15
мен шығармашылығын талдау, тіпті кейбір биографиялық кезеңдеріне назар аудару танушы субъектінің тұлғалық қалыптасуына маңызды әсер етеді. Мысалы, Сократ, И.Кант, Л.Толстой, Абай, Шәкәрім және тағы басқа ойшылдардың ақиқатқа жету жолындағы адами және ғылыми тазалығы, философиялық ізденіске деген құштарлығы мен құрбандығы жастарға ой салып, олардың тұлғалық келбетінің қалыптасуына оң әсер ететіні сөзсіз.
Философия тарихы біздің танымымызды тарихи тұлғалардың шығар-малары, тағдыры, мінез-құлқы, өмір салты арқылы ашылатын өмірлік құндылықтармен толықтырады. Танушы субъект философияның көмегімен өз өмірін саналы түрде қайтадан, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары деңгейде түсінуге жол табады. Осы ойымыздың мысалы ретінде тұлғаның өмірмәндік түсініктерінің қалыптасуындағы философияның рөлін айтсақ та жеткілікті.
Философия тарихын зерттеу тұлғаның бойында адамшылық ереже-лерінің жетіліп-дамуының да ішкі қозғаушы күші бола алады. Жеке фи-лософиялық тұлғалардың моральдық ілімдерін, олар теориялық деңгейде зерттеп қана қоймай, іс жүзінде ұстанған парыз, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, өзіне ғана емес, басқаларға да қызмет ете білу, жан-жақты жетілгендікке ұмтылу және тағы басқа моральдық принциптерді танып-білу, оны өзіндік өмірлік тәжірибеде жүзеге асыруға, мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну - индивидтен бірте-бірте тұлғаның қалыптасуына қажетті құрылымдар.
Философия тарихы адамның бойында еркін ойлау принциптерін қалыптастыруға ерекше ықпал етеді, себебі философия - рухтың жоғарғы еркіндігі саласы жоне философия тарихы еркін ойлау мен еркін өмір сүрудің тамаша үлгілеріне толы.
Еркіндік мәселесі - философия ғылымы ғасырлар бойы зерттеп келе жатқан, әлі шешімі табылмаған, маңызы қазіргі заманда арта түсіп отырған "мәңгілік" мәселелердің бірі. Философиялық ойлауға тән ашықтық, сыни верификация, реализм, скептицизм, өзін-өзі сынай білу философияны игеруші субъект-тұлғаның рухани дүниесінің қалыптасуына айқындаушы әсер етеді. Философия адамға өз өмірі мен тағдырын өзі айқындауға мүмкіндігі бар екендігін, таңдау еркіндігі адамның өз қолында екендігін түсіндіреді. Бұл мәселе, әсіресе, кішкентайынан тиым салу ережелерінің қатаң шеңберінде тәрбиеленетін қазақ балалары үшін аса маңызды екенін атап өту керек. Қорқыту, тиым салу арқылы емес, саналы еркіндіктің көмегімен ғана қоғамның еркін азаматтарын қалыптастыруға болады. Әрине, абсслюттік еркіндік мүмкін емес, бірақ саналы еркіндікке ие адам ғана өзінің индивидуалдылығын қоғамдық деңгейде жүзеге асыратын тұлғаға айналады.
16
Ойымызды қорыта келсек, философия гылымы адамга өзі өмір сүріп отырган орта - табигат пен қогамның даму заңдылықтары туралы, өзінің осы жүйеде алатын орны, өмірі, өмірлік мақсат-міндеттері туралы жан-жақты теориялық білім беретін, адамның көзқарасын қалыптастыратын, сонымен қатар практикалық сипатқа ие, қазіргі заман адамына аса қажетті гылым болып табылады.
2-ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ НЕГІЗП ҰҒЫМДАРЫ
(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)
1. Көшпелі өмір салты - қазақ дуниетанымының қалыптасуының алгы шарттары.
2. Қазақ халқының өмір сүру салтымен байланысты категориялар: Өмір, Өлім, Араласу, Намыс, Парыз, Кісілік.
Қазақ дүниетанымы көшпелі өмір салтымен тығыз байланысты. Ғылы-ми әдебиетте көшпелі өркениет туралы ортақ түйін-тұжырым жоқ. Евро-поцентризм көшпелі мәдениет туралы жағымсыз пікір қалыптастырғаны белгілі.
Шындығында, салмақты сараптау жүргізсек, көшпелі өмір салтының ерекшеліктері, мәдени-шығармашылық потенциалы өте мықты екендігін және оның қазақ дүниетанымының басты ұғымдарының қалыптасуына негіз болғанын көреміз.
1) Көшпенді қазақ халқы табиғатпен біртұтас, "адам -дүние" пара-дигмасын ұстанып өмір кешті және осы ерекшелік айқындаушы болды.
2) Көшпелілік қозғалыспен тығыз байланысты, ал қозғалыс жетілген-дікке, жаңаруға үздіксіз ұмтылыс.
3) Көшпелілік өмір салтына практикалық сипат береді.
4) Көшіп-қону, ұзақ жол қазақтардың бойында шыдамдылық, өзара түсіністік, қамқорлық, ұйымшылдық, тәртіптілік және тағы басқа адам-гершіліктік қасиеттерді тәрбиеледі.
5) Отырықшылықта билік, еркіндікке ұмтылу мәселесі туындайды, ал көшпелі қоғамда адамдардың арасындағы қатынастар салт-дәстүрлер арқылы басқарылып, реттеліп отырды.
6) Көшпелі өмір кеңістігінің шексіздігі ерекше мәдениеттің, өнердің, шығармашылық шабыттың шарықтауына негіз болды.
Қазақ халқының философиялық дүииетаннмының басты категориясы өмір. Адам өмір кешіп жатқан дүние -құндылыктар дүниесі. Материалдық
17
және руханилық болып бөлінетін осы құндылықтардың ең бастысы - өмір. Ол өзінен басқа құндылықтардың өмір сүруіне қажетті бірден-бір шарт және өлшем, өмір болмаса, құндылықтар да жоқ. Осы тұрғыдан талдасақ, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы нәрсе -өмір. Қазақ халқы өмір мен өлімді салыстыра келіп. "Мың күнгі тамұқтан бір күнгі жарық", "Өлі арыстаннан тірі тышқан" немесе "Тірі адам тіршілігін жасайды" деп, өмірді жоғары бағалайды.' Қазақтың түсінігінше, адам тіршілікте өзінің өмірін барлық бағыттарда мүмкіндігінше өміршең етіп жаюы керек, өмір туралы көбірек ойланып, оның әр күнін бағалап, мандайға жазылған өмірді гүлдендіруге, жандандыруға, мәнді өткізуге ұмтылуы тиіс. Бұл іс адамның өз қолында. Өмірге мән беретін адамның өзі, оның іс-әрекеті. Дүниеге екі келмек жоқ, өмірден өз таба білуге адамның өзі жауапты.
Қазақ халқы өмірді бейнелеу үшін "дүние" ұғымын да қолданады. ("Дүние" ұғымы болмысты, материалдық байлықты, бүкіл әлемді бейнелеу үшін де қолданылатынын ескерте кеткен дұрыс). Дүние-өмірдің ерек-шеліктерінің бірі - оның өткіншілігі, "дүние-жалған", "сүм дүние", "өттің дүние", "дүние-арман" сөз тіркестері осыны жеткізеді, өмірдің шолақтығын, көзді ашып-жұмғанша өте шығатынын ескертіп, оны бағалап, қадірлеуге шақырады. Қазақтың қара өлеңдерінен мысалдар келтірсек:
Ойлап тұрсам дүние бір қызғалдақ,
Дүние үшін біз жүрміз жанды жалдап.
Оралыңның барында ойна да күл,
Өте шығар бұл дүние аз күн алдап.
Жанып тұрған жастық шақ алқызыл гүл,
Сипаттауға сымбатын жетпейді тіл.
Өміріңнің қадірін біле білсең,
Өкінішпен дүние өтпейді құр
немесе,
Бұл дүние жеткізбейтін арман дүние,
Бұрынғы бабалардан қалған дүние.
Бірақ қазақ өмірді "желдей есіп өте шығар", "қамшының сабындай қысқа" ,"дүние арман" деп түсінумен шектелмейді. "Дүние-арманға" мән беретін нәрселер ретінде қазақ халқы еңбекті, сүйікті жарды, жақсы досты, басқалармен сыйласып өмір сүруді және тағы басқа асыл қасиеттерді атайды:
18
Дариға, дүниеге неге келдім,
Келдім де бір жемтіктің соңына ердім.
Сене алмай, сендім деуге дос таба алмай,
Екенін фәни-жалған енді білдім, - дейді.
Өмірдің құндылығын және оның мәнін анықтаушы - өмірмен диа-лектикалық бірлікті құрайтын өлім. Ол өмірден тыс нәрсе емес, үнемі қатар жүріп отырады, өмір бар жерде өлім міндетті түрде бар, ол өмірдің екінші жағы. Философия ғылымында өлім мәселесі өмірдің мәні секілді "мәңгілік", шешімі қиын мәселелер қатарында. Қазақ қашанда өлімді өткінші өмірдің заңды нүктесі деп философиялық сабырлылықпен қабылдады. Өлім бар екен деп өмірді жоққа шығару, өлімнен қорқу қазақи дүниеде көп кездеспейді. Өлім алдындағы субъективтік үрей мен күйзелісті қазақ халқы мәселенің жан-жағына терең үңіліп, байыпты көзқарас қалыптастыру арқылы жеңіп отырды. Қазақтың түсінігінде өлімді жеңетін мәнді, адамшылыққа, өзіңе ғана емес, айналаңа, халқыңа жасаған жақсылыққа толы өмір. "Қайда барсаң да Қорқыттың көрі" деп шектеулі өмірмен күрескен Қорқыттың, сүйікті ұлы Әбдірахманнан айрылып, қайғыға шөккен Абайдың:
Ұзақ өмір не берер,
Көрген, білген болмаса?
Жатқан надан не білер,
Көңілге сәуле толмаса?
деп, немесе:
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым өкінбен,
Толғамалы балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен,
Тобыршығы биік жай салып
Дүспан аттым, өкінбен,
Бүгін сонды өкінбен,
Өкінбестей болғанмын,
Ер Мамайдың алдында,
Шаһид кештім, өкінбен!
деп, өмірін ел тәуелсіздігі үшін құрбан еткен батырлардың өлімге көзқарасы осы ойымыздың дәлелі.
Араласу категориясы қазақ дүниетанымында адам мен қоғамның, адам мен адамның арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді. Адам болмысының өзі үнемі дамып, өзгеріп және жаңарып отыратын араласу процесі, ол адамның мәндік ерекшелігі. Адам өз болмысының құпияларын өзін
19
қоршаған ортадан оқшау, тұйық жағдайда толық ашуы, көрсете алуы мүмкін емес, адам қоғамда ғана толық қалыптасады. Адам болмысы араласу арқылы, оның өзіндік "Менінің" "Басқамен" үздіксіз жүріп отыратын диалогында ғана айқындалады. Адам өзін қоршаған ортамен: табиғатпен, қоғаммен, басқа адамдармен араласуға мәжбүр деуге болады.
Ежелден араласуға құмар қазақ халқы оны жоғары бағалады. Араласу - қазақ халқы үшін өмірдің мәні, басты құндылықтардың бірі және қазірге дейін солай болып қалып отыр. Бұл категорияны белгілі қазақ философы Қ.Ш.Нұрланова өте жақсы талдап, оның бес деңгейін көрсетті: қарым-қатынас, келіп-кету сіз-біздесу, араласу іштесу. Араласу қазақ үшін терең мазмұнға ие, ол емір кеңістігінде өзінің туысқандарымен, отандастарымен, адамзаттың басқа өкілдерімен бірге өмір сүру тәсілі. Қазақ араласуға неге құштар деп ойлансақ, оның негізінде малдың қамымен ұзақ уақыт бойы табиғат аясында оқшау өмір кешу жатыр. Сол себепті қазақ халқы басқалармен кездесудің, жүздесудің әрбір сәтін қастерледі. өз ұрпағын "кісікиік" болып, жалғыз өмір сүрмей, араласу арқылы адам қоғамында бақытты өмір сүруге шақырды деуге болады.
Намыс - қазақ халқының түсінігінде ең жоғарғы адами қасиеттердің бірі, тіпті ең бастысы десек, қателеспейміз. Қазаққа әлі күнге дейін күш беретін екі қасиет - намыс пен аруаққа сиыну. Намыс өз бойына сан қырлы биік мағыналар мен асыл құндылықтарды жинақтаған. Ол қазақ өмірімен біте қайнасқан, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан ұғым. Қазақ тілінде намыстай жиі қайталанатын сөздің өзін атау қиын, ол қазақ табиғатының ажырамас бөлшегі.
Соған қарамастан, намыс категориясы ғылыми тұрғыдан мүлдем зерт-телмеген. Намыстың ғылыми сипаттамасын беруге талпынсақ, оны әрбір адамның өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігін, рухы мен жанын, ар-ұяты мен сенімін, саналы тіршілік етуші ретіндегі "Менін" аса жоғары, асқақ, өр дәрежеде қадір тұту, қастерлеу сезімін ақыл-оймен ұштастырып, сана деңгейінде игере білуі деген анықтама беруге болады.
Намыстың қарапайым түсінігі тек сезіммен байланысты қарастыры-лады. Жалған намыс осы сезім деңгейінен көтеріле алмайтын, ақылдың бақылауынан шығып кететін, соның нәтижесінде адамды адастыруы мүмкін намыс. Ақиқат намыс жалған намыстан жоғары, ол ақылмен үндеседі, оған бағынады. Мұның жақсы мысалдарын қазақ халқының қаһармандық және лиро-эпостарынан табуға болады. Эпостарда намыс батырдың қарапайым ішкі "Менінің" көрінісі ғана емес. Қазақ батыры әдетте ер мінезді, қызба, көзсіз ер, оның намысы рухани-психологиялық күш ретінде, бейсана деңгейде сыртқа шығады. Жеке басының намысына шаң тигенде ол ештеңені де мойындамайды.
20
Бірақ қазақ батыры намысты ақыл деңгейінде де түсіне білді, жеке намысты ұлттық намыспен толықтырды. Батырлар жырындағы қарапайым жеке намыс одан күрделі рулық, жүздік және ұлттық намыс дәрежесіне дейін бірте-бірте дамиды. Батыр үшін ұлт, халқы намысы оның өзінің жеке намысынан, тіпті өмірінен де қымбат. Қамбар, Алпамыс, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай батырлар ұлт намысы жолында елімге бас тіккен.
Қаһармандық жырларды мол суреттелген жеке және ұлттық намыстың ұлттық рухани-құндылықтық феномен екендігін қазіргі заманда ерекше есте сақтау қажет.
Намысты жалған рулық ерлік, жалған жүздік мақтанышпен шатас-тырмай, тәрбиелілік, білімділік, даналық, ұстамдылықпен ұштастыра оты-рып, ұлт, мемлекет деңгейіне көтеруге әбден болады. Қазіргі қазақ ұлтына жетпей отырған қасиеттердің бірі - осы намыс. Ұлттық намыссыздықтың тамырына үңілсек, оның түп-тәркіні күні кешеге дейін үш ғасыр бойы саналы түрде жүргізілген отарлық саясат деуге болады. Соның нәтижесінде қазақ халқының ұлттық намыс туралы түсінігі біршама темендеді. Ұлттық намыстың қандай дәрежеде екенін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары айқын керсетті. Дегенмен де осы оқиғалар қоғамдық санаға біршама қозғау салып, 90-жылдың басында ұлттық сана, ұлттық намыс оянғандай болған. Қазір бәрі баяғы қалпына келгендей. Бұл құбылыспен келісуге болмайды. Намыс - ұлт пен мемлекет тәуелсіздігінің маңызды компоненті, қазақ ұлты үшін өмірмәндік мәселе. Ұлттық намыссыз ел болып, жеке намыссыз адам болып өмір сүрудің мәні жоқ.
Парыз - адамды ез болмысын адамгершіліктік құндылықтарға сай қалыптастыруға мәжбүрлейтін, ол үшін ішкі міндетке айналатын рухани қажеттілікті бейнелейтін этикалық категория.
Маңыздылығы жағынан парызды ар-ұжданмен қатар қоюға болады. Ар-ұждан секілді парыз да адамның адамгершілік санасын, тәртібін бақылап және реттеп отыратын ішкі механизм. Тұлғаның парызын атқаруын сыртқы моральдық санкциялардың көмегімен бақылауға да болады. Парызды осы экстроверттік жолмен, сыртқы жағдайлардан (ол жалпы қоғам, оның мүшелері, қоғамда қабылданған салт-дәстүрлер, әдеп-ғұрып, қоғамдық пікір, белгілі бір моральдық нормалар болуы мүмкін) қорқып-сескенгеннен, басқаша айтсақ, "парызды орындау" сезімінің басқаруымен атқару да кездеседі. Мұндай жағдайда көзге бәрі дұрыс секілді керінгенмен, тұлғаның ішкі жан дүниесінде тыныштық болмай, адам тіпті күйзеліс пен қамығуға ұшырауы мүмкін. Ал иноверттік сипатқа ие парыз адамның ішкі дүниесінің, ақыл-ойының талабынан туындайды, оған адам саналы түрде, еш қысымсыз,
21
өз еркімен келеді. Сана деңгейінде түсініліп атқарылған осындай парыз ғана адамға өзінің рухани-адамгершілік қуатын ашуға, өзін өзтағдырының қожасы ретінде сезінуге, өзін-өзі жасап-қалыптастыруға, езінің табиғи сезімдерін шектеп, олардан ақыл-ойын жоғары қою арқылы адамшылық бастауларын дамытуға, сөйтіп, адамзат пен өзінің алдындағы парызын атқаруына мүмкіндік береді. Яғни, саналы түрде, рациональдік деңгейде орындалған парыз ғана адамның философиялық-антропологиялық сипатын аша алады.
Қазақ халқы парыз ұғымын осы, адам болу, адамшылық пен адамгер-шілікке жету мақсатымен тығыз байланысты қарастырады. Ақыл-ой адамға басқа тіршілік етуші мақұлықтар секілді инстинктер деңгейінде өмір кешу үшін емес, жоғары адами мақсаттарды орындау үшін берілген, сондықтан да өзінің табиғи қасиеттерін ақыл-ойдың көмегіне сүйене отырып жан-жақты дамыту, адам деген қасиетті атаққа сай болу - адамның басты парызы.
Кісілік - адам болып өмір сүрудің жоғары деңгейі. Қазақ адамгершілігі биік, ағайын-бауыр, дос-жаран арасында, жалпы қоғамда беделді адамын "жақсы кісі" деп сипаттайды. Кісілік жақсы адам ұғымынан жоғары деп ойлаймыз. Жақсы адам өзіне, шағын ортасына ғана жақсылық жасауы мүмкін. Ал кісілікке өзі мен туған-туысқандарының қамын ғана емес, бүкіл қоғам мүддесін көбірек ойлаған адам жетпек. Бұл оның адамгершіліктік сипатын көрсетеді. Мал жинап, кісілікке жету мүмкін емес, дәулет қолдың кірі. "Кісілік" ұғымын түркі дүниесінің ғұлама ойшылы Жүсіп Баласағұн жақсы талдады. Жалпы алғанда табиғат берген ақылды даналықпен, көргенділікпен және мейірімділік, жанашырлық, адалдық, қарапайымдылық секілді жақсы қасиеттермен үштастыра білген адам ғана кісілікке жете алады деуге болады. Қазақтың "кісілік" ұғымы қазіргі "тұлға" (личность) ұғымына сәйкес деп ойлаймыз.
Біз осылайша қазақ дүниетанымының негізгі ұғым-категорияларына гана тоқталдық. Көзіміз жеткендей, қазақ халқының көшпелі өмір салтының негізінде қалыптасқан өзіндік философиялық дуниетанымы бар және ол терең мазмұнды, толық қанды категорияларда бейнеленген. Қазақ дуниетанымының категорияларын зерттеу енді гана қолга алынып жатқан, жалгасын міндетті түрде табуга тиіс, отандық қазақ философтары атқаратын үлкен жұмыс.
22
3-ТАҚЫРЫП
КӨНЕ ҮНДІ ЖӘНЕ КӨНЕ ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)
1. Көне Үнді философиясының ерекшеліктері, философиялыц ерекшеліктері, негізгі ұгымдары және бағыттары.
2. Көне Кытай философиясының идеологиялық-практикалық сипаты, негізгі мектептері және өкілдері.
Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері
Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы - Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.
Кене Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралар. "Варна" сөзі "түс, қабық, бояу" дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна - тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар - ой еңбегімен, кшатрийлер - әскери істермен, вайшьялар - жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар - қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік - варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.
Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі - жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды.
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:
1) ғылыми оймен байланысының аздығы;
2) жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;
3) діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;
4) философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;
5) негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.
23
Көне Үндінін негізгі философиялық ескерткіштері
Ежелгі Үнді философиясының бастауы - біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек Көне үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы рөл атқарды.
"Веда" сөзі "білім" дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді. Ведалар 4 бөліктен түрады:
1) Самхиттер - құдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;
2) Брахмандар - діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр.
3) Араньяктар - "Орман кітаптары" - қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі "іс-әрекет жолынан" "білім жолына", тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды.
4) Уланишадалар - философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта ("Ведалардың соңы") деп аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен алғанда біздің дөуірімізге дейінгі VІІ-VІ ғасырларда қалыптасып, бұл дәстүр ХІІ-ХП ғасырларға дейін жалғасты. Uрапі-sаd ( "қасында отыру"), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тыңдау, "жұмбақ білім" дегенді білдіреді. Упанишадалар - ұстаздың шәкіртпен диалог-әңгімесі, оның тақырыбы - болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі.
Махабхарата көне Үндінің философиялық ескерткіштерінің бірі бо-лыптабылады. Махабхарата - "Бхараттардың ұлы шайқасы туралы аңыз", діни, мифологиялық, философиялық ойлар жинақталған көне Үнді эпосы, буддизмнің қасиетті түпнұсқаларының бірі.
Көне Үнді философиясының негізгі мектептері
Г Жайнизм - көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы - біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын), немесе, Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды.
24
Жайндардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезеңдеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса - тірі мақұлықтардың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя - ұрлық жасамау; сатья - шыншылдық; апариграха - үйірсектікке (М.Әуезов өзінің "Будда" еңбегінде осы ұғымды "жабыспау" деп аударған) тиым салу. Махавира бүл тиымдарға бесіншісін - брахмачарья - некеден бас тартуды қосты. Жайн монахтары ұстанулары тиіс осы тиым салулар екі мың жарым жыл бойы қатаң сақталып отырғанын ескерте кеткен дұрыс.
Уақыт өте Махавираның жолын қуушылар екі бағытқа бөлінді: ди-гамбаралар ("ауа киіндіргендер") және шветамбаралар ("ақ кигендер").
Жайндардың онтологиясы туралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс және одан тәуелсіз өмір сүреді деп түсінді және бес немесе алты субстанцияны беліп көрсетті:
1) джива - тірі, жан, рухани субстанция; дживалардың саны шексіз көп; 2) зат; 3) кеңістік; 4- және 5) қозғалыс пен тыныштықты бейнелейтін дхарма мен адхарма; 6) уақыт.
Жайндардың пікірінше, субстанциялар мәңгі және өзгермейді, өзгеретін олардың көріністері ғана, заттан басқа субстанциялар бөлінбейді және формалары жоқ, яғни, олар сезім мүшелері арқылы қабылданбайды, сезілмейді және денесіз. "Тірі" болып есептелетін дживадан басқа субстанциялар "тірі емеске" жатады.
Бұл субстанцияларды қысқаша сипаттасақ, барлық субстанциялар оларды өзіне сиғызатын кеңістікте өмір сүреді. Кеңістік үздіксіз, бірақ адам оны көз алдына елестете алуы үшін жайндар оны сансыз көп идеалдық бірліктерге - прадешаларга бөлінеді деп түсіндіреді. Жайндар шексіз кеңістікті екіге бөледі: көрінетін әлем кеңістігі - "дүние" (лока) және "дүние-емес" (а-лока), соңғысына көрінетін кеңістік пен прадешалардың шексіз саны кіреді.
Зат, жайндардың түсінігінде, ұсақ және бөлінбейтін бөліктер - атом-дардан тұратын, бірігетін және ыдырайтын, сезілетін, формасы бар, бел-сенді, әр түрлі қасиеттерге ие, қозғалыста болып отыратын субстанция. Оның алты күйі бар:
стхула-стхула - "өте дөрекі", яғни қатты заттар.
стхула - "дөрекі", мысалы, сұйықтар;
стхула - сукшма - "дөрекі-нәзік", мысалы, көлеңкелер және айнадағы бейнелер;
сукшма-стхупа - "нәзік-дөрекі", көзге көрінбейтін газдар, иістер;
сукшма - "нәзік", ешқандай сезім мүшелері қабылдамайтын карма, энергия; сукшма-сукшма - атом секілді "өте нәзік" зат.
25
Уақытты субстанция деп тек қана дигамбаралар мойындайды, ол бар-лық субстанциялардың барлық көріністерінің әлемдік кеңістікте пайда бо-луының, өмір сүруінің және жойылуының негізі ретінде қарастырылады.
Адам және оның өмірі мәселесін шешуде жайнизм "өмір дегеніміз -азап" ұғымын ұстанады. Азап - карма заңының нәтижесі. Карма заңының мәні мынада: жеке өмір ағынын құрайтын элементтерге бұрынғы элементтер мен адамгершілік сипаты бар істер әсер етеді, адамның жақсы немесе жаман қылығы бүкіл ағында ерте ме, кеш пе, бір салдар туғызады. Жайнизм бұл заңды жеңуге болатынына сенімді, оны жеңетін джина (жын). Өткен өмірдегі жаман істерді адам үш нәрсені орындау -дұрыс сенім, дұрыс таным және дұрыс мінез-құлық арқылы жеңе алады, бірақ адам азаптан толық құтылу үшін жан денеден тәуелсіз, жоғары тұруы керек. Дене құрсауынан шыға алмаған жан құмарлыққа, нәпсіге икем келеді де, бейнет шегеді, тері арқылы жанның ішіне лас заттар ағыны өтіп, адам моральдық азғындауға ұшырайды.
Моральдік ластанудан, азап-қасірет шегуден азат болу - жайнизм түсінігі бойынша, адам өмірінің мақсаты. Оған жету үшін аталған үш шартты бұлжытпай орындап, өз құмарлықтарын жеңген рухани ұстаздардың басшылығымен таным процесін үнемі жүргізіп отыруға міндетг Жайндар өмірді аса қатты қадірлегенін айта кету керек, олар тек адам өмірі емес, жалпы өмір атаулының бәрі құнды деп есептеді, жан-жануарлар ме жәндіктердің өміріне де зиян келтірмеуге тырысты. Адал, шыдамды, өзі талабы қатты, қоршаған дүниеден тәуелсіз, кешірімді, тірі мақұлықтар мейірімді аскет адам ғана өмірдің мәніне жетеді деп тұжырымдады.
Будднзм - көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінін: негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы - біздің дәуірімізге дей: 560-480 жылдары Гималайдың бауырындағы Капилавасту мемлекетг өмір сүрген Сидхартха Готама (философиялық әдебиеттердің көбін Сидхарта Гаутама деп жазылып жүр). Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген Гаутама өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді жағымсыз құбылыс-тарымен кездескен соң адамды азап-қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп шешті.
Сидхартханың бұл шешімі туралы белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің "Будда" еңбегінде жақсы баяндады: "Адам біткен ауырады, қартаяды, өледі. Ендеше несіне бұл адам өмір сүріп жүр? Бір сағатта ауырып қалатын болса, сағат сайын әлі азайып, сиқы бұзылып, қартаятын болса, болжаусыз бір сағатта өліп қалатынын біліп отырғанда не қуаныш, не жұбаныш бола алады. Бұны біле тұра қызық көріп қуануға бола ма? Бұл жөн емес, бұдан құтылу керек" ("Абай" журналы. 1918 ж., №3).
26
Азапты өмірден құтылудың екі жолы бар: сыртқы дүниені озгерту ар-кылы адамдардың бәріне ортақ утопия құру және өзіндік "Менді" өзгер-
өзгеріске, яғни, ішкі болмыстың қасіретіне ұшырамайтын "ішкі утопияны" құру- Будда екінші, экзистенциалдық жолды тандап, тақуалық өмір кешуге. адамзаттың рухани ұстазына айналуға бел байлайды. Әкесінің үйінен кетіп, Урувилланың маңындағы Бодхи ағашының астындағы оңаша жерге орналасқан Сидхартха ханзада жеті күннен соң қасіретті өмірден тазару жолдарын тауып, нұрланады. Азап шегу мен қасіретке толы өмірден құтылудың жолын ол төрт ақиқат арқылы белгілейді:
1) өмір - тынымсыз күрес, азап, бейнет;
2) азап, бейнет нәпсіден, құмарлық-құштарлықтан
(өмір сүруге құмарлық, рахатқа құмарлық, өлуге құмарлық) туады;
3) азаптың себебі бар. Оны танып-білуге болады;
4) азап пен бейнеттен құтылу жолы сегіз қағидадан тұрады. Буддизм өмірге құмарлықты жеңу оңай емес деп түсіндіреді. Ол үшін
дұрыс жол тандап алу қажет, ал оған дұрыс көре білу, дұрыс ой, дұрыс сөз, дұрыс іс-әрекет, дұрыс өмір салты, дұрыс куш-жігер, дұрыс назар, дұрыс көңіл бөлу секілді адамгершілік принциптерден тұратын сегіздік жол кіреді. Осы қасиеттерді сақтай отырып өмір сүру арқылы нирванага, тыныштыққа жетуге болады.
Үнді философиясының басқа бағыттары сияқты буддизм де өлі ма-терияның, органикалық дүниенің және жанды дүние элементтерінің ара-сында себептілік бар екендігін мойындайды және соңғы себептілікті ерекше бөліп көрсетеді (карма теориясы). Буддистер карманы адамның өмірін ең басты бақылаушы деп есептемегенімен. адамдарды карманың бар екендігін ұмытпауға шақырады, сол арқылы ізгілікке жетелейді. Адамгершіліктік ластану ағынның барлық элементтерін кірлетеді, сондықтан оны бірте-бірте жойып, мүлдем тазару жолымен нирванаға жетуге болады. Нирвана - адамдардың көпшілігі үстіртін түсініп жүргендей жәй ғана рахатқа бөлену емес, зұлымдық пен нәпсіні тыю жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, сананы өшіру. бір сөзбен айтқанда, абсолюттік тыныш күйге жету.
Буддизм нирванаға жетуге көмектесетін белсенді әрекет жасау емес, көп ойлап, пайымдауға негізделген медитация - йога деп көрсетеді. Тұлға элементтер мен сана ағынынан тұрады, ал элементтердің арасында адамның өз ойларын бір нүктеге жинақтау қабілеті - йога аса құнды. Буддизм бұл қабілет әр адамның бойында бар, мәселе оны дамыта білуде деп есептеиді, яғни, көп нәрсе адамның өзіне байланысты. Осы факторды ерекше атап көрсету керек, себебі буддизм адамның жетілуі оның өз қолында, адам
27
бейнет-қасіреттен өз күшшен, сыртқы күштердің, қоғамның әсерінсіз, өзіндік моральдық және интеллектуальдік жетілудің негізінде құтылуға қабілетті деп пайымдайды.
Нирвана теориясы адам рухының еркіндігінің, оның материалдық дүниеден, қоғамдағы касталарға бөлінуден тәуелсіздігінің жақсы дәлелі. Осы себепті Будда философиясы өзінен кейінгі көптеген философиялық ағымдарға, әсіресе Батыс философиясына қатты әсер етті, ал буддизм діні әлемде қазіргі кезде де кең тарап отыр.
Чарвака-локаята - философиялық әдебиетте Көне Үнді филосо-фиясындағы материалистік деп қабылданған бағыт (локаятиктер). "Чарвака-локаята" сөзінің мағынасы белгісіз. Зерттеушілердің бір тобы тарихта Чарвака деген ойшыл болған деп болжамдайды, басқа бір ғалымдар бұл ағымның негізін салушы Брихаспати деп есептейді, ал кейбір ғалымдар чарвака-локаятаның болған-болмағандығы белгісіз деген пікір білдіреді. Бірақ Көне Үнді ескерткіштерінде бұл ағым туралы мәліметтер кездеседі, сондықтан да соңғы болжам негізсіз. Чарвака-локаятаның материалистік сипаты оның таным теориясында айқын көрінеді. Таным-праманың негізі прамана ретінде локаятиктер логикалық түйін-тұжырымдарды емес, ақиқат екендігі күмән туғызбайтын қабылдауды ғана мойындайды, оның негізі - туйсіктер. Олардың пікірінше, адамдар көбіне ой түйіндеулерге сенеді де, қателеседі, ал оларда ақиқат сирек кездеседі, басқа сенімді адамның пікірі де біз үшін таным негізі бола алмайды.
Чарвака-локаяталар о дүниеге сенбейді, бұ дүние ғана бар және бұ- дүниедегі болмыс пен онда өмір сүруші заттар мәңгі және өзгермейтін төрт элементтен: жер, от, су және ауадан тұрады деп есептейді. Сана, ақыл және сезім мүшелерінің негізі де осы элементтер, олар мақұлық дүниеден өткенде ыдырайды. Локаятиктер жанның, Құдайдың бар екендігін терістейді. Олар адам өмірінің мән-мақсаты - осы нақты өмірде рахатқа болену, азап-қасіреттен аулақ болуға ұмтылу деп түсінді, яғни чарвака-локаята гедонизм принципін ұстанды.
Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары
Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар ежелгі Үнді филосо- фиясының терминологиясы шым-шытырық, ұғымдары аударуға қиын. бір ұғымның өзі бірнеше мағынаны береді деп ескертеді және оның себебін Үнді еліндегі ойлау жүйесінің Еуропадағы ойлау жүйесінен мүлдем белектігімен, оны белгілі бір логикалық жүйеге келтірудің мүмкін еместігімен түсіндіреді. Шынында да, әр халықтың өмір салты, дүние туралы түсінік ұғымдары, пайымдау тәсі лі әр түрлі. Сол себепті бір халықтың өз тілі алыптаскан
28
философиялық ұғым-категориясын екінші халықтың тіліне аударып, терең мағынасын жеткізу мүмкін емес. Мысалы, қазақ халқынын адам, өмір, қоғам, табиғат туралы тамаша дүниетанымдық ойларын білдіретін ұғымдарды орыс тіліне аударған күндеде олардың өзіндік терең мазмұнын, ұлттық сипатын дәл жеткізуге болмайды.
Дегенмен де, ежелгі Үнді философиясының негізгі ұғымдарының маз-мұны туралы жалпы түсінік беріп қарайық.
Архат - "жауды жеңуші" дегенді білдіреді. Архат деп нирванаға жеткен, сананын тыныш ағынын бұзатын құштарлық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды.
Атман - бұл ұғымның бірнеше мағынасы бар: "мен", "езімді", "дене". Бірақ атман ұғымының ең басты мағынасы - индивидуальдік және универсальдік космостық психикалық болмыс ретіндегі "адам". Осы мағынада атман бүкіл бар болып отырғанның генетикалық және субстанционалдық бастауы, негізі және соңы. Атман рухани және денелік деп бөлінеді, сондай-ақ, ол көбіне ақыл-ойдан, сез бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, "брахман" ұғымымен бірдей деңгейде түсініледі.
Брахман - бірнеше мағынаға ие ұғым 1) абыздар кастасының, брах-мандардың екілі; 2) абыз; 3) қасиетті мәтіндер; 4) құдай; 5) субстанция.
Будда - "нұрланған", "оянған". Кең мағынасында - арамдаушы сезімдер мен білместікті жеңу жолдарын керсеткен және құбылыстардың абсолюттік және салыстырмалы табиғаты туралы білімдерді толық меңгеруге жеткен адам. Тар мағынасында - будда дінінің негізін қалаушының аты.
Дхамма (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде) (сіһагта) - бірнеше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда Ілімі, рухани білімнің кви-нэссенциясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі, әділеттілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым деңгейдегі құбылыстардың әрекетін, ал Жоғары Дхарма болмыс заңдылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуін түсіндіреді. Тағы бір мағынасы - болмыстың элементтері. Әлемдік процесс - себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, еткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижесі -абсолюттік тыныш күйге, сенуге жету.
Иога - әдетте бұл ұғым индивидтің өзін-өзі физикалық жағынан жет-ілдіруінің техникасы ретінде түсініледі. Шындығында, йога - терең мәнді философиялық ұғым. Ежелгі үнділіктер тұлғаны (риdgа1а) жеке элемент-теден тұратын рухани белік пен атомдардан тұратын физикалық құры-лымның бірлігі деп қарастырды. Элементтердің екеуі аса құнды, егер оларды дамытуға қажетті деңгейде назар аударылса, олар индивидті өзгерте алады.
29
Бұл элементтер - бағалық сараптау жасай білу қабілеті және ойларымызды бір нүктеге жинақтай білу қабілеті. Sаmаdhі немесе уоgа деген осы.
Карма - "іс-әрекет". Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, - жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, - міндетті түрде салдар туғызады, ол жақс немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пай да болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады.
Нирвана -"жоғалу", "сөну". Күнделікті өмір - бітпейтін күйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана - осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы. Адамның бұл күйін сипаттап жеткізу қиын, үнді ойшылдарының өздері нирвананы логикада және уақыттан тыс деп қарастырады. Әдетте нирвана ұғымын рахат ұғым арқылы ұғынуға тырысуға болады, бірақ рахат түйсікпен, сезіммен баланысты күй, ал нирвана-абсолютте түйсіктер де, сана да, жігер де жоқ ол зұлымдық пен құмарлықтар-дың тынышталуы, сезінбеудің толық дәр жесіне жету.
Сансара - азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры – білместікте, сондықтан одан құтылу жолы - нирванаға өну.
Көне Қытай философиясы
Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде танымал мемле- кеттердің бірі болып отырғаны күмәнсіз. Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, саяси ықпалын күннен күнге күшейтіп отырған кершіміздің ұлттық болмысын, философиялық дүниетанымын, адамгершіліктік ұста-нымдарын танып-білу біз үшін аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі, нағыз мәні оның философиясы арқылы ашылатыны белгілі, сондықтан да көне Қытай философиясымен танысу, оның бастауларына үңілу қазіргі Қытай қоғамын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII –VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мек-тептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:
1) Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерешелік сол
30
Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей туындайды. Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік құрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы ван, барлық билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер - чжухоу, беделді отбасылар - дафу және ши, ең төменде -ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, "жоғары" мен "төменнің" арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды.
2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған, адам - қарапайым "микрокосм". табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған көрінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді. Яғни, адамның міндеті - осы жіптерді үзбей, жеке белсенділік көрсетпей, өзінен жоғарыға, езінен үлкенге қызмет етіп. табиғат пен өмір ағынына еріп, тыныш өмір сүру, өзінің адамгершілігін жетілдіру жолында тынымсыз еңбектену., Себебі, бұл өмірде ең маңызды нәрсе - жеке адам емес, ол өмір сүріп отырған қоғам, мемлекет, ал жетілген қоғам жетілген адамгершілікке ие адамдардан құрылмақ деп түсіндірілді.
3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мөселелеріне басты назар аударылды. Көптеген мифтік ұғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.
4) Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бұл мәселелерді "инь-ян" мектебі немесе натурфилософтар, моистер және дао-сизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды.
Бірақ табиғи құбылыстарды да Қытай ойшылдары әлеуметтік және адамгершілік құбылыстармен байланысты қарастырды. Дүниенің бес ба-стауы: су, от, ағаш, металл, жер және табиғаттың бес құбылысы: жаңбыр, күнщуақ, ыстық, суық және жел бар деп түсінген және олар халықтың тұрмысына әсер етеді деп пайымдаған философтар олардың себептерін анықтауға тырысты. Бұл түсініктер өздерінің бастауын мифологиялық
және көзқарастардан алатынын айта кету қажет.
31
Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері: "И цзин" -Өзгерістер кітабы", "Ши цзин" - "Өлендер кітабы", "Шу цзин" - "Тарих кітабы".
"И цзин" - "Өзгерістер кітабы" - бүкіл Қытай мәдениетінің қалып-тасуына зор әсер еткен, маңызын әлі күнге дейін жоймаған шығарма. Кейбір зерттеушілер оны қасиетті кітап деп атап, Ведалармен, Інжіл. Құранмен бір деңгейге қояды. Ғалымдардың пікірінше, "И цзин" ежелден келе жатқан бал ашу практикасымен байланысты пайда болып, даму барысында философиялық пайымдаудың негізіне айналған. Философиялық ескерткіштердің арасындағы ең көнесі болмаса да, бұл кітап Қытай философиясының бастауы болды деуге болады, бірақ оның түсінуге қиын мәтіндерінің мазмұны әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. "И цзин" 64 гексаграммалардан тұрады, олардың жүйесі үнемі өзгеріп отыратын дүние-нің 64 күйі мен құрылымынан тұратын, Көк - Жер - Адам қатынасын білдіретін ілімді құрайды деп түсіндіріледі. Шығармада Қытай филосо-фиясының негізгі категориялары қалыптасқан, олар арқылы адамның өзін қоршаған ортаға деген қатынасы, кеңістік, уақыт, табиғи құбылыстар, әлеу-меттік өзгерістертуралы түсініктері бейнеленіп, Қытай қоғамының дәстүрлі көзқарастарының теориялық негізі қаланған деуге болады.
"Ши цзин" - "Өлеңдер кітабы" 305 поэтикалық шығармалардан тұрады. Олардың қай кезеңдерде жазылғанын дәл басып айту қиын, қазіргі заманғы ғалымдар бұл өлеңдер шамамен біздің дәуірімізге дейінгі XI -VII ғасырларда, Қытайда философиялық мектептер әлі қалыптасып үлгермеген уақытта жазылған, кейінірек Конфуций өлеңдерді іріктеп, өңдеп, өзінің философиялық ілімінде қолданған, ал оның шәкірттері Конфуций мектебінің негізгі кітабына айналдырған деген болжам айтады. "Ши цзинді" басқа философиялық мектептер де зерттеді. "Өлеңдер кітабын-да" Көне Қытай қоғамындағы ван, дафу, чжухоу топтарының өмірі, адамгершілік келбеті, әлеуметтік қызметі жырланады.
"Шу цзин" - "Тарих кітабы" немесе "Құжаттар кітабы". Кітапты алғаш рет Конфуций құрастырды, кейіннен әр түрлі ойшылдар оны бірнеше рет өңдеді (олардың кейбіреулері кітапқа өз мәтіндерін де қосып, араластырып жіберген), кейбір бөліктері біздің дәуірімізге дейінгі 213 жылы кітаптар өртелген кезде отқа жағылды деген пікірлер бар. Атынан көрініп тұрғандай, кітаптың тарихи мазмұны басым, бірақ философиялық көзқарастар да (әсіресе, Конфуций мектебіне тән) көп кездеседі. Мәтіндердің басым бөлігінің мазмұны кітаптың өте ерте, көрнекті Қытай философтары дүниеге келместен бұрын пайда болғанын дәлелдейді. Қазір "Шу цзиннің" 55 тарауы бар, олардың арасында 33 тарауының нақты "Шу цзин" кітабының
32
алғашқы нұсқасына жататыны анықталған. Кітапта қарастырылатын негізгі мәселелер: адам және қоғам, адам және табиғат арасындағы үндестік, ата-баба салттары, Көктің адам мен қоғамға айқындаушы әсері және т.б.
Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия және номиналистер мектебі.
Олардың арасындағы бастысы - Конфуций мектебі болды деуге болады, оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтан бастап, XX ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл пікіріміздің дәлелі бола алады.
Көне Қытай философиясынын негізгі ұғымдары
Адамды сүю (жэнь) - Конфуций философиясының маңызды катего-риясы. Ең әуелі әке мен ұлдың, билеуші мен шенеуніктердің, дос адам-дардың, аға-інінің арасындағы қарым-қатынастарды бейнелейді, сонан соң ғана жалпы адамдар арасындағы сүйіспеншілікті білдіреді.
Алтын орта (чжун юн) - Конфуций философиясының басты ұғым-дарының бірі. Бұл жетілген мораль үлгісі, адам еш нәрседе де шектен шығып кетпеуі керек дегенді білдіреді. Мысалы, тым қызба немесе тым жай болған дұрыс емес, орташа күйді сақтауға ұмтылу керек. Конфуций бұл ұғымды ағашты мысалға ала отырып түсіндіреді. Оның жоғарғы жағында орналасқан жапырақтарға жаңбыр мен күннің әсері тез жетеді, төмендегі жапырақтарға да аса ыңғайлы емес. Ең дұрысы, ортада орналасқан жапырақ болу. Алтын ортаға жету қиын, бірақ оған жеткен адам мәнді өмір сүреді.
Асыл адам, бекзат адам (цзюнь-цзы) - адамгершілігі жоғары, жан-жақты жетілген, "алтын ортаға" жеткен, ізеттілік, шыншылдық, сақтық секілді қасиеттерге ие және басқа адамдардың адамгершіліктік жетілуіне көмектесуші адам. Конфуциийдің пікірінше, мүндай қасиеттерге мемлекетті билеуші, басқарушы адам ие. "Асыл адамдар" көбейген сайын қоғам да жақсара түседі, мемлекетті басқару да жеңілдейді. "Асыл адамдардың" үлгісі зорлық арқылы бағындырудан әлдеқайда бағалы, себебі халықта үрей, қорқыныш емес. ез басшыларына деген сенім пайда болады. Бұл ұғымға қарсы ұғым - "темен адам" ұғымы.
Дао - дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, Қытай фило-софиясының басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан туындайды және бәрі оған қайта оралады. Соны-
33
мен қатар, дао - универсалдық заңдылық: Көктің өзі дао заңдарына ба-ғынады, яғни, адам Жер мен Көк заңдары арқылы дао жолымен жүреді, адамның өмірлік мақсат-міндеті - даоны игеру, яғни, дұрыс өмір сүру.
Ди - ағаны сыйлау.
Инь және Ян - этимологиялық мағынасы "төбенің немесе өзен жа-ғасының көлеңкесі мен күнгейі" дегенді білдіреді. Инь мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер күштері ретінде қарасты-рылады. Олар бір-біріне қарама-қарсы, бірақ олардың үндесіп, бірігуі бар нәрсенің бәрін басқаратын адамды дүниеге әкелді, Инь - дүниенің раци-ональдік, "әйелдік" бастауы, Ян - бейсаналық, "ер адамдық" бастауы деп түсініледі. Қытай философиясында Инь мен Янның өзара әсерінен табиғат құбылыстары да, қоғамдағы өзгерістер де туындап отырады деп тұжы-рымдалады.
Ли - ритуал, салт, этикет.
Сяо - ата-ананы құрметтеу.
Тянься - (орысша "Поднебесная"), "Кекасты", Қытай елінің, мемле-кетінің синонимі, қытайлықтар өздерін қазірге дейін осылай атайды. Көк немесе Аспан ұғымы Қытай философиясында жер бетіндегі барлық бар нәрсенің алғашқы негізі және алғашқы себебі, ең құдіретті күш. Адамдардың тағдыры мен өмірін де, мемлекет істері мен табиғат құбылыстарын да анықтаушы және реттеуші Көк, ал мемлекетті билеуші оның жердегі өкілі, сондықтан да әрбір адам Көкке табынуға міндетті.
Ци - этимологиялық мағынасы "пісіп жатқан күріштің буы".дегенді білдіреді, бірнеше мағынаға ие: белгісіз, сапасы жоқ алғашқы зат; дүниеден жоғары космостық субстанциядан үшып шығып жатқан нөрсе;алғашқы материалдық-элементтер-денелер, атомдар және т.б. Ци алғашында тұтасып кеткен субстанциялардан тұрды, кейінірек таза мен бұлдырға -Инь мен Янға бөлінді деген түсінік қалыптасқан.
Жалпы алғанда, Қытай философиясының негізгі философиялық ка-тегориялары тарихи даму барысында көп өзгеріске ұшырай қойған жоқ, жалпы Қытай қоғамы мен Қытай философиясы секілді салыстырмалы түрде тұрақты, консервативті болды.
Көне Қытай философиясының негізгі өкілдері
Конфуций - Кун-Фу-цзы ("Кун Үстаз") - біздің дәуірімізге дейінгі 551-479 жылдары өмір сүрген, көне Қытай философиясының ең көрнекті өкілі, "қызмет етушілер философиясы" деген атауға ие болган философиялық мектептің - Конфуцийшілдіктің негізін қалаушы. Бұл мектеп алғашында жу - "ғалым-интеллектуалдар мектебінің ілімі" деп аталды. Өзінің философиялық
34
мектебін Конфуций өмірлік тәжірибе жинақтап, адамға қажетті алты өнерді - салттарды білу, музыканы түсіну, садақ ата білу, күйме арба айдау, жаза және санай білу істерін меңгерген, әбден кемелденген жасында құрды деп есептеледі. Өзінің қоғамдағы рөлін Конфуций әте қарапайым бағалап, өзін жаңа ілімді жасаушы емес, көне данышпандардың (шэн) "Шу цзин" және "Ши цзин" кітаптарындағы даналығын халыққа жеткізуші ғанамын деп түсінген.
"Лунь юй" ("Әңгімелер мен пікірлер") еңбегі Конфуций туындысы ретінде қабылданады. Оның негізгі мазмұны - мемлекет пен жеке адамды жан-жақты жетілдіру жолдарын көрсету. Конфуцийдің пікірінше, мем-лекеттің жақсы болмағы оны құрап отырған адамдарға байланысты, сон-дықтан да жеке адамңың міндеті - мемлекетке, өзіне жоғары тұрған адамға қызмет ету.
Лао-цзы (ЛиДань) - даосизм ілімін қалыптастырушы, біздің дәуірімізге дейінгі VІ-V ғасырларда өмір сүрген, кейінірек мифологиялық тұлғаға айналған. Қытай философиясы тарихында алатын орны ерекше. Оның ілімін зерттеушілер Лао-цзы Конфуцийдің замандасы болды, ал оның көзқарастары "Дао дэ цзин" шығармасында жинақталған, бұл шығарманы Лаоцзының шәкірттері жазған болуы да мүмкін деген болжам-пікірлер айтады. Лао-цзы даоны болмыстың алғашқы себебі, мәңгілік, өзгермейтін бастауы деп түсіндірді. Адам ойлаудада, іс-әрекетінде де осы дао жолын ұстануы, яғни "у -вэймен" айналысуы қажет. "У-вэй" "тыныш келісу" дегенді білдіреді, кейінірек "әрекетсіздік, ештеңеге араласпау" деген қазіргі мағынасында түсініле бастады.
Мо-цзы (МоДи) - моистер мектебінің негізін салушы, біздің дәуірімізге дейінгі 479- 400 жылдары өмір сүрген. Конфуций іліміне қарсы Моцзы "адамды сүю" идеясын басты деп түсінді. Оның ойынша, елдегі жағымсыз құбылыстардың себебі - адамдардың бірін-бірі жақсы көрмеуі. Адам өзін ғана сүйсе, мұндай эгоизм мемлекетке зұлымдық әкеледі.,Ол өз пайдасын ғана ойламай, қоғамдағы басқа адамдардың да қамын ойласа, жеке пайда жалпы пайдаға ұласып, мемлекетте тыныштық орнайды. Моцзы елдегі ретсіздіктердің негізі кедейліктен басталады деп есептеп, адамдарды тынымсыз еңбек етуге шақырады, еңбектенген адамның кедей болуы мүмкін еместігін дәлелдеуге тырысады. Оның негізгі тұжырымдары "Моцзы" еңбегінде баяндалған.
Мэн-цзы (Мэн Кэ) - Конфуций ілімін жалғастырушы, Қытай тарих-шыларының мәліметтері бойынша ол Конфуцийдің немересі Цзы Сыдың шәкірті болған. Өмір сүрген жылдары - біздің дәуірімізге дейінгі 372-289 жылдар. Конфуций ілімін дамытып қана қоймай, оны тереңдетті және жалпы Қытай философиясының дамуына үлкен үлес қосты. Оның ілімінің
35
негізі - төрт адамгершілжтік бастау: адамды сүю, парыз, салттарды орындауға ұмтылу және ақыл-даналыққа ие адам табиғатының мейірімділігі.
Қытай философиясы туралы ойларымызды қорытындыласақ, өзінің маңызын әлі күнге дейін жоймаган, қазіргі замангы Қытай мемлекетінің қалыптасып-дамуына ерекше әсер еткен, жалпы алганда мемлекет мүддесін жеке адам мүдесінен жогары қойып, адамгершілік мәселелерін зерттеген философия болды деуге болады.
4-ТАҚЫРЫП
КӨНЕ ГРЕЦИЯ ФИЛОСОФИЯСЫ
(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)
1. КөнеГреция философиясының ерекшеліктері, негізгі даму кезеңдері мен мектептері.
2. Милет мектебінің натурфилософиясы.
3. Сократ философиясындагы адам мәселесі.
4. Платон және Аристотель: ұқсас жақтары мен ерекшеліктері.
5. Эллинизм философиясының сипаты.
Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері
1) Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.
2) Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.
3) Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері жән грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.
4) Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалып-тастырды, демократияның отаны болған Грецияда аса жарқын филосо-фиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп боды.
Көне Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері
Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII -VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Ита-лияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина.
Көне Греция философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады:
1) Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі Милет мс фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің ғашқы бастауы мәселесін қарастырды.
2) Грек философиясының ең мазмүнды кезеңі. Сократ, Платон, Ари-стотель грек философиясын өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін ке-нейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.
3) Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың соңынан бастап Грецияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәу-елсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философия-сының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпшуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.
Көне Греция философиясынын негізгі өкілдері
Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және тағы басқа ойшылдарды ғылыми білімнің негізін салушылар деуге болады. Бұл натурфилософтарды біріктіріп тұрған пікір - субстанцияны олар материалдық нәрсе ретінде: Фалес - су, Анаксимандр - апейрон, Анакси-мен - ауа деп түсіндірді. Осыған ұқсас пікір Әлея мектебінің өкілі Гераклитте де кездеседі. Оның ойынша, дүниенің бастауы - от, табиғат ешқашан күйремейді және ешқашан пайда болмайды, дүние қарама-қарсылықтардан тұрады.
Пифагор алғашқы бастау деп сандарды түсінді. Оның ойынша, сандар дүниедегі заттар мен адам өміріне реттілік пен үндестік (гармония) береді, оларды әсемдікке, космосқа ұластырады.
Б.д.д. V ғасырдың ортасында қалыптаса бастаған софистика мектебі өмір қажеттілігінен туды. Демократиялық Афинада осы кезеңде рацио-нальдік танымға деген қүштарлық күшейді. Адамдардың орісін кеңейтіп, қоғамдық, саяси омірге дайындайтын, созге шешен, ақылды, халықтың көшбасшысы бола алатын мемлекет қайраткері болуға дайындайтын ин-теллектуалдар пайда бола бастады, олар өздерін софистер, яғни дана адам-дармыз деп атады.
Өз еңбектері үшін белгілі бір ақы ала отырып, софистер ғылымның барлық салаларынан мағлұмат беріп отырды, адамдарды практикалық өмірге, мемлекеттік және жеке өмірдің кез-келген жағдайларында қиындықтан жол таба білуге үйретті. Софистердің тәлімгерлік ақылы қызметі білім мен мәдениеттің шеңберін грек қоғамының ақсүйектерімен шектемей, қоғамның барлық топтарының рухани дамуына мүмкіндік берді. Софистиканың көрнекті өкілдері ретінде Протагор, Горгий және Гиппийді атауға болады.
37
Ежелгі Греция философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі адам, осы тұрғыдан алғанда оны адамтуралы қазіргі заманғы ғылым философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады.
Натурфилософияны мойындамаған Сократ философияның мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді, мәселе адамға ізгілік туралы білім беруде, адам білмегендіктен ғана жаман болады. Білім -ізгілікке, ал надандық - зұлымдыққа жетелейді. Оның әйгілк "Менің білетінім - мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді", "Өзіңді-өзің танып-біл!" қағидаларының негізгі мазмұны да осы. Сократтың ойынша, белгілі бір асыл қасиет (добродетель -Г.Н.) туралы білім жинаған адам сол қасиетке жете алады, бәрі адамның өзіне байланысты, адам тәнін емес, рухын, жанын шыңдауға үнемі ұмтылуы тиіс, себебі, жаны бақытқа бөленген адам ғана бақытты.
Жеке адамның еркіндігін дәріптей отырып, Сократ мемлекеттің рөлін де жоғары қояды, адам мемлекет заңдарына бағынуы тиіс деп санайды.
Философия тарихында Сократ метод мәселесінің негізін салушы ретінде де белгілі. Оның пікірінше, адам ақиқат білімге философтардың көмегімен. олармен әңгіме-сұхбат арқылы жете алады. Адамдармен сұхбат-пікірталас жүргізуде ол үш тәсіл ұсынды: ирония, майевтика және диалектика.
Платон (шын аты Аристокл) біздің дәуірімізге дейінгі 428-347 жылдар аралығында Афинада емір сүрді.
Ұстазы Сократ секілді, Платон да өз философиясының басты объектісі ретінде адамды таңдады және философиялық пайымдау шеңберін кеңейтіп, табиғат философиясының да өзекті мәселелерін зерттеді, мемлекет туралы тамаша еңбектер жазды.
"Идея" - Платон философиясының басты ұғымы. Өзіне дейінгі физис философиясы субстанцияны материалдық дүниеден іздегені белгілі. Платонның ойынша бұл жол, яғни физикалық және механикалық себептерді іздеу - ақиқатқа жеткізе алмайды. Ол үшін физикалық немесе феноменалдық кеңістіктен жоғары көтерілу қажет, дүниенің, оның құбылыстарының ақиқат себептерін ақыл арқылы жететін, көрінбейтін, метафеноменалдық болмыстан, идеялар дүниесінен іздеу керек.
Платонның бұл ойлары оның жан туралы пікірлерінде жалғасын тапты. Оның пайымдауынша, жан тәннен жоғары, себебі жанның маңызды бөлігін ақыл қүрайды. Тән-дене ыдырап, өлсе де, жан мәңгілік, өмірге қайта-қайта келіп отырады.
38
Платонның мемлекет туралы ойлары да әлі күнге дейін маңызы жойған жоқ. Жер бетінде мінсіз, идеалды мемлекет құруды арман етпеген философтар философия тарихында көп кездеседі.Солардың алғашқыларының бірі Платон болды. Оның "Мемлекет", "Заңдар" және тағы басқа еңбектері осы тақырыпқа жазылды. Платонның пікірінше, мінсіз мемлекет Шындық пен Игілікке негізделіп құрылуы керек, ал бұл қасиеттер философтарға тән болғандықтан, мінсіз мемлекетті философ басқаруы тиіс. Мылекет-полисті адам жанының үлкейтілген түрі деп қарастырған ол жанының бөліктерінің мөлшеріне байланысты осы мемлекетте өмір сүретін адамдарды үш тапқа бөледі.
Аристотель - біздің дәуірімізге дейінгі 384 жыл шамасында Стагирде дүннеге келген. Платонның Академиясында философ ретінде қалыптасу шеңінен өтті, ұстазының философиялық ілімін жалғастырды. Аристотель зерттеген мәселелер аумағы өте кең.
Философияны Аристотель "бірінші философия" және екінші философия" немесе метафизика және физика деп боледі. Оның пікірінше, мета-физика - барлық ғылымдардың арасындағы ең құндысы, өйткені, ол жоғарғы себептерді, дүниедегі қозғалыс пен дамудың себебі болып табылатын мәңгілік, денесіз және қозғалмайтынды, табиғаттан және сезімдіктен жоғарыны зерттейді. Аристотель себептердің немесе бастаулардың төрт түрін атап көрсетеді:
1) Материалдық себеп немесе заттың материясы, яғни зат одан пайда болатын нәрсе. Бұл себеп "Неден?" деген сұраққа жауап береді.
2) Форма - заттың материясын қалыптастыратын, оны нақты осы затқа айналдырушы себеп, "Бұл не?" деген сұраққа жауап береді.
3) Қозгалтушы себеп, яғни қозғалыстың бастауы, "Қозғалыс қайдан басталады?" деген сұраққа жауап береді.
4) Мақсат себеп, немесе өзгерудің себебі, "Не үшін?" деген сұраққа жауап береді.
Фитканың зерттеу объектісі - денесі бар және қозгалушы нәрсе. Ари-стотель- қозғалыс деп кез-келген өзгерісті, мүмкіндіктің жүзеге асуын түсінеді және оның төрт түрін атап көрсетеді:
1) субстанционалдық қозгалыс - пайда болу және жойылу;
2) сандық қозгалыс - өсу және азаю;
1) сапалық қозгалыс - айналу, альтерация (заттың басқаға айналуы); 4) кеңістіктік қозгалыс - орын ауыстыру, трансляция.
Адам қызметінің жалпы мақсаты, Аристотельдің ойынша, рахатқа бөлену- Рахатқа бөлену болмыстың жетілгендігі мен әдемілік болса, адам үшін бұл жетілгендік - өзінің адам ретіндегі іс-әрекетінің, қызметінің же
39
тілгендігі. Ақыл-ойдың іс-әрекеті дәл осындай іс-әрекет, сондықтан да ақыл-ойдың өз міндеттеріне сай іс-әрекеті асыл қасиет болады, яғни адам үшін рахат - асыл қасиетке жетуде.
Аржттепъдің мемлекет туралы ілімі де асыл қасиет ұғымына негіздел-ген. Мемлекетті араласудың ең жетілген түрі деп түсіндірген Аристотель оның басты мақсаты - өз азаматтарын асыл қасиетке тәрбиелеу дейді.
Александр Македонский билік құрған кезең – біздің дәуірімізге дейінгі 334 жылдардан бастап оның универсалдық құдайы монархия идеясы жүзеге аса бастады, ол өзінің қол астына әр түрлі қалаларды ғана емес, тұтас елдерді, халықтарды біріктіре бастады. Грек полисмемлекеті дағдарысқа ұшырады, өзінің тәуелсіздігін жоғалтып, құлдырады. Сократ, Платон, Аристотель дамытқан еркін философиялық ойлардың орнын полистен жаттанған, өмірдің мәнін жоғалтқан, болашаққа сенімсіздікпен қарайтын, пессимистік пайымдауларға көбірек берілген философтардың экзистенциалдық және практикалық пікірлері басты.
Осы эллинизм дәуірінің көрнекті өкілі Эпикур болды Физика, логика және этиканы зерттеген Эпикур философиясының басты мәселесі - адам және бақыт. Философияны ол үш бөлікке бөледі: каноника - ақиқаттың критерийлері туралы диалектикалық зерттеулер; физика -табиғаттың пайда болуы және бұзылуы туралы ғылым; этика - өмір салты, нені таңдап, неден бас тарту керектігі және түпкілікті мақсат туралы ғылым..
Табиғат туралы ілімінде Эпикур Демокриттің атомдар ілімін қолдайды
Марк Туллий Цицерон - біздің дәуірімізге дейінгі 106 жылы Арпи-нумде дүниеге келіп, б.д.д. 43 жылы қайтыс болды. Оның философиясы теориялық пайымдаумен шектелмейді, практикалық сипатқа ие болуға ұмтылады.
Цицеронның ойынша, философия көне гректердегі секілді қолы бос, өмірді сырттай бақылап қана қойып, тұжырымдар жасайтын адамның ісі емес, өмірдің қиындықтарын жеңуге көмектеспейтін философияның, даналықтың қажеті де шамалы. Философияның мақсаты - жан жарасын жазу, адамның назарын өмірдің күйбең тіршілігінен жоғары құндылықтарға аудару, құмарлықтардан, қорқыныштардан арылту, сондықтан римдіктер философияны менсінбеуді қойып, оны терең зерттеуге ұмтылуы тиіс.
Луций Анней Сенека - біздің дәуірімізге дейінгі 5-жыл шамасында Йспанияда, Кордовада дүниеге келіп, біздің дәуіріміздің 65-жылы қайтыс болды. Логика, физика, метеоролия салаларын зерттеумен айналысқанымен, антропологиялық және құдайы ілімдердің практикалық мазмұнына көбірек көңіл болді, философияның міндеті пайымдауға емес, іс-әрекетке үйрету, адамның рухын қалыптастыру, өмірін реттеу, өмір кемесінің басшысы болу,
40
таза, асқақ философия ісі ғана адамды еркіндікке жеткізеді деп түсіндірді.
Адамның ар-ұятын Сенека одан қашып құтылу мүмкін емес зор рухани күш, адамның моральдық фундаменті, ішкі дауысы, интуициясы ретінде қарастырады. Эпиктет - 50-жылдар шамасында Гиерапольде дүниеге келіп, 138 жылы Никопольде дүниеден өткен. Эпиктет философияның мақсаты - адамның бойында асыл қасиеттерді тәрбиелеу деп түсінеді. Ол адамдарға қажет адамгершіліктік ережелері ретінде мынадай қағидаларды ұсынады: Құдайға және оның адамдарға қамқорлығына, дүниенің және заттардың жүйелі, ақылдың көмегімен дамитындығына, адам рухының Құдайға ұқсастығына сенім. Кейбір зерттеушілер оны философтан гөрі Құдайға қызмет етуші, оның идеяларын таратушы, адамгершілік қасиеттерді насихаттаушы деп қарастырады.
Қорыта айтсақ, көне грек философиясы мазмұны бай, зерттеген мәсе-лелер ауқымы өте кең, санқырлы, философияның натурфилософия, фи-лософиялық антропология, онтология, гносеология, этика, эстетика, логика және тагы басқа салаларын кеңінен қамтыган, фшософияның классикалық үлгісі деп атауга болатын философия десек, артық емес.
5-ТАҚЫРЫП
ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ХРИСТИАН ЖӘНЕ МҰСЫЛМАН ФИЛОСОФИЯСЫ
(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)
1. Орта гасырлық христиан философиясының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
2. Августин Аврелий және Томас Аквинаттың діни философиясы.
3. Орта гасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жаг-дайлары, негізгі багыттары.
4. Әл Кинди және әл Ғазали философиясы.
5. "Таза агайындардың " әлеуметтік көзқарастары.
Теологияның негізгі қағидалары: 1) әлеуметтік статусының қандай еке-ніне қарамастан, кез-келген адам Жаратушының жердегі көрінісі; 2) адам-заттың түбі бір; 3) адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Бұл қағидалар ең әуелі Орта ғасыр философи-ясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинаттың ілімдерінен айқын көрінеді. Августин Аврелий (Блаженный) –
41
354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері ете көп, негізгілері: "Құдайы қала туралы", "Жан сыры" (Тәубе, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат - болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол - Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: "Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды". Ең басты мәселе - космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз - өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз - Құдайды еске алу, біздің танымымыз - Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты.,) Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның "Идеясына" жүгінеді. Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады, Бірақ Августин Платонның теориясын екі жерден өзгертеді:
1) Идея Құдайдың ойлары;
2) Құдай таза Болмыс ретінде басқа
заттардың болмысына қатысты, оларды жасайды. Ақиқат ретінде ол бәріне өзінің сәулесін түсіреді, махаббат ретінде өзіне тартады және адамның жанына тыныштық орнатады.
Августин Идеяны тану жанның ең жоғарғы бөліктеріне ғана, яғни, ақыл-парасатқа ғана тән деп пайымдайды. Себебі, Ақиқатқа жету үшін жан тап-таза, ашық, айқын болуы тиіс.
Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді:
1) Гректердің өзі дүниені жаратушының бар екені туралы идеяны айт-қан. Дүниенің сантүрлілігі мен өзгермелілігі, оның объектілерінің әдемілігі оны ұлы да әсем, көзге көрінбейтін және білінбейтін Құдай жаратқанын дәлелдейді.
2) Екінші дәлел -сопsепsus gепtіиm (адамзаттың ауызбіршілігі). Та-
биғаты түгелімен бұзылған адамдардан басқа адамзат ұрпағы Құдай
дүниені Жаратушы де п мойындайды.
42
3) Ең жоғарғы бақыт бұл өмірде емес, о дүниеде. Оған Құдайды сүйе алған адам ғана жетеді.
Құдай Дүниені Жаратушы. Неден жаратты? "Ештеңеден", онымен бірге Құдай уақытты да жаратты. Адамды Құдай сезімдік дүниенің соңғы "рациональді жануары" ретінде жаратқан, оның жаны өлмейді, мәңгілік, ол өлетін болса, Ақиқат та еледі.
Зұлымдық мәселесі. Құдайдан шығатын нәрсенің бәрі ізгілік, жақсылық болса, зұлымдық қайдан шығады? Августин зұлымдықты үш түрге бөледі:
1) метафизикалық-онтологиялық - зұлымдық болып көрінетін нәрсенің өзі жалпы универсалдық оптика деңгейінде жоғалып кетеді. Зұлымдық туралы пікіріміз кебіне субъективті. Әрбір нәрсенің болмыстық мәні бар, яғни жағымды бірдеңеге ие.
2) моральдік зұлымдық - күнә. Күнә залым жігерге тәуелді. Құдайға берілгендікті өзгерту де моральдық зұлымдық.
3) физикалық зұлымдық - ауру, қайғы, күйзеліс және өлім - мо-ральдық зұлымдықтың салдарлары.
Зұлымдық - өзіне деген махаббатта, ізгілік - Құдайға махаббат. Әуелі өзіне деген махаббат, Құдайды жек көру сезімдері Жер қаласын, Құдайды ақыл-есінен айрылғанша сүю - Кек, Аспан қаласын туындатады. Екі қаланың да аспанда періштелері бар. Бірінші патшалықтың адамы жер бетінде дүниені билеуші ретінде, ал көк қаласының тұрғыны кезбе ретінде көрінеді. Бірақ біріншісі қарғысқа ұшырайды, ал екіншісі – мәңгілік құтқаруға ие болады.
Нағыз адам, Августиннің ойынша, сүйе білген және сүюге лайық адам. Бұл махаббат Құдайға, өзін қоршаған алыс және жақын адамдарға, Құдай-дың бейнесі - заттарға бағытталған болуы керек. Адамның, тұлғаның өлшемі - сүйе білу деңгейі. Философиялық ойлау осы принципке, Құдайға Сенімге негізделген болуы тиіс. Августиннің кейбір ойлары:
"Табиғи деп аталып жүрген теология туралы әңгімені кез-келген адам-мен емес, аттары латын тілінен аударғанда даналыққа махаббатты білдіретін философтармен жүргізу керек; даналық дегеніміз бәрін Жаратушы болса, онда нағыз философ Құдайды сүйеді". "...философтар даналыққа талпынысқа немесе даналықтың өзіне үйретеді". "...Дүниені жаратқан Құдайға жүгініп емес, дүниенің желісіне жүгініп пайымдайтын философтардан сақ болу қажет".
Томас (Фома) Аквинат (1225-1274) - Сенім мен Ақылдың гармониясын негіздейтін ілім қалыптастырды. Оның негізгі тұжырымдары:
1) Сенім мен Ақылдың көмегімен жүзеге асырылатын таным процесінің тәсіл-әдістерінің ортақ жақтары кеп. Сенім де, Ақыл да бір затты - Құдайды және ол жаратқан дүниені танып-біледі;
43
2) Екі тәсіл де бірін-бірі жоққа шығармайды, толықтырып отырады. Адам Құдайға тәуелді болғанымен, оның ақыл-ойының салыстырмалы автономиясы бар. Теология философияны, Сенім Ақылды терістей алмайды, ақиқат көзі - осы тұжырымда.
3) Екі тәсілді де Құдай жаратқан, сондықтан өмір сүру құқықтары бірдей. Бірақ екі тәсілдің ерекшеліктері де бар:
1) Сенім Құдай-жаратушы туралы ақиқатты сезім, жігер, тілекке сүйене отырып қабылдайды.
2) Ақыл ақиқат туралы үнемі күмәнданады, тіпті Құдай Болмысы ту-ралы ақиқаттың да дәлелін іздейді.
Сондықтан, Аквинаттың ойынша, Сенім Ақылдан жоғары. Ол Қүдай-дың жаратылыстан тыс нұр-шапағаты. Інжілді толтырып тұрған да осы Құдайдың жарығы. Ақыл - адамның қабілеті, құралы, табиғи нұры, ол философияның ақиқаттарында көрініс тапқан. Ақыл "діннің қызметшісі" болу үшін жаратылған. Яғни, Аквинат дін мен философия-ғылымның' арасындағы компромисс идеясын негіздеді.
Аквинат Құдайдың бар екендігінің бес дәлелін келтіреді:
1) Дүние дегеніміз қозғалыс. Әрбір зат қозғалысының бастауы бар, бұл қағида сезімдеріміз арқылы дәлелденеді. Осы қозғалысқа алғашқы күш беретін - Құдай.
2) Екінші дәлел "туындатушы себеп" ұғымынан шығады. Дүние себеп пен салдардан тұрады. Әр заттың себебі бар. Алғашқы себеп - Құдай.
3) Үшінші себеп кездейсоқтық пен қажеттілік ұғымдарына негізделген. Дүниеде кездейсоқ нәрселер көп, бірақ қажеттілік, заңдылықтың бар екендігі күмәнсіз. Мысалы, планеталар қозғалысы, адамдардың өмірі. Осы қажеттілік-заңдылықтарды туғызатын Құдай.
4) Заттардың жетілу дәрежелері әр түрлі. Бір зат толық жетілген, екіншісі шамалы жетілген. Абсолютті, ең жоғары жетілген - тек Құдай ғана.
5) Ақылы жоқ заттар да белгілі бір мақсатқа, ретке бағынып, табиғатта өмір сүреді. Олардың бәріне мақсат сілтеп отыратын - Құдай.
Орта ғасырлық христиан философиясының тарихи-мәдени рөлі туралы айтсақ, еркін ой тежелген, шіркеу догматтары үстемдік құрған кезең болғанымен, бұл философия адамзат тарихы мен мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосты.
1) Христиан дінінің идеологиясы Европа мемлекеттерінің рухани ны-ғаюына ерекше ықпал етті, әлеуметтік-саяси тұрақтылығына әсерін тигізді.
2) Грек философиясының мұраларын дамытуға үлес қосты.
3) Рухани өмірдің сәулет өнері, бейнелеу өнері, музыка, әдебиет сияқты салаларының дамуына игі ықпал етті.
44
4) Көптеген философиялық категорияларды тереңдетті: сенім, ақыл, абстрақтылық және нақтылық.
5) Құдайдың алдында адамдардың бәрі бірдей идеясы қоғамды адам-гершілік тұрғысынан нығайтты, махаббат пен шыдамдылыққа үйретті.
Ортағасырлық мұсылман философиясы. Философияның, жалпы мәдениеттің даму тарихы ұзақ жылдар бойы біржақты, европоцентристік тұрғыдан қарастырылып келгені белгілі. Осы көзқарастың салқыны сал-дарынан Орта ғасыр философиясы тек христиандық философия шеңберінде ғана қарастырылды. Шындығында, сонау антика заманы мен оның бер жағын байланыстырып тұрған, жай байланыстырып қана қоймай, дүниежүзілік мәдениеттің, өркениеттің дамуына мықты әсер еткен Шы-ғыстағы мұсылман философиясы еді. Оны толығырақ, объективті зерттеу мүмкіндігі енді ғана туып отыр. Бұл салада атқарар жұмыс өте көп, бірақ аз ғана уақыттың ішінде жүргізілген ізденістердін өзі мұсылман мәдениеті мен философиясының Батыс философиясынан мүлдем өзгеше екендігін керсетеді.
Мұсылмандық ІІІығыс философиясы араб және түркі тілді болып бөлінеді. Араб тілді философияның қалыптасуына әсер еткен ислам діні, Аравияда VІІ-ғасырда дүниеге келген Араб халифаты ХVІ-ғасырға дейін мәдениеттің ірі ошағы болды, ал ғалымдар халифат Рим империясынан да мықты болған деген пікір айтады. Бұл пайымдаулармен келісуге де болады, себебі осыншама ұзақ өмір сүруге кез-келген империяның әлі келмес еді. Араб халифатының экономикалық дамуының күшті болуы оның фи-лософиясының да айқындаушы факторы болды.
Ислам діні негізгі діні, араб тілі Құран тілі болған Араб халифатында мұсылман философиясы өзінен VI ғасыр бұрын дүниеге келген христиан дінімен күрес нәтижесінде қалыптасты. Өзінің таралу барысында, әсіресе кіші Азияда ислам антика философиясының ошақтарымен бетпе-бет келіп отырды. Қазіргі заманғы белгілі қазақ философы Ғ. Есімнің пікірінше, әлемді күшпен ғана емес, философия мен ғылымды тарату арқылы да билеуге болатынын ұғынған халифтер грек және үнді философиясын тереңдеп зерттеуге ерекше көңіл белді. Адам, оның тағдыры мәселесін түсіндіруде, оған рухани басшылық жасауға моральдық жауап-кершілік ісінде олар антика, философиясының категориалдық аппаратына жүгінді. Сондықтан да философияның практикалық қажеттілігінен грек философтарының еңбектері әуелі сирия, кейін араб тіліне аударылды. Тіпті Византиямен соғыста олар тұтқындарды қолжазбаларға айырбастап алып отырды. Осы араб тіліне аударылған еңбектер кейін Европаға жетті. Яғни, Европа өркениеті үшін анти ка философиясың сақтап қалған араб ойшылдары деуге болады.
45
Орта ғасырдағы мұсылман философиясының басты өкілдері: әл Кинди, әл Фараби, ибн Сина, әл Ғазали, "Таза ағайындар'' (шығыстық перипатетизм); ибн Бадж, ибн Араби, ибн Туфейль, ибн Рушд (батыстық перипатетизм) және тағы басқалар.
Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:
* ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін-бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.
* көпұлттылық - араб, парсы, түркі және т.б. ұлт философтары.
* негізгі философиялық тіл - арабтілі. Араб тілінде философия "фалсафа" деп аталды.
* Басты мәселелер - адам және оның тағдыры, адам және Құдай, адам және қоғам, онтология мәселелері.
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Қалам (сөз, тіл) - спекулятивтік теология. Спекуляция -тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді. Қалам - мұсылман қоғамының даму эволюциясының заңды құбылысы болды. Әр түрлі секталар мен топтар Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін ислам діни ілімінің уағыздарын қызу талқылау нәтижесінде пікірталас объектілерін анықтап, дұрыс шешім іздеп отырды. Белгілі Иран ойшылы Мортаза Мотаххари қаламға "исламдық көзқарастар туралы, яғни ислам тұрғысынан алғанда не нәрсеге сенімді болу және не нәрсеге сену қажеттігі туралы ғылым" деген анықтама береді.
Қаламды жалғастырушылар мутакаллимдер - құр догматтарға сүйеніп қана қоймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды, Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, Құранның пайда болуы және тағы басқа мәселелерді кеңінен талқылады.
Қаламның беделді мектептерінің бірі - мутазилизмде - (оқшаулану-шылар, бөлектенушілер) - рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, фи-лософия мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаны негізін қалады.
Суфизм - "алладан басқа құдай жоқ" қағидасын "алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ" қағидасымен алмастырды. Суфизм - ислам дініні рухы, мәні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю.
Юсуф ибн Исхак әл Кинди (800-870) - араб философиясының көрнекті өкілі, "фалсафа" терминінің тарихта қалуына бірден-бір себепкер. Ұмыт бола бастаған грек мәдениетін қалпына келтіріп, жарыққа шығарған осы ойшыл деуге әбден болады. Ол зерттемеген ғылым саласы жоқ, логика, математика,
46
этика, музыка салаларынан 240-қа жуық еңбек жазған. Ең бастылары - философия саласындағы зерттеулері- Аристотельдің ірі еңбектерін араб тіліне аударған әл Кинди оның философиясын аса құрметтеп, философияны танып-білгісі келген адам әуелі Афистотельді зерттеуді қолға алғаны жөн дейді: "Әрбір істің басшысы алла, бірақ білім бұлағы - Аристотель". Оның пікірінше, жеке адам, ол керемет қабілетті болған күннің өзінде де ақиқаттың тұңғиығына жете алмайды, сондықтан бұрынғы заманда өмір сүрген басқа халықтар қол жеткізген білімді міндетті түрде игеру қажет. Даналыққа ие болатын адам -өзіне дейін өмір сүрген адамдардың интеллектуальдік жетістіктерін игерген адам ғана: "Ақиқаттың қайдан шыққанына ұялатын ештеңе жоқ, ол тіпті біз танымайтын, білмейтін алыс елдерден болса да. Ақиқат іздеген адамға ақиқаттың өзінен жақсы ештеңе де жоқ, ақиқатты менсінбей, оны айтқан немесе бізге жеткізгендерге жоғарыдан қарауға болмайды: ақиқат-пен ешкімді төмендету мүмкін емес, керісінше - ақиқат кез-келген адамды нұрландырады".
Әл Кинди философияны христиан ойшылдары секілді теологияға кегендемейді, керісінше, жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байла-ныстырады, философияны энциклопедиялық ғылыми білімді қорытын-дылаушы және оның негізі деп қарастырады. Оның пікірінше философияны игеру үшін математиканы жақсы білу керек. Математиканы ол төрт саладан тұрады деп қарастырады:
1) сан туралы ғылым - арифметика және гармония;
2) қатаң дәлеледерге негізделген, алаңдардың өлшемі туралы ғылым - геометрия;
3) жұлдыздар туралы ғылымдар - астрономия және астрология;
4) гармония - осы үш саланы біріктіретін ғылым. Гармония барлық нәрселерге тән, ол дыбыстарда, әлемде және адамдардың жанында бар.
Әл Кинди осы төрт ғылымның негізгісі –ең біріншісі - сандар туралы ғылым деп есептейді: "Сандар болмаса, есептеуге жататын нәрсе де бол-майды". Әл Кинди білімді екі түрге бөледі: сезімдік және ақыл-ой, зерделік. Біріншісі адамға да, жануарға да тән. Екіншісі - адамта ғана, ол математикалық білім, ол нанымға емес, дәлелдерге негізделген. Әл Кинди философияны осылайша рационалистік тұрғыдан түсіндіреді, бірақ оның шыңы - құдайылыққа жету дейді: "Ешқандай философ Мұхаммед уағыздары секілді қысқа, анық, қарапайым, толық жауаптар бере алмайды. Құдайы білімге логика да, математика да қажет емес. Нағыз философия - ақиқатты тану".
Әл Киндидің онтологиялыц пайымдаулары да құнды: ол болмысты бес нәрсе сипаттайды дейді: материя, форма, қозғалыс, кеністік және
47
уақыт. Дүниені алла "ештеңеден" жаратты дей отырып, әл Кинди мате-рияны негізгі, анықтаушы мән ретінде түсіндіреді: "Қандай нәрсе болмасын бәрі материядан құралған. Ол ешқашан жойылып кетпейді, өзінде барлық нәрсені ұстап тұрады". Әл Кинди форма дегеніміз мүмкіндік деп түсінеді, материяда ішкі мүмкіндік бар, материядан әр түрлі заттар пайда болады, осы заттар тудыратын мүмкіндік - форма. Мысалы, жылылық пен құрғақтықта - материя болса, екеуі біріккенде материя отқа - формаға айналады. Қозғалысты әл Кинди алты түрге бөледі: пайда болу, жойылу, өзгеру, ұлғаю, бір орыннан екінші орынға ауысу. Ал орын - дененің нақтылы алатын кеңістігі. Уақыт - қозғалысты есептеуші сан, өткен мен болашақты байланыстырып тұрған ойдағы "қазір".
Әл Кинди философиясының маңызды бір бөлігі - оның өмір құбылыс-тарына деген философиялық көзқарасы, "философиялық өмір позициясы " теориясы немесе ортагасырлық психотерапевтік кеңестері:
...жағымды және жағымсыз заттар табиғатынан солай емес, әрекеттер мен күйлерді жиі қайталап әдеттенгендіктен солай.
1) Қайғы бір нәрсенің, не өзіміздің, не бөтеннің іс-әрекетінің салдары. Ол бізге байланысты болса, онда өзімізге қайғы әкелетін нәрсені жасамауға тырысуымыз керек. Басқа адамға байланысты болса, оларға кедергі жасау-ымыз керек. Ештеңе жасай алмайтын болсақ та, күні бұрын қайғыланудың керегі жоқ: біздің араласуымызсыз-ақ та кедергі жасалынуы әбден мүмкін ғой. Ал бізге қайғы әкелетін әрекет іс жүзінде жасалған жағдайда қайғы-мызды азайтатын қадамдар жөнінде ойланған жөн. Ол үшін:
2) Бізде болған және басқалардың басына түскен қайғылы жағдайларды еске алу керек. Олардың бәрі ұмытылды ғой.
3) Қайғылы болмаған адам жоқ, бірақ адамдардың бөрі де қуанып, көңілденеді. Себебі, қайғы адамның күйі ғана, ол туа біткен, тұрақты нәрсе емес.
4) Қайғы-мұңсыз өмір сүргісі келген адам - өмір сүргісі келмеген адам. Себебі, қайғы-мұң өмірдің ажырамас жағы.
5) Басқа адам біздегі нәрседен молырақ нәрсеге ие болса, көре алма-ушылық, іштарлық көрсетіп, өз өмірімізді әзіміз уламауымыз керек. Біздің жанымыздың рухани байлығы біздің, тек қана біздің меншігіміз.
6) Біздің үлесімізді Жаратушымыз кез-келген уақытта алып, басқаға беруі мүмкін, оған ренжіп керегі жоқ. Жалпы және үнемі қайта-қайта бөлініп отыратын байлықтан алған қарызымызды қайтарғанға қайғылануға болмайды: біз ұсақ-түйекті ғана қайтарамыз, ал оның ұлы сыйы -жанымызды сақтап қаламыз.
7) Нағыз қайғыланатын болсақ, бұл қайғы абсолютті - толық және мәңгілік болуы керек. Бірақ біз қайғыланып керегі жоқ деп шешіп едік
48
ой Адам өзіне қажет емес, өмір сүруін ауырлатып, кедерп келтіретін көптеген нәрселерге ұмтылады.
8) Біз заттардың ақиқат мәнін айыруымыз қажет, нағыз жаман нәрсені гана жек керу керек. Мысалы, өлім. Одан жаман нәрсе жоқ, бірақ ол адам өмірінін ажырмас жағы және адам өлгеннен соң бақытсыздық пен азап жоқ интеллигибелді дүниеге кешеді.
9) Бірдеңені жоғалтқанда адам өзінде қалған материалдық және рухани байлықты есінде сақтаса, осылайша өзін-өзі жұбатады.
10) Бір қайғы бізді күтіп тұрған қайғы-бақытсыздыктардың санын азайтады. Әл Киндидің бұл шығармасында антикалық идеялар көп кездеседі, сондықтан кейбір ойшылдар бұл еңбекті Фемистийдің араб тіліне аудармасы деп қателесті. Әл Кинди адам өмірінің мақсаты - бақытқа жету және оны ақыл-ой дүниесінен, интеллигибелді дүниеден іздеу керек деп түсіндірді (Алям аль Акль, аль Алям аль Акли - Әлем әл Ақыл, әл Әлем Ақыл).
Әл Ғазали (1059-1111) - мұсылман дүниесінде беделі мықты, Мұхам-мед пайғамбардан кейінгі екінші мұсылман деген атаққа ие болған ойшыл. Мұсылмандық Шығыс жұртының әлеуметтік-тарихи дамуы Ибн Сина кезеңінен соң құлдырай бастады, бірақ мұсылмандық оқу орындары көбейді. Солардың бірінде, селжүк сұлтаны Мелик шахтың уәзірі Низам әл Мүлік Бағдатта ашқан теологиялық академияда әл Ғазали ұстаздық және басшылық етті. Ол үнемі ізденіс-күдік процесін басынан кешті, ақиқатқа Августин Аврелий секілді қиын жолмен жетті, фикх - мұсылмандық құқықтан дәріс бергенімен, өмірінің соңында таза сопылық жолына түсті. Әл Фараби мен ибн Синаны кеп зерттеген әл Ғазали өзінің пікірлерін "Философтарды терістеу" еңбегінде баяндады.
Әл Ғазалиді ғылым мен философияны мүлдем теріске шығарушы деп санауға болмайды. Мысалы, ол математика, физика, медицина, логиканың практикалық пайдасын мойындайды, бірақ белгілі бір шекара болуы қажет, ғылыми тұжырымдарды теологиялық сұрақтарды шешу үшін пайдалану дұрыс емес, себебі философтардың бәріне сенбеу және құдайсыздық тән дейді. Әл Ғазали философтарды үш категорияға беледі:
1) дахриттер - Эмпедокл, Анаксагор, Демокрит және тағы басқа ежелгі философтар. Олар жаратушыны мойындамайды, дүниені мәңгілік деп есептейді;
2) жаратылыстанушылар - бәрін табиғи себептер арқылы түсіндіреді, о дүниені жоққа шығарады;
3) метафизиктер - Сократ, Платон, әл Фараби, ибн Сина - "философ-мұсылмандар".
Әл Ғазалидің пікірінше, олардың үш қателігі бар: 1) дүниені мәңгілік деп есептейді; 2) олар алла тек универсалды нәрсені ғана біледі жеке
49
нәрсені білмейді деп алланың мүмкіндігіне шек қояды; 3) таза рух мәңгілігі қайта тірілту, жазалауды жоққа шығарады.
Әл Ғазали себептіліктің объективті сипатын мойындамайды, затта дың арасын байланыстыратын алла деп есептейді. Адам алла алдын дәрменсіз деген әл Ғазали таза өмір сүремін деген адам сопылық жолы түсуі қажет деп қорытындылайды және өзінің сопылыққа жету тәжір бесін баяндайды:
"...Маған кімде-кім тақуалық өмір сүрсе және дүние қызығынан бо ын аулақ үстаса, сол ғана о дүниеде масайраудан үмітті екені, ...күйб тіршілік мекенін тастап, мәңгілік мекеніне бет бүрып және өзіңнің б ынтанды үлы мәртебелі аллаға аударып, жалған дүниемен қосақтаған жіп үзу қажет екендігі, оны жасауға қүрмет пен байлықтан бас тартқанда жалған күйбең және онымен байланыстан бойын аулақ салғандар ға жете алатыны аян болды. Сонда мен өз жанарымды өз жағдайыма ауда дым. Байқасам, менің өзім жан-жағымнан шырмап алған жалған байнысқа белшемнен батып түрмын. Өзімнің қызметіме және ондағы ең жақсы, ізгі дегенге: лекция оқу мен дәріс беруіме көзімді тігіп едім, мені өзін о дүниеге сапар шегуге даярлаған адам үшін не маңызы, не пайдасы жоқ ғылымдардың еліктіріп келгенін көрдім. Өзімнің ұстаздық қызметі жетсем деген мақсаттарым туралы одан әрі ойлана келіп, мен осы м саттарға қатысты ойларымның тұтасымен жалғыз аллаға арналмағань құрмет пен даңққа жету болғанын білдім. Мен өзімнің жар жағасы тұрғаныма және жағдайымды түзетуге шұғыл кіріспесем, сөзсіз тамү баратыныма көзім жетті. ... Ұзақ ойландым. ...Он жыл.
...мәртебелі жасаған алла жолымен жүрушілер дәл осы сопылар еке олардың тұрмыс салты ең жақсы тұрмыс салты екені, олардың жолы -дұрыс жол екендігі мен үшін мейлінше айқын болды.
...Сопылардың барлық харекеттері, барлық қүпия және жария ойла - пайғамбар хұзырынан құйылған нұрдан, ал жер бетінде адамдар өз бағытын түзейтін пайғамбар нұрынан өзге еш сәуле жоқ" (Әл-Ғазали. А судан арылдырушы. /Ғарифолла Есім. Фалсафа тарихы. Алматы, 20 132-133 б.)
Осылайша пайымдаған әл Ғазалидің ойынша, алланы білмеу - у, жүреке зиян ауру. Алланы білу - уға қарсы ем, жүрекке дәрі. Адам пайғамбалардың айтқанымен жүруі керек, олар құдайы қасиеттерге ақыл-ойдь көмегімен емес, алланың нұры арқылы жеткен. Ақыл-ой пайғамбарлы тан, даналық сенімнен әлсіз деп қорытқан Ғазали дінді философия жоғары қояды.
Таза ағайындар (Ихван ас-сафа) туралы нақты мәліметтер жоқ. Ол құпия ұйымдардың немесе шиит секталарының (исмаилит, кармат, фатмид бірі
50
деген болжамдар бар. Негізгі еңбектері - "Таза ағайындар трактаттарының" авторлары да белгісіз.
ІХ-ғасырдан бастап философия діни-саяси қозғалыстардың идеоло-гиясына әсерін тигізе бастады, сондықтан бұл трактатты кейбір ғалымдар айтқандай, дінді философиядан қорғау үшін жазылған деуге болмайды, керісінше, дін өкілдері бұл еңбекте философиялық тұжырымдарға ұмтылды. Олар: "Біздің ағайындар ешқандай ғылымға қарсы емес, ғылымның барлық бағыттарын түгел қамтиды, біреуін бөле-жара қарастырмайды" дейді. Ресей ғалымы, ортағасырлық мұсылман философиясын кеңестік дәуірдің өзінде-ақ жан-жақты зерттеп, батыл пікірлер айтқан В.Игнатенко бұл пікірден олардың жеке секта емес екені көрінеді деп тұжырымдайды, оған біз де қосыламыз. Фалсафа тарихын қазақ жүртына алғаш таныстырған академик Ғарифолла Есім "Таза ағайындар" бірлестігі Бағдат халифатында Х-ғасырдың екінші жартысында Басра қаласында діни-философиялық бірлестік ретіңде әл Киндидің ізімен қалыптасты және 51 томдық энциклопедиялық жүйе дайындады, негізгі мақсаттары - исламға еніп кеткен қоқыстарды философия арқылы тазарту деген дұрыс пікір айтады. Не десек те, "Таза ағайындар" діни және философиялық білімдері өте мықты, жан-жақты дамыған ойшылдардың бірлестігі болғаны айқын. "Таза ағайындардың" мақсаты - әр түрлі идеялық ағымдар негізінде болмыстың синкретикалық концепциясын жасау. Олардың еңбектерінде Платонның, Аристотельдің, Пифагордың идеялары көп кездеседі.
"Таза ағайындардың" Рухани Қала (әл Мадина ар Руханийя) туралы іліміне тоқталайық. Бұл еңбекте Платон, Аристотельдің "идеалды, мінсіз мемлекет" туралы ілімдерін дамытуға талпынысты көреміз, бұл мәселе әл Фарабидің еңбектерінде де кеңінен талқыланған.
Таза ағайындардың пікірінше, қоғамда адамдардың бірлігі қажет. Жал-ғыз адам бақытсыз өмір кешуге жаралған. Бақытты өмір үшін көп нәрсе керек, ал оның бәрін бір адам игере алмайды, себебі өмір қысқа. Сондықтан да әрбір қала мен ауылда адамдар бір-біріне көмектесу үшін бірігеді: біреулер құрылыспен, біреулер - саудамен, енді біреулер - ғылыммен айналысады. Тек осы жол арқылы ғана олар нашар өмірден құтыла алады. Адамдар бірігу үшін ағайындардың, ақылшылар мен достардың көмегі қажет, олар діннің мәніне бойлаған, заттардың ақиқатын біледі, сондық-тан басқа өмірге жетудің жолын көрсетеді. Рухани Қалада әрбір адам өздерінің денелері бөлек болғанымен. жандарының бір екенін біледі. Рухани Қала курделі, онда рухани бірлік пен жер бетіндегі адамдардың нақты бірлігі бар. Рухани Қала көкте, ол жерде бола алмайды, себебі қалалардың тұрғындарының адамгершілігі бұзылады; суда бола алмайды, себебі құйындар мен толқындар оны басып қалмауы тиіс; ауада емес, себебі
51
оған бұзылған қалалардың ауасы көтерілмеуі керек. Рухани Қала жақсылық, адалдық, рухани тазалықтың негізінде салынылуы тиіс. Рухани қалада тұратын адамдардың құрылымы:
1) қолөнершілер - ақыл мен сезім күші бар адамдар, бұл сатыға ад 15 жасында жетеді;
2) саясаткерлер - ағайындары туралы қам жеп, мейірім мен аяушлық көрсетушілер (30 жастан кейін жетуге болады);
3) билікке ие билеушілер. Олардың міндеттері - тиым салу арқылы, жұмсақтық көрсете отырып тұрғындар арасындағы араздықтың алдын алу (40-тан асқанда);
4) періште күшіне ие болу - бұл саты жанның денеден құтылуы дайындық сатысы, оған 50-ден асқанда жетуге болады. Осы сатыға жет- кендер ақиқатты көре алады, көкке өрлеп, Жаратқанмен кездесе алады
"Таза агайындар " Рухани Қаланы космостың ажырамас бөлігі, жо- гарыдан төмен қарай өсетін рухани агаш және адамдар бірлігіне бастаушы керек дейді. Олардың пікірінше, басқарудың екі турі бар: "дене және "рухани " басқару. Біріншісі - тирандар мен билеушілер, олар адам дарды құлдарга айналдырады. Екіншісі адамдарды құдайы заңдар арқылы басқарады, о дүиедегі өмірде бақытты етеді.
"Таза ағайындардың" пайымдауынша, Рухани Қаланың басшысы рухани басшы. Оның 12 қасиеті болуы тиіс: дене мүшелері жақсы жетіл ген; айтылған нәрсені тез қабылдауға қабілетті; есте сақтау қабілеті күиг" ақылды; ойын жеткізе білуші; ғылымды сүюші; одан күшін аямайтын; өз қарамағындағыларға адал және мейірімді; жаны жомарт және ізгілікті байлыққа қызықпайтын; әділдікті сүюші және әділетсіздікті жек көрушы; қойған мақсатына жетуден талмайтын;
Рухани Қала басшысының бойында болуға тиіс бұл қасиеттер әл Фа- рабидің "Қайырымды қаласының" басшысының қасиеттерімен бірдей, айырмашылығы - "Таза ағайындар" ілімінің діни мазмұны күштірек. Мысалы, олар заңды тағайындаушы Жаратқанның бар екендігіне сенімді болуы керек.
Рухани Қаланың бірінші басшысы өз тұрғындарының бойына төрт қасиетті сіңіруі қажет: 1) олардың әрбіреуі жаман нәрсе мен әсем нәрсені айыра білетін ақылға ие болуы керек; 2) олар занды тағайындаушы бірінші басшыға ұсауға ұмтылуы тиіс, істерінде де, сөздерінде де; 3 олардың әрбіреуінде заңды тағайындаушының өсиеті болып, оны үне зерттеуі қажет; 4) қаладағы әрбір топтың өз басшысы болады.
"Таза ағайындар" өздерін Рухани Қаланың үлгісі деп есептеді, олардың жолын қуушылардың көбеюі рухани әлемді құруға жеткізеді деп есептеді.
52
бірақ өздерінің қоғамдастығына мүше болуға үміткерлерді мұқият тексеруден өткізуді, әсіресе, адамгершілік келбетіне басты назар аударуды талап етті. "Таза ағайындар" жастарға көбірек назар аударады, себебі жастардың жандары жазылмаған таза қағаз, ал қарттармен жұмыс жасау тек шаршатады, қарттардың ескі түсініктерін өзгерту қиын. Рухани қаланын адамдары ұйымшыл, бай кедеймен байлығын боліседі, ал білімді адам
наданға білімін үйретеді.
"Таза ағайындардың" астрологиялық ілімі қазіргі заманғы адамдар үшін қызықты деуге болады. Мысалы, олар адамдардың әр түрлілігінің себептерін атайды: денелерінің құрамы - жер, су, ауа, от; табиғи жағдайлар; ұстаз тәрбиесі және жұлдыздардың әсері. Олар осы себептердің ішіндегі бастысы, тамыры - астрологиялық әсер деп санайды, ал қалғандары - бұтақтар. Адам өмірі – көкке бағытталған қозғалыс. Адамның екі өмірі бар: жердегі өмір - дүния (дүние - Г.Н). о дүние ахира(ақырет - Г.Н). Ғылымдардың ең бастысы - жан туралы ғылым (ильм ан-нафс), адам ең әуелі өз жанын түсінуге, танып-білуге ұмтылуы тиіс.
Орта гасырлық мусылман философиясын европоцентристік көзқа-растан тәуелсіз, объективті тұргыдан багалайтын болсақ, адам, табигат және қогам мәселелерін құдай мәселесімен тыгыз байланысты қара-стырган, бірақ көне Греция философиясын Европага жеткізуде маңызды рөл атқарган, оның негізгі идеяларына тусіндірме-комментарий беріп қана қоймай, толықтырып-жетілдірген, әлемдік философияның дамуында маңызды рөл атқарган философия болды деуге болады.
53
6-ТАҚЫРЫП
ҚАЙТА ӨРКЕНДЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫ
(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)
1. Қайта Өркендеу Дәуірінің негізгі сипаттары. Антропоцентри және гуманизм.
2. Ортагасырлық ойлаудан Ренессансқа өту кезеңі. ЭРоттердамский; М.Монтень; Н.Кузанский.
3. Қайта Өркендеу Дәуіріндегі өнер және ғылым. Л.Винчи, Н.Копеник, Д.Бруно, Г.Галилей ілімдері.
4. Қайта Өркендеу дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия. Н. Ма- киавелли, Т.Мор, Т.Кампанелла.
Қайта Өркендеу дәуірі шамамен алғанда ХІV-ХVII -ғасырлар аралғын қамтиды. Бұл кезең мәдениеттің барлық саласында керемет жетісті терге қол жеткізілген, прогрессивті төңкеріс жасалған кезең. Осы дәу философиясы да өзінен кейінгі философиялық жүйелердің негізін қалған, әлемдік философия тарихындағы маңызды кезең болып есептелед
Қалыптасу жағдайлары:
1) Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде капиталистік қатынастардың негіздері қаланды. Ауыл шаруашылығынан - өнеркәсіпті дамыту ауыл-селодан - қалаға көшу кезеңі басталды;
2) Ұлттық мемелекеттер мен абсолюттік монархия қалыптасты;
3) Жаңа тап - буржуазия пайда болды;
4) Терең әлеуметтік конфликтілер: Германияда Шаруалар соғысы Фраиция мен Нидерландыда діни және буржуазиялық соғыстар жүрді
Осы әлеуметтік-тарихи жағдайлардың бәрі жаңа көзқараст қажеттілігін туғызды. Бұл кезең Орта ғасыр кезеңі мен антикалық мәдниеттің жалғасы, әсіресе, антикалық мәдениетті қайта Өркендету, қалпына келтіру болды. Дәуірдің Қайта Өркендеу деп аталуы да сондықтан.
Қайта Өркендеу Дәуірінің дамуы үш кезеңнен тұрады: 1) гуманистік немесе антропоцентристік - ХІV-ғ. ортасынан XV- ғасырдың ортасына дейін; 2) онтологиялық мәселелер шешілген неоплатонизм кезеңі - ХV-ғ ортасынан ХVІ-ғ. бірінші үштігіне дейін; 3) натурфилософиялық кезең - ХVІ-ғ. екінші жартысынан бастап ХVІ-ғ. басына дейін. Бұл жіктеудіш салыстырмалы екендігін ескерткен дұрыс.
Ерекшеліктері:
1) Қайта Өркендеу философиясында да басты орынға Құдай ие, бірақ философиялық талдау объектісі - Адам, ол космостық болмыстың негізгі звеносы. Орта ғасыр философиясы адамды күнәһар, құдайдың құлы рет-
54
інде карастырса, Өркендеу философиясы адамды жоғары көтерді, оның еркіндігін дәріптеуге ұмтылды;
2) Өркендеу философиясы жаратылыстану саласындағы жетістіктермен, географиялық жаңалықтармен, медицина, математика, табиғат туралы ғылымдармен тығыз байланысты дамыды;
3) Осы ғылымдардың жетістіктері негізінде философия дүниені жаңа, пантеистік бейнесін жасауға тырысты, табиғат пен құдай бірлігі, табиғат пен адамның құдайы сипаты идеяларын негіздеуге ұмтылды;
4) Философиялық ой өнермен тығыз бірлікте дамыды. Адамның өзінің табиғи негізіне оралуы идеясы Өркендеу дәуірінің өнерінде көрініс тапты. Адамның күші Құдаймен тең, ол бәрін де игере алады. Ренессанс адамы - шығармашылықпен айналысатын, қолынан келмейтіні жоқ адам. Ол бәріне қабілетті, дене сұлулығына да, ой сұлулығына да жете алады. Адам - дүниедегі ең әдемі, ең әсем Тіршілік етуші (существо). Осы эстетикалық негіз Өркендеу философиясына ерекше мазмұн берді, Әсемдік, Адамның Әсемдігі асқақтатылды. Тән мен жанның сұлулығы Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт шығармаларында суреттелді, олар әлі күнге дейін аса қүнды, теңдессіз, баға жетпес дүниелер болып есептеледі;
5) Ренессанс философиясына гуманизм - адамның тұлға ретіндегі құндылығын, оның еркіндікке, бақытқа және дамуға ие болу құқын мой-ындайтын көзқарас тән. Гуманизм антика мен Орта ғасырда да болғанымен, қоғамдық қозғалыс ретінде Өркендеу Дәуірінде қалыптасты. Ерекшелігі - гуманистік философия кәсіби философиядан тыс қалыптасты. Ақын-жазушылар, ғалымдар, ритор, педагог, дипломат. саясаткер және тағы баска білімді адамдар гуманистер қауымдастығын құрып, жаңа гуманистер модениетін жасауға талпынды. Олар өздеріне " философ" деген атақ беріп. философияға жаңа мазмұн берді, бұрынғы философтарды философ деп санамады. Гуманизмнің негізін салушылар: Данте Альгиери, Франческо Петрарка, Колюччо Салютати.
Данте Альгиери (1265-1321) - итальяндық Ренессанстың астанасы Флоренцияда дүниеге келген ақын және ойшыл. Оның "Құдайы комедиясы" - гуманистік ойлардың бастауы. Бір жағынан алып қарағанда, бұл еңбек ортағасырлық христиандық көзқарастар энциклопедиясы, Құдай адам өмірінің басшысы ретінде бейнеленеді. Сонымен қатар, "Құдайы комедияда" адамның жер бетіндегі өмірі, қызметі, жаңа адамның психологиясы мықты суреттеледі. Поэмада антикалық образдар, антикалық ақындар мен философтар көп кездеседі. Негізгі идея - "Құдай даналығының керіністерінің бәрінен де ғажайыбы - адам". Адамдардың бәрінің табиғи кабілеті бірдей, мәселе оны жетіддіре білуде (өнер, ғылым, өндірісте).
55
Данте гуманистерге күш беруші болса. Италиядағы гуманистік қоз лыстың негізін қалушы - ақын және философ Франческо Петрар (1304-1374). Оның поэзиясында Ренессанс дәуірінің жаңа адамының ішкі жан дүниесі тамаша ашылды. Христиан дініне сенуші бола тұра ол схоластиканы "диалектиканың мылжыңы", белсенді адамға қажетсіз оқымыстылық деп сынады, дінбасылардың даңққұмарлығы мен нәпсіқұмарлығын айыптады, алғашқы христиандық гуманизм идеясына сүйенді жәәне антикалық философия мен христиан дінін табыстыруға тырысты.
Осы бағытты әрі қарай дамытуға үлес қосқан Колюччо Салюта (1331 -1406) болды. Ол өз шығармаларында Италия қалаларының қоғамдық өмірін суреттеді, феодалдық қоғамға қарсы тұрған қала еркінді мадақтады. Осы позициясы арқылы оның адам еркіндігін қолдаған көзқарасы керінеді. Тұлға еркіндігі мәселесі оның мәдениет тілі мәселес түсіндіруінен де айқын байқалады. Дүние, құдай, адам туралы, ілімді, ада гершіліктік құндылықтар дүниесін гуманистер схоластикалық философ категориялары арқылы емес, антика мифологиясын, поэзия тілін қолда арқылы жеткізуге тырысты. Салютатидің ойынша: өз ойын жеткізу құқығы адамның өзіне беру керек. Бұрынғы тіл түсініксіз және жат. Философиялық мәтіндерді, әсіресе Аристотельдің шығармаларын қайта аударып, тазарту қажет. Филологиялық және тарихи комментарий-түсіндірмелер тек мәтіндердің объективтік мазмұнын ашуға мүмкіндік береді.
Ортағасырлық ойлаудан Ренессансқа өту кезеңі ' Николай Кузанский (Кузанец, 1401-1464) - оның философиясына ортағасырлық ойлау мен гуманизмнің бірлігі байқалады, себебі ол католик шіркеуінің қызметкері және гуманистер үйірмесінің мүшесі болды
Кузанецтің ойынша, Құдай дегеніміз Болмыс және Болмыстың қылы тасуының мүмкіндігі. Ол құдайды танып-білудін мүмкін екендігін көрсетуге ұмтылады, оның бар екендігін дәлелдеуге тырыспайды, құдайдың интеллектуальдік функциясын ашу арқылы Құдай ұғымының мазмұны түсінуге болады деп есептейді. Інжілден "Құдай дүниені жаратқанда бәрін өлшеп, санап, таразыға салып жаратты" деген үзіндіні келтіре отырып Кузанец жаратылыстану ғылымдарын, әсіресе, математиканы құдай ілімінде қолданды, табиғаттың өзі - арифметика, геометрия, музыкан пайдаланған құдайы шебердің өнерінің жемісі деп түсінді.
Құдайдың жаратушылық қызметімен бір деңгейге Кузанец сурет сәулетші, ұста, тоқымашы және тағы басқалардың өнерін қояды, екі өнердің арасындағы айырмашылық туралы айтқанымен, құдай сөзі жаратқан нәрсені адам қолы жасаған нәрсеге теңейді. Адамды құдай-адам творчестволық бастау деп, ал оның басты қабілеті - таным деп қарастырады:
56
адам дүниесі - микрокосм, онда адамды қоршаған табиғат дүниесі бейнеленеді, яғни адам және оның ақыл-ойы табиғат дүниесіне жатады. "Кіші дүние" - адамның өзі, "үлкен дүние" -универсум, "максима-дүние" -Құдай, құдайы абсолют. Олар бір-бірінің көшірмесі. Адам - "екінші Құдай".
Эразм Роттердамский (1469-1536) - католик шіркеуіне қарсы бағытталған христиандық гуманизм бағытының өкілі, жас кезінде Нидерланды монастрінде монах болып, ХV-ғ. соңында Лондонда өмір сүрді. Көне грек тілінде жазылған көптеген еңбектерді латын тіліне аударды. Өз ілімін "Христ философиясы" деп атады, ол алғашқы христиандықтың идеялары мен идеалдарын қайтадан дамытуға бағытталған. Роттердамский адамның Інжіл (Библия) уағыздарына сүйене отырып, өзін сол жоғары деңгейге көтере алатынына сенімді, тек оны толық меңгеру керек, дінге сенушінің кейпіне өтірік ену дұрыс емес дейді. Бірақ Роттердамский Інжілді халықтың арасында таратушы ғана емес, рационализмді насихаттаушы, ал бұл діни ілімнің қағидаларына қайшы келіп отырды. Осы ерекшелік оның "Ақымақтықты мадақтау" ("Похвала глупости") еңбегінен байқалады. Негізгі тұжырымдары: Адамдардың басым көпшілігі ақымақтар, сондықтан адам қоғамы ақымақтық қатолы, бәрін жасайтын ақымақтар және ақымақтардың арасында. Ақымақтық көпшіліктік, ұйымдық сипатқа ие. Оның көріністерінің ең қайғылысы - соғыс, ол христиандар ұмтылуға тиіс ізігілікті жоқ етіп отырады. Осының бәрі адамдардың кім, қандай дәрежеге ие екеніне қарамастан, ақымақтық ауруына душар болып отырғанын дәлелдейді. бүлардың арасында корөлдер мен папалар да бар. Эразм бұл қағиданы Христосқа байланысты да қолданады: "Христиандық сенім ақымақтықтың бір түрі секілді, құдайға ақымақтардың ұнайтыны кездейсоқ емес"'. Ол дінбасыларды "маса толы батпаққа" және улы өсімдікке теңейді, ақымақтық даналықтан күшті деп есептейді.
Эразм Роттердамский ақымақтықты даналықтан күшті деп пайымдайды. Себебі, сезімдік адам тәнімен байланысты, сондықтан ол адамның басында жиналған ақыл-ойдан күрделі, яғни, адамға адамгершілікті сақ-тау қиынырақ. Өмір иррационалды. Адамның бақыты оның адаспауында емес, керісінше, адасуында, даналыққа ақымактықты кішкене болса да араластырып отыруында. Бақыт заттың өзіне емес, адамдардың ол тура-лы пікіріне байланысты. Сол себепті адам өмірі күрделі, түсініксіз, ештеңені білу мүмкін емес. Тек "табиғат қана адаспайды", ол адамдарды ақымақтықтан құтқарады, ғажайып, керемет күш жоқ, ол тек табиғатгың өзі, бірақ табиғатты да танып-білу мүмкін емес.
Еркіндік мәселесі. Адам өмірін бастайтын да, аяқтайтын да - Қүдай, бірақ екі ортадағы өмір ағымында адамға еркіндік қажет. Бұл еркіндікбелгілі
57
бір мөлшерде: ерікті ақыл-ой реттеп отыруы қажет. Шамадан мөлшерден көп ештеңе болмауы керек. Роттердамскийдің өзі де осы принципке сүйенді. Тілі ащы болса да, сақ болды.
Э.Роттердамскийдің қағидалары: "...кез-келген заттың екі жағы бар: өлімнің артында өмір, өмір - өлім, әдемі - ұсқынсыз, байлық - кедейлік, білімдік - надандық..."
Э.Роттердамский ХVІ-ХVІІ ғғ. ойшылдарының ілімдеріне, әсіресе, француздың философ-гуманисі Мишель Монтеньге (1533-1592) мықты әсер етті. Негізгі шығармасы - "Тәжірибелер" (1580). Бұл абстрактылы- философиялық еңбек емес, адамға күнделікті қажет, практикалық туынды. Монтеньді Аристотель мен Платон философиясы қызықтырмайды Аристотельді ол тіпті "схоластикалық ғылымның құдайы" деп атайды негізінен скептиктерді жоғары бағалайды. Адамды табиғаттың бөлшегі ретінде қарастырған Монтень күнделікті болмыс, күйбең тіршілікті (адам- ның киім кию мәнері, өзін қоғамдық жерде ұстай білу өнері, балала тәрбиесі және тағы басқаларды суреттей отырып, философияны өмірме салыстырып байқайды, өмірге қатысы жоқ, бос, көпірме пікірталастарға әуестігі үшін философияны сынға алады:_ "менің ойымша, философияның бізге парасат пен ақымақтықтың, қаталдық пен кешірімділіктің, адалдық пен арамдықтың бірлігі табиғатқа жат, қарсы деп үйретуі баланы ойыны секілді". Антика философтарының негізгі кемшілігі қарапайым адамның күнделікті өмірінен алыстығында екендігін түсіне білдген Моятень өз өмірінің жақсы-жаман жақтарын сараптай отырып, адам үшін ең бастысы - философиялық ілімдер дамьггатын ақыл-ойға жүгініп қана қоймай, өз табиғатының сұраныстарын да тыңдай білуі екенін көрсетті: "біз бөтен ойлар мен білімдерді сақтап қана қоямыз. Оларды өз меншігімізг айналдыруымыз қажет. Әйтпесе, біз от іздеп көршісіне барып, бөтен үйдің отына жылынып, өз үйінде от жағуды ұмытып кеткен адамға ұқсаймыз".
Монтень адам өмірінің мақсаты - табиғатқа сеніп, жалпылық заң бойы- ынша бірқалыпты өмір сүру деп есептейді. Табиғи заңдарға сәйкес өмір сүру ғылымы өте қиын, бірақ адамдық міндетті орындағаннан артық ештеңе жоқ, адам өз табиғатына қарсы келмеуі керек. Өлімді қарсы ала білуді де Монтень осы тұрғыдан үйретеді. Оның ойынша, өлімнен қашып құтылу мүмкін емес, өлім - табиғат заңдылығы, бір өмірдің орнына екіншісі келеді, өмір сүргісі келетін басқа адамдарға да орын босатқай жөн, яғни өлімге философиялық тұрғыдан қарау керек. Монтень бұл мәселе жөнінде Цицеронның "пәлсапа соғу - өлімге үйрену деген сөз" деген қағидасын мойындайды.
Біздің ойымызша, Монтень философиясы адамға аса пайдалы. Көл адамға түсініксіздеу, қарама-қарсы пікірлерге толы (Монтень жазғандарын қайта-
58
қайта түзетіп, толықтырып отырған) "Тәжірибелерден" өмірге қажетті құнды кеңестер алуға болады.
Ен бастысы - Монтень адамды схоластар секілді төмендетпей, ант-ропоиентристер сияқты тым асқақтатпай, табиғи қалпында қарастырады. Шынында да, адамға ақыл-ойдың жетегіне еріп, көкке ұмтылудың қажеті жок. Адам табиғатпен үйлесімді, өз мүмкіндігін бағалап өмір сүрсе жеткілікті деп ойлаймыз. Орындалмас арман, шексіз қиял, иллюзиядан басы айналған, өмірдің мәнін солардан іздеген адамның трагедиясынан асқан қасірет жоқ. Адам реалды мақсатты шешуге ұмтылғаны жөн.
Монтеньнің қағидалары: "Мен болсам құдай сыйлаған өмірді сүйемін.. Табиғат мен үшін жасаған нәрселерді шын жүрегіммен, алғыс айта отырып қабылдаймын, оның сыйына қуанамын, ардақтаймын..." "Әрбір адам - қайталанбас, ерекше құбылыс". "Әрбір адам өзін мүлдем өзгерте алады". "Ал мен не білемін?"
"Надандықтан құтылғың келсе, оны мойындау керек?"
Қайта Өркендеу Дәуіріндегі өнер және ғылым
Қайта Өркендеу ғылымы негізінен үлкен екі ошақта шоғырланды:
1)университеттер мен мектептер - схоластикалық пайымдау басымырақ, тәжірибе-эксперимент аз; 2) суретші, сәулетші, мүсіншілер шеберханасы - өмірдің өзі өнерді ғылыммен, әсіресе, математикамен ұштастыруға итермелеп отырды.
Қайта Өркендеу Дәуірі ойшылдарының көбі ғылым мен өнердің бірне- ше саласын бір басына жинаған тұлғалар ретінде белгілі болды. Солардың бірі - Леонардо да Винчи (1452-1519). Классикалық білім алмаса да, өз бетімен көп оқыды, антика ілімін жақсы таныс болды, өнер туындыларын жасау процесінде ұлы суретші, ойшыл ретінде қалыптасты. Оны қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері деп атайды. Мысалы, сол кездің өзінде-ақ ол танк, парашют, шлюз идеяларын және тағы басқа идеяларды ойлап тапты. Философиялық ойлары өз заманынан озық еді. Арнайы философиялық шығармалар жазбағанымен жазба кітапшалары философиялық ойларға толы болды.
1) Леонардо да Винчи таным процесіндегі тәжірибенің роліне аса мән берді. Тәжірибе арқылы өтпейтін ғылымдар адасуға ұшырайды деп есептеген оның ойынша ақиқатқа жеткізетін бақылау мен қабылдау емес, тәжірибе ғана: "Даналық - тәжірибенің қызы". Леонардо да Винчи соны мен бірге теорияның ролін де бағалады: "Ғылым - әскер басшысы, тәжірибе - солдаттар". Ең басты ғылым - математика деп түсінді.
2) Адам өнері мен табиғат арасындағы байланысты Л.Винчи адамның пайдасына шешеді. Адам табиғатсыз ештеңе жасай алмайды, бірақ табиғаттың қарапайым материалдарынан күрделі заттар жасауға қабілетті.
59
3) Адам және Құдай мәселесінде Л.Винчи адамды Құдайға мейлін жақындатты: "Өнерге байланысты айтсақ, біз Құдайдың немересіміз деп айта аламыз".
4) Л.Винчи өнерді шындықты танып-білу құралы ретінде қарастырды, себебі ғылым заттар дүниесінің сандық жағын зерттесе, өнер сапалық жағын көрсетеді дейді және өнердің бастысы - сурет өнері, ол ғылымнан жоғары деп түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |