Глобулиндер— өздерінен альфа, бета, гамма фракцияларын бөлетін ақуыздардың тобы. Ағзаның иммундық жүйесі болып табылатын иммуноглобулиндер мен антиденелер де соған кіреді. Фибриноген



Дата22.04.2022
өлшемі5,99 Mb.
#140482
түріҚұрамы
Байланысты:
Базархан Меруерт Қан және лимфа ;1 ХБК


Тақырыбы:Қан мен лимфа. Қан құрамындағы формалық элементтер.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
Орындаған:Базархан Меруерт
Тексерген: Сексенова Дана
Қан:
Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды.
Қанның қызметі:
асқорыту – қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді
Қан қан жасушаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан жасушаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл жасушалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды
Қан плазмасы:
Қан плазмасы- коллойдтық сұйық клеткааралық зат болып табылады.Құрамында 90 су, 6,6-8,5 ақуыздар және органикалық, бір тіннен басқа тіндерге ауысып отыратын, зат алмасудың соңғы өнімдеріндегі минералдық заттар мен органикалық заттар.
Альбумин
Глобулин
Фибриноген
Альбуминдер плазма белоктарының тең жартысын алып жатыр және бауырда түзіледі. Олар қанның коллоиды-осмотикалық қысымын реттеп отырады, сонымен қатар альбуминдер транспорттық қызмет атқарып, гормондарды, майлы қышқылдарды, токсиндер мен дәрілерді тасымалдайды.
Глобулиндер— өздерінен альфа, бета, гамма фракцияларын бөлетін ақуыздардың тобы. Ағзаның иммундық жүйесі болып табылатын иммуноглобулиндер мен антиденелер де соған кіреді.
Фибриноген-қан плазмасының фибрилярлы ақуызы фибриннің ерітінді түріндегі формасы, қанның ұюы жоғарлағанда бағана түзеді. (мысалы тромб кезінде). Бауырда фибриноген түзіледі. Құрамында фибриноген жойылған қан плазмасы сарысу деп аталады
Қан жасушалары
Эритроциттер
Лейкоциттер
Тромбоциттер
Адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктер. Эритроциттер омыртқасыз жануарлардың (тікентерілердің) қанында да болады. Адам Э-інің пішіні екі жағынан ойыс диск тәрізді, диам. 7 – 8 мкм. Дені сау ер адамдардың 1 мм3 қанында 4 – 5 млн., әйелдерде – 3,9 – 4,7 млн. Эритроциттер болады. Сүтқоректі жануарларда (7 млн-дай не бұдан да көп), құстарда 3 млн-дай, ең аз мөлшерде балықтар мен құйрықты қосмекенділерде (150 мыңдай). Э-дің тіршілік ету ұзақ. 125 тәуліктей (әрбір секундта 2,5 млн-дай Э. түзіліп, сондай мөлшерде Эритроциттер өз тіршілігін жойып отырады)
Эритроциттер:
Лейкоциттер
Ядросы бар және белсенді амёба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер, базофилдер, эозинофилдер және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көк бауырда пайда болады.
Түйіршіксіз лейкоциттер:
1. Лимфоциттер - диаметрі 8-10 мкм-ге жететін лейкоциттердің ішіндегі ең ұсағы болғанымен ядросы ірі. Цитоплазмасында түйіршіктері болмайды, баяу қозғалады.
2. Моноциттер - қанның түссіз жасушаларының ішіндегі ең ірісі - диаметрі 12-20 мкм, ядросының пішіні таға тәрізді, цитоплазмасы түйіршіксіз. Моноциттер өте қозғалғыш, бактерияларды тез қармап асады. Дені сау адамның қанында лимфоциттер 25-30%, моноциттер 5-10% болады.
Тарихы:
Лейкоциттердің қорғаныс қасиеттерін зерттеуге Илья Мечников пен Пауль Эрлих маңызды үлес қосты. Мечников фагоцитоз құбылысын анықтап, зерттеді, кейін иммунитеттің фагоцитарлық теориясын жасады. Эрлихқа лейкоциттердің әртүрлі түрлерін ашу жатады. Ғалымдар өздерінің еңбегі үшін 1908-да Нобель сыйлығына бірге ие болды.
Қанның ұюын қамтамасыз ететін қанжасушасы.Тромбоцит — құстан бастап төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар қанында болады. Сүтқоректі жануарлар қанында тромбоцит орнында пішіні әртүрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді т.б.) ұсақ денешіктер — қан табақшалары болады..
Тромбоциттер:
Лимфа:
Лимфа табиғатынан сарғыш түсті,лимфа капиллярлары мен тамырларында жылжитын сұйықтық.Лимфа сұйығының құрамында лимфоплазма мен лимфоциттер болады.Лимфоплазма химиялық құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас,бірақ белоктары аз.Ең көп белогі альбулиндер
Лимфаның формальды элементтерінің құрамында лимфоциттер мен моноциттер,лейкоциттердің кейбір түрлері,кейде эритроциттерде кездеседі.
Шеткі лимфа(бұл лимфа түйініне дейінгі бөлігі)
аралық(лимфа түйінінен өткеннен кейін)
орталық (көкірек ,оң жақтағы лимфа ағымы)
Лимфа
Қорытынды:
Қорытындылай келсем,қан – ағзаның сұйық байланыс тіні арқылы қалыптасқан ішкі ортасы. Плазма мен жасушалардан тұрады (лейкоциттер, эритроциттер мен тромбоциттер). Ол жүрек соғуы әсерімен тамырлар жүйесі бойынша айналады және дененің өзге тіндермен ұйқаспайды. Орташа есеппен, адамның жалпы салмағына шаққанда қанның жалпы үлесі 6,5-7 % құрайды.Және қан- қан тамырларының тұйық жүйесі бойынша үздіксіз айналалып, ағзадағы түрлі функцияларды атқарады
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://spct.kz/donoram/%D1%87%
https://medkenes.kz/gistologiya-entsiklopediya/an-zh-ne-limfa

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет