Әлеуметтік бақылау — қоғам не әлеуметтік топ өз мүшелерінің талаптар мен үміттерге қатысты конформды тәртібіне кепілдік беретін құралдар жиынтығы.
Әлеуметтік бақылау – (социальная контроль) әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан алуан салаларының қызметіне, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың әс — әрекетіне қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.
Әлеуметтік норма – адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы.
Бейсаналық – субъектінің санасына бағынбайтын психикалық процестердің жиынтығы. З.Фрейдтің пікірінше бейсаналыққа адам санасынан шығарылып тасталған құмарлықтар жатады.