ГүЛ ҚҰрылысы



бет2/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#86220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
botanika darister

Мүк тәрізділер бөлімі


Плаун тәрізділер бөлімі.
Қырықбуын тәрізді бөлімі. Ү Жоғарғы сатыдағы
Псилофит тәрізділер бөлімі. өсімдіктер
Псилот тәрізділер бөлімі.
Папоротник тәрізділер бөлімі.
Жалаңаш тұқымды өсімдіктербөлімі.
Жабық тұқымды және гүлді өсімдіктер бөлімі.

Өсімдіктер системасы даму тарихында жүйенің пайда болуының үш кезеңін анықтайды:



  1. Жасанды жүйе. (1583-1789 жж.) Өсімдік мүшелерінің бір немесе екі морфологиялық белгілеріне негізделген. Жеміс, тұқым, ұрық, тостағанша мен күлте, аталық саны. Өсімдіктер арасындағы туыстық байланыстар ескерілмеді. Чезальпино, Д.Реа, Турнефор, К.Линней жүйелері.

  2. Табиғи жүйе. (1789-1859жж.) Өсімдіктердің туыстық негізінде белгілерінің жиынтығы алынды: Морфологиялық және анатомиялық белгілер: А. Жюссье, О.П. и А.Декандоль, П.Ф.Горянинова.

  3. Табиғи филогенетика (ХІХ ғ. ІІ жартысынан қазірге дейін) Өсімдіктердің жеке топтары арасындағы туыстықты анықтау ғана емес, өсімдіктер дүниесінің даму схемасын құру, яғни қарапайымнан күрделіге қарай.



5 Зерттеу әдістері.
Салыстырмалы- морфологиялық. Өсімдік мүшелерінің морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу, әртүрлі өсімдіктер топтары арасындағы туыстықты анықтау мақсатында салыстыру.
Салыстырмалы - анатомиялық әдісі. Өсімдіктердің анатомиялық құрылысы негізінде әртүрлі систематикалық топтарды құру.
Эмбриологиялық әдіс. Әртүрлі өсімдік мүшелері дамуының әртүрлі кезеңдеріне жататын белгілерді анықтау, әртүрлі систематикалық топтардағы өсімдік мүшелерінің даму барысын зерттеу.
Палеонтологиялық-өсімдіктердің қалдықтарын зерттеу, ол өткен геологиялық дәуірдің өсімдіктер дүниесі эволюциясының бейнесін құруға мүмкіндік береді.
Географиялық немесе экологиялық түрлердің таралу тарихын анықтауға мүмкіндік береді.
Биохимиялық - түрлердің химиялық құрамын анықтауға мүмкіндік береді.
Гибридологиялық, генотиптік иммунитет әдістері кеңінен қолданылады.
6. Клетканың жалпы сипаттамасы.
Клетка өсімдіктер мен жануарлар денесінің негізгі құрылымдық және функциональды бірлігі.
Клетка жалпы құрылысы бойынша ұқсас: химиялық құрамы, құрылымы және клетка элементтерінің функциясы. Биологиялық табиғаты бойынша жаңа клетка түзілу қабілеттілігі –барлық клеткалы организмдерде бөліну арқылы аналық клеткадан пайда болады.
Өсімдіктер клеткасы клетка қабықшасы, протопласт және вакуольден тұрады. Клеткалар формасы (шартәріздес, көпқырлы, жұлдызша тәріздес, тікбұрышты және т.б.). Кең тараған екі формасы: 1) паренхималық клеткалар, барлық бағытта ұзындығы мен ені шамамен бірдей- шартәріздес, кубтәріздес, көпқырлы. 2) прозенхималық клеткалар, ұзындығы енінен бірнеше есе артық.
Клетка қабықшасының атқаратын қызметі клеткаға су, газ және еріген заттардың таңдамалы келіп түсуін және олардың өсімдік бойында жылжуын, қор ретінде жиналуын анықтайды және өсімдіктер мүшелеріне беріктік және мықтылық қасиет береді.
Протопласт- клетка сұйықтығы, негізгі бөлігі тіршілік қабілеттілігін жүзеге асырады. Онда метазаттар тасымалдануы мен айналымы жүреді. Осы процестің күрделі құрылымы протопластың-құрылымдық элементтерге-оргоноидтарға бөлінуіне байланысты.
Протопластың негізгі құрылым түзуші материал болып белокты –липидті мембрана саналады. Мембрана беріктік, созылмалы және таңдамалы өткізгіштік қасиеттерімен ерекшеленеді.
Жануарлар мен өсімдіктер клетканың 3 негізгі құрылыстық айырмашылықтары бар:

  1. Жануарлар клеткаларында болатын центриоль, ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде клеткаларда болмайды.

  2. Өсімдіктер клеткаларының жануарлар клеткаларынан өзгешелігі цитоплазмасында пластидтер болады.

  3. Өсімдіктер клеткаларында целлюлозадан тұратын қатты клеткалық қабықша тән.

Өсімдіктер клеткасының негізгі ерекшеліктері:

    1. Әрбір клеткада өзіндік сыртқы қаңқа- клетка қабықшасының болуы;

    2. Тұрақты вакуольді жүйенің болуы;

    3. Өсімдіктердің жоғары синтездік қабілеттілігіне байланысты протопласта арнайы органелла – пластидтердің болуы;

  1. Эргастикалық қосындылардың жиналуы: әртүрлі қоректік қор заттары (клетканың барлық бөлімдерінде) және зат алмасудың зиянды өнімдері (вакуольде);

  2. Кариокинезде центриольдің болмауы және фрагмопластың цитокинезде пайда болуы.

  3. Өсімдіктер клеткасына тірі организмнің барлық функциялары тән: қоректену, тыныс алу, қозғалу, көбею және т.б..



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет