Гүлді өсімдіктер әлемінде (сыныптан тыс іс-шара)



Дата29.01.2018
өлшемі141,91 Kb.
#35654
Гүлді өсімдіктер әлемінде

(сыныптан тыс іс-шара)
Тақырыбы: Гүлді өсімдіктер әлемінде

Мақсаты: ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интелектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру.

Міндеті:

а) Білімділігі: оқушылар гүлді өсімдіктерінің ерекшеліктерін біледі

ә)Дамытушылығы: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттырады.

б) Тәрбиелігі: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетіне тәрбиеленеді.


Жоспары:

1тур – Таныстыру

2тур – Үй тапсырмасы(сканворд шешу)

3тур –Жұмбақ сандық

4тур – Жеті жұрттың тілін біл...

5тур – Капитандар сайысы



1-жүргізуші:

Армысыңдар, құрметті қонақтар


Ағайын мен халайық
Көпшіл болған ер дана
Достары көп ер бала
Білімдіден үлгі алып,
Салдырар сәнді мол қамал
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қорғайды демекші, бүгінгі « Гүлді өсімдіктер әлемі»

атты интелектуалдық сайысымызды бастаймыз!



2-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

« Гүлді өсімдіктер әлемі» атты танымдық, интелектуалдық сайысымызға (бірге) ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

1-жүргізуші:

Бүгінгі сайыста мектебіміздің ең тапқыр,белсенді,білімді командаларын анықтайтын боламыз

Олай болса бүгінгі ойынға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары-Алиева Төлеуғайша Авалхановна

2.Биология пәнінің мұғалімі-Негметжанова Гүлбаршын Каримовна

3. География пәнінің мұғалімі-Бектурсынова Айгерім Амангелдіқызы



2-жүргізуші:

Ал енді, қымбатты көрермендер әділқазылар алқасымен таныс болдыңыздар,ендігі кезекте бүгінгі сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар!

1 бөлім – Таныстыру –команда капитандары командаларды, топ мүшелерін таныстырады
2 бөлім– Үй тапсырмасы(сканворд шешу)
3 бөлім –Жұмбақ сандық
4 бөлім – Жеті жұрттың тілін біл...
5 бөлім – Капитандар сайысы-сұрақ-жауап бөлімі

1-жүргізуші:

Сайысымыздың шарты бойынша 4 команда бақ сынасады,олай болса құрметті көрермендер таныстыру бөлімін бастаймыз

Алдарыңызда, 6 А сыныбының командасы-Бұршақ тұқымдастар

2-жүргізуші:

Келесі команда,6 Ә сыныбының командасы-Алқа тұқымдастар



1-жүргізуші:

Алдарыңызда, 6 Б сыныбының командасы- Шаршыгүлділер тұқымдасы



2-жүргізуші:

Келесі команда,6 В сыныбының командасы- Раушангүлділер тұқымдасы


2-жүргізуші:

1 бөлім. Таныстыру капитандар командаларыңызы, өздеріңіздің топтарыңыздың мүшелерін таныстырып өтсеңіздер!


1-жүргізуші:

2 бөлім – Үй тапсырмасы(сканворд шешу).


Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда – демекші, қане, көрелік, бұл бөлімімізде ойыншыларымыз өздерін қалай ұстар екен... Командалар дайындап алып келген сұрақтарыңызды бір-бірлеріңізге қойсаңызар !
Ойын шарты: (5 cұрақтан құралған сканвордтарды командалар өзара алмасады)

Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

Бірінші болып бастайтын команда- Бұршақ тұқымдастар өз сұрақтарын Алқа тұқымдастарға кояды

2-жүргізуші:

Келесі команда, Алқа тұқымдастар өз сұрақтарын Шаршыгүлділер тұқымдасына кояды



1-жүргізуші:

Келесі команда, Шаршыгүлділер тұқымдасы өз сұрақтарын Раушангүлділер тұқымдасына кояды



2-жүргізуші:

Келесі команда, Раушангүлділер тұқымдасы өз сұрақтарын кояды Бұршақ тұқымдастарға кояды


2-жүргізуші:
Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі – демекші сайысымыздың

3 бөлімі – Жұмбақ сандық деп аталады. Ойыннын шарты мынадай: өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Сандықшаға назар аударыңыздар! Жеңіл сұрақ таңдағыңыз келсе, 20 балдық сұраққа жауап беру арқылы ала аласыз, 30 балл орташа деңгейдегі сұрақтар. Ал, ең күрделі сұраққа дұрыс жауап беру арқылы 40 балдан жинақтауға болады. Ұпайы аз команда бастасын.

Бірінші болып бастайтын команда- Раушангүл тұқымдастар

2-жүргізуші:

Келесі команда, Алқа тұқымдастар



1-жүргізуші:

Келесі команда, Шаршыгүл тұқымдастар



2-жүргізуші:

Келесі команда, Бұршақ тұқымдастар



Гүл формуласы

20

30

40

Жемістер

20

30

40

Тұқымдастар

20

30

40

2-жүргізуші:
Гүл формуласы:

20- *Т(5) К 5А ∞Ж ∞ бұл формула,қандай тұқымдастың гүлінің формуласы?

(Дұрыс жауабы:Раушангүлділер,итмұрын)

30-*Т(5) К(5) А 5Ж (2) бұл формула,қандай тұқымдастың гүлінің формуласы?

(Дұрыс жауабы:Алқа,қызанақ)

40-*Т(5) К 3+(2) А(9)+1 Ж 1 бұл формула, қандай тұқымдастың гүлінің формуласы?

(Дұрыс жауабы:Бұршақ)

1-жүргізуші:

Жемістер:

20- Шырынды жемістер нешеге бөлінеді,оларды ата?

(Дұрыс жауабы:3-ке,жидек,жидек тәрізді,сүйекті-шырынды)

30- Қызынақ,қарлыған,алқа,жүзім,қарақат,жемістері шырынды жемістің қай түріне жатады?

(Дұрыс жауабы:Жидек)

40-Бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген құрғақ жемістер қалай аталады.

(Дұрыс жауабы:Жинақталған жеміс)
2-жүргізуші:

Тұқымдастар:

20- Суретжұмбақты шешіп,тұқымдасын ата?( Дұрыс жауабы:Қызанақ)

30-Бейнесұрақ .Сұрақты жолдаушы:
(Дұрыс жауабы: )

40-Бейнесұрақ .Сұрақты жолдаушы:
(Дұрыс жауабы: )

1-жүргізуші:
4: бөлімі. Жеті жұрттың тілін біл. Әр дұрыс жауап (5 ұпайдан)
Ендігі кезеңіміздің атауын, Жеті жұрттың тілін біл атадық. Мұнда сіздер қазақша, орысша, ағылшынша тілде дұрыс сөйлеумен қатар, қатесіз жазуларыңыз тексеріледі, жазғандарыңызды тексеретін арнайы маман бар. Ендеше бастайық
2-жүргізуші:

1.Жемісі құрғақ – бұршаққын

Піскенде қабы қақырап

Тұқымдары шашылады



2-жүргізуші:Дұрыс жауабы:Қыша-горчица-mustard

1-жүргізуші:

2.Сырты қатты, іші қуыс, бөлек-бөлек

Ішін жарсаң көрерсің,толған дәнек

Адамға оның тағамдық пайдасы мол

Ғажабы жер астында өсіп-өнеді

2-жүргізуші:Дұрыс жауабы:Жержаңғақ-арахис-peanut

2-жүргізуші:

3.Тәті,


Тәтінің іші қатты,

Қаттының іші тәтті



2-жүргізуші:Дұрыс жауабы:Өрік—абрикос- apricot

1-жүргізуші:

4.Бұл бұтаның атауы

Біріккен сөзді құрайды

Бірінші сөз- жануар

Үйшік оның тұрағы

Екіншісін айтпаймын

Иіс сезіп тұрады

2-жүргізуші:Дұрыс жауабы:итмұрын-шиповник- briar

2-жүргізуші:

5. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің гүлдерінің құрылысы біртектес, көбінесе сыпырғы немесе шашақ гүлшоғырына жинақталған,гүлсерігі қосарланған,қосжынысты,дұрыс гүл. Бұл қай тұқымдастың белгісі?

2-жүргізуші:Дұрыс жауабы:Шаршыгүлділер -семейство крестоцветные –Crucíferae

1-жүргізуші:

6. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің жапырақтары жай,күрделі,қауырсын тәрізді күрделі, саусақ салалы күрделі болып келеді. Тұқымдасты ата?

2-жүргізуші:Дұрыс жауабы:Раушангүлділер тұқымдасы-семейство розоцветные Rosales

2-жүргізуші:

7. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің күлтесінің құрылысына қарай атауы әр түрлі: желкен,ескек,қайықша деп аталады. Тұқымдасты ата?



2-жүргізуші:Дұрыс жауабы:Бұршақ тұқымдасы-семейство бобовые-  Fabaceae

1-жүргізуші:

8. . Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталғандықтан,себетгүл деп аталады. Тұқымдасты ата?

2-жүргізуші:Дұрыс жауабы:Күрделігүлділер тұқымдасы - семейство сложноцветные- Compositae
1-жүргізуші:
Ендігі 5 тур - Ақтық мәре. Капитандар сайысы

Ең қиыны жарыстың “Капитандар сайысы” келді,


Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Капитандарға анықтамалар оқылады,анықтама дұрыс та,бұрыс та болуы мүмкін.Қойылған анықтама дұрыс деп есептесеңіз жасыл ,қате деп есептесеңіз қызыл белгіні көтересіздер. Қызыл ,жасыл карточкалар арқылы жауап береді. Әр дұрыс жауап 1 ұпай


10 сұрақтан қойылады.
Капитандардың 1-жұбын ортаға шақырайық!

1.Гүлдің ең ашық көрнекі алуан түсті бөлігі күлтежапырақша деп аталады ма?



1 ИА:күлтежапырақша

2.Күлтежапырақша мен тостағанжапырақшалардың жиынтығы гүлсерік деп аталмайды?



2 ЖОҚ: гүлсерік деп аталады;

3.Гүлдің аналық мүшесі көбеюге қатыспайды?



ЖОҚ:көбеюге қатысады

4.Бұршақ пен рапс бұл раушангүлділерге жататын өсімдік пе?



ЖОҚ:орамжапырақгүлділер

5.Аталық аналық гүлдер әр түрлі дараларда орналасқан бір үйлі өсімдік пе?



ЖОҚ:екі үйлі

6.Аналық аузын жоғары қарай шығаратын бөлігі аналық мойыны деп аталады



ИА: аналық мойны

7.Егер гүлде күлте де тостағанжапырақшалары да орналасса,сонда бұл гүлсерікті қос гүлсерік деп атайды



ИА: қос гүлсерік

8.Күлтежапырақшаларды қоршайтын жасыл жапырақтар тостағанжапырақшалар емес



ЖОҚ:тостағанжапырақшалар

9. Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің

1 000-ға жуық түрлер бар ма?



ЖОҚ:3000 –ға жуық

10.. Т2+2К4А2+4Ж(2) бұл формула жабайы шомырдікі ма?



ИА:. жабайы шомырдікі
2-жүргізуші:

Капитандардың 2-жұбын ортаға шақырайық!

1.Аталық аналық гүлдер әр түрлі дараларда орналасса бір үйлі өсімдік пе?

ЖОҚ:екі үйлі

2.Аналық аузын жоғары қарай шығаратын бөлігі аналық мойыны деп аталады ма?



ИА: аналық мойны

3. Гүл ол көбею мүшесі ма?



ИА: көбею мүшесі

4.Даражарнақтылар кіндік тамырлы өсімдік па?



Жоқ: шашақ тамырлы

5.Қосжарнақтылар көбінесе шашақ тамырлы өсімдік па ?



Жоқ: кіндік тамырлы.

6.Тұқымы жемісінің ішінде жетіледі бұл ашық тұқымдыларға тән қасиет пе?



ЖОҚ:жабық тұқымдыларға тән

7.Орамжапырақгүлділер бұларды кейде шаршыгүлділер деп те атайды ма?



ИА: шаршыгүлділер деп те атайды

8.Крестгүлділер қосжарнақты өсімдіктер емес пе?



ЖОҚ: қосжарнақты өсімдіктер

9.бұршаққын бұл крестгүлділердің жемісі ме?



ИА:крестгүлділер

10. Орамжапырақгүлділер гүлдерінің түсі жасыл кейде қара түсті болып келеді ме?



ЖОҚ:түсі ақ, сары, қызғылт, ақшыл көк түсті болып келеді

Артық

1.Орамжапырақ ,шомыр,шалғам бұл дәрілік өсімдіктер ма?



ЖОҚ:көкөністер

2. Т2+2К4А2+4Ж(2) бұл формула жабайы шомырдікі ма?



ИА:. жабайы шомырдікі

3. Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын 1 000-ға жуық түрлер бар ма?



ЖОҚ:3000 –ға жуық

4.Бұршақ пен рапс бұл раушангүлділерге жататын өсімдік пе?



ЖОҚ:орамжапырақгүлділер

5.Рапстан май алына ма?



ИА:майлы өсімдік

6.Тұқымы жемісінің ішінде жетіледі бұл ашық тұқымдыларға тән ерекшелік пе?



ЖОҚ:жабық тұқымдыларға тән

7.Орамжапырақгүлділер бұларды кейде шаршыгүлділер деп те атайды ма?



ИА: шаршыгүлділер деп те атайды

8.Аталық аналық гүлдер әр түрлі дараларда орналасқан бір үйлі өсімдік пе?



ЖОҚ:екі үйлі

9.Аналық аузын жоғары қарай шығаратын бөлігі аналық мойыны деп аталады ма?



ИА: аналық мойны

10.Егер гүлде күлте де тостағанжапырақшалары да орналасса,сонда бұл гүлсерікті қос гүлсерік деп атайды ма?



ИА: қос гүлсерік

2-жүргізуші:

Жеңімпаз командаларды марапаттау үшін,әділқазыларға сөз берейік!



1-жүргізуші:

Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз! Бүгінгі,сайысымыз осымен өз мәресіне жетті,келесі кездескенше (бірге ) КҮН ЖАҚСЫ!




Гүлді өсімдіктер әлемінде





ҚАТЫСУШЫЛАР:

1 бөлім

2 бөлім

3 бөлім

4 бөлім

5 бөлім

Қорытынды ұпай

1

6 «А» сыныбының командасы- Бұршақ тұқымдастар




















2

6 «Ә» сыныбының командасы- Алқа тұқымдастар




















3

6 «Б» сыныбының командасы- Шаршыгүлділер тұқымдасы




















4

6 «В» сыныбының командасы- Раушангүлділер тұқымдасы




















Гүлді өсімдіктер әлемінде





ҚАТЫСУШЫЛАР:

1 бөлім

2 бөлім

3 бөлім

4 бөлім

5 бөлім

Қорытынды ұпай

1

6 «А» сыныбының командасы- Бұршақ тұқымдастар




















2

6 «Ә» сыныбының командасы- Алқа тұқымдастар




















3

6 «Б» сыныбының командасы- Шаршыгүлділер тұқымдасы




















4

6 «В» сыныбының командасы- Раушангүлділер тұқымдасы





















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет