Дәрістің мақсаты: сапа жүйес пәндін мақсаты мен міндеттерін, құрылымдық-логикалық схема және пәнаралық байланысын үйрену, эволюциясын ойлау сапасы туралы меңгеру
Түйінді сөздер: сапа, сапа факторлары, сапа жүйесі, жүйелік тәсіл, талап
Дәріс жоспары 1. Пәннің мақсаты және міңдеттері
2. Сапа туралы ойлау эволюциясы.
Әдебиеттер: 1,2,4,5,6,7,11,13
Сапа менеджмент жүйесі – кәсіпорынды басқаруда сапамен башылық ету. Сапа түсінігін адамдар жиі қолданса да, әрбір адамда сапа жөнінде өз түсінігі болады. Кез келген категория сияқты «сапа» категориясы нақты анықтаманы қажет етеді.
«Сапа» категориясы философиялық және утилитарлық аспектілерде ашылуы мүмкін.
Философиялық аспектіде сапа – бұл заттың мәнді анықтылығы, мұнда зат басқа зат емес, берілген зат болып табылады.
Философиялық анықтама материалдық дүниеге таралады және зат қасиеттерінің барлық жиынтығын қамтиды.
Утилитарлық аспектіде «сапа» категориясы шектетілген (тар) мағынада қарастырылады, мысалы: «тауар сапасы» (өнімнің).
Егер сапаның философиялық анықтамасы қоршаған дүниеде әрекет ететін заңдылықтарды тану мен түсіндіру үшін қолданылса, онда тауар сапасының анықтамасы тауарға қойылатын қоғам талаптарын қанағаттандыру шамасын анықтайтын заңдылықтарды игеру мен түсіндіру үшін қолданылады.
Тауар сапасы – бұл белгілі бір жағдайларда пайдалану немесе қолдану арналымына сәйкес белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру жарамдылығын білдіретін тауар қасиеттерінің жиынтығы.
ИСО 8402-94 сөздігінде келесі анықтама көрсетілген:
Сапа – бұл бекітілген және болжамдалған қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетіне қатысты объект сипаттамаларының жиынтығы.
Материалдық субстанция, яғни сапа құрамы ретінде тауардың тұтынушылық қасиеттері қарастырылады. Сапаның материалды-заттық (техникалық) жағымен қоса сапаның экономикалық жағы орын алады.
Сапаның экономикалық жағы қасиеттердің өздерін емес, ал осы қасиеттің шығу тегінің шамасын (тауар пайдасының шамасы) сипаттайды. Бұл шама мөлшерлік және сапалық сипаттамалардың көмегімен бағаланады.
Сонымен тауар сапасы – бұл тауардың тұтынушылық қасиеттері кешенінің қолдануға тауардың жарамдылығын анықтайтын, осы уақытқа дейін пайда болған қажеттіліктеріне немесе талаптарына сәйкестігінің дәрежесі.
Тауар сапасына қойылатын талап – бұл белгілі бір жағдайларда және белгілі бір уақыт ішінде тауарды арналымы бойынша пайдалануға болатындай тауардың сәйкес келуі керек жағдайлары мен ерекшеліктері.
Сапаға қойылатын талаптар болуы мүмкін:
- ағымды және перспективалық;
- жалпы және айрықша.
Тауарлардың сапасы қолдануда байқалады. Кейбір кезде сатып алғанда сапалы болып көрінетін бұйым қолдану кезінде сапасыз болып шығуы мүмкін: мысалы, киім жуылғаннан кейін пішінін жоғалтады.
Өндірілген өнімнің сапасын анықтау үшін сапаны сынаудың әр түрлі әдістерін қолданады. Өнім сапасын анықтау өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде өнімді басқару үшін қажет.
Сапа жүйесі кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерінің негізгі бағыттарын іске асыру құралы ретінде қызмет етеді. Сапа саласындағы саясатты құру сапа қызметіндегі бірінші қадам болып табылады.
Сапа жүйесін функционалдау сапа бойынша қызметке жұмыскерлерді қоса алғанда, фирманың барлық қызметкерлерін жұмылдыруды білдіреді. Сапа жүйесінің мақсаттарын іске асыру өндірілетін өнімнің сапасына әсер ететін техникалық, әкімшіліктік және адам факторларымен қамтамасыз етіледі.
Өнім сапасын басқару бойынша жұмыстарды координаттауды арнайы құрылған бөлімше немесе кәсіпорын бөлімдерінің бірі іске асырады.