|
№
|
Термин
|
Анықтама
|
|
1
|
Микробиология
|
жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысы саласындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.
|
|
2
|
Прокариоттар
|
Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды
|
|
3
|
Эукариоттар
|
Құрамында ядросы бар организмдер.
Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады.
|
|
4
|
Вирустар
|
тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі.
|
|
5
|
Нуклеоид
|
Нуклеоид эукариоттық ядроның эквиваленті болып табылады, дегенмен
өзінің құрылымы мен химиялық құрамы бойынша ерекшеленеді.
|
6
|
Капсула
|
торша қабырғасымен арадағы байланысты сақтайтын шырышты қабат.
|
|
|
7
|
Спора
|
Бактериялардың кейбір туыстығында (Bacillus, Clostridium), олардың
тіршілігі үшін қолайсыз жағдайларда қорғаныш формаларын – спораларды
түзеді.
|
|
8
|
Пили, фимбриялар
|
Жіпшелі түзілістер, талшыққа қарағанда жіңішке және қысқа болып келеді. Фимбриялар жасуша беткейінен басталып пилин ақуызынан тұрады.
|
|
9
|
Талшықтар
|
Бактериялардың қозғалуын қамтамасыз етеді. Талшықтар-цитоплазмалық мембранадан басталатын жіңішке жіпшелер; олардың ұзындығы жасуша ұзындығынан үлкен.
|
|
10
|
Жасуша қабырғасы
|
тек бактерияларға тән құрылымдық бөлім
(микоплазмадан басқасы).
|
|
11
|
Пептидогликан
|
бактериялардың қабырғаларының тірек полимерлері.
|
|
12
|
Цитоплазма
|
бұл күрделі коллоидты жүйе, онда
эндоплазматикалық ретикулум және эукариоттарға тән цитоплазматикалық
органеллалар жоқ; ол қозғалмайды.
|
13
|
Хламидиялар
|
аса ұсақ грам теріс өзінді ерекшелігі бар
қозғалмайтын бактериялар.
|
|
14
|
Риккетсиялар
|
қатаң жасушаішілік паразит болып
табылады.
|
|
15
|
Спирохеталар
|
Спирохеталар Bacteria класына жатады. Олар диаметрі 0,1-0,6 мкм
болатын ұзындығы 500 мкм-ге дейін жететін спиральді иілген жіңішке
торшалар.
|
|
|
16
|
Микоплазмалар
|
жасушалық қабырғасы жоқ микроорганизмдер.
|
|
17
|
Актиномицеттер
|
сәулелі саңыраукұлақтар бактериялардың және сілбілі саңырауқұлақтардың қасиеттерін үйлестіруші бір жасушалы микроорганизмдер.
|
|
18
|
Түр
|
биологиялық немесе экологиялық популяциялар түзетін дарақтар жиынтығы.
|
|
19
|
Таза дақыл
|
микробтың бір түрінен тұратын дақыл жиынтығы.
|
|
20
|
Автоклав
|
тамақ өнеркәсібінде және басқа салаларда көптеген физикалық-химиялық процестерді атмосфералық қысымнан жоғары қысымда және қыздырып өткізуге, сондай-ақ дәрігерлік аспаптар мен байлап-таңу материалдарын зарарсыздандыруға арналған тұмшаланған аппарат.
|
|
21
|
Термостат
|
белгілі бір қалыпты жылулықты ұстап тұратын аппарат.
|
|
22
|
Иммерсионды микроскопия
|
|