Гүлжиһан Нұрышева Философия (лекциялар курсы)



бет3/5
Дата28.01.2018
өлшемі3,62 Mb.
#35609
1   2   3   4   5

- Николай Коперник (1473-1543) - поляк астрономы және философ Өркендеу дәуірінде астрономия жақсы дамыды; оның себебі теңіз сал сының дамуы еді. Астрономия ғылымын тереңдеп зерттеген Коперникт басты еңбегі: "Аспан сфераларының айналуы". Негізгі идеясы: Аристель-Птолемей теориясын терістеу немесе дүниенің гелиоцентрист жүйесін ашу:

1) Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы емес, ол өзінің өсімен ай-наладық

2) Дүниенің ортасы - Күн, Жер осы Күнді айналады;

3) Ай Жердің серігі.

Коперник ашқан жаңалықтар дүниенің жаңа бейнесін қалыптастыру деген талпыныс еді:,

"Дүние шексіз, ол жер субстанциясы және аспан субстанциясы болып бөлінбейді, яғни, жер мен аспанды теологиялық қарама-қарсы қою деген жоқ

"Жер аспан денелерінің біреуі ғана, қозғалыс заңдылықтары Жер үші де, басқа планеталар үшін де бірдей. Қозғалыс планеталардың бәріні қалыпты жағдайы".

"Денелер өздігінен қозғалады, қозғалмайтын Күш беруші деген жоқ'

"Құдай әлемдік механизмді жаратушы, бірақ оның кейінгі ісіне ара- ласпайды".

"Дүниенің абсолюттік шегі де жоқ".

Коперниктің осындай революциялық жаңалықтары Джордано Брун жалғастырды (1548-1600). Оның философиясының басты категориясы Unо, Біртұтас, Жеке. Unо - болмыстың космостық иерархиясының жоғарғы басқышы емес, ол болмыстың себебі және заттар болмысының Бруноның түсінігі бойынша, әлем біртұтас, шексіз, қозғалыссыз. Әле жаратылған емес, ол мәңгілік өмір сүреді және жойылып кете алмайды жойылмайды. Онда өзгеріс пен қозғалыс үздіксіз жүреді, бірақ оның ~ қозғалмайды, себебі, өзін өзі толығымен толтырады. Біртұтаста минимум мен максимум, құдай мен табиғат сәйкес. Қарама-қарсылықтар мен заттардың көптүрлілігінде үзіліссіз қозғалыс жүреді, ол заттардың үне өзгеруіне әкеледі. Бруно Әлем дегеніміз Құдай, ол шексіз, дүниенің ортас Күн емес, Күндер көп, олар планеталармен бірге өз орбиталарымен жүріп отырады дейді. Осы шексіз, ішкі күштерді

60

отырады дейді. Осы шексіз, ішкі күштерді қозғалысқа түсіріп отыратын универсум ғана жалғыз. Ол жеке заттардан түрады, олар пайда болмайды және жоғалмайды, бір-біріне бөлінеді және бір-бірімен бірігеді. Бруноның дуниедегі барлық нөрселердің жаны бар деп есептейді.



Оның пайымдауынша, адам универсум қозғалысының зандарын зерт-теп, оларға сай омір сүруге тырысса, Қүдайдың талаптарын қанағаттандыру үшін сол жеткілікті. Табиғи зандарды танып-білу адамгершіліктік іс. Бруно адамның ақыл-ойына шексіз сенеді, сезімдік танымды төмен бағалайды, себебі шексіздік ақыл-ойдың объектісі ғана, ол сезімнің объектісі бола алмайды. Бруноның кағидалары:

"Сенім жабайы, дорекі халықтарды басқару үшін қажет".

"Философиялық дәлелдер қарапайым халықтарға емес, біздің пайым-дауларымызды түсінуге қабілетті дана адамдарға арналған".

Галилео Галилей (1564-1642) – итальяңдық Ренессанстың дамуын аяқтаушы. Оның ғылымижызметін екі бағытқа болуге болады:

1) механика принциптерін, денелердің қозғалысын зерттейтін ғылымды - динамиканы дамытты. Денелердің еркін қүлауы заңы, жылдамдық пен үдеу туралы түсініктер табиғаттың таза, физикалық, объективті заңы туралы үғымды қалыптастырды

2) астрономия саласындағы ғылыми ізденістері - айдың бетін зерттеді, күннің бетінен дақтар тауып, Венераның фазаларын, Юпитердің серіктерін, Сатурнның айналасындағы жарық құбылыстарын анықтады.

Галилейдіц бұл ізденістері аспан дүниесі туралы схоластикалық түсініктерге қатты соққы болды, олар аспанды эфирден түратын тылсым дүние деп түсіндіріп келген болатын. Енді оның бәрі теріске шықты. Күннің бетіндегі дақтар Бруноның гелиоцентристік идеясын, Күннің оз осін айналатынын, жұлдыздар шоғы Әлемдегі шексіз дүниенің растығын дәлелдеді. Бұл жаңалықтарды қоштаушылар да, оларға қарсы шығушылар да, әрине, мол болды. Галилейдің механикалық заңдары Коперниктің теориясын ғылыми түрде негіздеді. Шіркеудің өте-мөте қарсы шыққаны осы еді. Коперниктің еңбектеріне тиым салынып, Галилей ескерту адды, бірақ ізденістерін жалғастыра берді.

Қайта Өркендеу Дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия Ағылшын гуманисі Томас Мор (1478-1535) - Эразм Роттердамскийдің Досы, әйгілі "Утопия" еңбегінің авторьі. Латын тілін жақсы меңгерген, заң мектептерінде білім алып, мүғалімдік және адвокаттық қызметтер атқарған. Еңбегін бағалаған қоғамдастары оны парламент палатасына сайлады. Батыл саяси көзқарастары үшін 1535-жылдың 6-шілдесінде жазаға тартыл-Ды (басы кесілді).

61

Мордың "Утопия" еңбегі мемлекеттің ең жақсы құрылымы туралы пайымдауға арналған. Утопия деген термин грек тілінен алынған, "жер бетінде жоқ жер" дегенді білдіреді. "Утопияның" бірінші бөлімінде Мор Англиядағы капитал қорының қалыптасуының алғашқы кезеңдерін су реттейді: қоғам мүшелерінің барлық мүшелері баюды ғана көздейді жәні мемлекет атын жамылып, өз құлқынының қамын ойлайтын байлар мем- лекеттің сорына айналады.



Кітаптың екінші бөлімінде осындай мемлекетке қарама-қарсы мемлекет туралы баяндалады, Бұл бөлімнің мазмұнынан Інжілдің, Платонның "Мемлекет" еңбегінің, Эразм Роттердамскийдің христиандық гуманизмінің әсері сезіледі.

Қоғамдық өмір - Мор индивидуализмге қарсы, жеке меншік болмауы тиіс, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың бәрі тең.

Мемлекет басшысы - терең ойлы философ, кіршіксіз таза адам болуы қажет, "Жақсы нәрсе де, жаман нәрсе де басшыдан тарайды". Осындай адам - қиялдағы аралды жаулап алып, өз Утопиясын құрған Утоп. Қоғамда ақша жоқ, алтын тек қажетсіз нәрселерді жасауға ғана басқа елдермен қарым-қатынаста және соғыста қолданылады.

Ой еңбегі мен дене еңбегі. Мор дене еңбегін" жоғары бағалайды, ол адамдардың бәрі үшін міндетті, ауыл шаруашылығы еңбегіне қоғамның әрбір мүшесі кемінде екі жылын арнауы тиіс, себебі еңбек өмірлік қажеттілік қана емес, моральдық қажеттілік. Ол алты сағатқа созылатын еркін еңбек. Ой еңбегі Платондағыдай дәріптелмейді, бірақ онымен айналысатын ең дарынды адамдар. Утопиялықтар еңбектен шаршап, зорықпайды, қолдары босағанда өздерін рухани дамытады.

Дін. Утоп дінді Христос дүниеге келерден 144 жыл бұрын тағайындады. Мор жалғыз Жаратушы Құдай бар, жан мәңгілік деп тұжырымдайды.' Сонымен қатар, әр түрлі наным- сенім болуы мүмкін, адамдар бір-бірінінің сенімін, атеистерді де сыйлауы керек деп есептейді. Дінді сақтаушы - сай-ланатын дінбасылар, олар өте таза, адамгершілікті интеллектуалдылықтан да жоғары қояды.

Томмазо Кампанелла (1568-1639) - философия, жаратылыстану мәсе-лелерін әлеуметтік мәселелермен байланыстыра білген, Испания монар-хиясына қарсы күрескен, сол үшін 30 жылдай түрмеде отырған монах. Басты еңбегі - "Күн қаласы".

Кампанелла гипозоизм (барлық нәрсенің жаны бар) идеясын универ- сумға қолданады: "Әлем - үлкен тірі мақұлық, біз оның ішінде құрттар секілді өмір сүреміз, теңіз - жердің тері".



"Күн қаласы" еңбегінде қоғамды қалай өзгерту туралы ойларын ба- яндайды. Тапробану аралындағы (шамамен Цейлон, қазіргі Шри Ланка)

62

бакытты қоғам туралы Генуя теңізшісі әңгімелейді. Бүл аралда адамдар қоғамдастыққа бірігіп, Құдайға емес, адамның ақыл-ойына бағынатын мемлекет құрады. Мұнда жеке меншік жоқ, еңбек жақсы ұйымдастырылған, адамдар төрт сағат қана жұмыс жасайды, бай, кедей болып бөлінбейді.



Мемлекетті басқарушы - Платонның мемлекетіндегідей аристократия, бірақ философтар емес, маман аристократтар, қабілетті болып жаратылған. туғаннан жолы болғыш адамдар. Олардың ең ақылдысы - Метафикик. немесе, Күн деп аталады. Ол мемлекет басшысы, барлық ғылымдардан жан-жақты хабардар. Оның үш көмекшісі бар: Күш-Куат - әскери істерді, Даналық - ғылымдарды басқарады, Махаббат - тамақ, бала тәрбиелеумен айналысады. Олардың да көмекшілері бар (Грамматика, Логика, физика, Саясат, Этика, Экономика, Астролог, Астроном, т.б.) Елді басқару ісімен қырық адам айналысады, бірақ айына екі рет халық жиналысында басшылар ауыстырылып отырады, олардың өздері де талантты адамдарға өз орындарын босатуы тиіс. Басшылық әділ жүзеге асырылуы тиіс, ағайыншылық деген болмау керек. Балалар жеті жасынан бастап ғылымдарды зерттей бастайды және ой еңбегін дене еңбегімен ұштастырады. Дін философияға, білімге тәуелді, ең басты дінбасы - Метафизик.

Никколо Макиавелли (1469-1527) - Флорентия республикасындағы кедей заңгердің отбасында дүниеге келгендіктен университеттік білім алуға мүмкіндігі болмаса да, латын тілін игеріп, ежелгі классиктердің еңбектерін жақсы игерді, жас кезінен бастап саясат және мемлекет мәселелеріне ден қоя бастады. Республика Үкіметінде қызмет атқарып, сая-сатқа белсене араласқан Макиавелли 1512 жылы республика құлаған соң қуғындалды, оның өз елі Италияны көркейтпек болған жоспарлары жүзеге аспады. Саяси қызметтен аластатылған жылдары жазған еңбектері оның есімін адамзат тарихында қалдырды, олардың арасындағы ең белгілісі -"Билеуші" ("Государь"). Бұл еңбек сол кездегі реалды әлеуметтік қажеттіліктен туындады, мемлекет проблемасы Макиавелли үшін академиялық, жәй ғана қызықты мәселе емес, ұлттық феномен, антикалық философтар қарастырған мінсіз мемлекет теориясын жалғастыруға талпыныс еді. Оның ойынша, адамдар табиғатынан қатігез. алдауға бейім, мансапқор, мемлекет олардың осы жаман қасиеттерін шектеп, тәртіп орнату үшін қажет. Мемлекет басшысы меншік иелерінің өкілі болуы керек. Мемлекетте өмір сүруші адамдар қабылданған ережелерге саналы түрде бағынғанда ғана қоғамда заңдылық болмақ. Көп нәрсе басшы-билеушіге байланысты деп түсінген Макиавелли мемлекет қайраткері ұстауға принциптерді талдайды. Ең бастысы, билеуші реалды саяси өмір талаптарын ескере отырып басқаруы тиіс, бар күші мен құралдарын басты мақсатқа -біртұтас, қуатты мемлекет құруға жұмсауы қажет. Осы мақсат дана билеушінің өмірінің мәні

63

болуға лайық, себебі, мемлекет адам рухының жоғарғы жетістіктерінің бірі. Бұл мақсатқа жету үшін құралдың кез-келп түрін пайдалануға болады, әйтпесе ол биліктен айырылады, қарсыластырынан жеңіледі. Макиавеллидің әйгілі "Мақсат құралдарды ақтайды ("Цель оправдывает средства") қағидасы осылайша пайда болды.



Қайта Өркендеу Дәуірі философиясы туралы қорыта айтсақ бұл кезең - адам еркіндігін, жасампаздығын, шығармашылық қуатын. табиғатпен бірлігін жырлаған, дүниенің құрылымы, қоғам мен адамның мәні туралы жаңа ғылыми түсінік-идеялар, болжам-үлгілер ұсынылғаг адамзат ойының табысты кезеңі.

7-ТАҚЫРЫП

ЖАҢА ДӘУІР ФИЛОСОФИЯСЫ

(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)

1. Жаңа Дәуір философиясының жалпы сипаттамасы.

2. Жаңа Дәуір философиясындагы рационалистік және эмпиристік багыттар. Ф.Бжон, Р.Декарт, Б.Спиноза.

3. Дж.Локк пен Т.Гоббстың ачеуметтік-философиячық концепциялары.

4. Дж. Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы.

Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқын-мен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді жән өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсту

Капиталистік өндірістәсілі ғылымғадеген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсатетіп қойған европалық мем-лекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді. Ғылымдар академиясы да осы кезеңде пайда бола бастады.(Жаңа Дәуірде тәжірибе мен эксперименттерге негізделген ғылымдар, әсіресе математика, алгебра, аналитикалық геометрия, механика күшті қарқынмен дамыды, бұл фактор шіркеудің рөлін төмендетіп, атеизмнің терең тамыр жаюына әкелді.

Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бұзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бір қоғамдық өмірде оның секуляризациясы, шіркеуден тәуелсіздік, діни

64

шыдамдылық (веротерпимость) үшін күрес молырақ орын алды, әрбір адамның діни таңдау еркіндігі үшін күрес үнемі жүріп отырды.



Осы кезенде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан - ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан - философиялық шығармаларда дінн-теологиялык мазмұн әлі де болса мол бол ды. Дегенмен де философия ғылымға көбірек бет бүра бастады;

Бұл ерекшелік ағылшын философы Фрэнсис Бэконның (1561-1626) философиясынан анық байқалады. Дворяндар отбасындатуып, Кембридж университетін бітірген Бэкон дипломатиялық қызметпен де айналысты, парламент мүшесі, танымал адвокат, шешен, белгілі жазушы ретінде де танылды. Негізгі еңбектері: "Жаңа Органон", "Тәжірибелер немесе адам-гершіліктік және саяси қағидалар", "Жаңа Атлантида", т.б.

Бэкон философия ғылымының практикалық функциясына ерекше көңіл бөледі. Оның ойынша. философия ғылыми білімдердің көмегі арқылы адамға табиғатты игеруге көмектесуі қажет. Әйгілі "Білім - күщ" (Знание - сила) деген қағиданың авторы Бэкон еді. Ғылымдарды да Бэкон адамға пайдалылығына байланысты классификациялайды.

Оның пікірінше, философияның негізгі зерттеу объектілері - құдай. табиғат және адам. Бэкон философияны табиғи философия деп түсінеді, оның өзін теориялық және практикалық деп бөледі. Біріншісітабиғат құбылыс-тарының себептерін түсіндірсе, екіншісі теориялық жаңалықтарды пайда-лана отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады. Табиғи философияны Бэкон физика және метафизика деп жіктейді, оның негізінде - Аристотельдің себептілік ілімі. Себептер материалдық және іс жүзіндегі, формальдік және мақсаттық болып белінеді. Алғашқы екеуі тәжірибелік зерттеуде нақты көрінеді, себебі олар табиғатта болып жатқан нәрселердің жақын себептері, оларды зерттеу - физиканың міндеті. Бірақ бұл жеткіліксіз, формальдік себептер олардан тереңдеу, оларды талдайтын - метафизика.

Философияның соңғы бөлімі - адам туралы ілім. Адам индивид ретінде антропологияның, қоғам мүшесі ретінде азаматтық философияның немесе саясаттың пәні.Адам табиғатты өзіне бағындырып, адам патшалығын орнатуы қажет. Бұл істе оған көмектесетін практикалық философия, объективтік акиқаттарды танып-білу тосілі, бұл тәсіл."Жаңа Органонда" баяндалады. Бэконның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізіп отыруы қажет. Бэкон осылайша рационализмді сынап, эмпиризмді қолдайды. Оның ойынша, адамның ақыл-ойына, санасына қателіктер тән, олар ақыл-ойдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идоя­дар, елестер, ескіліктің

65

қалдықтары деп атайды. Оның пікірінше, кейбір идолдар адамға туа біткеннен тән, кейбіреуі адам танымының тарихи даму процесінде, ал енді біреулері адамның жеке дамуының кезендерін де пайда болады. Бұл елестер адамнан қалмай қуалап, олардың бойынд. алдамшы идеялар туғызады, табиғаттың нақты бейнесін көмескілеп, адамға табигаттың тереңіне бойлауға бөгет болады. Олар:



1) Адамның табигатына, тегіне, ақыл-ойына да, сезімдеріне де тән елес-идолдар. Адамның ақыл-ойының да, сезімдерінің де кемшіліктері көп. Бірақ адам оны ескере бермейді, не ақылына, не сезіміне көбірек жүгінеді. Мысалы, ғылыми фактілерді толық жинап болмай жатып, теориялық асығыс қорытынды жасайды, немесе дәлелденбеген нәрсеге көбірек сенеді. Бэкон теорияны эксперимент тәсілі арқылы тексеру бұл идолдан құтылуға себеп деп көрсетеді, ақылдың қанатына таразы тас іліп қойса, ақыл жерге, фактілерге жақындай болады дейді.

2) Үңгір идолдары - адамның физиологиясы мен психикасының, тәрбиесінің ерекшеліктері, жеке наным-сенімдері мен ырымдары құбы-лыстарды объективті түрде қабылдауға кедергі жасайды. Оны түзететін ұжымдық тәжірибе.

3) Алаң идолдары - адамдардың тіл арқылы араласуынан туындайтын идолдар. Жаман сөздерді қолдану адамның санасын, ойлау логикасын бұзады. Адамдардың көпшілігі оның зиянын ескере бермейді. Бэкон бұл жерде қарапайым сананы сынайды. Сөздерді қолдана отырып, олардың артында нақты заттар тұрғанын, нағыз объективтілік тек соларға тән екенін ұмытпаған жөн дейді (номинализм бағытын жалғастырады).

4) Театр идолы - жалпы қабылданған, көнеден келе жатқан философиялық доктриналарға, мектептер мен жүйелерге, олардың беделіне деген соқыр сенім "философиялықтеатрларды" туындатады. Мысалы, дінге деген шектен тыс сенім. Оны жеңу мақсатымен Бэкон "екі ақиқат" теори-ясын ұсынады. Философия ақыл-ойға жүгініп, ол әлсіздік танытқанда теологияға да арқа сүйесе, артық болмайды. Бірақ олар бір-бірінің ісіне араласпауы қажет. "Ақиқат беделдің емес, уақыттың туындысы".

Ф. Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фак-тілерден біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті-силлогистік пай-ымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу (бал арасы секілді), жаңа қорытынды-тұжырымдарға қол жеткізу. Ал ол бақылау (наблюдение) процесінде емес, эксперимент процесінде ғана мүмкін.

Рене Декарт (1596-1650) - француз дворянының отбасында туып, иезу-иттердің Ла-Флеш коллегиясында физика, математика, арифметика, ме-

66

ханика, музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қызықпаған де-карт (Картезий) алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогонияны, және, әрине, философияны талдады. Белгілі еңбектері: "Бірінші философия туралы пайымдаулар". "Фи-лософияның алғашқы бастаулары", "Метод туралы ойлар".



-философия ағаш секілді, оның тамыры - метафизика, діңгегі - физика, діңгектен тарайтын бұтақтары - үш басты ғылымның, медицина, механика және этиканың төңірегінде топталатын ғылымдар. Жемістерді тамырдан бастап жинамайтынынымыз секілді, философияның пайдалылығы да оны құрастыратын бөліктерге байланысты" деп. Декарт барлық ғылымдардың бірлігін, тұтастығын атап көрсетеді. Бэкон секілді, Декарт та шығармаларын қоғамның тандаулы топтарына ғана емес, қарапайым адамдарына да түсінікті тілде жазуға тырысты, оларға демократиялық сипат беруге ұмтылды. Екіншіден, өзінің ағылшын әріптесі сияқты, Де-карт та әлеуметтік реформаларды қолдамады, діни және қоғамдық тәртіпті өзгертуге қарсы болды.

Ерекшеліктері:

Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі мате-матикалық ойлау тәсілінен жақсы көрінеді. Өзінің математикалық ізден-істерінің негізінде Р.Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізгі себеп -адамдар ғылым және өнер саласында ақиқат ұғымдарды емес, болжамды көбірек қолданады, сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану керек. Декарт төрт ережені тұжырымдайды:

1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымы буідіреді. Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуальдік сәуле деп түсінеді.

2) Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше қарапайым элементтерге бөліп қарастырсақ, қиыңдықтарды шешу, белгілі бір шешімге келу жеңілдейді.

3) Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным процесі қарапайымнан күрделіге қарай жүреді.

4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай шолу жасап отыру қажет - энумерация.

67

Декарттың рационализмінің негізі - күмән. Күмәнданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді, тіршілік етеді. "Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін" (Я мыслю. следовательно я существую. Соgіtо егgо sит). Декарттың пікірінше, біз анық қабылдайтыні нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылыи қабылданады.



Барух Спиноза (1632-1677) Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, өуелі сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бұрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін терендеп зерттеу ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі - "Этика".

Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік принциптерініңтабиғи сипатын ерекше атап кәрсетеді. Бірақ оның философиясында құдай - табиғаттың өзі. Ол субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ештеңе жоқ, адамдардың құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғат. Спиноза адамгершіліктік ережелердің құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз.

Ең бастысы - Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей (мемлекет және басқа адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебіоның табиғаты ізгілікті.Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адамгершілік ережелерін ту-ындатады. Спиноза сезімді парасаттан төмен қойып, адамгершілікті ақыл-оймен байланысты қарастырады. Ақыл-ой белсенді, оның күші танымның дамуы процесінде өсе түседі. Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа адамдармен тамаша қарым-қатынас орната алады, яғни ақыл-ойдың көмегімен рахатқа бөленеді. Осыдан Спинозаның мемлекет туралы пікірі туындайды, ол мемлекеттің мақсаты - адамның еркіндігін қамтамасыз ету деп тұжырымдайды.

Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында да еркін болуға шақырады. Тіпті өлімнен де қорықпау керек, себебі мәңгілік ештеңе жоқ. Сондықтан да еркін адам өлім туралы мейлінше аз ойлайды, өлім туралы күні-түні қайғырып, мұңға бату - құлдықтың бір түрі. Спиноза адамдарды өз бақытсыздықтарына салыстырмалы түрде қарауға шақырады (біз "философиялық" деп атап жүрген көзқарас). Өмірде бәрі де өтпелі, қазіргі сәтсіздік - себептіліктің бір звеносы, әлем деңгейінде ол болмашы ғана

68

нәрсе. Бір қарағанда үстіртіндеу болғанымен, Спинозаның бүл философиясы өмір туралы ойланған адамның жан жарасын жеңілдетуге біршама пайдалы. Ол адамды тәуелсіз, еркін, ешкімге де, ештеңеге де жалтақтамай өмір сүруге үйретеді және дүниедегі құбылыстардың, адам өміріндегі проблемалардың бәрі де уақытша, өтпелі екендігін дәлелдейді. Өмірден жиі түнілетін қазіргі заман адамына Спиноза философиясы аса пайдалы.



Томас Гоббс (1588-1679) - кәрнекті ағылшын философы, Оксфорд университетінде Аристотельдің логикасы мен физикасын оқыды. Негізінен адам мәселесін, оның әлеуметтік-құқықтық статусын зерттеді. Еңбектері: -Левиафан немесе Материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттің формасы мен билігі", " Азамат туралы", " Дене туралы", "Адам туралы".

Гоббс философия мен теологияны беліп қарастырады, Бэконның "екі ақиқат " теориясын тереңдете түсіп философияны жогары қояды, "фи-лософия - танушы ақыл-ойдың рациональдік іс-әрекеттерінің жүйесі. Ол, бір жағынан, белгілі себептерден әрекеттер мен құбылыстарға қарай, екінші жағынан, құбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылымға тең философия". - дейді

Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды. Гоббс үшін теология рациональдік анализді қажет етпейтін құдайы білім, оны сол күйінде тұтас жұтқан дұрыс. Гоббстың бұл пікірлерінің негізгі себебі - оның философиясының басты мәселесі адам мәселесі болғандығында. Оның пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат адамдарды қай жағынан болсын тең етіп жаратады. Бірақ Гоббс әрбір адамға тән табиғи қасиет эгоизмді шек-тен тыс әсірелейді. Ол адамды өзін ғана ойлайтын, езінің сезімдеріне әлі келмейтін мақұлық ретінде сипаттайды. Гоббстың пікірінше, "адам адамга қасқыр ", адамдар күш пен ақыл жағынан тең болғанымен, әркім өзін басқалардан күштірекпін деп ойлайды, теңдіктен өзара сенімсіздік туындайды. Табиғи тендік үміт теңдігін туғызады да, екі адам бір мақсатқа бірдей ұмтылып, мақсатқа жету жолында бірі басқасын құрбан етуге немесе бағындыруға тырысады, сол себепті адамдар бір-бірімен үнемі соғыс жағдайында болады.

Гоббстың ойынша, адам физикалық қана емес, моральдық, рухани дене, жасанды көптеген денелерді жасаушы, мәдениет өркениетін қалыптастыру-шы. Осы жасанды денелердің арасындағы маңыздысы және күрделісі - мемлекет. Ол туралы ілімді Гоббс өзінің маңызды доктринасы деп түсінді және моральдық немесе азаматтық философия деп атады. Оның түсінігінше, мемлекет эгоистік табиғатқа ие адамдарды уысында ұстайтын, қогамдық келісімге негізделген билік. Мұндай билік болмаса, адамдар қоғамдағы өмірлеріне еш қанағаттанбайды, керісінше, күйзеліс сезіміне толы болады

69

дей отырып, Гоббс тап осындай күйді адамдар өзі күші мен қулығынан өзге басқа кепілдігі болмаған кезде бастарынан кешетіндігін айтады. Оның ойынша, адамдарды қоғамға біріктіретін күш тек қана өзара күрес, үздіксіз соғыс қаупі, қоғамның бейбіт келісімге келу қажеттілігі. Гоббс адамгершілік ұғымдары мен ережелерінің жалпылық сипатын жоққа шығарады, олардың мазмұны адам өмір сүріп отырған ортаға, уақытқа байланысты. Басқа адам саған ізгі ниет көрсетіп, жақсылығыңа жақсылықпен жауап берсе ғана адамгершілік ержелерін ұстан. Сенің жақсы істеріңе керісінше іс істеген адамға ізгіліктік көрсету - Гоббстың пікірінше, ақылға сыймайды. Ол адамды өз ақылына сенуге үйретеді, себебі қоғамдық парасатқа сенім жоқ, қоғамдық адамгершілікті биліктің көмегімен қорқыту арқылы ғана қалыптастыруға болады. Мемлекетте де табиғаттағы сияқты күш үстемдік етеді, одан заң туындайды. Мемлекет адамның өмірі мен мүлкін қорғайды, бірақ адамдар оған бағынышты болып, оның үстемдігін мойындауы қажет, сонда ғана бейбіт өмір орнайды, яғни билік пен ақиқат күштінің қолында және мемлекеттік билік шексіз болуы тиіс.



'7Жаңа Дәуір философиясының тағы бір өкілі Джон Локк (1632-1704) Оксфорд университетінің түлегі, осы университетте грек тілі мен рито-рикадан сабақ берген. Адам ауруларын тереңірек зерттеу мақсатымен медицинамен, кейінірек саясатпен айналысты, үкіметтің басқарушы қыз-меттеріндеде болды, эмиграциядада өмір сүрді. Негізгі еңбектері: "Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе", "Ақыл-ойды басқару туралы", "Басқару туралы екі трактат"

Локк эмпиризмді - білім тәжірибеден ғана туындайды деген көзқарасты ұстанды. Оның білім концепциясы сенсуализмге негізделген, ақыл-ойда әуелі сезімде болған нәрседен басқа ештеңе болуы мүмкін емес деп тұжырымдайды. Локктың пікірінше, адамгершіліктік ұғымдар да адамға туа біткен қасиеттер емес, оны Локк моральдық түсініктердің әр халықта әр түрлі, тіпті бір халықтың өзінде тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде моральдық ережелердің бір-біріне ұқсамайтындығы арқылы жақсы дәлел-дейді, яғни моральдық априори болуы мүмкін емес.

Локк құдай идеясының әуелден қалыптасқан идея екендігін де жоққа шығарады, бірақ оны тәжірибе арқылы танып-білуге, мойындауға болады деп пайымдайды.

Адам жаны, Локктың ойынша, дүниеге келгенде таза қағаз, оны өмір әр түрлі жазулармен толтырады, осы өмірлік тәжірибені Локк сыртқы тәжірибе деп атайды (адамнан тыс заттар мен жағдайлардың әсері). Бірақ Локк адамның ішкі дүниесін де жоғары бағалайды, оны ішкі сезім немесе пайымдау деп атайды. Тәжірибенің осы екі түрі біздің идеяларымыз-

70

қайдан пайда болатынын түсіндіреді. Сыртқы тәжірибе идеяларын біз көз, есту, сезіну және тағы басқа сезім органдары арқылы, ал ішкі тәжірибе идеяларын қуаныш, қайғы, мақтан, тағы басқа психикалық жадайларымыз арқылы аламыз.



-Локк сыртқы, практикалық тәжірибенің рөлін жоғары бағалайды, прак-тика ғана ақылымызды да, денемізді де жетілдіреді, тәрбиелеудің табысты-лығы ішкі және сыртқы тәжірибенің үйлесімділігін көрсетеді дейді. Локктың бұл ойлары оның қоғамдық-саяси көзқарастарынан да жақсы байқалады.

Локк Оксфорд университетінде грек тілі мен риторикадан сабақ берді деген болатынбыз. Менің ойымша, грек философиясының адамның, тұтас халықтың еркіндігі мен құқы туралы идеялары оның мемлекет туралы ойларына да ерекше әсер етті. Адамдардың бәрін ол еркін, тең, тәуелсіз, өмірге, еркіндікке, меншікке құқы бардеп қарастырды. Жеке меншік пен еңбекті ол адамның табиғи. ажырамас атрибуттары деп түсінеді, оларды қанағаттандырмаса, өмір де жоқ деп ұғынады. Құдай адамға бүкіл табиғатты берді, бірақ ол жеке меншік болғанда ғана пайда әкелмек, ол еңбек арқылы келеді. Адам еркіндігі, Локктың ойынша, оның азаматтық жағдайында, мемлекетте де сақталуы керек, яғни жогаргы билік шексіз болмауы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда Локк Гоббсқа қарсы. Локк конституциялық үкімет халықтың суверенитеті негізінде құрылуы керек және мұндай үкімет қоғам мүшелерінің бәріне тең қүқық пен еркіндікті қамтамасыз етуі қажет деп тұжырымдады. Оның ойынша, мемлекеттің функциясы ең қажетті нәрселермен шектелуі тиіс, келісімнің негізінде пайда болған мемлекет табиғи құқықты қатаң сақтауы керек. Локк үкімет билігін бөлуді ұсынды: жоғарғы билік тәуелсіз, бірақ бір-бірімен байланысты үш институттан тұрады, заң билігі - парламентте, атқарушы билік - сот пен армия, федеративтік - корөл мен министрліктерде. Конституциялық монархияның бұл концепциясы буржуазия мен дворяңдар арасында компромисс орнатуға ықпал етті, сондықтан Локкты Англияда либерализмді орнатушылардың бірі десе болады. Локктың пікірінше, қоғамға діни шыдамдылық қажет, бірақ атеизмге жол жоқ, себебі дінсіз қоғам болмақ емес

• Джордж Беркли (1685-1753) - ағылшындық субъективист философ, ерекше тәсілмен жазған ойшыл. Негізгі еңбектерін ол 28 жасына дейін жазып бітіргенін де атап өткен жөн. Беркли Локктың сезімдік білім алғашқы және екінші сапаға ие, бірінші немесе алғашқы сапалар заттардың бойында реалды түрде бар, ал екінші сапалар - түс, иіс, дөм субьектіге ғана тән деген көзқарасын сынады. Оның ойынша, біз дүниені сезім мүшелері арқылы ғана қабылдаймыз сондықтан сапалардың объективтілігін, біздің санамыздан тыс тұратынын біле алмаймыз. Беркли заттар біздің сезім мүшелерімізге әсер етеді, бірақ біз заттардың нағыз мәнін

71

көре алмаймыз, ал сапа-қасиеттердің өзі салыстырмалы ғана дейді. Мысалы, адамның бір қолы салқын, екіншісі - жылы болса, қолдарын жылы суға салған адамның суды сезінуі де екі түрлі болады. Яғни, Берклидің пікірінше, қабылдау субъектінің жагдай-күйіне тікелей байланысты. Бірақ ол бұл түсінікті абсолюттік дәрежеге дейін жеткізеді, материяның болмысы қабылдануға тәуелді деген пікірді дәлелдемек болады. Мысалы, бір затты адам қабылдамаса, ол зат өмір сүруін тоқтатқаны ма? Оған Беркли басқа адамдар немесе басқа тірі нәрселер қабылдайды, ең ақырын-да, мәңгілік қабылдаушы субъект Құдай қабылдайды деп жауап береді. Беркли осылайша заттың өзіне тән объективті сапасын жоққа шығарып, өмір сүретін субъективтік "Мен'*, одан басқа нәрсе жоқ деп пайымдайды.



Давид Юм (1711-1776) - ағылшын философы, Локк пен Берклидің философиясын дамытушы. Адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелерінің көмегімен, түйсіктерінің жиынтығы арқылы таниды деп мойындағанымен, материалдық дүниенің реалды өмір сүретіндігіне күмән келтіреді. Оның пікірінше, адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен басқа білім бере алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды. Юм ойынша, тәжірибе дегеніміз "әсерлер" ағыны, оның себептері түсініксіз және тәжірибені логикалық жолмен дәлелдеу мүмкін емес, сондықтан тәжірибелік білім дұрыс бола алмайды. Юм осылайша себеп-салдарлық байланысқа қарсы шығады, себептіліктің объективтік сипатын тану мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Бірақ, оның ойынша, субъективтік себептілік бар, ол сезімдік әсерлердің йдеяларды туғызуы. Мысалы, адамдар Күннің күн сайын шығатынына сенімді. Бүл сенімнің негізі -осы құбылыстың күнделікті қайталанатыны. Яғни, адамдардың практикалық сенімінің бастауы теориялық білім емес, қалыптасқан дағды-сенім. Осылайша Юм біржакты эмпиризмі, оны рационализмнен бөліп қарауы дүниені танып-білуге болмайды деген агностицизмге әкеліп соқты.

Жаңа Дәуір философиясы туралы ойымызды қорытсақ, бұл кезеңдегі философия эксперименталдық ғылымдармен тығыз баііланысты дамып, таным мәселелеріне басты назар аударган, әлеуметтік дамудың жаңа жолдарын іздеуге талпынган, қогамдық келісім үлгілерін ұсынган, рухани маңызы күшті философия болды.

72

8- ТАҚЫРЫП

НЕМІС КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)



1. Классикалық ұгымы. Неміс классикалыц философиясының пайда болуының әлеуметтік-мәдени шарттары, ерекшеліктері.

2. И.Кант - классикалық неміс философиясының негізін салушы. И.Канттың гносеологиясы мен этикасы.

3. Г.В. Гегель философиясының негізгі ұғымдары. Философиялық сөздікте классика деген ұғымға - сlаssіcus (латынша) -

тыныштыққа, салмақтылыққа, реттілікке, айқындыққа, үйлесілімділіккё үмтылу; үлттық және әлемдік мәдениет үшін баға жетпес қүндылық бо-лып есептелетін ең озық, үлы туындылар, классика қызуқандылыққа, рет-сіздікке, қараңғылыққа қарама-қарсы деген анықтама берілген.

Неміс философиясына классикалық атауының берілуі оның дүни-ежүзілік философия тарихында алатын орнының аса маңызды, көрнекті екенін көрсетіп түр. Сөз жоқ, неміс классикалық философиясы - тарихи феномен, ол фундамент қана емес, маңғаз ғимарат, оның әрбір өкілі қай-таланбас тұлға, тендесі жоқ құндылық. И.Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.В.Гегель, Л.Фейербах және тағы басқа философия тарихында өшпейтін

із қалдырған ойшылдар.

Неміс классикалық философиясының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары:

1) Германия үшін ХVІІІ-ғасыр - Агартушылық Дәуірі. Ағартушылар соқыр сенім-наным, фанатизмге, халықты алдауға бітіспес күрес жүргізді. Олар өздерін ақыл-ойдың миссионерлері ретінде қарастырды, халықтың көзін ашуға, оларға өмірге келгендегі мақсатын түсіндіруге міндеттіміз деп есептеді. Ренессанстық еркін тұлға идеалы жалпылық идеалымен то-лықтырылды: адам өзін ғана емес, басқаларды да ойлауы тиіс. Әлеуметтік идеясы, қоғамды ұйымдастыру мәселесі басты мәселеге айналды. Оған жету жолы - білім. Біліммен тым әуестену қаупі ХVІІІ-ғасырдағы Германияда әзірге жоқ, Ағартушылықтың алғашқы кезеңі рационалтді, ол парасатты ойлауға негізделген. Кейінірек ақыл-ойдан көңілі қайтқандар ендігі жолды сезімнен, интуиииядан, диалектикалық ақыл-ойдан іздеді, бірақ мұның бәрі соңынан болды, әзірге біліммен байланысты нәрсенің бәрі керемет болып көрінеді.

2) Ағартушылыққа тарихи оптимизм тән. Прогресс идеясы осы ке-зеңнің жетістігі. Ағартушылық алғаш рет озін Жаңа Дәуір ретінде сезіне бастады. Ол ұлттық бірлік үшін күресті, бір заңға бағынатын жалпыгер-мандық мемлекет құруды талап етті, князьдіктер мен қалалардың, мо-

73

нархтар мен дворяндардың ойына келгенін жасауын тоқтатуға тырысты.



3) Бұл ерекшелік Пруссия корөлдығының өз шекараларын қарудың күшімен кеңейтіп, күшті мемлекетке айналуға ұмтылуымен байланысты еді. Бірақ әскерінің саны жағынан Европада төртінші орын алған Пруссия казарма ғана емес, гылымдар академиясын дамытқан ел болды.

Осындай әлеуметтік-мәдени жағдайларда қалыптасқан неміс класси-калық философиясының ерекшеліктері:

I) философия көпшіліктік сипатқа ие. Лейбництің ілімін жалғастырушы Христиан Вольф бұл іске көп еңбек сіңірді. Лейбниц әлемді тұтас нәрсе, ондағы дін мен ғылымның арасында қарама-қайшылық жоқ деп қарастырса, Вольф пен оның шәкірттері қоғамның күрделі мәселелерін білімді көбірек тарату арқылы реттеуге болады деп сенді, христиандық сенімді рационализммен ұштастыруға ұмтылды.

2) пиетизм - лютерандық шіркеудің рухани тоқырауына қарсылық негізінде қалыптасқан қозғалыс. Пиетистер өзінің назарын дін сыртқы салт-дәстүрден ішкі сенімге, қасиетті дін кітабын меңгеруге және адам-гершіліктік мінез-құлыққа аудару керек деп ұйғарды. Ағартушылық өкілдерінің басым көпшілігі осы мектептен өтті. Мысалы, Кант авторитеттер деген жоқ, жаңа кезеңнің уақыты туды, қайшылықтарды көрсете отырып, біржақтылықтан арылу қажет, жаңа шешім беру, бірақ жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жеңу емес, бітімге келтіру керек деп жариялады.

3) Философияның басты объектісі - адам, оның ақыл-ойының мүмкіндіктері мен шекарасы.

Иммануил Кант (1724-1804) - неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген. Кенисбергуниверситетініңдін факуль-тетіне оқуға түсіп, діни пәндермен қатар философия, физика. математика пәндерінен лекцияларға қатысқан. Философияға кештеу, 45 жасында келді. Әуелі (1755 ж.) дүниенің физикалық-астрономиялық теориясын ұсынды, оны кейін Лаплас қайталады. Сонымен бірге от, жердің өз өсін айналуы, жердің тозуы, жер сілкінісі туралы шығармаларын жазды. Ол 47 жасында философиядан диссертация қорғап, логика және метафизика профессоры атағын алды. Негізгі философиялық еңбектері осьщан кейін бірінен соң бірі дүниеге келе бастады.

Ол философия пәнін оқытушы ретінде де танымал болды. Дауысының әлсіздігіне қарамастан оның лекцияларына адам көп жиналатын. Фи-лософиядан басқа математика, физика, құқық, этика, физикалық география, антропология, рациональдік дінтану курстарынан лекциялар оқыды. Бірақ Інжілді бұрмалады деген айып тағылып, соңғы пәннен лекция оқуға

74

тиым салынды. Лекция оқу егде адамның ісі емес деп, жасы үлкейе келе лекция оқуды тоқтатты, бар назарын барлық ғылымдардың энциклопе-диясын қамтитын үлкен еңбек жазуға бұрды, бірақ ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуі себепті бұл еңбек үзінділер күйінде қалды. Канттың 80 жаска екі ай жетпей дүниеден өткен адамдық тұлғасы мен өмірі басқаларға, әсіресе қазіргі жастарға үлгі боларлықтай. Оның бойында ақыл аффектіден жогары, парыз нәпсі мен төменгі тілектерден жогары тұрды. Өзінің ғылыми-философиялық қызметін ең жоғарғы міндеті деп түсінген Кант басқа нәрсенің бәрін осы міндетке бағындырды. Ол тіпті табиғатты да жеңді деуге болады, себебі табиғатынан аурушаң әлсіз денесін тынымсыз ой энергиясының тірегіне айналдырып, философияны зерттеу ісін бар өмірінің мақсаты деп түсінді және осы мақсатынан өмірінің соңына дейін айнымады.



Кант басты назарды танылушы субстанцияның құрылымына емес, танушы субъектінің ерекшеліктеріне аударды. Оның философиясының негізгі мәселесі - табиғат, дүние, қоғам емес, субъектінің танымдық қызметі. адамның ақыл-ойының мумкіндіктерінің шекарасын анықтау. Яғни, онтологияның орнын гносеология, субъектінің танымдық қабілеттерін сыни сараптау алмастырды.

Кант өзінедейінгі ойшылдардың эмпиризмі мен рационализмін қорыта

отырып, априори теориясын ұсынды:

1) Бізді қоршаған дүние - өзіндік зат (вещь в себе), оны түйсіктеріміз арқылы танып-білуіміз мүмкін емес. Ол кеңістік пен уақытта өмір сүрмейді, субстанция да емес. Себебі, кеңістік пен уақыт субъективті, біздің қабылдауымыздың жемісі. Заттар туралы пікірлер біздің зердеміз-де тәжірибеге дейін қалыптасқан. Оны қалыптастыратын - біздің ақыл-ойымыз, а'рriori (тәжірибеге дейінгі). Түйсіктер жинаған білім емес, категорияларды жүйеге келтіретін логика ғана ақиқат білім береді.

2) Таным процестерінің қиындығы бірін-бірі теріске шығаратын, бірақ әрқайсысы ақиқат ретінде дәлелденетін тұжырымдар, яғни, "антиномиялар" тудырады. Кант антиномиялардың төрт түрін көрсетеді: а) Дүниенің уақыттық бастауы бар, тек кеңістік жағынан шектеулі (тезис); Дүниенің уақыттық бастауы жоқ және кеңістікте шексіз. Ол кеңістік пен уақытта шексіз (антитезис). ә) Әрбір күрделі субстанция қарапайым бөліктерден тұрады және тұрмайды. б) Себептіліктің екі түрі бар: біреуі табиғат заңдылықтарына сәйкес, екіншісі - еркіндікке (тезис); Бір ғана себептілік - табиғат заңдылықтарына сәйкес себептілік бар (антитезис). в) абсолютті қажетті тіршілік етуші өмір сүреді және сүрмейді.

Бұл қайшылықтарды шешу Кант үшін қиын болды, ол бір шешімге келе алмай, ақыл-ойдың дәрменсіздігі туралы тұжырымға келді. Бірақ

75

мәселе ақыл-ойдың шектеулігінде емес, дүниедегі процестердің диалек тикалық қайшылықты екендігінде еді, оны кейін Гегель түсіндірді. Кант зердені (ақыл-ойды) сынауға көшіп, адамның ақыл-ойының дамуын үш кезеңге бөліп көрсетті:



1) Бұл кезеңде ақыл-ойдың бүкіл әлемге әсері кушті болды, ол барлық ғылымдардың ғылымына айналды (Жаңа Дәуір философиясы).

2) Ақыл-ойдың қабілеттеріне деген сенбестік кезеңі (Д.Юм). Фило-софияның маңызы төмендеді.

3) Сыншылдық кезеңі - Кант философиясынан басталады. Ол ақыл-ойдың өмірдегі мәнін анықтауға ұмтылды, оны таным теориясының шең-берінен шығарып, практикалық ақыл-ойдың адамгершілік заңдарын қалыптастырудағы рөлін көрсетті.

Канттың осы соңғы ұстанымы оның адам туралы философиясынан айқын көрінеді. Ол өзінің философиясы туралы: "адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмек-тесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады" , -деп жазған болатын. Кант философия саласын мына төрт сұрақтың төңірегінде жинақтады: 1. Мен не біле аламын? 2. Мен не істеуім керек? 3. Мен не нәрсеге үміттене аламын? 4. Адам дегеніміз не? Бірінші сұраққа мета-физика жауап береді, екіншісіне - мораль, үшіншісіне - дін, төртіншісіне антропология. Бірақ бәрін антропологияда жинақтауға болады, себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді.

Канттың пікірінше, адам бір-біріне қарама-қарсы екі дүниенің: сезім арқылы қабылданатын феноменальдік және ақыл арқылы танылатын но-уменальдік дүниенің субъектісі. Феноменальдік дүниеде адам табиғи күштерге, қоғамдық ережелерге тәуелді, яғни өзін еркін сезіне алмайды. Ал ноуменалдық дүниеде адам еркін, сезімнен жоғары, рухани-адамгершіліктік идеалдар мен құндылықтар үстем интеллигибелді дүниенің мүшесі. Яғни, адам екі қайшылықтың - табиғат пен еркіндіктің — арасында таңдау жасауға мәжбүр. Кант осы екі дүниенің ара байланысын, бір-біріне әсерін мойындай отырып, ноуменальдік бастауды жоғары қояды. Оның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойының көмегімен адамгершіліктік ережелерін жасақтауға қабілетті. Бұл ережелерді Кант екі түрге бөледі: шартты және міндетті түрде орындалуға тиіс, бұлжымайтын ережелер.

Шартты ережелерді орындау-орындау адамның өз еркінде. Мысалы, әрбір адам денсаулығын күткені дұрыс деп шартты түрде ұсынылады, саулығыңыз туралы бас қатырғыңыз келмесе, ол сіздің жеке мәселеңіз. Ал адамгершіліктік талаптарды, Канттың пікірінше, әрбір адам орындауға міндетті. Оларды Кант адамгершілік заңы, бұлжымайтын императив ретінде қарастырады. Адамгершілік заңы адамның абсолюттік еркіндігін

76

реттеуші. Кант: "Сен еркін де ақылды болуға тиістісің" деп жария еткенімен, абсолюттік еркіндік түбінде жақсылыққа апармайтынын түсінді, сондықтан да бұлжымайтын императивті енгізді. Шектеусіз, абсолюттік еркіндіктің іс жүзінде аморальдылыққа ұшыратынының дәлелін тарихтан да, қазіргі өмірден де көруге болады. Гегельдің өзі абсолюттік еркіндікті құбыжық нәрсемен теңеуі тегін емес. Бұлжымайтын императив (Кант философиясының бұл ұғымы қазақ тіліндегі философиялық әдебиетте "категориалды императив", "әдептілік императиві" деп аударылып, аталып жүр. Менің ойымша, Канттың императивтерінің мазмұнын дұрыс жеткізу үшін "бұлжымайтын императив" ұғымын қолданғанымыз жөн) парыз ұғымына негізделген.



Кант парызды аса жоғары бағалайды. Оның пікірінше, парыз рацио-налды ойлай алатын тіршілік етушілердің бәріне тән табиғи қасиет. Кант үшін парыз категориясы антропологиялық мәселелерді шешуге кілт болды деуге болады, себебі адам өзі мен адамзат алдындағы парызын орындау жолында өзінің рухани-адамгершіліктік мүмкіндіктерін жүзеге асырады, өз тағдырын өзі жасай алатындығын, табиғи инстинктерді жеңіп, адамдық бастауын сақтап қалу қабілетін дәлелдейді. Яғни парыз категориясы адамды экзистенциалдық тандау жасауға мәжбүр етеді. Бұл тандауды Кант адамның пайдасына шешеді: "Адамның өзінің алдындагы парызы - өзін адамгершілікті тіршілік етушінің жетістіктерінен~аиыруга тиым салуда, ягни өзін ішкі еркіндіктен айыруга, затқа айналдыруга тиым салуда ". Кант осылайша дүниедегі заттардың бәрі де салыстырмалы құндылыққа ие еркіндігін, бірақ парасатты және еркін жігер ең басты құндылық болып есептелетінін айтады. Ақыл-ой, парасат адамға биік мақсаттарға жету үшін берілгенін, сондықтан оны жануарлық инстинкген төмен коюға болмайтынын Кант ерекше ескертеді, адамның ең бірінші, өзінің алдындағы парызы өмірінің мәнін құрайтын мақсаты - өзін ақыл-ойға жүгіне отырып, жан-жақты жетілдіру деп анықтайды.

Сонымен бірге, ол адам өмірінің мәні тек өзінің алдындағы ғана емес, басқа адамдардың, жалпы қоғам алдындағы парызын орындау деп түсінеді. Бұлжымайтын императивтің бірінші қағидасы: "Өзіңдегі де, басқалардағы да ақылды және еркін жігерді мақсатқа жету құралы емес, сол мақсаттың өзі деп таны". Бүл қағидадан ұлы гуманист Канттың адам мен қоғам туралы демократиялық ойларын көреміз. Тұлға белгілі бір құқықтарта, еркіндікке ие, қоғамның саналы мүшесі, өз өмірінің, өз тағдырының кожайыны, оған ешкім де, ешқандай қоғамдық-саяси ұйымдар да өз көзқарасын таңа алмайды. Канттың ойынша, осындай саналы тұлғалардан кемелденген республика құрылады, мұндай қоғамда бір тұлға басқа тұлғалар үшін құрал емес, мақсат.

77

Демократиялық даму жолына түскен бі қоғам үшін осы қағида, әрине, аса маңызды.



Канттың осы қағидасы жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуте де пайдасын тигізеді. Қазіргі заманда достық, жолдасть ұғымдарының құны түсіп отырғаны жасырын емес. Осы асыл қасиетерді уақытша, белгілі бір мақсатқа жету жолында қолданатын адамдардың саны соңғы уақытта көбейіп отыр. Бұл құбылыс еткінші деп ойлаймыз, себебі мұндай қарым-қатынас алдамшы ғана. Заман қанша қатігез болса да адам өзінің басты қасиетін - адамшылығын ұмытпауы керек. Нағыз достық, сыйластық пайдаға негізделмеген, шынайы, кіршіксіз болуы тиіс, ал уақыт ша сезімге сүйенген адам өзін де, басқаны да төмендетеді. Әрбір адам түбінде ең қатал сот - өзінің ар-ұятының алдында жауап беретінін ұмытпағаны жөн, Ал Канттың қағидасын ұстанып, басқа адамдармен мейлінше кіршіксіз қарым-қатынас орнатуға тырысқан адамның ары таза.

Келесі қағидаларында Кант адамға деген талабын күшейте түседі: "Сенің ісің, тәртібің жалпы заң болсын", "Сенің жігеріңді билеуші ереже дүниежүзілік заңдылық негізіне айналатындай болып қызмет ет". Яғни, басқаларға үлгі болатындай өмір сүру - әрбір адамның парызы, бұл тұжы-рым адам өмірінің өлшемі деуге де болады. Аталған талап адамнан көп еңбекті, мықты жігерді, ақыл-ойдың орасан жұмысын қажет етеді, бірақ адамның рухани, адамгершілік, тіпті кәсіби жағынан жетілуіне зор пайдасын тигізетіні күмәнсіз.

Осы қағиданың бір ғана отбасы көлеміндегі әсерін алып қарайықшы. Әрбір ата-ана парыздарын дұрыс түсініп, өздеріне қатаң талап қоя білсе, кейінгі ұрпаққа қандай ізгі үлгі болар еді. Ал осы істі қоғам көлемінде алып қарастырсақ, бұл өте қиын, күрделі нәрсе. Адамдардың көпшілігі парыз ауырлығынан саналы түрде қашып, тыныш қана өмір сүруді таңдауы мүмкін. Бірақ адам атына лайық, мәнді өмір сүремін деген адам парызын орындау міндетін өмірінің басты анықтаушы күші ретінде түсінуі тиіс деп ойлаймыз.

Парыздың осыншама императивтік күшінің негізі неде? Моральдық міндеттердің негізін Кант "адам табиғаты мен адам өмір сүріп отырған дүниенін жағдайларынан емес, а'ргіогі таза ақыл ұғымдарынан іздеу қажет",-деп түсіндіреді. Ол адамның адамгершілікті өмір кешуі қажеттігін оның ақылы, парасаты талап етеді, сондықтан адам ақылының бұйрығын міндетті түрде орындауы керектігін ескертеді.

Сонымен, Кант адам өмірінің мәні еркін ақылға негізделген парызды түсіне білу, оны міндетті түрде орындауға тырысу деп шешеді. Өз зама-нында да, кейіннен де Канттың осы түсінігі көп сынға ұшырағаны белгілі.

78

Мысалы, орыс ойшылы П.Кропоткин: "Кант табиғаттан адамгершіліктің табиғи негізін таба алмады, сондықтан да адамгершілік парыздың құдайы негізіне сілтейді. Ол аз болса, Канттың адамгершілік заң санасы рацио- нальді ойлаушы мақұлықтармен бірге адамға да тән деген жиі қайталаулары Шопенгауэр айтқан періштелер дүниесін елестетеді",-десе, келесі бір орыс философы Н.Бердяев Кантты қоғамды жеке адамнан жоғары қарастырады деп санайды. Оның пікірінше, міндетті түрде орындауға тиісті парыз адамның еркіндігін шектейді, адамды қоғамға, қоғамдық пікірге тәуелді етеді. Ал кеңестік философия Кантты негізінен скептикалық тұрғыдан ғана қабылдап, оған "идеалист" айдарын таққаны белгілі.



Біздің ойымызша, кейбір кемшіліктеріне қарамастан, жалпы Кант фи-лософиясының, оның ішінде этикалық парыз ілімінің қазіргі заманда ма-нызы зор. Соңғы, әсіресе елімізге кептеген өзгерістер әкелген 90-шы жылдардың басынан бергі уақытта Кант философиясына деген бүрыннан да күшті қызығушылықтың ұлғая түсуі кездейсоқтық емес. Жоғарыда айтылғандай, Кант ілімі қазір моральдық ригоризм тапшылығын сезініп отырған әрбір адамға, жалпы адамзатқа қажет болып отыр. Әрине, Канттың парыз принципінің абстрактылығын, белгісіздеу жалпылығын жоққа шығаруға болмайды. Жеке адамға оның бүкіл адамзат алдындағы парызы тіпті түсініксіз болуы мүмкін. Бірақ адам әлем азаматы ғана емес, белгілі бір елдің ұлттың өкілі, ұжым, отбасы мүшесі емес пе? Адамзат алдындағы парыз белгілі бір топтар, қоғамдастықтар алдындағы міндеттерді белгілейді, оларды орындау адамнан ақылға негізделген үлкен күш-жігерді, рухани еңбекті, адамгершіліктік өсуді талап етеді. Парыз принципі адамды өз ақылына, рухани мүмкіндіктеріне сенуге, өз бойындағы жабайы, табиғи инстинктерді жеңіп, парасатты жоғары қоя білуге, ар-ұждан парызын түсінуге, бір сөзбен айтсақ, адам болуға үйретеді.

Кант осы принцип арқылы адамды отбасы, коллектив, мемлекет қана емес, әлем шеңберінде тіл табыса білуге шақырады. Қазіргі таңда адамзат алдында екі жол түр: халықаралық келісім арқылы мәңгілік бейбітшілікке кол жеткізу және қанды соғыс нәтижесінде жер бетінен мүлдем құрып кету. Адамзат Канттың парыз принципіне сүйеніп. алдыңғы жолды таңдауы тиіс. Кант парыз идеясының және адам парасатының салтанатына сенеді, тіпті басқа қасиеттердің бәрі бірігіп ақыл-ойдан туындайтын қүдыретті адам-гершілік заңына төтеп бере алмайтындығына шүбә келтірмейді.

Ақыл-ойдың дамуына айқындаушы әсер ететін ғылым ретінде Кант философияны атайды. Оның ойынша, адамның ауырып, жазылатыны секілді процесті ақыл да кешеді. Осы жерде оған көмектесетін дәрі -философия. Дәріні қолдана білетін фармацевтер мен дәрігерлер қажет

79

екендігі сияқты, философияны да нағыз мамандар үйретуі керектігін Кант ерекше ескертеді. Бұл ескерту қазіргі философтарға да ой салуы тиіс деп ойлаймыз. Соңғы уақытта философия ғылымына деген сұраныс күшей бұл құбылыс жастар арасында ғана емес, қоғамымыздың барлық топтрында байқалып отыр. Ол түсінікті де. Кеңестік дәуірде идеологияны қызметшісі болып қана келген, даму қарқыны жағынан әлемдік филос фиядан едәуір артта қалған философия ғылымының өркендеуіне қазі кең жол ашылды. Ең бастысы, философия езінің зерттеу объектісі - ада проблемасына қайта оралып отыр.



Шым-шытырық қайшылықтарға толы қазіргі заманда өмір сүріп отыр ған адам өзін мазалаған сұрақтардың жауабын философия ғылымынан оның тарихынан іздеуде. Осы ретте жеке адамға көмекке келетін мамандардың Кант айтқандай "шарлатандар" емес, мықты философиялық білімге ие, өз ісіне берілген мамандар болуы аса маңызды екені түсінікті.

Өз жұмысын адамның ақыл-ойының "жеңімпаз" мүмкіндіктерін зерт-теуден бастайтын, беталды ақылсынудан аулақ, еркіндіктен туындайтын бұлжымас императивті өзтуы ретінде ұстайтын сыни философияны Кант адамзаттың түпкілікті мақсатына жеткізуші ғылым ретінде қарастырады және осындай философияны принципке айналдыруды өзінің де, басқа философтардың да парызы, міндеті деп түсінеді, сонда ғана даналық адам жігерінің ішкі принципіне айналатынына сенеді.

Кант адам философиясын теория жүзінде сипаттаушы, насихаттаушы болып қана қойған жоқ, өзі осы принциптерді іс жүзінде мүлтіксіз орын-даушы болды. Осы ретте оны Сократпен салыстырган дұрыс. Философиясы қаншалықты адамгершілікке толы болса, Канттың өзі де соншалықты кіршіксіз, қиянатсыз өмір сүрді. Қарсыластары парыз идеясын абстрактылық идея деп санағанмен, оның бұл философиясының оның замандастарына, өзінен кейінгі философиялық ағымдарға әсері мықты болды. М.Әуезовтің өзі: "Канттан бергі философия көзгетүсерлік жол тауып кете алған жоқ*",- деп. оның философиясын үлкен көрегендікпен өте жоғары бағалаған еді. Осы сөздердің маңызы қазіргі заманда арта түсіп отыр десек, қателеспейміз.

Қорыта айтсақ Кант өзіне дейінгі Жаңа Дәуір философтарының ілшіндегі еркіндік, әсірссе, ақыл-парасат еркіндігі идеяларын әрі-қарай дамытты.

Немістің келесі бір ұлы философы Георг Вильгельм Гегель (177О-1831) адам рухын табиғаттың тамаша туындысы, ақиқаты, мақсаты ретінде қарастырды. Табиғат рух жолында өзін құрбан еткенімен, адам жаны мәңгілік тірі, ол болмыстың жаңа тәсілі. Көне грек ойшылдары секілді Гегель де адам жанының қос табиғатын атап көрстеді. Біріншіден. ол өзінің

80

мазмұның анықтаушы денемен тығыз байланысты; екіншіден, тәннен тәуелсіз, объективті. Гегельдің тұжырымынша, адамның міндеті осы екі-жақтылықты біріктіру, бұл ретте адамның көмекшісі - философия.



Гегелъдің пікірінше, дүнненің бастауы жеке емес, атомдар мен жандарын жиынтығы емес, тұтас, дүниеде тұтастан басқарсалды нәрсе жоқ. Бұл тұтасты ол абсолют деп атайды. Абсолют - рух, ақыл-ой - субстанция. Табиғат пен рух тұтастың өзінен жаттануы, бірақ бір-бірі не қарама-карсы. Материяның мәні - ауырлығында, ал мақсаты -өзінен тыс; рухтың мәні - еркіндік, мақсаты - өзінде. Гегель рухтың тарихи дамуында үш саты болды дейді: шыгыстық, грек-римдік және германдық. Шығыста тек бір адам ғана еркін (Гегельдің осы көзқарасы Шығыс дүниесіне деген европоцентристік, теріс көзқарастың қалыптасуына бірінама ықпалын тигізгенін айта кеткеніміз жөн - Г.Н.), грек-рим дүниесінде кейбіреулер еркін, ал герман дүниесінде бәрі еркін. Рух -абсолюттік идеяның көрінісі. Осы принципті Гегель неміс мемлекетіне байланысты да қолданады: мемлекет - Пруссия монархиясы; ұлт - рух иесі; жеке тұлға - тарихи даму мақсатын жүзеге асырушы.

Гегельдің диалектикалық методы: кез-келген даму триада түрінде жүзеге асады: тезис - антитезис - синтез. Әрбір ұғым, әрбір Даму осы жолдан ең жоғары синтезге жеткенге дейін қайталап өте береді.



Гегелъ адамның жаның рухын құдайы сипатта түсіндіреді, құдайдың адамда көрініс табуы деп есептейді және адамның бойындағы осы құдайы күш оны басқа дүниеден биік тұруға жетелейді деп сенеді. Оның рух фи-лософиясы субъективті, объективті және абсолютті рух болып бөлінеді, бұл кезендер - рухани еркіндік сатылары. Субъективтік сатыда рух жалғыз, өзінің мазмұнына тәуелді, рухани табиғаты туралы түсінігі жоқ "жан". Объективтік кезенде "жанда" еркіндік бар, ол тәннен азат, ішкі еркіндікке қол жеткізген соң сыртқы жағдайлармен күресе бастайды, руханилықты басқа адамдардан, өмірінің табиғи шарттарынан іздеуге кіріседі. Аталған кезеңнің маңызы зор: "...біріншіден, жан өзінің идеяның төменгі, табиғи сатыларымен байланысын көреді, оларды ғылыми, техникалық және экономикалық жағынан жеңе отырып, өзін олардың алламшы өзіндік болысынан азат етеді; екіншіден, адамдардың белгісі көпшілігімен байланысын көреді, оларды адамгершілік және саяси тұрғыдан артта қалдырадырып, өзінің алдамшы бөлектенушілігінен арылады"'.

Осы сатыда ғана жан азаттыққа қол жеткізіп, басқаадамдармен біріге алады, мықты құрал болып есептелетін айбарлы, жігерлі, халықтық рух қалыптасады. Гегель осындай күшті, мемлекеттік дәрежеде мызғымаз ха-лықтық, ұлттық рух қалыптасқан елде ғана тамаша өнер, абсолюттік дін және ақиқатты философия өмір сүре алады деп пайымдайды. Ұлы ойшылдың



81

осы ойлары қазіргі Қазақстан мемлекетіне халықтық рух, ұлттық азақтық рух жетіспей отырған уақытта керек-ақ. Ұлттық рухпен қаруланып, аз уакыттың ішінде экономикасы гүлденген, іргесі мықты мемлекетке кетке айналған Германия, Жапония сияқты мемлекеттердің тамаша мысалдары көз алдымызда.

Абсолюттік рух сатысы - ең жоғарғы саты, адамның ақиқатты, идеяны, құдайды тану сатысы. Құдайды сезімдік танымның көмегімен бейнелеу арқылы жан әсем өнерді жасайды; құдайды эмоциялық тұрғыдаң тереңдеп түсінуден дін туындайды, ал абсолюттік рухтың ең шыңы деп Гегель философияны атайды. Бұл сатыда адам өмірде маңызды адами нәрсе емес, құдайы. Оның міндеті - өзінің бойындағы адамға тән қасиеті терден арылып, құдайылық жолына түсу. Объективтік сатыда ғана адами өзінің толыққанды рухани келбетін айқындайды, күрес пен азаптан өтіп, өмірдің мәнін табады.

Гегельдің тағы бір тамаша ойы - бір рет қана адамгершіліктік ісәрекет жасаған адамды ізгілікті кісі деп құрметтеуге асықпау керек, бұл жоғары атаққа осы адамгершіліктік іс оның мінезінің тұрақты сипатына айналғанда ғана ие бола алады. Ешқандай комментарийді қажет етпейтін, қысқаша айтсақ, адамнан сөз бен істің бірлігін, тұрақтылық пен сабырлылықты талап ететін ой, ал бұл бірлікке жеткізетін, Гегельдің пікірінше. еңбектену, талпыну, қойылған мақсатқа ұмтылу.

Гегель Кант секілді адамды абсолют дәрежесіне көтермегенімен, адам-ның еркіндігін, құқын ерекше бағалады. Ол мемлекет адамның жеке ісіне, адамгершіліктің тұңғиық қырларына, тіпті ізгі тілектерге жүгіне отырып та араласпауы қажет, ал мемлекет билігі екіжүзді адамдардың қолында болса, бұл істің соңы өте қайғылы жағдайлармен аяқталады деп қарсылық білдіреді. Гегель мемлекеттің адам еркіндігін тежейтіндігін, адамды механикалық бөлшек деп қарастыратын машина екендігін түсіндіре келіп, дүниеде машина идеясы жоқ болғандықтан, мемлекет те жоқ болуы керек деп тұжырым жасайды.

Гегель іліміндегі тағы бір маңызды ұғым - "бақытсыз сана" ұғымы. Тереңірек үңілсек, Гегельдің "бақытсыз санасы" өмірдің мәнін таба алмай қиналған адамға тәнт трагедиялық құбылыс. Сыртқы болмыстан мәннің шешімін таппаған сана қайтадан өзіне, ойлау дүниесіне оралады, бірақ заттар мен нәрселер дүниесінен қашып құтыла алмай, ішкі қайшылықтарға ұрынады. Осыдан келіп өмір туралы түсініктің сыртқы болмысқа сәйкес келмеуінен туындайтын қайғы-қасірет пайда болады. Біздің ойымызша, дәл осы "бақытсыз сана" қазіргі қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың басым көпшілігіне тән. Өмірдің мәні туралы бұрынғы түсініктер өзгеріп, қалыптасқан құндылықтардың орнын жаңа құндылықтар ауыстырған,

82

экономикалық және қоғамдық қатынастар тұрақсыз кезенде "бақытсыз сана", яғни өткені мен келешегін көруге дәрменсіз сана орын алып отыр.



Осы ретте Гегельдің ілімі еске түседі, яғни "бақытсыз санадан" арылудың бірден-бір жолы - рухты ныгайту. Гегельдің ойынша, рухты танып-білу ең жоғары, ең қиын нәрсе. Рухты тану - жекелеген қабілеттерді, мінез-құлықты, мүмкіндіктерді дамыту, әлсіздіктен құтылу, яғни, өзін-өзі танып-білу. Бұл пікірдің маңызы ерекше. Сократтың "Өзіңді өзің танып-біл!" қағидасына ұқсас тұжырымнан Гегельдің адамның өзіне, ақыл-ойына, зердесіне деген үлкен сенімін көре аламыз.

Даму уақыты жагынан аз кезеңді (ХVIII-г.соңы -ХІХ-г.басы) қамтыга-нымен, неміс классикалық философиясы философия тарихында өшпес із қалдырды. И.Кант адамның ақыл-ойының мүмкіндіктерінің шексіз екендігі туралы ойды тұжырымдап, оның еркін тіршиіік етуші ретіндегі қайта-ланбас гуманистік терең мәнін айқын көрсетті. Диалектикалық даму тән ақыл-ой, зердені Г.В.Гегель Канттың пайымынан биік дәрежеге көтерді, сол кездегі Батыс Европа философиясының шыңына айналдырды. И.Канттың философиялық антропологиясы мен Гегельдің философиялық жүйесі өзінен кейінгі философиялық мектептердің қалыптасуына, әсіресе, орыс философиясы мен батыс экзистенциализмінің дамуына мықты әсер етті.

9-ТАҚЫРЫП

ХІХ-ХХ - ҒАСЫРДАҒЫ БАТЫС ФИЛОСОФИЯСЫ

(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)

1. XX- гасыр философиясының негізгі мәселелері және багыттары.

2. Психоанализ. З.Фрейд және Э.Фромм. Неопозитивизм.

3. Өмір философиясы: С.Къеркегор, А.Шопенгауэр, Ф.Ницше. Экзис-тенциализм: М.Хайдеггер. Ж.Сартр. А.Камю. К.Ясперс. Н.Аббаньяно. Постмодернизм.

4. Неотомизм. Структурализм. КЛеви-Стросс. Гериеневтика.Г.Гадамер.

Батыс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ-ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, тстенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар

83

кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуі болады, бірақ айқын білінетін ерекшеліктері де бар.



ХХ-ғасыр философиясының қалыптасуы шарттары туралы айтсақ:

1) ХХ-ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер әсіресе бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;

2) Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;

3) Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін ту-ғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;

4) Бұрынғы философиялық жүйе ХХ-ғасыр адамын толғантқан сұрақ- тарға жауап беруге қабілетсіз еді, "Жалпы адам дегеніміз не?" деген сұрақ- пен шектелмей, "Мен кіммін?" сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды.

Осындай бағыттардың бірі - психоанализ - ХІХ-ғасырдың соңында психиатрия шеңберінде истерияны, невроздарды "катарсис", өзін-өзі тазарту методы ретінде пайда болып, кейінірек австриялық невропатолог Зигмунд Фрейд (1856-1939) адамның жанының тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық доктринаға айналдырған ілім. З.Фрейд адам психикасы өзінің сипаты бойынша "саналыдан " (сознательное) ғана емес, "бейсаналыдан " (бессознательное) және "саналының алдындагыдан " (предсознательное) да тұратын компоненттерден құрылған белгісіз конгломерат екендігі туралы қорытындыға келді. Фрейд бейсаналыны факт, адам рухының саласы және адам қызметінің ажырамас бөлігі ретінде түсінді. Бейсана процестердің мәнін түсінуге тырысқан Фрейд бейсаналыны сараптай келіп, оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді. Біріншіден, жасырын, тылсым, латентті: бірдеңе туралы саналы түсінік, ол кейін осындай күйде қалмауы да, ал белгілі бір қолайлы жағдайларда қайтадан саналы болуы да мүмкін. Бұл түрді Фрейд сананың алдындағы деп атайды. Екіншіден, шығарылып тасталған бейсаналы, оларға белгісіз күштер кедергі жасағандықтан саналы бола алмайтын түсініктер, осылар бейсаналы, немесе шығарылып тасталған бейсаналы деп аталады, оларға кедергі күштерді арнайы психоаналитикалық процедуралардың көмегімен ғана жоюға болады. Бейсаналыны Фрейд адам психикасының мәнін құрайтын басты компонент, ал саналыны бейсаналының үстіне құрастырылатын, бейсаналыдан туындайтын ерекше

84

инстаниия деп есептеді. Тұлғаның моделін Фрейд мынадай үш элементтен тұратын үлгіде жасайды: "Ол " (Оно) бейсана құштарлықтардың терең абаты. психикалық "өздік", әрекет етуші индивидтің негізі, тұлғаның баска құрамдас бөліктерінің жұмыс жасау зандарынан өзгеше өзіндік заңдарды басшылыққа алатын психикалық инстанция; "Мен" (Е%о) - саналылык саласы, адамның ішкі, бейсаналы дүниесі мен сыртқы реалдылыктың арасын жалғастырушы; "Меннен Жогары " ( Sиреr-еgo) - ішкі тұлгалык ұят, қоғамдық қағидалар, моральдық цензура, бейсаналы мен саналының арасын жалғастырушы.



Фрейдтің пікірінше, адамның мінез-құлқы, тәртібінің негізі оның бейсаналы құштарлықтары, ал алғашқы құштарлықтарды құрайтын сексуалдық құштарлықтар, немесе, либидо.

Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп ата-латын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог. социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша. Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады - гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және "өмір өнерін" игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету.

Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың ба-сым көпшілігі өзінің нағыз "Менін", "Өздігін" емес, "Жалған Менін" да-мытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ешшеңеге айна-латынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе "үмітп " элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, "үміт" өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам

85

рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Ното еsрегапs ( үміті бар) деп сипаттайды.



Позитивизм - қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. О негізін қалаушы - француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивистердің пікірінше, "болмыс", "материя", "сана" және т.б ұғымдарға, страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, бебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті:

1) бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті - объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің екілдері - О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль.

2) махизм - дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі - австриялық физик Э.Мах.

3) неопозитивизм - ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салтырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналыс Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімд тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.

Постмодернизм - монизм философиясын терістеп, плюрализм фи-лософиясын, табиғат пен қоғамдағы көптік, сантүрлілік идеясын жария еткен, қазіргі заманғы мәдениеттің мазмұны, ойлаудың және ізденістің жаңа стилі көрініс тапқан философия. Негізгі өкілдері: орыс филосотары Е.П.Блаватская (1831-1891), Д.Л.Андреев (1906-1959), Г.Г.Шпет (18 1940), француз философтары Поль Рикер (1913) және Жак Деррида (19 2004), американдық жазушы-философ Карлос Кастанеда (1925) және Постмодернизмнің негізгі тұжырымдары:

1) Объективтілік реалдылық көпөлшемді, оның мәні мен формаларының арасындағы байланыс-қатынастарының сипаты сан түрлі қаситерге ие. Объективтік реалдылық идеалдық немесе материалдық қана емес, сонымен қатар мистикалық, эзотерикалық бола алады. Дүние ұйымдастырылған ғана емес, ретсіз, хаостық сипатқа да ие.

2) Онтологиялық плюрализм мен гносеологиялык плюрализм бірлігі. Мәдени өмірдің салаларының арасындағы шекаралар жойы керек, таным теориясындағы бірін-бірі толықтырушылық, көптәсі көзқарастардың әр түрлілігі дінде де орын алуы тиіс.

86

3) Адамдардың араласуындағы монологиялық текст- мәтіндердің орнын сұхбаттасу, үйренушілер мен үйретушілердің бір- біріне өзара әсері, оқыту процесін белсенді ететін әр түрлі тәсілдердің көптігі басуы тиіс.



Өмір философиясы - Батыс философиясының белгілі, өкілдері өте көп бағыттарының бірі сөп бағыттарының бірі. Өмір философиясы өмірді дүниенің бір бөлігі ретінде ғана қарастырумен шектелмей, оны дүниенің бір бөлігі қақ ортасына қояды, өмір ұғымына сүйене отырып, дүние мен өмірді толық түсінуге талпыныс жасайды. Өмір филосолософияның міндетін тек осылай түсіндіреді, себе мәселесін зерттейтін ғылым болса, адам үшін өмірден жоқ деп есептейді.

Өмір философиясының негізін салушы - дат философы С.Кьеркегор (1813 -1855). Дүниенің бастауы ретінде сананы емес, уайым-қайғыға толы экзистенциалдық ішкі сезімдерді қарастыруды ұсынды. Оның ойынша, адамның шын болмысын пайымдау арқылы емес, адамның бойындағы "үрей", "қорқыныш" сезімдеріне үңілу арқылы ашуға болады, ақиқат дегеніміз - субъективтілік. Философия таңданудан немесе танымға деген құштарлықтан емес, күйзелістен басталады деген Къеркегор өмір сүрген адам азап шегу мен уайым-қайғыдан қашып құтыла алмайды, тіпті олар өмір сүруге қажетті нәрселер деп тұжырымдады. Къеркегордың жетістігі - философиялық тұлғаға мән беруге ұмтылуында, ақыл-ойды тым әсірелеуді сынап, философияның міндеті - жеке адамның өмірін, сезімдерін зерттеу деп анықтауында.

Өмір философиясының келесі бір танымал өкілі - Артур Шопенгауэр (1788 -1860) адам мен қоғам өмірінің қараңғы, көзге көріне бермейтін жақтарын, ащы шындығын жайып салды. Оның пікірінше, адам өмірі қайғы мен азапқа, күншілдік пен бақталастыққа, күнә мен әділетсіздікке, қатыгездік пен бақытсыздыққа толы. Адамның толық бақытты сәттері аз, жоқ десе де болады, себебі бақыт оның болашағы мен өткен өмірінде, ал болашақ үмітсіз, өткен өмір қайтып келмейді. Қазіргі шақ жел айдаған бұлтпен тең. Адам уақыттың уысында, ол біздің қуаныш пен рахатқа толы күндерімізді жоқ қылып отырады. Бейшаралық өмір кешу адамның маңдайына жазылған, себебі оны билейтін дүниежүзілік ырық. Шопенгауэрдің ойынша, азап пен қайғы шегу адамға пайдалы, себебі адам төрт Құбыласы тең болып, рахат пен бақытқа бөленіп өмір кешсе, жақсы нәрсеніц қадірін білмейді, бағалай да алмайды. Ол өмірді тек қара түске бояп көрсетеді: ізгіліктен зұлымдық көп, қоғам бір-бірімен арпалысқан, бірін-бірі андыған адамдарға толы, адам бақытсыз болуға жаратылған және бақытсыз. Осының бәрі - адам эгоизмінен, оның "адам адамға қасқыр" принципін ұстанғанынан.

87

Сондықтан бұл өмір түсінген көрмен бірдей мәнсіз, оны өліммен алмастырған жөн. Шопенгауэрдің түсінігінше, өлімнен қорқатын ештеңе жоқ, себебі ол азапты өмірдің ақыры. Өмір қайғысына ұшыраған адам өзін осындай өмірден құтқарушы өліммен жұбатуы керек, ал өлім алдында өмірдің азаптарынан құтылғанына ғаны дұрыс. Өлім мен азапты өмір тұтас нәрсе екені ақиқат. Дүние ырық мағынасыз болса, оның туындысы адам өмірі одан екі есе мағынасыз, ал өлім адамды осы мағынасыздықтан құтқарады. Яғни, өлім өмірінің мақсаты.



Шопенгауэр өмірді осылайша қасірет пен азапқа толы мәнсіз ретінде түсіндірсе, өмір философиясының келесі өкілі Фридрих Ницше (1844-1900) оның пессимистік мазмұнына оптимистік реңк беріп, дастарының бойында өмірге деген құштарлық пен іңкәрлік оятты. деген осындай көзқарас Ницшенің "Заратустра осылай деген" ең мықты сезіледі. Оның кейіпкері "ең жоғарғы адам" (сверхчеловекі өмір ақиқат болмыс қана емес, ақиқат мақсат. Ол халыққа арнап сөзінде адамзат тегінің негіздерінің құнарсызданып, тамырының бара жатқаны туралы уайымдап, жар салады.

Ницшенің, жалпы өмір философиясының өкілдерінің осылайша маза-лануының себебі - олар өмір сүрген кезенде адам мүмкіндіктерін сенімсіздіктің пайда болуы. Сол кездегі қоғамда талай ғасырлардан дамудың күрделі сатысынан өткен адам атаулының, әсіресе Европа тұрғынының күш-қуаты мен өзін-өзі танып-білу қабілетіне деген күдік-толқулар туындады. Өмірден қажып-шаршаған адамды, жалпы халықты серпілтіп, олардың бойында өмірге деген құштарлықты ояту үшін ше өмірді сүйген "ең жогаргы адамнан " үлгі алуды ұсынады. гаргы адам " - еркін, ешкімнен де, ештеңеден де тәуелсіз, өз өмірін жасауға ұмтылған адамның бейнесі (образы). Еркіндік - адам қызметінің жүзеге асуына қажетті шарт. Ницшенің түсінігі бойынша, адам бүкіл әлемге жалғыз өзі қарсы тұруы, өзіне ғана сенуі арқылы өз еркіндігі' тандығын мойындата алады. Адамды күйбең тіршіліктен құтқару мен асқақтатуды өз міндетіне алған "ең жоғаргы адам " ең әуелі өз еркіндігін сыннан өткізеді. Бұл жолда ол өмірлік маңызы бар құндылықтарды ғана мойындап, қажет емес дегендерін жоққа шығарып отырады. Әлсіздерді жақтайтын христиан дінін Ницшенің терістеуінің себебі де осы.

Өмір философиясының негізгі ұғымдары экзистенциализмнің көрнекті өкілдерінің философиясында тереңдетіле түсті. Адамның бол құрайтын оның экзистенциясы. Осы экзистенция дүниенің жалпы бейнесінің негізі деген экзистенциалдық онтологияны неміс философы Мартин Хайдеггер (1889-1976) ұсынды. Хайдеггерге дейінгі онтологияда жалпы, индивидке

88

жат болмыс, ал адам микрокосм ретінде ұғындырылса, Хайдеггер болмысты керісінше, адам болмысы - болмыс-сана арқылы қарастырды. Болмыс-сана - онтологияның кіндігі, жалпы болмыс индивидтің болмыс-санасы арқылы өткенде ғана нағыз мәнге ие болады. Тіршілік иелерінің арасында болмысты түсінуге қабілеттісі - адам ғана.

Болмыс-сана танушы субъектінің санасы емес, ол - азап шегуші сана. сананың өзі зерттеу объектісі, ол өзіне маза бермей, өзін түсінуге тырысады, Хайдеггердің "Адам дегеніміз - маза" деуі де сондықтан. Азап шегуші- уайымдаушы сананы адам болмысы деп түсіндірген неміс экзистенциалисі қазіргі заманғы адам болмысының үрей, қорқыныш, жаттану өлімге толы екенін көрсетті. Осы жеке сананы зерттеу әдісі ретінде Хайдеггер Гуссерльдің "мәнді көре білу" әдісін таңдады, оның "көңіл-ұғымын қолдана отырып, болмысты адамның осы дүниедегі өзінің орны туралы түсінігі арқылы түсіндіруге тырысады. Оның өзінің "маза", үрей". "қорқыныш" терминдерінде адам болмысына тән негізгі сипаттарды көрсетті.

Француз жазушысы Жан Поль Сартр (1905-1980) қоршаған ортадан нақты нәрсе іздемей, санаға үңілу керектігі туралы шешімге келді. Сатаның қасиеттерінің арасынан Сартр елестетуді ерекше бөліп көрсетеді. Оның түсінігінше, сана елестету арқылы тазарып, адам өзін қоршаған дүниенің жағымсыз жақтарын ұмытуға және елемеуге жете алады, өзіне ғана түсінікті әлемде қалықтайды. Яғни, елестету адамға еркіндік береді. Өз философия-сының негізгі мәселелерінің біртне айналған еркіндікті. Сартр тек сана еркіндігі ғана деп түсінумен шектелмеді, елестетумен әуестенушілік сананы күйретпей қоймайтынын ол жақсы ұғынды. Бұл сенім оның бойында әсіресе соғыс кезінде күшейе түсті. Сана еркіндігі, адамның ішкі еркіндігі оны міндетті түрде іс-әрекет жасауға, өзін де, басқаны өзгертуте итермелейтінін Сартр жақсы түсінді. Адамның еркіндігі ең елі оның таңдау еркіндігінен көрінеді.

Ардамның қандай болмағы оның өз қолында, өзіне қандай тағдырды таңдап алуында: "Адам ...әуелі осы дүниеге келеді, сонан соң ғана анық-талады. Экзистенциалистің түсінігінде адамға анықтама берудің қиын-дығының себебі оның алғашқыда әлі ештеңе емес екендігінде. Ол кейінірек қана адам болады және өзін-өзі қандай адам етіп жасаса, сондай адам болып шығады. Яғни, адам табиғаты да, оны жарататын құдай да жоқ. Адам өзің қандай етіп елестеткеніндей ғана емес, қандай болғысы келіп жігерленгеніндей".

Сатр бұл жерде адамның тағдыры оның жігеріне, еңбектене білуіне

байланысты екендігін өте дұрыс айтып отыр.

Адамды қоршаған дүние - мәнсіз, абсурд" деген қағида француздың

89
тағы бір көрнекті жазушы-драматургі, Нобель сыйлығының лауреаты Аль- бер Камюдің (1913-1960) экзистенциализмінің негізі болды. Адамның бойындағы абсурдты Камю Хайдеггер мен Сартрдың экзистенциалдық философиясының ұғымдары секілді адамның ішкі сезімінен, уайымдар ағымынан туындатады, абсурд адамның ойынан бір сәт шықпайды,басқа уайымдар оның қасында түк емес деп тұжырымдайды. Дүниенің абсурдқа айналғанда адам өмірінің мәнін іздеудің өзі қисынсыз екендігін мойында-ғанымен, Камю өмірмәндік ізденісті тоқтатпауға бекінді, өзініңойы арқылы уайым-қайғысыз, қазақша айтсақ, "бір жөні болар" деп ойын күлкімен өмір кешкендерді де, тағдырға бас иіп, өмірге кұштарлығын жоғалтып, жасығандарды да оятуға ұмтылды.

Абсурдпен күресу керек. Камюдің бұл шешімінің дәлелі - " Сизиф туралы аңыз" шығармасын жазуы және фашизмге карсы қозғалысқа қатысуы. Абсурдтың өзі адамға еркіндік береді: "Абсурдқа кездескенге, адам өз мақсаттарымен, болашақ немесе ақталу (кімнің немесе ненің алдында екені - бәрібір) туралы мазасымен өмір сүреді. Ол өзінің мүмкіндіктерін бағалайды, алдағы күнге, зейнетақыға немесе ұлдарына үміттенеді, өмірінің әлі де түзелетініне сенеді. ...Осының бәрі абсурдпен шайқалды. ...Абсурд менің иллюзияларымды ыдыратты: ертеңгі күн деген жоқ. Осы менің еркіндігімнің негізіне айналды".

А.Камюдің кейіпкері Сизиф абсурд өмірмен күресуді еркін тандайды.

Адамның өз өмірі үшін күресе білуі, зұлымдыққа тым құрыса адалдық арқылы қарсы түруы Камюдің "Оба" романының да желісі Адал болды. Адал болу дегеніміз - өз ісімен айналысу. Адамның абсурдпен күрес бүлік түрінде де көрінеді. Бүлік көтеруші адам - "жоқ" деуші адам. Бүлікшілдік адамдарды біріктіреді, абсурд өмірдегі жеке уайымшылдықтың, жатсыну мен жалғыздықтың орнына коллективтік бүлікшілдік келеді. Ең басты - күйзелмеу.

Экзистенциализмнің салыстырмалы түрде үшінші түрі - позитивтік экзистенциализмнің негізін салушы Николо Аббаньяно (1901-1977) философияның практикалық сипатын ерекше атап көрсетеді. Оның ойынша, философия өзінің романтикалық уағыз-өсиет айту әдетінен арылып, абсолюттік ақыл-ой, өзін-өзі танушы идея, шексіз рух, адамзат, танылмаған нәрсе және тағы басқа бұлдыр, түсініксіз, адамға пайдасы жоқ абстракция-лардан бас тартуы қажет. Философияның ендігі міндеті аспаннан жерге, адам қоғамына түсіп, адамның алдынан күн сайын туындап отырған өмірлік мәселелерді шешуге, адамға өзінің кім екенін, өмірге не үшін келгенін түсінуге көмектесу, ең бастысы - адамға сенімді, анық бағытарды көрсету. Осы ойын ол экзистенциализмге байланысты да қайталайды. Экзистенцияның өзі болмыс пен субъектінің арасындағы күрделі,

90

шым-шытырық қатынас, сондықтан адам өзінің назарын өзінің бойындағы "ештеңеге" де, алдындағы "болмысқа" да емес, өзіне аударғаны дұрыс. Аббаньяноның пікірінше, экзистенциализм адамға басшылық және көмек бола алады, бірақ ол үшін шешім қабылдап, немесе дайын формулалар үсынбайды, тек жол көрсетеді.



Аббаньяноның ойынша, философия адамды өтірік жұбатып, өмірдің ащы шындығын жасырып, иллюзиялармен алдарқатуды қойып, оны үнемі оятып, мазасыз күйге түсіріп отыруы қажет. Себебі, өмірдің өзі өте қауіпті, сондықтан адам күресуі, еңбектенуі, тығырықтан шығатын жолды үнемі іздеуі керек. Экзистенциализмнің мәні де осында, оның мақсаты адамды айымға салып, күйзеліске ұшырату емес, қысқа өмірді мәнді өткізуге озғау салу, ойландыру, іс-әрекетке жетелеу.

ХХ-ғасырдағы философиялық ағымдардың тағы бірі - неотомизм, немесе жаңа томизм - католик шіркеуінің философиясы, қазіргі заманы діни философиялық ағымдардың арасындағы Батыс Европада ғана мес. бүкіл әлемге ең танымалы және беделдісі. Неотомизм орта ғасырың діни философы Томас Аквинскийдің іліміне негізделген. Сенім мен ақылдың, дін мен ғылымның үндестігін жария еткен бүл ілім шіркеуді орғау үшін аса қолайлы болғандықтан, папа Лев 13-ші 1879 жылы оны ристиандық католиктік діннің негізгі қағидаларын философиялық тұрғыдан дұрыс түсіндіруші бірден бір философия деп тұжырымдады. Негізгі кілдері: Э.Жильсон, Ж.Маритен, П.Тейяр де Шарден.

Неотомизмнің басты қағидасы - сенім мен ақыл-ойдың, ғылым мен діннің гармониясы. Бұл ағымның өкілдерінің пікірінше, ақиқат философия рационализм мен иррационализмді қарсы қоюдан бас тартып, дүниені түсінудің әр түрлі тәсілдерін біріктіріп, универсалды мүмкіндіктерге шылуы қажет. Бірақ неотомистер құдайдан туындайтын сенімді жоғаырақ қояды.

Қазіргі заманғы неотомизм антропологиялық сипатқа ие, яғни адамға ағытталған. Құдайдың жаратушылық функциясы неотомизмде шектелген, ол адамды жаратушы болғанмен, өзін жүзеге асырушы. проектіден ішкі дүниесі, микрокосмы бай нақты тұлғаға айналдырушы, құдайдың ісін аяқтаушы еркін, өзін-өзі жетілдірген, құдай жаратқан космостың шікене үлгісі адамның өзі.

Структурализм - ХХ-ғасырдың 60-жылдары Францияда қалыптасқан. лингвистика ғылымымен тығыз байланысты, өзінің негізгі философиялық-методологиялық міндетін адамның рухани-мәдени қызметінің игілі бір тарихи кезеңдер үшін жалпылық сипатқа ие болатын жемістерін зерттеу, баяндау және түсіндіру деп анықтайтын ағым. Басты өкілдері - К.Леви-Строс, М.Фуко.К. Леви-Строс (1908). Структурализм бағытының

91

өкілдерінің түсінігінше, құрылым (структура) объектінің бөліктері мен элементтеріні жай жиынтығы емес, ол абстракция арқылы ашылатын жасырын қатынастардың жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда структурализм белгіле: жүйесін зерттейтін семиотика ғылымымен тығыз байланысты. Белгілер жүйесін швейцарлық лингвист Ф. Соссюр бөліп көрсетіп, негізгі назар ды тіл жүйесінің элементтерінің өзара әсер етуіне аударған болатын. К.Леви-Строс осы методты қолдана отырып алғашқы қауымдық тайпаларды? некелік-туыстық қатынастарын, рәсім-салттарын, дәстүрлерін, мифтерін тотемизмін зерттеді және олардың қоғамдық институттардың құрылымдары ретінде адамның мінез-құлқына айқындаушы әсер ететінін көрсеті Леви-Стростың философиялық концепциясында бейсаналылықтық құрылымы ерекше орын алады. Оның пікірінше, бейсаналы Фрейд айт қандай энергиялық-биологиялық сипаттағы иррациональдік импульстер емес, керісінше, логикалық, рациональдік мазмұнға ие, белгі жүйелерінің жасырын, бейсаналы механизмі. Леви-Стростың жетістігі ретінде оның мифтерді әлеуметтік құрылымның тұрақтылығының негізі ретіңде тереңдеп зерттеуін атауға болады.



Герменевтика - түсіну туралы, рух туралы ғылымдарды ғылыми менгеру туралы ілім. Терминнің өзі көне Грецияда пайда болды, алынған хабарды белгілі бір ережелер мен интуицияға сүйене отырып түсіндіру өнері дегенді білдіреді. ХХ-ғасырда феноменология және экзистенциализм бағыттарының шеңберінде дамыған герменевтиканың негізін қалаушы Ф.Шлейермахердің (1768-1834) түсіндіруі бойынша, бұл Евангелие мәтіндері авторларының рухани дүниесіне ену тәсілі. Герменевтикада философиялық пайымдау объектісі болып тіл танылады. Неміс философы В.Дильтей герменевтиканың өрісін кеңейтіп, оның міндетін белгілі бір философиялық бағыттың өкілінің ғана емес, тұтас дәуірдің, мәдениеттің ішкі дүниесін түсінуге мүмкіндік беру деп анықтады. М.Хайдеггердің ойынша, "тіл - болмыстың үйі", яғни тіл арқылы адамның ішкі феномендеріне үңілуге болады, ол түсінудің бастауы.

Неміс философы Х.Г.Гадамер мәтін-тексті ақырғы реалдылық деп жа-риялап, оны философиялық пайымдау объектісіне айналдырды. Герме-невтика тәсілі арқылы жеке тұлғаның ішкі дүниесіне, философиялық ой-ларының тылсым қатпарларына үңілуге болатындығын қазақ философы, академик Ғарифолла Есім "Хакім Абай" атты еңбегінде жақсы дәлелдеп шықты. Абайдың шығармаларына герменевтикалық талдау жасау арқылы ол ұлы ақынды терең ойлы философиялық тұлға ретінде тамаша ашып көрсетті.



92

Қорыта айтсақ, ХХгасыр философиясы гасырдың айнасы, оның өзі сияқты сан қырлы, бір-біріне қарама-қарсы багыттарга толы болды деуге болады. Бірақ басты мәселелер - жеке адам, оның болмысының ерекшеліктері, ақыл-ойдан адамның сезіміне көбірек үңілу және бүкіл адамзаттың болашагы мәселелерін зерттеу болды десек, қателеспейміз.

10-ТАҚЫРЫП ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)

1. Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.

2. Түркі дүниетанымы - қазақ философиясының бастауы. Әл Фара-би, Жүсіп Баласагұн, Қожа Ахмет Йасауи.

3. Қазақ философиясының вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шыгармашылыгындагы философиялық даналық.

Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерт-теулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымы-ның қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең - қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым.



Түркі тілді халықтардың философиясы, ІХ-ғасырдан ХV-ғасырға дейінгі кезең. Оның көрнекті өкілдері бүкіл түркі дүниесіне ортақ тұлғалар - Анахарсис, Қорқыт, әл Фараби, Ж.Баласағұн. М.Қашғари, Қ.Иасауи. Бұл кезенді түркі тілді халықтардың философиясының "Алтын гасыры " деуге болады. Аталған ғұламалар тамаша шығармалар мен философиялық еңбектерді дүниеге әкеліп, әлемдік философияның дамуына елеулі үлес қосты.

Қазақ хандығы дәуіріндегі философия, ХV-ХVШ ғасырлар аралығын қамтиды, үш бағытта дамыды: а) жыраулар философиясы; ә) билер философиясы; б) "Зар заман философиясы".

ХІХ-ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясы - антропоцентристік және экзистенциалистік сипатқа ие.

ХХ-ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ философиясы. Негізінен саяси философия болды: Ә.Бокейханрв, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, ЦД.Құдайбердиев. -

93

Кенес дәуіріндегі Қазақстандық философия. ХХ-ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап, 90-жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы кеңестік философия секілді коммунистік партияның идеологияпық қызметшсіне айналып, өзінің ұлттық ерекшеліктерінен айрылды. Бірақ негізінен марк- систік сипатта болғанымен, осы кезенде кәсіби философия қалыптасты. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында Философия және құқық институты, Қазақ мемлекеттік университетінде философиж факультеті ашылды. Кеңестер Одағы кеңістігінде танымал болған Қазанстандық философия негізінен таным теориясы, таным диалектикасы және диалектикалық логика мәселелерін зерттеумен айналысып, биік деңгейге көтерілді.



Тәуелсіздік кезеңінін философиясы - соңғы он бес жылда қалып- тасты, қазақ халқының философиялық дүниетанымын терендеп зерттеумен айналысып, үлкен табыстарға жетті. Салыстырмалы түрде тарихи аз уақыттың ішінде қазақ халқының философиялык дүниетанымын жарқы- ратып көрсеткен тамаша зерттеулер дүниеге келді және бұл саладағы жұмыстар толассыз жалғасуда.

Қазақ философиясы өзінің бастауын көне түркі дүниесінен, оның көрнекті өкілдері әл Фараби, ЖүсіпБаласағұн, Қо.жа Ахмет Иасауиден алады.

Әбу Нәсір әл Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында өмір сүрген түркі тайпасында шамамен алғанда 870 жылы дүниеге келген. Әлі Фараби философиясының негізгі зерттеу объектілерінің бірі - адам. Антика дәуірінің ойшылдары секілді әл Фараби де адам өмірінің мақсаты - бақытқа жету деп түсінеді. Адам әуелі бақыттың не екенін түсініп, оныі өзінің мақсаты ретінде анықтап алған соң ғана оған жетудің жолдарыні танып-біле алады. Әл Фарабидің пікірінше, шын бақыттың не екенін түсінуге көмектесетін - адамның ақыл-ойы. Ақыл адамға күш береді; ақыл-ойына көбірек жүгінген адам ғана жақсы мен жаманды айыра алады. Жігердің үш түрі бар, біріншісі - түйсіктен, екіншісі - елестетуден, үшіншісі - ойлау қабілетінен туындайды деп көрсеткен әл Фараби соңғысын еркін тандау деп атайды және ол адамға ғана тән, басқа жануарларда ол жоқ дейді. Әл Фараби нағыз бақыт деп білімге, ізгілікке және әдемілікке ие болу деп түсінді. Оған жету үшін адамның бойында жігердің осы үш түрінің бәрі де болуы шарт. Бірақ адамдардың бәрі бірдей бақытқа бөлене бермейді, себебі олардың ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері әр түрлі. Бақыттың не екенін, оған қалай қол жеткізуді түсінбеген адам өзінің өмірлік мақсаты етіп мүлде басқа нәрсені таңдап алуы мүмкін. Бұл жағдайда адам абсолюттік ізгілік - бақытқа емес, абсолюттік зұлымдыққа тап болатындығын ескерткен әл Фараби бақытқа бөленуге күші жетпеген адамдарды тәрбиелейтін ұстаз, басшы қажеттігін айтады.

94

Ұстаз, басшы болу, өзінің соңынан басқаларды ерту кез-келген адамның қолынан келе бермейді, ол үшін ерекше қасиеттер керек деген әл фараби өзінің "Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат" атты еңбегінде ұстазға тән қасиеттерді сипаттайды. Басшы адам, имам, ен әуелі өзін басқарып, тәрбиелейтін басқа басшыны қажет етпейді. Дененің басты мүшесі ретінде әуелі жүрек, сонан соң ғана дененің басқа мүшелері одан төмен орналасатыны секілді, басшы бәрінен жоғары, ол қала, ұйымының және оның мүшелерінің басты себебі. Қала тұрғындарының бойында жігерден туындайтын қасиеттерді тудыратын да осы басшы. Дене мүшелерінің біреуі бұзылғанда оны жүрек түзететіні сияқты, басшы қала ұйымының бұзылған мүшесін түзеп отырады. Әл Фараби басшы бола алатын адамға қажетті он екі қасиетті атайды: оның дене мүшелері кез-келген харекетті қиындықсыз орындай алатындай мінсіз, жан-жақты жетілген; оған айтылып отырған нәрсені түсінетіндей және онын іс жүзінде қандай болатындығын көз алдына елестете алатындай табиғи қасиеті бар; түсінген, көрген және қабылдаған нәрсесінен ешттеңені ұмыт қалдырмайтындай жақсы есте сақтай біледі; заттың кішкене ғана қасиетін байқау арқылы оның не нәрсені білдіріп тұрғанын тез түсінетіндей қырағы ақылға ие; ойлаған нәрсесін айқын жеткізе алатын шешен: оқуға және танып-білуге деген махаббаты бар және бұл істе шаршамайды, азаптанбайды; тамақ пен сусын ішуде, жыныстық қатынастарда шектен шықпайды, табиғатынан ойынды және одан туындайтын рахатты жек көреді; шындықты және ол үшін күресетіндерді сүйеді, өтіріқті және өтірік айтатындарды жек көреді; маңғаз жанға ие және арнамысты биік ұстайды: оның жаны табиғатынан төмен істерден жоғары тұрады және асқақ істерге ұмтылады; дирхем, динар және күнделікті өмірдің тағы басқа да атрибуттарын жек көреді; әділеттілік пен оны жақтаушыларды сүйеді және тирания мен оны тудырушыларды жек көреді; өз адамдарыңа және жат адамдарға әділ, әділеттілікке бағыттайды және әділетсіздік құрбандарының шығындарын өтейді, ол ізгі және әсем деп түсінетін нәрселерді барлық адамдарға береді; әділетті, бірақ бірбеткей емес, әділеттіліктің алдында мінез көрсетпейді, бірақ кез-келген әділетсіздік пен төмен істерге қатысты қайтпастай мығым; өзі қажетті деп есептейтін нәрсені жүзеге асыруда батыл және ержүрек, үрейлену мен қорқақтықтың не екенін



1 білмейді. Әл Фараби осы қасиеттердің бәріне ие адамдар өте аз кездеседі ' дей келіп, олардың алтауы немесе бесеуі бойында бар және елестету қабілеті жағынан басқа адамдардан асып түсетін адам қала басшысы бола алады дейді.

Әл Фарабидің ойынша, айналандағы адамдар бақытсыз болса, жеке бақыт баянсыз: "...бір адам басқаның өмір сүруіне қажет нәрсенің бір

95

бөлігін беру арқылы адамдардың бір-біріне көмектесуіне негізделген көптеген бірігудің нәтижесінде ғана адам табиғатынан маңдайына жазылған кемелденуге жетеді". Әл Фараби қайырымды қалаға қарсы қалаларды да сипаттайды: надан, азғын, адасқан, қажеттілік және тағы басқа қалалардың ортақ мақсаты жоқ, көздегендері бақытқа жету емес, өткінші байлық пен алдамшы рахатқа бөлену. Мұндай қалаларды алдап-арбау мен сұмдықтың неше түрі, моральдық құлдырау, нәпсіқұмарлық, мансапқорлық, билік құмарлық, надандық, діннен безушілік секілді ізгілікті адамға жат, тағылық қасиеттер жайлайды. Қала басшысы мұндай қала-мемлекетті тек күштің көмегімен басқарады, сондықтан олар әлсіз, болашағы жоқ, дамудың жоғары сатыларына жете алмайды



Бір қарағанда әл Фарабидің бұл ізгілікті қаласы утопия немесе қол жет- пейтін идеалды, мінсіз қоғам секілді болып көрінуі мүмкін. Бірақ осы модельдің өзінен біздің жас мемлекетімізге пайдалы көп нәрсені байқауға болады.

Мұсылмандық Шығыс дүниесінің тағы бір көрнекті өкілі, ХІ-ғасырда өмір сүрген ғұлама ойшыл Жүсіп Баласағұн еді. Ол өзінің негізгі туындысы "Құтадғу білікте" адам өмірі туралы өсиетін қалдыруға бекінеді. Жүсіп Баласағұн үшін адам баласы - дүниедегі ең басты құндылық. Адамды жаратушы алла тек оны ғана емес, ай мен күнді, күн мен түнді, аспан мен жерді, дала мен тауды, қол мен елді де дүниеге әкелді бірақтек адамға ғана теңіздейін телегей ақыл, білімге бой ұрдырар зерде қайырымды іс қылдырар ар-ұят пен намыс сыйлады. Баласағұнның ойынша, ендігі міндет - осы адам деген атақты жоғары ұстау, оған сай өмірі сүру. Ол өмірді адамға алланың берген қарызы деп түсінеді, осы өмірд мәнді кешкен адам ғана қарызын қайтара алады. Баласағұн Мәнді өмірге жетудің азапты жолында адамға серік болар төрт қасиетті - әділет, дәулет, ақыл, қанагатты бөліп көрсетеді және оларға Күнтуды, Айтолды Өгдүлміш, Одғұрмыш деген есімдер береді.

Баласағүн Дәулет-құт өткінші, тұрақсыз, бүгін бар да ертең жоқ, сондықтан адамды дәулетке шектен тыс қызығушылықтан сақтандырады; ол үшін адамға қанағат керек. "Құтадғу білікте" Қанағат-Одғұрмыш адамның мал жиыаудың соңына түскендігіне өкпелеп, қоғамнан бойын аулақ салады, Күнтуды-Әділеттің шақырғанына қайырыла коймайды. Бірақ Күнтуды Одғұрмыштан адамның уақытша осалдығына, бойындағы табиғи эгоизмді жеңе алмауына, мал-дәулет алдындағы солқылдақтығына кешіріммен қарауға, адамға деген өкпесін ұмытып, қоғамға оралуды, кісікиік болмауды талап етеді, адам қоғамда ғана бақытты, жалғыз өмір кешіп, өз қамын ғана ойлаған адамның соры қалың деп ескертеді.

Айтолдының өмірін мысалға ала отырып, Баласағұн тіршілікке алдан-бауға, дүниеге малданбауға үгіттейді. Мал-дүниесін жұртқа таратса да,

96

өлімнен қашып құтыла алмаған Айтолды Өгдүлмішке өліммен адамшылық пен кісілік арқылы күрес деп өсиет қалдырады, "өлімді ойла, ұмытпа еш, сарала" дейді. Бұл өсиетті қазіргі адам да жадында ұстағаны дұрыс. Жалпы алғанда, Жүсіп Баласағұнның "Құтадғу білігі" өмірмәндік қағидаларға толы, әрбір адамға аса қажетті, құндылығы мәңгілік туынды.



Орта ғасырлық мұсылман дүниесінің тағы бір кернекті ойшылы -Кожа Ахмет Иасауи. Оның пікірінше, адамның мақсаты - кемел адам қалпына жету, ал кемелдік жолы - сопылық, алладан басқаны мойында-май, дүниені, бала-шағаны, нәпсіні тәрк етіп, тақуалық жолына түсу, жүректі оятып, алланы сүю, оған деген махаббат, ғашықтықтудыру. Бірақ аллаға ғашықтық жолында адамға кедергі болатын оның нәпсісі. Иасауи адамды нәпсіден без, оны еркіне жіберме деп үйретеді. Нәпсі адамға табиғатынан тән қасиет болғанмен, ол санаға тәуелді болмаса, адам оны саналы түрде реттеп отырмаса, нәпсі адамның түбіне жетеді. Иасауи нәпсіні кең мағынасында қолданады. Оның пікірінше, нәпсіқұмарлықтек тәнқұмарлық емес, билік пен байлыққа, өткінші қызыққа шектен тыс берілгендік. Нәпсіні тиып, алланы сүю жолына түскен адам рухани тазарады, сол арқылы өмірдің күйбең тіршілігінен жоғары көтеріліп, бойына имандылық, қанағат, адалдық. мейірімділік секілді адамгершіліктік қасиеттерді жинайды, сонда ғана шариғат, тариқат сатыларынан өтіп, хаки-қатқа - аллаға ұласуға жетеді. Шариғат алланы сүю туралы сүю туралы ілім, тариқат - адамның осы білімді жүзеге асыру жолындағы харекеті. Хақиқатқа жету қиын, бірақ оған ұмтылу, нәпсіні тиып, бойында аллаған махаббат пен имандылық қалыптастыру - әрбір мұсылманның міндеті дейді Иасауи.

Жазбаша философиялық шығармалар қазақта кейінірек пайда болды, ал оған дейін казақ халқы өзінің философиялық ойларын вербалъдік, ауызша формаларда бейнеледі.Түркі Қағанаты дәуірнде түркілердің төл жазу үлгілері болғаны қазір дәлелденіп отыр. Бірақ тарихи даму барысында көнетүркілік жазу мәдениеті бірте-бірте жоғалып, кешпелі халықтар өз мәдениетін кейінгі үрпаққа вербальдік формалар арқылы ғана жеткізіп отырған. Бұл құбылыстың жағымды да, жағымсыз да жақтары болды бір жағынан үлкен рухани жеңіліс, себебі тарихи тұлғалар, оқиғалар туралы мәліметтер жазылып алынбағандықтан, ұмыт бола бастады, нақтылықгың орнын аңыздар басты. Жазба әдебиеттен ауыз әдебиетіне көшудің жағымды жағына келетін болсақ, "бар алфавитінен айырылғанмен, халықтың ендігі сенері санасы, сезімі болды. Өлең, жыр, эпос, дастандар ел арасында ауызша тарап, соның арқасында ауыз әдебиетінің философиялық пайымдауларға толы небір үлгілері біздің заманымызға дейін жетіп, асыл мұрамызға айналдьқ



97

Тіл - адам рухының маңызды және жұмбақ жемісі, адамды ғана емесі жалпы өркениетті қалыптастыратын, оны түсінуге көмектесетін кілт. Тіл мен мәдениет халықпен бірге өмір сүреді, эволюциялық түрде дамушы этносты сипаттайтын – оның тілі мен мәдениеті. Демек, қазақтың шұрайлы мазмұны терең, сөздік қоры бай, өміршең тілін және оған деген қазақ халқының көзқарасын зерттеу арқылы оның дүниетанымын түсінуге болады.

Сөз өнерін қазақ ежелден аса жоғары бағалады, қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын, қазақтың сүйеніші тілі мен сөзі болды. Қазақтың сөз өнері жай ғана ауызекі тілдің функциясымен шектелмей, дискурстық, яғни пайымдық, пікірталастық сипатта болды. Дискурс адамдардың арасында туындайтын мәселелерді күштің көмегімен емес, ақылға құлақ түре отырып пікір алысу мен пайымдауға жүгіну арқылы шешіп, субъектілер арасында түсіністік орнатады, жай келісім емес, әлеуметтік келісімге қол жеткізеді.

Бұл ерекшелік қазақ халқының шешендік өнерінен, әсіресе мал мен жан, жер мен жесір, ар мен намыс дауын қара қылды қақ жарып әділ шешкен дала соттары - билердің қызметінен жақсы байқалады.

Ауыз әдебиетінің философиялық тұрғыдан арнайы зерттелмеген қара өлең, қоштасу, жоқтау, аңыз және тағы басқа түрлері философиялық пайымдауларға толы жәңе бұл философиялық толғаныстардың басты объектілері - адам, өмір және қоғам.

Қоштасу мен жоқтау қазақтың салт өлеңдерінің ертеден келе жатқан, мазмұны жағынан қара өлеңге жақын түрлері. Қоштасу қазақта қалыптасқан дәстүр бойынша өлең-жырмен немесе нақыл сөзбен айтылған. Оның түрлері сан алуан: "жермен, елмен, өтіп бара жатқан дәуренмен, заманмен, өмірмен, артта қалып бара жатқан дүниемен қоштасу болады". Қоштасу өлендерінің осы аталған қай түрі болмасын өмір туралы толғауларға толы. Ерекше атап көрсететін бір нәрсе - қазақтың қоштасу елеңдерінде өлімнен қатты қорқу, үрейлену сезімі байқалмайды, өлімді өмірден болмей, заңды құбылыс ретінде түсіну басымырақ. Өз өмірін белгілі бір іске, мақсатқа арнаған, ісін жалғастырушысы бар, өміріне риза адам өлімді тайсалмай қарсы алады. Оның мысалын Наурызбай батырдың өлім алдындағы қоштасуынан көруге болады. Өмірін еліне арнаған, дүшпанда кеткен кегін алатын алатын інілері Сыздық-Жаппар бар батыр өлімін өкінішсіз қарсы алады. Ал әйгілі Әсет ақынның құрбысы Кемпір-бай ақынның қоштасу өлеңінен оны "аһ" дегізген өкініш сезіледі. Ауырып жатқан ақын өзінің сырын түсінетін Әсет ақын келгенде ғана басын көтеріп, ілулі тұрған домбырасын сұрайды да, қоштасу өлеңін айтады. Өтіп бара жатқан өміріне шолу жасаған Кемпірбай Әсет досына ең басты арманын, екінішін жеткізеді. Ол өкініш - ақындық ісін

98

жалғастыратын ұрпағы жоқ. Өлім аузында жатқан Кемпірбай ақынды қинайтыны - баянсыз өмірді мәнді ететін сенімнің жоқтығы.



Қазақ ауыз әдебиетіңің өмір туралы толғаныстар көрініс тапқан тағы бір түрі - жоқтау. Өмірден өткен қимас адамына жоқтау айту қазақтың ертеден келе жатқан, қазір мүлдем дерлік ұмыт бола жаздап отырған салты. Жоқтауда өмірдің жалғандығы, баянсыздығы мен тұрақсыздығы қара өлен деңгейінде суреттеледі, өлімнің зандылығы да жоқтауда соз болады. Бірақоның мазмұнындағы маңыздырақ нәрсе - өмірмәндік мәселе. Жоқтау айтқан адам өмірден өткен асыл азаматтың өмірін, ерекше қасиеттерін, тындырған ісін, қоғамдағы орнын және қол жетпеген армандарын сипаттайды. Мамай батырдың шешесі Қараүлек айтқан жоқтау - қазақ жоқтауының классикалық үлгісі. Онда өзінен туған ұрпағын жоғалтқан ананың орасан зор қайғысы. жан азабы, күйзелісі мейлінше дәл суреттелген. Зар салып баласын жоқтаған ана бір сәт өзін жұбатады.

Азалы ананың көңіліне медет болатын күш - баласының үлгілі өмірі. Мамай елі үшін опат болды, онын өлімі жай өлім емес, ерлік өлім, елін жаудан қорғау - батырдың өмірлік мақсаты еді, ол сол мақсатына жетті. Казақтың басқа батырлары сияқты Мамай да өзінің адамгершілік келбетін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде танытты, сондықтан да халықтың беделіне ие болды. Оның өзі әлсе де, ісі жұртының есінде мәңгі қалмақ. Мамайдың мәнді өмірі өлімге осылайша қарсы тұра алды, өлімнің оны жеңуі мүмкін ёмес. Қараүлек ананы жұбататын да осы ой. Өмірдің қай саласында болмасын қазаққа қорғаныш болған өлеңі оның өліммен күресінде де демеу болды. Жоқтау айта отырып көңілін басқан қазақ өмірден күдерін үзбейді, түпкілікті түңілмейді, өмірдің әлімнен күштілігіне сенеді.

Қазақ ауыз әдебиетінің тағы бір маңызды түрі - аңыз. Адам қоғамы пайда болғаннан бері өмір сүріп келе жатқан аңыз қоғам дамуының сатыларынан адаммен бірге өтіп, әлі күнге дейін қоғамдық сананың елеулі бөлшегі болып қалып отыр. Аңыз қашанда адамның өмір сүруін жеңілдету құралы болды деуге болады, мысал ретінде Қорқыт, Асан қайғы туралы аңыздарды және қазіргі заманғы аңыздарды атасақ жеткілікті. Қазақ аңызында Қорқыт ақылды, дан, еліне қамқор парасатты жан ретінде суреттеледі. Бұл тұрғыдан алғанда оны түркі жұртының философы деуге болады, себебі Қорқыт белгілі бір адамның немесе топтың, билік басындағылардың мүддесін қорғаушы емес, қарапайым адамдардың ақылшысы, сөзімен ғана емес, ісімен де өнеге көрсетуші, іс пен сөздің бірлігін қуаттаушы. Еш мінсіз, кемшіліксіз адам туралы қазақтың арманын осы Қорқыт бейнесін көреміз. Бірақ Қорқыт екі аяқты пенде, оны да адам тірлігінің шектеулігі толғандырады. Өлімді жеңудің жолы - өмірді мәнмен толтыру. Қорқыттың түсінігінше, жоғарғы мән - ар-иман. Қорқыт туралы аңыздардың қайсысында болмасын

99

ар-иман ұғымы міндетті түрде кездеседі, өмір өткінші, қай өмір болса да өліммен бітеді, бірақ ең басть сы - адамшылықты, ар-иманды сақтау.



Қазақ философиясының негізгі кезеңдерін және ауыз әдебиетіні түрлерінде жинақталган дуниетанымдық ұгымдарын тапдау арқылы қазақтың ұлттық философиясы жалпы қазақ халқының, оның әрбір өкілінің бойында қалыптасқанын, қазақ халңының басқа халықтар философкясынан еш кем емес философиялық дуниетанымы бар екенін айқын көруге болады.

11 -ТАҚЫРЫП

ХІХ-ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ -ХХ-ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОРЫС ФИЛОСОФИЯСЫ

(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)

1. ХІХ-гасырдың соңы -ХХ-гасырдың басындагы орыс философиясы4. на жалпы сипаттама.

2. Л.Н. Толстойдың өмірдің мәні және адамның өзін-өзі адамгершіліке тәрбиелеу ілімі.

3. В.В.Соловьевтың "орыс идеясы".

4. Н.А.Бердяевтің персоналистік философиясы.

Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі - Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге дейін аса маңызды.

Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасыр-дың соңы мен ХХ-ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең, интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты. Бір өкініштісі, орыс философиясын объективті зерттеу мүмкіндігі соңғы жылдары ғана пайда болды. Жоғары оқу орындарына арналған бұрынғы бағдарламаларда бұл тақырып терең ашылмай, орыс философиясы туралы сөз болғанда негізінен Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен. В.Г.Белинский және тағы басқа ойшылдардың қоғамдық-саяси, материалистік-марксистік көзқарастарын талдаумен шектелетінбіз. Қазіргі танда орыс философиясы қызықты зерттеу объектісіне айналып отыр. Ресейдің өзінде ұлттық философия мәселесіне үлкен бетбұрыс жасалып, коптеген ғылыми зерттеулер дүниеге келді. 2005 жылдың мамырында Мәскеу қала­сында өткен

100


халықаралық философиялық симпозиумда талқыланған ғылыми баяндамалар осы ойымыздың жақсы дәлелі.

Философиялық әдебиетте ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап керсетіледі: славянофил бағыты және батысшылдар бағыты (кейбір зерттеушілер бұл бағытқа марксизм бағытын да енгізеді). Біздің ойымызша, осы кезеңдегі орыс философиясын даму ерекшеліктеріне және мазмұнына байланысты үш бағытқа бөліп қарастырған жөн.

Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі - православие. И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни озгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл түсінікті де, себебі орыс халқының санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күшіне, "идеалға" деген сенім өмір сүрді. Үнемі "идеал" жетегінде өмір сүрген адам өзін басқалардан рухани жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи өзіне-өзі сезімге шомылып өмір сүретіні белгілі және бұл идеал - шексіз. Бүкіл дүние жүзін қызықтырып, өзіне тәнті еткен "орыс жанының" ("загадочная русская душа") жұмбақ табиғатының да себебі осында болса керек.

Марксизм бағытынын негізгі өкілдері В.И.Ленин, Л.Д.Троцкий, Н.Бухарин, А.В.Луначарский болғанымен, орыс философтарының бәрі дерлік әуелі марксизм кезеңіне өтті. Марксизмнің ерекшелігі - философияны жұмысшы табының идеологиялық қызметшісіне айналдыруы. Бұл бағыт ақырында жеңіске жетіп, кеңес заманында философия мемлекеттің біртипті ойлауға негізделген идеологиялық қүралына айналды. Қалыптасқан жүйеге қарсы шығу қылмыспен тең еді. В.И.Ленин 1922 жылы Ф.Э.Дзержинскийге жазған хатында ой-пікірі, кезқарасы большевиктер саясатына қарама-қарсы интеллигенция өкілдерін елден аластату керектігі туралы айтқан пікірінің негізінде арнаулы бұйрық шығарылып.161 адам елден қуылды. Олардың бәрі бір кемеге тиеліп аттандырылғандықтан, тарихқа бұл оқиға "Философский пароход" деген атпен енді. Бұл "еріксіз саяхатшылардың" қатарында белгілі философтар С.Л.Франк, Н.А.Бердяев, Л.Шестов, П.Сорокин, И.Ильин бар еді. Орыс философиясының құлдырауы осы кезеңнен басталды.



Үшінші багыт - біз сөз еткелі отырган батысшылдар, немесе экзис-тенциалистер багытының негізгі объектісі - адам және оның өмірінің мәні болды. Атап көрсететін бір ерекшелік - жалпы философия тарихында өмірдің мәні мәселесін талдаумен түбегейлі айналысқан орыс философтары деуге болады. Бұл құбылыстардың себептері әр түрлі. Бірақ біздің ойымызша, басты фактор - Ресейдің трагедиялық тағдыры. Адам, оның өмірінің мәселесі қоғам дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде өткірлене

101

түседі. Тығырыққа тірелген қоғам мүшелерінің бойында бүрыннан да бар уақытша бұғып жатқан өміртуралы сауалдар тізбегі адамды осындай қиын кезендерде қатты мазалай бастайды. Сондықтан да өзінің даму тарихында талай рет тағдыр тәлкегіне ұшыраған, сан түрлі соққыларды, қайшылықты қоғамдық өзгерістерді басынан кешірген Ресей мемлекетінің ойшылдарын осы тақырып толғантуы кездейсоқ емес.

Сонымен катар, ХІХ-ғасырдың соңы-ХХ-ғасырдың басындағы орыс философтарының бәрін де Ресей мемлекетінің тагдыры толғантты. бағыттың өкілі болғанына қарамастан, олардың әрбіреуі орыс қоғамы мен жалпы орыс халқының болашағы туралы терең ойланды, болашақ даму жолдарын іздестірді.

Лев Николаевич Толстойды (1823-1910) дүние жүзі ұлы жазушы ретінде біледі, бірақ оның философиялық ойлары көпшілікке енді ғана танымал болып келе жатыр. Орыс ойшылының философиясын терең, объективті зерттеу ісі әсіресе соңғы он бес жыл ішінде жақсы деңгейде жүргізілуде. Бұл пікіріміздің дәлелі ретінде жазушының философиялық шығармаларының бөлек жинақ болып жарық көруін (Л.Н.Толстой. Избранные философские произведения. М.,1988), бұрын жарияланбаған философиялық ой-толғаныстарының үлкен еңбек болып басылып шығуын (Л.Толстой. Путь жизни. М., 1993) және оның философиялық көзқарастарының көптеген ғылыми зерттеулердің арқауы болып отырғандығын айтуға болады.

Жазушы философиясының басты мәселелері қандай болды десек, өзінің-шығармаларында Л.Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық-мәселе - адам өмірінің мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің мәні бар ма? Бар болса, неде?Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір сүріп керегі не? Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және олар жазушының бүкіл көркем және философиялық шығармаларының желісі болды. Осы мәселелер тереңірек тексерілетін еңбектердің бірі - "Исповедь" ("Жан сыры" немесе "Тәубе", еңбек қазақ тіліне әзірге толық аударыла қойған жоқ). Бұл еңбектің ортаға-сырлық ойшыл Августин Аврелийдің "Исповедь Блаженного Августина, епископа Гиппонского" еңбегінің ізімен жазылғаны күмән тудырмайды.

Өз өмірінің негізгі кезеңдеріне шолу жасай отырып, өмірінің мәні туралы сұраққа жауап іздеуге тырысқан Л.Толстой өз жанының күйзелісі арқылы бізге осы мәселенің бүкіл трагедиялық сипатын жеткізеді. Адам зат

102

тарихынан өшпес орын алған тұлға, керемет классикалық дүниелердің авторы ретінде өзін әлемге танытқан ұлы жазушы "Не үшін өмір сүрдім?" деп қиналады, сұрағына жауап таба алмай аласұрады, ғылыми-филосо-фиялық тілмен айтсақ, гиперрефлексияға ұшырайды. Өзінің бұл жағдай-



ын жазушы оте дәл суреттейді: "...сұрақтарға жауап бере алмай, қор болдым. Өмірім тоқтады. Мен дем ала алмадым, тамақ іше де, ұйықтай да алмадым. Өмір мені тойдырды - одан құтылғым келді. Өзімді елтіргім келді деп айта алмаймын, бірақ мен өмірден қаштым".

Жазушыны таңдандырған бір нәрсе - осы мазасыз өмірмәндік қина-лыстын оның бақытты өмір сүруіне қажетті нәрсенің бәрі жеткілікті кезенде

- сүйікті әйелі, тамаша балалары, бай имениесі бар, ортасына сыйлы, рухани күшті, дені сау. әлі 50 жасқа да,толмаған кезенде мазалауы, философиялық тұрғыдан талдасақ, Толстойдың осындай мазасыз, қазақша айтсақ, жанын қоярға жер таба алмай қиналуы заңды құбылыс. Гиперрефлексия ой еңбегімен айналысушы адамдарға көбірек тән, сондықтан да Толстой секілді ғұламаның жан күйзелісі түсінікті. Бұл жазушынын рухани дүниесінің терендігін көрсететін өзін-өзі танып-білу қызметінің ерекшелігіңің дәлелі. Мұндай адам өмірінің мәні мәселесінің тұңғиығына бойлаған сайын өзіне кеңілі толмаушылық пен мазасыздық күшейе түседі, шым-шытырық ойлар мен түсініктер әлемінде шарқ ұрған жан тығырыққа тіреліп, өмірдің шекаралық жағдайына душар болады. Ол адам үшін қауіпті, себебі тұлға қалыптасқан құндылықтар бағытынан адаса бастайды, күнделікті практикалық қызметке деген қабілеті төмендейді. Осы кезде адамға даналыққа. парасатқа негізделген философия ғылымының кемегі қажет. Әрине, философия өмірдің моні мәселесін түбегейлі шешіп береді деуге болмайды, бірақ философия құбылысты түсінуге, оған белгілі бір көзқарас қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген жаңа талпыныс, күш береді.

Л.Толстой да езін мазалаған мәселелерге жауап іздеу үшін философияға жүгінеді, Сократ, Шопенгауэр, Соломон сияқты ойшылдардың өмір туралы ойларын қорытады. Бұл мәселе олардың да тынышын кетірген "мәңгілік" сұрақ екендігіне кез жеткізіп, бірте-бірте осы тығырықтан шығу жолдары туралы салмақты кезқарас қалыптастыра бастайды. Өзін қоршаған адамдардың өмір сүру салтын, өмірдегі мақсаттарын және ақыл-ой деңгейін асықпай бақылаған жазушы оларды өмірдің мәні туралы ойлану қабілетіне қарай торт топқа беледі:

1) Ештеңе білмеу жолы - өмірдің зұлымдыққа толы және мәнсіз екендігін білмей де, түсінбей де өмір кешетіндер. Осылайша жайбарақат, Қаннен-қаперсіз өмір сүретіндердің қатарында, Л.Толстойдың ойынша, өте топас, өте жас адамдар және әйелдердің көпшілігі.

103



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет