Глоссарий абсентеизм


Деспотия  — шексіз және дара билеудің бір түрі. Децентрализация



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата12.10.2023
өлшемі338,95 Kb.
#184922
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Глоссарий 2023-2024 оқу жыл P1

Деспотия 
— шексіз және дара билеудің бір түрі.
Децентрализация 
— орталық басқару жүйесінің жергілікті жерге ӛз билігінің бӛлігін 
беруі. 
Диверсификация 
— мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің кӛп 
түрлілігі. 
Диктатор 
— заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп тӛстеуші. 
Диктатура 
— қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Ол 
кӛбінесе әлеуметтік-экономикалық күйзеліс, саяси күрестің шиеленіскен шағында, ӛтпелі 
кезендерде, ӛкімет басына күшпен келгенде және т.с.с. пайда болады. 
Марксизм-ленинизм ілімінде негізгі мәселе — пролетариат диктатурасы. Оны жұмысшы 
табының социализм орнату мақсатында барлық еңбекшілер бұқарасымен одақтаса отырып 
жүзеге асыратын ӛкімет билігі деп түсіндіреді. Ал КСРО-да ол іс жүзінде зорлық-
зомбылық, бассыздықты кең пайдаланып "казармалық социализм" кұрды, сӛйтіп ӛзін-ӛзі 
әшкереледі, нәтижесінде күйреп тынды. 
Директива 
— жоғары органдардың тӛменгі басшыларға берген ұйғарымы, жарлығы. 
Дискриминация 
— нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси кӛзқарастарына және т.т. 
байланысты адамдарды құқығынан айыру, я шектеу. Мысалы, сайлау құқығынан айыру, 
азаматтылықты бермеу, жұмысқа қабылдамау не шығару және т.с.с 
Диссидент 
— үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам. 70 жылдарда 
КСРО-да қоғам ӛмірінің әр түрлі, әсіресе саяси жақтарымен келіспей ашық қарсы шыққан 
адамдарды айтады. 
Догматизм 
— нақтылы жағдайда ӛмір және тәжірибенің жаңалық, жетістіктерін 
ескермей, қатып қалған бір жақты қағидаларға негізделген ойлау, дүние тану тәсілі. 
Саясатта ол бір кездерде қалыптасқан ой-пікірлерді, әдіс-тәсілдерді бұлжымайтындай 
кӛріп, ескірген ережелерді, қалыптасуды, кӛзқарастарды ӛзгертпей сақтағысы келеді. 
Сондықтан ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ӛзгерістеріне ілесе алмай, 
кӛбіне оның алға жылжуына кедергі жасайды, саяси ойдың тоқырауына әкеледі. 
Доктрина 
— саяси, экономикалық, әскери мақсаттарды жинақталған түрде білдіретін 
саяси теория, ілім. Кейде оның негізін қалаған адамның атымен аталады. Мысалы, Монро 
доктринасы. 
Еуропарламент 
— еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси 
мекеме. Оған кіретіндер: Бельгия, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, 
Люксембург, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания, Франция. Ол 5 жылда бір рет осы 
елдер халықтарының тура дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мәжілісінде Еуропа 
құрлығының дамуына байланысты негізгі мәселелер қаралады. 
Еуроцентризм 
— ғылым, білім, мәдениет, әдебиет, ӛнер және т.б. нағыз жетістіктері тек 
Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым. 
Егемендік 
— мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі. Мемлекеттік 
егемендік деп шетелдің араласуына жол бермейтін мемлекеттің ішкі және сырткьі істері 
мен қатынастарындағы саяси тәуелсіздігі және елді басқаруда, шешімдер қабылдауда
жоғарғы билік жүргізудегі еркіндігін айтады. Егемендіктің саяси, экономикалық, 
құқықтық жақтары болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет