің барлық кезеңдерінде сапа жүйесінің барлық элементтеріне қатысты қажетті қағида ретінде қарастырылу қажет.
Сапаны жақсарту – өнімнің техникалық деңгейін, оны дайындау сапасын жоғарлатуға, өндіріс элементтері мен сапа жүйесін жетілдіруге бағытталған тұрақты қызмет.
Сапаны жақсарту процесінің объектісі болып өндірістің немесе сапа жүйесінің кез келген элементі бола алады.
Сапаны басқару сапаға қойылатын талаптарды қанағаттандыру үшін пайдаланылатын әдістер мен қызметтер. Сапаны басқару процесі мен сапа ілмегінің белгілі бір сатысында қанағаттандырылмаған қызмет ету себептерін жоюға бірдей бағытталған әдістер мен шапшаң сипаттағы қызмет түрлерін қамтиды.
Сапаны басқарудың қазіргі заманғы концепцияларына СМЖ, TQM, TQC, CWQC, ИСО негізгі түрлері жатады.
TQC- деңгейі жоғары экономикалық тиімді және тұтынушының талаптарын толық қанағаттандыратын өнімдер мен қызметтерді қалыптастыру, қолдау және жақсартуды ұйымдастыру кезінде адамдардың әр түрлі топтарының үйлескен әрекеттері қамтамасыз ететін тиімді жүйе.
CWQC- жүйесі фирманың әр бір бөлімінде әрбір қызметкердің сапаны басқаруды іс жүзінде оқып игеруін және оған қатысуын қамтиды. Бұл жүйе TQC жүйесіне қатысты кезеңдерді өзінің құрамына ендіреді.
TQM- бұл кәсіпорын қызметінің барлық шеңберінде барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылықтың қатысуымен және техникалық мүмкіншіліктерді ұтымды пайдалану кезінде зерттеулер мен жасап дайындаудан бастап сатудан кейінгі қызмет көрсетуге дейін сапаны басқару жүйелері мен әдістерін әр жақты бағытталған және тиімді үйлестірілген пайдалануды қарастыратын тұжырымдама.
TQM- бұл теориялық пән емес, үш құрамдас бөліктен тұратын сапаны арттыру процесін басқару технологиясы:
Түбірлік жүйе талдау және зерттеу үшін қолданылатын әдістер мен құралдар. Бұл әдістерде бақылау статистикалық ыңғайға, белгілі математикалық аппараттарға негізделген, сол себептен барлық кәсіпорындарда пайдаланылады.
Техникалық қамтамасыздандыру жүйесі. Бұл қызметкерлерді осы құралдарды және оларды дұрыс пайдалану жолдарын үйретуді қамтамасыз ететін тәсілдер мен бағдарламалар. Бұл жүйе әр бір кәсіпорынның орналасқан елінің ерекшеліктерін белгілейді, осы елдің ұлттық мәдениетімен және дәстүрімен байланысты.
Сапаны жалпы басқаруды жетілдіру және даму жүйесі әр ел үшін өте ерекше болып табылады, оған ұлттық ерекшеліктер, экономикалық заңнамалар өте қатты әсер етеді.
СМЖ- бұл тікелей немеске жанама ықпал ететін компания қызметінің аспектісін басқару жүйесі.
СМЖ- ИСО халықаралық ұйымының стандартарының формулаларымен жасалнады.
СМЖ-ны құру үшін өнеркәсіп басшысының стратегиялық шешімі қажет, себебі бұл өнеркәсіпті басқаруда және жұмыстарды ұйымдастыруда маңызды ықпал етеді. СМЖ басқарушы жүйе, яғни бұл жүйені кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын менеджменті ішкі басқару тапсырмаларын шешуде қолданады. Ол сол кәсіпорынға сай ұйымдасу структурасы, әдістемесі, ресурсы және процесі болуы керек. СМЖ бұл басқа кәсіпорынға тәуелді емес және өзгеріске ұшырамайды. СМЖ кәсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі, ол сол кәсіпорында жасалнып, кәсіпорынның өз ішінде өсуі, дамуы керек. СМЖ жүйесін мұқият ойлап, жоспарлы түрде ұйымдасып дайындау керек.
СМЖ жүйесінің қазіргі таңдағы басты принципі тұрақты жақсару, сонымен қатар сапа негізіндегі басқаруға философиялық көзқарасы. Талаптардың орындалуының қабілеттілік әрекетінің жоғарлауының қайтымдылығы тұрғысында түсіндіріледі.
Жақсару әрекеті:
Қалыптасқан жағдайды бағалау және анализдеу
Жақсартудың мақсаты және анықтау сферасы
Қойылған мақсатқа жету шешімін табу және оның ішінде оптималдысын таңдау
Таңдалынған шешімді орындау
Таңдалынған шешім орындағаннан кейін оны бағалау және анализдеу.
Процесті және процедурадағы өзгерістерді әзірлеу
Бұл принциптерді іске асырудың басты объектісі болып барлық бөлек процестің жиынтығы болуы керек. Іске асыру жетістіктері басқа принципті қолдану болады. Ол сапа менеджменті жұмыскерлерді еліктіру. Олар үшін менеджмент өндірісінде барлық жағдайлар жасалнуы керек. [kgl]
Достарыңызбен бөлісу: |